ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы
Аға оқытушы: Турсынбаев Н.А.
«Учаскелік жерге орналастыру»
пәнінен лекция жинағы
Тараз – 2009
1 Тақырып. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мазмұны, мақсаты.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – бұл жерге орналастырудың екі түрінің бірі. Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың жобалау объектісіне территориялық өндіріс бірлестіктерін ұйымдастыратын ауыл шаруашылығын
жүргізетін өздеріне бөлініп берілген жерлерді жатқызады.
Бұл өндірістерге ең алдымен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, агробірлестіктер, ауылшаруашылық саласында мамандандырылған салалар жатады.
Олардың барлығы ішкі шаруашылық және агроөндірістік бірлестіктерге кіреді. Бұлар өзімен-өзі бірігіп жер пайдаланушылықтар болады. Бұндай бірлестік жерге тәжірибелік шаруашылықтар, жоғарға оқу орындарының оқу-тәжірибе ұйымдары және колледж, орта мамандандаралған арнайы оқу орындары, қосалқы ауылшаруашылық өнеркәсіптері және мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кіреді.
Ішкі шаруашылқ жерге орналастырудың ең басты мақсаты жерге орналастыру тәртіптерін ойдағыдай орындап, ауылшаруашылық бірлестіктеріне белгіленген тапсырманы орындауы, аз шығын жасап, көп өнім алу, өз уақытында өнімді жеткізу, адамдардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мәселесін шешу болып табылады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру бұл акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер және басқа ауылшаруашылық бірлестіктерінің шаруа жүйесі. Ол жерді тиімді пайдаланып, еңбек және ауылшаруашылық техникаларын қамтамасыз ететін, жердің құнарлығын арттырып, топырақтың эрозияға қарсы процестерін жүргізу, жаңа мәдени ландшафты құру және барларын сақтау, жерге қажетті қасиеттерді көбейту, ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсарту, жерді қорғау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мақсатының шешімі әрбір жер алаптарын тиімді, толық пайдалану. Сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру, машина, трактор алаңдарын тиімді пайдаланып, уақыт пен ресурстарды үнемдеу.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыруда территорияны ұйымдастыру мәселелері қаралады:
1. Топырақты құнарландырып, оның құнарлылығын жоғарлату;
2. Топырақты эрозиядан (су және жел) қорғап, ондағы ақтаңдақтарды жою;
3. Жаңа дәнді дақылдарды пайдаланып, ландшафт құру, бұрынғыларын сақтау, еңбектің жағдайын жақсарту;
4. Жай көлемді алаптарды кеңейту, қарқынды өңделген жерлерді пайдалануға көшу, олардың қасиеттерін жақсарту;
5. Өнімділігін жақсартуға ішкі шаруашылық жерге орналастырушының тереңдеуін қажет етеді;
6. Жаңа ауылшаруашылық алаптарын енгізу салдарынан жерді қорғау туралы шараларды қабылдау керек болады. Топырақты қорғау бағытында ғылыми негізделген жүйені енгізу керек. Жерді қорғау айналадағы табиғи ортаның бөлігі ретінде, жер қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымнан жердің негізсіз алынуын болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалыпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын көтермелеу және орман-мелиоративтік шараларын жүргізу жолымен жердің тозуы мен бүлінуіне
шаруашылық қызметінің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) Тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз еті;
3) Жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |