Детская гинекология


Пубертатты кезең (жыныстық жетілудің 2-ші кезеңі)



бет5/8
Дата01.03.2024
өлшемі2.61 Mb.
#493867
1   2   3   4   5   6   7   8
«Балалар гинекологиясының негізгі принциптері» тақырыбы бойынша презентация. БОӨЖ

Пубертатты кезең (жыныстық жетілудің 2-ші кезеңі)

  • Осы кезеңде етеккір функциясының қалыптасуы мен реттелуіне қатысатын орталық жүйке жүйесі лабильді болады
  • Рилизинг гормонның секрециясы ырғақты болады;
  • рилизинг гормондарының шығарылуының күндік ырғағы қалыптасады, алдымен бұл шығарындылар түнгі ұйқы кезінде пайда болады. Шығарылатын гормонның көбеюінің әсерінен гонадотропиндердің синтезі күшейеді, олардың шығарылуы да ырғақты болады;
  • ЛГ және ФСГ шығарындыларының артуы аналық бездегі эстроген синтезін ынталандырады;
  • Репродуктивті жүйенің барлық мүшелерінің, оның ішінде гипоталамус пен гипофиздің жасушаларында жыныстық стероидтарға арналған рецепторлардың саны артады . Олардың эстрадиолға сезімталдығы өзгереді
  • гонадотропты гормондардың циклдік секрециясы қалыптасады;
  • фолликулалар циклдік түрде пісіп бастайды, бірақ овуляция әдетте болмайды;
  • фолликулалар кері дамудан өтеді;
  • Қыздардың 20% жыныстық жетілудің алғашқы 2 жылында ановуляциялық циклдерге ие. Жыныстық жетілудің басындағы овуляциялық цикл кезінде сары денешік әлі де функционалды емес, өйткені прогестерон аз бөлінеді;

Етеккір тәрізді овуляциясыз және сары денешік түзілмей ақ, сондай-ақ эндометрияның секреторлы фазасынсыз цикльді жатырдан қан кету мүмкін;

  • Етеккір тәрізді овуляциясыз және сары денешік түзілмей ақ, сондай-ақ эндометрияның секреторлы фазасынсыз цикльді жатырдан қан кету мүмкін;
  • жыныстық жетілу кезеңінің соңында көп қыздарда овуляция және сары денешіктің толық түзілуі болады;
  • етеккір функциясының қалыптасуы кезінде жатырдың рецепторлары жеткіліксіз дамыған, сондықтан ювенильді жатырдан қан кету болуы мүмкін;
  • менархеден кейін 0,5-1,5 жыл ішінде, етеккір тұрақты емес, яғни 1-2 айдан кейін болуы мүмкін. Кейбір қыздарда тұрақты етеккір жыныстық жетілудің алғашқы 2 жылында ғана белгіленеді.
  • Жыныстық жетілуде екіншілік жыныстық белгілер толық дамуға жетеді. Жатырдың тез өсуі байқалады, жатыр денесінің және жатыр мойнының мөлшерінің арақатынасы (3: 1-ге дейін) өзгереді, жатыр түбі алға бағытталған, ал алдыңғы беті алға және төменге орналастырылған (anteflexio versio позициясы). Жатыр артериялары қысылып, жатыр мен қынаптың қан айналымы жақсарады.
  • Жыныстық жетілудің аяғында жамбас сүйектерінің кеңеюі және тері астындағы май клечаткасының дамуы нәтижесінде әйел физиологиясының қалыптасуы аяқталады. Дауыс тембрі өзгереді, әйелге тән психологиялық сипаттамалар қалыптасады (ұялшақтық, ұнауға деген ықылас, сыртқы келбетіне деген қызығушылықтың артуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет