«Дидактика ғылымының дамуына үлес қосқан педагогтар» тақырыбында кесте құрастыру



Дата18.11.2022
өлшемі24.76 Kb.
#465184
«Äèäàêòèêà ?ûëûìûíû? äàìóûíà ?ëåñ ?îñ?àí ïåäàãîãòàð» òà?ûðûáûíäà

«Дидактика ғылымының дамуына үлес қосқан педагогтар» тақырыбында кесте құрастыру.

Педагогтар

Қосқан үлестері


Я.А.Коменский (1657 ж.)



Ол 1657 жылы «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А. Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А. Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды.



 А.Дистервег
(ХІХғ.ортасы))

Дамыта оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алысқа», «қарапайымнан күрделіге» және т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді. Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.



 К.Д.Ушинский
(ХІХғ. екінші жартысы)

Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының сұрақтарына жауап берді.



Н.К.Крупская



Оның оқытудың мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді.

А.С.Макаренко



Педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке баулу арқылы оқыту, оқытудың негізін салды. Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушілік функциясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді – шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие эмоционалдық – құндылықтық қатынасы жайлы мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді.

Ы. Алтынсарин

(1841–1889 жж.)


Орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс жасау әдістерін кең қолданды. Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілін қолданып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы шыққан оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» болды. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.



А.Байтұрсынов

(1873-1937жж.)


Қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» – деген талапты қоюшы. 1912 жылы тұңғыш рет әліппе жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін 1928 жылы шыққан «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың, әр ұлттың өз ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек екендігі жайлы тұжырым жасаған. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет