«Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газет сейсенбі, 9 сәуір 2013 жыл №41 «тиімсіз шығындар неғҰрлым нәтижелі бағдарламаларғА Қайта бөлінеді»



Дата23.02.2016
өлшемі71.18 Kb.
#4367
«Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газет

сейсенбі, 9 сәуір 2013 жыл №41
«ТИІМСІЗ ШЫҒЫНДАР НЕҒҰРЛЫМ НӘТИЖЕЛІ БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАЙТА БӨЛІНЕДІ»


Айгүл Бақытжанқызы, алдымен оқырмандарымызға мемлекеттік орган жұмысының негізгі бағыттары туралы әңгімелесеңіз.
Біріншіден, бұл бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Бұл қызмет бағыты облыстық бюджет түсімдерін болжамдауға қатысу, бюджеттік шығыстардың атқару үрдістерін ұйымдастыру және оны мониторингілеу, сондай-ақ облыстық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді беру және қызмет көрсету. Бұдан басқа, басқармамен барлық облыстық басқармалардың бюджеттік қаражаттарды басқару тиімділігі көрсеткіштеріне бағалау жүргізіп, олардың нәтижелері бойынша көрсеткіштерді жасқарту бойынша ұсыныстар жасалады.

Екінші қызмет бағыты - облыстық коммуналдық мүлікті басқару.

Барлық мемлекеттік органдары сияқты, біздің басқарма үш жылдық Стратегиялық жоспарына сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады, онда біздің қызметіміздің нысаналы индикаторлары мен нәтижелері көзделген.
Бюджетті атқару нәтижесі нені көрсетеді? Қандай жергілікті қазына кіріс көздерін базалық деп атауға болады?
Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кіріс бөлігі 112,0 млрд.теңгеге немесе жоспарға сай 99,7% болып орындалды. Соның ішінде, салықтық түсімдер 43,2 млрд.теңге, республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің түсімдері (субвенцияларды қоса) - 59,25 млрд. теңге құрады.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі жоспарға 98,9%-ға орындалды және 112,0 млрд.теңге құрады, оның ішінде шығындар - 105,8 млрд.теңге, бюджеттік кредиттер және қарыздарды өтеу – 5,0 млрд.теңге, қаржылық активтер сатып алу – 1,3 млрд.теңге құрады.

Бюджетте қарастырылған барлық негізгі іс-шаралар уақытылы орындалды. Бұл ретте, 17 млрд. тенгеден астам бюджеттік шығыстар даму бағдарламаларына және күрделі сипаттағы шығындарға бағытталғанын атап айту қажет. Мысалы, 1,8 млрд.теңге - білім беру, 1,6 млрд.теңге - денсаулық сақтау, 0,4 млрд.теңге - спорт құрылыстары объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға бағытталды. Тұрғын-үй салуға – 4,3 млрд.теңге, газбен жабдықтау объектілерін – 1,4 млрд. теңге, сумен жабықтау – 1,8 млрд.теңге, жолдарды қайта жаңғыртуға - 700,0 млн.теңге, коммуналдық шаруашылық объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 3,4 млрд.теңге жұмсалды.

2012 жылы бюджет шығыстары 1 тұрғынға есептегенде 181,5 мың теңгеге құрады, бұл өткен жылдан 24%-дан артық.

Базалық кіріс көздері деп республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді (53 пайыз) және салықтық түсімдерді (38,6 пайыз) атауға болады.

Бұл ретте, бүгінгі таңда Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджет негізінен жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар есебінен қалыптасады және оның жергілікті бюджетке түсетін барлық салықтық түсімдердің жалпы үлесінің 82,5% құрайды, қалған 17,5% мүлік салықтары, қоршаған ортаға эмиссия төлем және тағы басқа салықтар құрайтындығын атап айту қажет.



Айгүл Бақытжанқызы, қалың оқырманымызға бюджеттік саясат дегеннің не екенің қарапайым мысалдармен түсіндіре кетсеңіз.
Бұл мемлекет кірістер мен шығыстарды басқару бойынша іс-шаралар кешені, олардың теңгерімсіздігін қамтамасыз етуі. Басқа сөзбен, бюджетте көзделген барлық іс-шаралар қажетті қаражаттармен қамтамасыз етілуі қажет.

Алдымен, бұл бюджет шығыстары мен кірістерін, сондай-ақ оларды басқаруды анықтау. Облыс бюджеті облыстық бюджеттен, 12 аудандардың және Орал қаласының бюджеттерінен тұрады.

Бүгінгі таңда Бөрлі ауданынан басқа барлық аудандық бюджеттер субвенциялық бюджет болып табылады, яғни облыстық бюджеттен қаржылық қолдауға тәуелді. Қаржы басқармасы, «Субвенциялар» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде, аудандық бюджет шығыстарының орнын толтыруға ай сайын 1,5-2,0 млрд.теңге көлемінде қаражат аударады. 2012 жылы 20,5 млрд.теңге аударылса, 2013 жылы аталған қаражаттар 21,2 млрд.теңге көлемінде қарастырылды.

Басымдылық туралы сөз қозғайтын болсақ, қазіргі кезде бюджетте анық айқындалған әлеуметтік бағыттылық бар. Мысалы, облыс бюджетінің әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағғытталған шығыстары 2012 жылдың қорытындысы бойынша 68 млрд.теңге құрады, соның ішінде білім беру – 38,3 млрд. теңге (бюджеттік шығыстардың 34%), денсаулық сақтау – 17,8 млрд. теңге (16%), халықты әлеуметтік қорғау -5,4 млрд. теңге (4,7%). Бұдан басқа, көптеген қаражат, жоғарыда айтып өткен сумен, газбен жабдықтау, тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылық секторы объектілерін қоса, әлеуметтік-маңызды объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталды.

Ағымдағы жылы да әлеуметтік саланың басымдылығы сақталады. Бұдан басқа, көптеген қаражат (4 млрд. теңгеден астам) «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, бюджетте экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қаражат қарастырылған. Мысалы, «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлікті қолдауға 698,0 млн. теңге бөлінген, тағы 1,2 млрд. теңге индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды несиелендіруге 1 млрд.75 млн.теңге бөлінді.



Облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында қандай жұмыс атқарылуда?
Жеке-жеке тоқталып өтейін. Ең алдымен, коммуналдық меншік мүлігінің құрамы бойынша жинақ есебін қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Соңғы түгендеу нәтижелері бойынша коммуналдық меншік объектілерінің құны 112 млрд.теңгеден астам құрады.

Мемлекет қатысатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүзеге асырылады.

Облыста 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет қатысуымен 92 ұйым жұмыс жасайды.

59 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 5 акционерлік қоғам.

Теңгерім ұстаушылардың коммуналдық меншік объектілерін мақсатты және тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізу тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, басқарма мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорындардың теңгерімдеріне бекітілген мүліктерді жалға беру жұмыстарын жүргізеді. Жалға беруден түскен түсім облыстық бюджетке аударылады. 2012 жылы жалға беруден түскен түсім 27,6 млн. теңге құрады. Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылы 4 аукцион өткізіліп, нәтижесінде 23,4 млн. теңге жергілікті бюджетке түсті.

Осы жұмыстарды жүргізу арқылы басқарма жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру бағытында өз септігін тигізуде деп айтқым келеді.
Айгүл Бақытжанқызы, облыс басшысының бюджетте қарастырылған өңірдегі болуы ықтимал немесе төтенше жағдайларға бағытталған қоры жайында айта кетсеңіз.
Әріне, мұндай қор бар. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бұл қорға облыстық бюджеттің өз кірістерінің жылдық көлемінен 2 пайыздан аспайтын қаражатын бағыттауға болады, 2013 жылға оның шамасы 709,5 млн.теңге болып бекітілді және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржы басқармасы болып табылады. Мысалы, биыл Ақжайық, Зеленов, Казталов, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласының электр тасымалдау желілерін қалпына келтіруге резерв қорынан 70,0 млн.теңге шамасында қаражат бөлінді.
Басқарма қызметі қандай дәрежеде автоматтандырылған және мемлекеттік мекемеде қандай ақпараттық жүйелер қолданылады?
Ең алдымен, «ақпараттық жүйелерді қолдану» Жергілікті атқарушы органдар қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде облыс әкімдіктерін бағалау бағыттарының бірі екендігін атап өту қажет.

Қазіргі таңда басқарманың барлық негізгі функциялары толықтай немесе ішінара автоматтандырылды.

Әсіресе, бюджетті атқаруды ұйымдастыру, бюджеттік мониторингті жүзеге асыру және бюджеттік есептілікті қалыптастыру бойынша «Бюджеттік үрдіс мониторингі» ақпараттық жүйесі және «Парус-КАЗ» «Бюджеттік қаржыландыру» модулі қолданылады. Облыстық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері жөніндегі ақпараттық деректерді қалыптастыру http://www.gosreestr.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қаржы басқармасы, мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілік әкімшісі ретінде, www.goszakup.gov.kz. мемлекеттік сатып алу веб-порталында мониторингілеуді жүзеге асырады. Бірыңғай электрондық құжат алмасу жүйесі арқылы мемлекеттік орган ішінде де, облыс әкімдігі, облыстық басқармалармен де қағазсыз электрондық құжат алмасу іске қосылды.
Мемлекеттік мекемеде жергілікті бюджеттің қоғамға ашық болуын қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар қолға алынған?
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік бюджет ашықтығын бағалаудағы ең басты индикаторлардың бірі «Азаматтық бюджет», яғни көрнекі және қолжетімді түрде ұсынылған бюджет туралы ақпараттың болуы.

Бүгінде басқарманың http://karzhy-bko.gov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді. Оңда бюджеттік заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілер, әр түрлі бюджеттік есептілік, мемлекеттік мекеме қызметі туралы ақпарат орналасады, мемлекеттік қаржы атқарылуын сипаттайтын мәліметтер жарияланады, соның ішінде «Азаматтық бюджет» арнайы бөлімі құрылды. Кез-келген азамат менің блогымда өзінің электрондық хабарламасын қалдырып, өзін мазалаған сұрақтарға кеңес ала алады.


Айгүл Бақытжанқызы, сұхбат соңында басқарманың «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі басты міндеттеріне тоқтала кетсеңіз.
Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттер арасынан негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын ұстап тұру және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру болып табылатын Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеуді атап айтқым келеді.

Түрлі бағдарламаларға бюджет қаражатын бөлу аралық нәтижелерге қол жеткізумен қатаң байланыстырылатын болады және тиімсіз шығыстар неғұрлым нәтижелі бағдарламаларға қайта бөлінеді.



Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастыру шеңберінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімнің форматын, олардың мазмұны мәлімделген шығыстардың стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға, міндеттер мен индикаторларға сәйкес келетініне айқын түсінік беретіндей етіп жетілдіру болжануда.

Басқарманың жақын арадағы «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру шеңберіндегі басты маңызды міндеттері қаржылық шараларды уақытылы өткізу, бюджеттік қаражаттарды уақытылы, толық әрі тиімді игеру, бюджеттік шығыстарды сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне және қаржылық есептілікті жүргізудің халықаралық стандарттарына ауысу болып қала береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет