Дидактикалық ойындар және оларды сабақта пайдалану. Аширбаева Ақтолқын Бақытжанқызы Жетісай ауданы, №2 Ш. Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі



Дата17.06.2016
өлшемі90.62 Kb.
#143297



Дидактикалық ойындар және оларды сабақта пайдалану.

Аширбаева Ақтолқын Бақытжанқызы

Жетісай ауданы, №2 Ш.Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп түр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» - деп айтып өткендей. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан оң өзгерістер жас ұрпақ тәрбиесі үшін оқу бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бастауыш сынып оқушылары мектепке келгенге дейін айналысатын негізгі іс-әрекеті - ойын десек, олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға дағдылануы тиіс. Оқушылардың оқу әрекетіне дағдылануы сабақ барысында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар әрқашан мынадай екі мақсатты көздейді:

  • танымдық, яғни балада іздену, тану әрекетін дамыту:

  • тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру:

Дидактикалық ойынның маңыздылығы мынада:

  1. Дидактикалық ойын балаларды ұстамды, тәртіпті болуды қажет етеді.

  2. Әрбір дидактикалық ойын оқушының ақыл-ой қызметін жақсартып, ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады.

  3. Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді.

  4. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі төмендегі шарттар орындалған жағдайда артады:

  • егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидакатикалық ойындарға берілсе:

  • Егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе:

Сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы.

Дидактикалық ойындарды сабақ барысында білім беру нәтижесі неғұрлым жоғары дәрежеге жету үшін, сабақ тартымды өту үшін ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы үшін 1 сыныпта математика пәні бойынша «балапанды құтқару» ойынын пайдаландым.



«Балапанды құтқару» ойыны

Дидактикалық мақсаты: Өтілген материалдарды пысықтау, жаттығулар орындай отырып, жарыса есептеу.

Керекті құралдар: Тауықтың және он шақты балапанның суреттері. Тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар, түлкінің суреті.

Мазмұны: Сыныптағы бүгінгі сабақ басынан аяғына дейін осы ойынға арналады. Мен жаймашуақ ашық күнде балапандармен қыдырып жүрген тауықты балаларға көрсеттім. Тауық аңдамай тұрғанда балапандарын түлкі алып кетеді. Енді балалар, тауыққа көмектесуге кірісейік. Қу түлкі Тапқышбектен тапсырмалар беріп жіберіпті. Тапсырманың ішінде неше балапан болса сонша тапсырма бар екен. Осыларды орындасақ балапандарды бір-бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ балапандар түлкіге жем болады.

Осылайша 1, 2, ..., 10-тапсырмаларды орындап, балапандарды құтқарып тауыққа көмектестік.

Енді әліппе пәні бойынша сиқырлы әріптер мен сөздер еліне саяхаттаймыз. Бүгінгі сабақта «Сөз құрастыр, тез құрастыр» ойынын ойнайық. Жаңа сөздері буынға бөліп үйренейік. Гүл күлтешелеріндегі әріптерден сөз құрайық.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарды қазақ тілі пәні бойынша «Лото» ойынын ойнаттым. Сөзді оқыңдар және оған сәйкес суретті жапсырыңдар:

Нан Бақа

Хат Кілем

Кеме Жалау

Арба Кәмпит


Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікке үйренеді, жақсы қарым-қатынас арқылы рухани адамгершілік сана сезімдері қалыптасып дамиды.

Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.

Қимылды әрекет ойындарын дүниетану сабағында қолдандым.

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты сүйеміз, әрі қорғай білеміз».

Сабақтың мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін пысықтау. Табиғатқа деген көзқарастарын басқа сабақтармен байланыстыра отырып, табиғатты сүюге, қамқор бола білуге баулу. Балалардың ой-өрісі мен тіл байлығын арттыру. Табиғаттың денсаулыққа пайдасын түсіндіру.

Сабақтың түрі: Интеллектуалдык ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, көркем әдебиет, ән.

Көрнекілігі: Ғажайып алаң, конверт-қоржын, бәйшешек, қарлығаш, қой, қасқыр, ара, адыраспан суреттері, тақпақтар, табиғат суреті, жұмбақтар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін айналамен танысу сабағы табиғат аясында өтіледі. Қараңдаршы айналамыз қандай әдемі. Айналаның бәрі жап-жасыл.



II. Психологиялық дайындық Қонақжай:

- Ой, балалар, әндетіп келе жатқан кім екен?

Алдар көсе:

Мен Алдармын, көсемін, Сусыз жерде өсемін. Жақсыларға серікпін, Жамандарға Алдармын.



Балалар:

- Саламатсыз ба, ата!



Алдар көсе:

- Саламатсыңдар ма, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?



Балалар:

- Иә, сіз ертегідегі Алдар көсе атасыз.



Алдар көсе:

- Дұрыс айтасыңдар. Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?



Мұғалім:

- Ата, біз мұнда «Табиғатты сүйеміз, әрі қорғай білеміз» атты тақырыбына байланысты сабақ өтеміз. Сабағымыз қызықты өту үшін «Ғажайып алаң» деген ойын ойнаймыз.



Алдар көсе:

- Онда балалар, мен де сендердің сабақтарыңа қатыссам бола ма? Менің де сендерге көрген-білгенім туралы айтарым мен қоятын сұрақтарым болар.



III. Ғажайып алаң.

Мұғалім:

- Олай болса, балалармен бірге төрге шығып отырыңыз. Ал енді балалар, ойынымызды бастайық, қане, менің қасыма бір бала келіп мына «Ғажайып алаңда» неше салғышта тапсырма бар соны айтшы.

Бала:

- 10 салғышта тапсырма бар



Мұғалім:

- Қане, ойынды бастайык, Ойын тілі нешінші сұраққа түсті.



1-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Табиғат деп нені айтамыз, балалар?

Оқушы:

- Айналамызды қоршаған ортаны айтамыз. Құстар, ағаштар мен өсімдіктерді, шөптерді және жануарларды, жабайы аңдар мен жансыз табиғатты айтамыз.



2-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Табиғат құбылысы деп нені айтамыз?

Оқушы:

- Мұз, қар, жел, жаңбыр табиғат құбылыстарына жатады.

Мен сіздерге «Жаңбыр» әнін орындап берейін.

Ән: «Жаңбыр»

Мұғалім:

- Ал енді ойынымызды жалғастырайық.



3-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Қарлығаш қандай құс?

Оқушы:

- Қарлығаш жыл құсы, күн суыса жылы жаққа ұшып кетеді. Шыбын шіркеймен қоректенеді. Адам жүрген жерге ұя салады. Адамға дос.



Алдар көсе:

- Қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі, «Қарлығаш пен дэуіт» Мұғалім:

- Ал енді ойынымызды жалғастырайық.



4-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Мынау қандай гүл?

Оқушы:

- Бәйшешек. Ерте көктемде гүлдейді.



Оқушы:

Кіргізіп көркін даланың,

Бәйшешек кырды қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.

Мұғалім:

- Жарайсыңдар, орындарыңа отырыңдар. Қане «Ғажайып алаңды» тағы айналдырайык.



5-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Қой туралы не білесің?

Оқушы: Қой үй жануары. Бұл жануар ет, сүт береді. жүнінен шұлық

тоқиды. Сүтінен айран ұйытады.. Айраннан құрт, май алады.



Мұғалім:

- Ал енді ойынымызды жалғастырайық.



6-шы салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Қасқыр туралы не білесің?

Оқушы: Қасқыр — жабайы аң. Кең даланы, орманды мекендейді. Кез-

келген жыртқыштармен қоректенеді.



Сурет бойынша жұмыс.

Түсі сұр, тым суық,

Орманда жүр аң қуып. (Қасқыр)

Ойын ары қарай жалғасады



7-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Ара туралы не білесің?

Оқушы:

Ара жәндікке жатады.

Аралар бал жинайды.

Балды гүлдерден жинайды.

Алдар көсе:

- Бал жинайтын ара қалай аталады?



Оқушы:

- Бал аралары деп аталады.

Алдар көсе:

- Аралар не істейді?



Оқушы:

- Қызмет атқарады. Біреулері бал жинайды, екіншілері жас араларды бағады, үшіншілері ұя салады, тағы біреулері үйлерін қорғайды.

Алдар көсе:

- Дұрыс айтасың, балам, жарайсың. Ойын жалғасады.



Сергіту сәті.

8-ші салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Мынау қандай өсімдік?

Оқушы:

- Адыраспан. Адыраспанның бұтағы көп болады. гүлі қоңыр.



Оқушы:

- Біздің апам бөпені бесікке салғанда адыраспан түтеткен. Адыраспан түмауға өте пайдалы. Ал қане тағы айналдырайық.



9-шы салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Мынау қандай құс?

Оқушы:

- Қарға - қыстайтын құс болып саналады, себебі, біз онымен суық кезде де кездесеміз.

Қарға, қарға, карғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса долданып,

Бұтаға келіп қозғалар.



10-шы салғыштағы тапсырманың сұрағы:

Бауырсақ ертегісін айтып, суреттерімен орналастыр.

Алдар көсе:

- Ал, балалар, менің сендерге қоятын бір сұрағым бар. Жаңа жолда жүріп келе жатып мен бір ағаштың аянышты сөзін естідім. «Уһ, жаным-ай, жаным-ай, енді не қыламын, құрт ауруына шалдықтым, тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер»,-деген дауысты естідім. Бұл терекке жәрдем, көмек керек екен. Қалай көмек


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет