Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні



Дата05.07.2016
өлшемі76.21 Kb.
#179227
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні. 

Тәрбиенің өзі – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың қөзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балалрға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой -өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық,туған жеріне сүйіспеншлік сезіміе тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады. 
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу керек. 
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 
1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа. 
3. Сөздік дидактикалық ойындар. 
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді. 
Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын –ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. 
Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталау бермеу керек,ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімдң тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сөздік сабағында дактикалық ойындар балалардың айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді. 
Айталық, даярлықта сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді, немесе суретін салады. 
Дидактикалық ойын бала бақшадан бала бойына сіңіртіп, үйрете басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу,түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр,қане «сен көк кубиктарды әкелші», «үстелге апарып қойшы « т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Кейіннен мектеп табалдырығын атағанмен олар сабақты жақсы түсініп, ұғуы үшін де қолданып келеміз.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойынт әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойин мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесуге, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады. 
Дидактикалық ойындарды көптеген сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына,мақсатына сай таңдалып отырады. Мына берілген дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі- монологтық және диалогтық сөйлеуге арналған. 
Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты –бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. 
Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, « үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастру арқылы меңгертуге болады. 
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы - «ыдыс-аяқтар», алма, алмұрт, шие – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша - көкөністер.т.б. 
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ыммен, мимикамен көңіл-күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді. 
Мына берілген дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады. 
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек,сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай , әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек 
Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап». 
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру. 
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш,конфет, нан,бауырсақ, ет, колбаса, т.б. 
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады. 
Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.) 
Сонымен қатар саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. 
Осы арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. 
Тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. 

Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойынның маңызы өте зор. Ойын мүмкіндігі шектеулі баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.
Қандай жастағы бала болмасын, оларға дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні өте зор екенін түсінуге болады. 
Степногорск қаласы,

№7 орта мектебінің



бастауыш сынып мұғалімі

М.Д. Жапарова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет