Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет22/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Постуралдық дренаж
Алдын алуы. Біріншілік алдын алу ағзадағы жұқпаларды алдын алып, санация жүргізу болып табылады. Сонымен бірге тыныс алу мүшелерінің ауруларын уақытында емдеп отырған жөн. Қызмет көрсету орнына байланысты келтіретін зиянды факторларды және шылым шегу, ішімдікті қолдануды шектеу керек. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер учаскелік терапевтпен жылына 2 рет тексеріліп отырады. Қаралған сайын қан, қақырық анализдерін тапсырады. Аспаптық тексерістерден өтеді: бронхография, спирография, компьютерлік томографиядан. Бронхитті, өкпе қабыну сырқаттарын, тұмауды асқындырмай уақытында емдеу керек.
ӨКПЕ ОБЫРЫ (рагы, қатерлі ісігі)
Эпидемиологиясы.

  • ДДҰ бойынша әр жыл сайын өкпе обырымен 660500 жаңа жағдай тіркеледі.

  • Әлемде әр минут сайын 1 адам өкпе обырынан қаза табады.

  • Соңғы 10 жылда әйелдер арасындағы өкпе обыры кездесу жиілігі өсті;

Онкологияда өкпе қатерлі ісігі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде өкпе қатерлі ісігі жиілеп кетті. Қатерлі ісіктер арасында ер адамдарда өкпе рагы 2-ші орынды алады. Бұл ерекшелік: біріншіден ісіктің тез өсуінде, екіншіден ісік өкпенің дамыған қан және лимфа тамырлары арқылы адамның басқа мүшелеріне жиі метастаз беруінде.
Өкпе обырының этиологиясы.

  • Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуы темекі шегудің жиілігіне байланысты. Кейінгі жылдары әйелдер арасында шылым шегушілердің жиілеуіне байланысты өкпе обырының көбейе бастағаны байқалуда.

  • Уақытында дұрыс емделмеген өкпенің созылмалы ауруларының да қатерлі ісіктің пайда болуына себептік әсері аз емес. Оларға пневмосклероз, сидерокониоз, кониотуберкулез, саркоидоз т.б. Созылмалы ауруларды жатқызуға болады.

  • Қоршаған ортадағы канцерогендер, қоршаған ортаның және ауаның зиянды заттармен ластануы (өндіріс қалдықтары)

  • Өкпе қатерлі ісігі 45-60 жастың арасындағы ер адамдарда жиі кездеседі.

  • Иондаушы радиация

  • Металдармен контакт: никель, күміс, хром, кадмий, бериллий, кобальт, селениум және қорғасын.

  • Химиялық заттар: хлорметил – ұсақ клеткалы рактың дамуына байланысы болуы анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет