Детская гинекология



бет1/8
Дата01.03.2024
өлшемі2.61 Mb.
#493867
  1   2   3   4   5   6   7   8
«Балалар гинекологиясының негізгі принциптері» тақырыбы бойынша презентация. БОӨЖ

БӨЖ тақырыбы: Балалар гинекологиясының негізгі принциптері

  • БӨЖ тақырыбы: Балалар гинекологиясының негізгі принциптері

Қыздардың жастық өзгерістеріне байланысты жыныс мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

  • Қыздардың жыныстық жетілуін бірнеше кезеңге бөліп қарастырамыз:
  • Құрсақішілік
  • Нәрестелік кезең (Неонаталдық кезең)
  • «Бейтарап» кезең (1 жастан 7 жасқа дейін)
  • Препубертатты (8 жастан алғашқы етеккірге дейін)
  • Пубертатты (алғашқы етеккірден 14 жасқа дейін)
  • Жас өспірім (15—18 жас)
  • Әр кезеңнің өзіне сай анатомо-физиологиялық ерекшелітері бар

Құрсақішілік кезең

  • Құрсақішілік кезеңде репродуктивті жүйенің негізгі бөлігі қарқынды дамып, функциясы қалыптасады
  • Гипоталамус-гипофиз жүйесі дамудың өте ерте сатысында құрылады. ФСГ және ЛГ құрсақішілік кезеңнің 9-шы аптасынан бастап ұрықтың қанында және амниотикалық сұйықтықта аз мөлшерде анықталады. Ұрықтың гипофизінен пролактин секрециясы кеш, яғни жүктіліктің 19 шы аптасынан кейін ғана бөлінеді
  • Эмбриогенездегі әйел гонадаларының дамуы, жұмыртқа жасушалары ұрықтанғаннан кейін пайда болған жыныстық хромосомалардың жиынтығымен байланысты
  • Кариотип 46 XX аналық бездердің дамуын анықтайды, ал 46 XY - ұрық бездерін анықтайды. Бастапқы жыныстық саралау гестацияның 6-7 аптасында басталады. Әйел сыртқы жыныс ағзаларының дамуы құрсақішілк 4-7апта аралығында жүреді. Жыныс төмпегі клитор ға айналады, ал жыныстық қыртыстар кіші жыныс еріндерін құрайды Большие половые губы развиваются из половых валиков.
  • Ірі вестибулярлы бездер зәржыныс синусының туындылары болып табылады. Мюллер каналдары репродуктивті мүшелерді құрайды: фаллопиялық түтіктер, жатыр және қынаптың жоғарғы үштен бірі. Қынап (оның жоғарғы 2/3) - урогенитальды синустың туындылары. Бұл процесс 5-6-шы аптадан басталып, ұрықтың 18-ші аптасында аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет