Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Инфекциялық эндокардит жіктемесі



бет49/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Инфекциялық эндокардит жіктемесі


Шығу тегі бойынша біріншілік және екіншілік инфекциялық эндокардит деп ажыратады. Біріншілік эндокардит - жүрек қақпақшаларының өзгермеген фонында әр түрлі этиологиялы септикалық жағдайлардың әсерінен дамиды. Екіншілік эндокардит - қақпақшалар өзгерістерінен, туа пайда болған жүрек ақауларынан, ревматизм, қақпақшаларды протездеу операцияларынан кейін дамиды.
Клиникалық ағымдарына қарай инфекциялық эндокардитті келесі кезеңдерге бөлінеді:

  • Жедел кезеңі - жедел септикалық жағдайлардың асқынуынан, ауыр жарақаттармен, жүрекке жасалатын операциялардан кейін дамитын, 2 айға созылатын, жоғары патогенді қоздырғыштармен және айқын септикалық симптомдармен сипатталатын кезеңі.

  • жеделдеу кезеңі – ұзақтығы 2 айдан астам, жедел инфекциялық эндокардит немесе негізгі ауруға дұрыс ем жүргізілмеген жағдайда дамитын кезең.

  • Созылмалы кезең

Инфекциялық эндокардит ағымына қарай тағы да бірнеше формаларға бөлінеді:

  1. Инфекциялы -токсикалық - эндокардқа миробтық вегетация түзіліп, транзиторлы бактеремия дамиды.

  2. Инфекциялық-аллергиялық немесе иммунды-қабынбалы түріне - ішкі ағзалардың зақымдануы тән: миокардит, гепатит,нефрит,спленомегалия.

  3. Дистрофиялық түрі - септикалық процестің және жүрек жеткіліксіздігінің үдеуімен жүреді.

Клиникалық белгілері: науқасты жоғары температура, қалтырау, әлсіздік, ентігу, жөтел, кеуде клеткасындағы ауыру сезімі, тершеңдік мазалайды.Қарап тексергенде тері жабындылары бозарып, "петехиялар" терісінде, ауыз қуысында байқалады, саусақтары "барабан таяқшасына", ал тырнақтары "сағат әйнегіне" ұқсап кетеді және анемия белгілері байқалады.
Инфекциялық эндокардитпен ауырған көптеген науқастарда жүрек бұлшық етінің зақымдануы(миокардит) байқалып, қақпақшалардың зақымдалуына байланысты шулар естіледі. Митралды және аорталды қақпақшаның зақымдануынан жүрек жеткіліксіздігінің белгілері дамиды. Инфекциялық эндокардиттің жеделдеу фазасында ми, бүйрек тамырларының эмболиясы дамиды. Сонымен қатар гепатоспленомегалия, диффузды гломерулонефрит белгілері де дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет