Клиникасы
Жиі кездесетін симптомдар – әлсіздік, шаршағыштық, ентігу, жүрек қағу, ырғақ бұзылыстары. Сонымен қатар кеуде клеткасындағы дискомфорт пен әр түрлі ауырсынулар. Инфекциялық миокардит симптомсыз да өтуі мүмкін.
Инфекциялы-аллергиялы миокардит ( неғұрлым жиі кездесетін ревматикалы емес миокардит) ревматикалы түрімен салыстырғанда инфекция фонында немесе одан кейін де басталады.
Жүрек тұсында ауырсыну, кейде тұрақты, жүрек қағу мен «тоқтап қалған сияқты», ентігу, жиі буындардағы шамалы ауырсыну байқалады. Дене температурасы субфебрильді немесе қалыпты.
Аурудың бастапқы кезеңі аз симптомды немесе жасырын өтуі мүмкін. Симптомдар айқындылығы процесстің өршуі мен таралуына байланысты. Диффузды формаларында салыстырмалы ерте кезде жүрек өлшемдері ұлғаяды.
Маңызды, бірақ тұрақты емес миокардит белгілеріне жүрек ырғағы бұзылыстары (тахикардия, сирек брадикардия, эктопиялық аритмия) мен жүрек ішілік өткізгіштік бұзылыстары, сонымен қатар пресистолалық, ал кеш кезеңдерінде протодиастолалық бөдене ырғағы байқалады.
Идиопатиялық мокардит ауыр, сирек кардиомегалия (жүректің айқын дилатация салдарынан) дамуымен жүретін қатерлі ағыммен, ауыр ырғақ пен өткізгіштік бұзылыстары, жүрек жетіспеушілігімен өтуімен ерекшеленеді.
Кейде кіші және үлкен қан айналымда тромбоэмболиямен жүрек қуысында қабырғалы тромбтың түзілуі мүмкін.
Коллагенозды, вирусты инфекция ( Коксаки және т.б.) аурулармен байланысты миокардиттерде кейде қосалқы перикардит дамуы мүмкін.
Миокардит ағымы жедел, жеделдеу, созылмалы ( рецидивті) болады.
Басқа жүйелер бойынша негізгі шағымдары:
ОЖЖ және вегетативті нерв жүйесі бойынша: әлсіздік бас ауруы тез шаршау, терлегіштік
Тыныс алу мүшелері бойынша: тұмау, жөтел, көзден жас ағу, дауыстың қарлығуы, жұтыну кезінде ауырсыну
Бұлшықет пен буындар бойынша: артралгия, миалгия
Асқазан – ішек жолы: анорексия, диарея, жүрек айну, іш ауруы
Достарыңызбен бөлісу: |