Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет118/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Диспепсиялық шағымдар: тәбеттің нашарлауы,ауызда ащы дәм болу,кекіру,жүрек айну,құсу,қатпа не іш өту,іш кебу,іштің құрылдауы. Бұл шағымдар ас қорыту жүйесінің басқада мүшелерінің ауруларында кездеседі. Симптомдардың көпшілігі өт бөлу қызметінің, майлы тамақ қорытудың және бауырдың қаупсыздандыру қызметтерінің бұзылуынан болады.
Қызу көтерілу өт қабының және өт жолдарының қабынуында, бауыр абсцессінде,рагінда, белсенді гепатитте байқалады.
Тері қышымасы терідегі нерв талшықтарының қанда көбейген өт қышқылымен тітіркенуіне байланысты пайда болады. Қалыпты жағдайда өт қышқылы бауырдан өтке бөлініп шығады. өт қышқылдарының қанға өтуі сарғаюдың механикалық,сирегірек паренхиматозды түрлерінде кездеседі,кейде сарғаю алдында басталады және қышу өте тұрақты болып түнге қарай күшейіп отырады.
Сарғаю- терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сары түске айналуы қанда жинақталған өт пигменттерімен боялғаннан дамиды. Сарғаю тез не баяу дамуы мүмкін.
Синдромдар. Бауыр ауруларында өте көп симптомдар кездеседі,өйткені бауыр зат алмасулардың барлық түрлеріне қатысады.барлық симптомдар кішкене/тері қышымасы,сарғаю,терідегі жұлдызшылар-телеангиоэктазиялар/ симптомдарға және үлкендерге бөлінеді,оларды синдромдар дейді.
Сарғаю синдромы- бұл жағдайда тері сарғаюдан басқа,несеп,нәжіс түрі өзгереді және тері қышымасы,құрғақтығы ж/е т.б белгілер пайда болады.
Сарғаюда дифференциальды диагностика жүргізу керек, мысалы эритроциттер гемолизінда,бояу заттардан/сәбіз/ дамуы мүмкін. Солай-ақ сарғаю бауыр үсті,бауыр асты , нақты бауырдан болып бөлінеді.
Портальді гипертензия синдромы- портальді вена арқылы қанның кері оралуының қиындауы.
Себептері:

  1. венаны қысып қалатын тыртықтар

  2. лимфа түйіндер, бауырдың сыртындағы ісіктер

  3. бауырда дәнекер ұлпаның өсуы/бауыр фиброзы/

  4. бауыр циррозы

Осы бір себептің нәтижесінде портальді венасының жүйесінде тоқ ішектен, асқазаннан өңештің төменгі бөліктерінен көк бауырдан жүрекке кететін венозды қан іркіліп қан тамырлар кеңейіп кетеді, соңдықтан қанның сары суы іш қуысына шығады- асцит дамиды-бұл портальді гипертензиясының негізгі белгісі және көк бауырда ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет