Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Ішкі аурулар пропедевтикасының жалпы медицинадағы маңызы. Ішкі аурулар медицинасының даму тарихы. Ауру туралы түсінік



бет4/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Ішкі аурулар пропедевтикасының жалпы медицинадағы маңызы. Ішкі аурулар медицинасының даму тарихы. Ауру туралы түсінік.


Терапия- ішкі аурулар туралы ғылым.
«Терапия» және «Ішкі аурулар» деген терминдер бір біріне синоним болып келеді.
Медицинада осы пән ішкі мүшелердің ауруларының себебін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емдеуін және алдын алуын зерттейді.
Өткен ғасырда «ішкі аурулар» түсінігіне балалар және жұқпалы аурулары, акушерлік ісі, гинекология және де басқа бөлімдері кіретін, кейін бұл бөлімдер жеке клиникалық бөлімдерге бөлініп шықты. Терапия бөлімі болашақ фельдшерге медицинаның ең негізгі бөлімі болып табылады, өйткені барлық диагностикалық әдістер, науқасты оларға дайындау, пациентке дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету әдістері осы бөлімде қаралады.
Ішкі аурулар медицина тарихі адам қоғамы пайда болғаннан бері басталған, Көне Қытайда, Көне Үндістанда, Вавилонда, Египетте медицина өте жоғары дамыған болатын.
Біздің эраға дейін 5 ғасырда Көне Грецияда медицинаның ішінде диагностика бөлімі жоғары дамыған, оның негізінің қалаушысы Гиппократ . Ол адамды қоршаған ортамен байланысты бір тутас бөлік деп қараған, «төсек қалпында науқасты бақылау» ережелерін бастаған «зиян келтірме» деген негізгі медицина принципін енгізген. Ауруларды емдеу әдістерін, науқасты бақылау көз қарастарын медицина трактатында жазған, «Гиппократ антын» әлі күнге дейін дүние жүзінің студенттері медицина оқуын аяқтағанда береді.
Бірінші мың жылдықтың аяғында Орта Азияда және Иранда турған Авиценна/Абу-Али-Ибн-Сина/ медицинаның дамуына үлкен үлес қосқан. өзінің «Дәрігер мәдениеті канонында» грек,рим, ,үнді, орта азиялық дәрігерлердің көз қарастармен тәжірибелерін жинақтаған.
ХҮІІ ғасырдан бастап барлық ғылымдардың жылдам дамуына байланысты медицина өте тез дамиды. Сол арқылы аурудың диагностикасы, зерттеудің жаңа тәсілдері және аурулардың жаңа белгілерімен өркее бастаған: термометрия/де Гаен/, перкуссия/Аугэнбруггер/, стетоскоппен аускультация /Лаэннек/ пациентті жүйелер бойынша сурастыру әдісі/М.Я Мудров, Г.А.Захарьин, Остроумов А.А/ іш қуысының мүшелерінің пальпациясы/ В.П Образцов/.
ХІХ ғасырдың екінші бөлігінде біртіндеп лабораториялық және қуралдармен зерттеу тәсілдері қосыла бастаған ХІХ ғасырдың аяғында Рентген Х-сәулелерін ашқаннаң кейін рентгенологиялық зерттеу әдісі қосылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет