Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту



бет7/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#124496
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

1.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту

Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімгө жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті.

Ендеше, Абай мүрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас үрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.

Азат елдің азаматы егеменді елінің тұтқасын қолына берік ұстайтын, тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты әкономика құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет. Ол үшін бүгінгі үрпағымызды осы талапқа лайықты азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздар алдында үлкен міндет тұр. Сол міндеттің бірі -бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға жан-жақты білім беру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу тілі отбасынан басталып, мектепте қалыптасып дамиды. Дүниеге көзін ашқан бала алғашқы сөзді үйде үйреніп, ана сүтімен бірге бойына сіңіреді. Әрі қарай сөздік қорды көбейту жолын мектепте жалғастырады. Отбасында балалар кейбір заттардың атауларын білгенімен, оның мағыналық жағына көңіл аударуға қабілеті жете бермейді. Айтылар сөздің нәзік сырларына терең бойлай алмайды. Мүны оларға үйрететін - мұғалімдер. Бұл міндетті атқаруда ана тілі пәніне сүйену керек. Ана тілі пәнін жүйелі, жан-жақты оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге көркем шығармаға дегөн сүйіспеншілігін де оятуға болады. Өркениетті елдерде өз ана тілін терең меңгерту осы тілді көркейтуге үлес қосқан әрбір ақын-жазушыларды білу басты парыз.

Ана тілі пәні арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, тіл байлығы артады, өмірге деген көзқарасы оянады. Осыны түсінетін тақырыптарды өткенде заман ағымына сай сабақ беру әдісін жетілдіруді ойлауы қажет. Сол арқылы сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру үшін шығармашылдықпен ізденгені орынды.

Оқушылар көптеген ақын-жазушылардың өмірімен, шығармаларымен бастауыш сыныпта-ақ танысады. Осы кезден бастап баланың тіл байлығын оның әдеби даму дәрежесіне көңіл бөліп, назар аударып отыру қажет. Ол үшін баланы сөйлету керек: сөйлеу арқылы ой өрісі мен тіл орамы байқалады. 2,3 - сыныптан бастап өлең, әңгіме, ертегі оқып жүргенін, түсінігін қалай айтып береді, кітап оқуға құмарлғы, ынтасы қандай екенін бақылау үшін сұрақ-жауап түрінде өткізуге болады. Әңгіме үстінде оқушының сөзін бөлмей, қысылмай, еркін сөйлеп, өз айтатын ойын еркін жеткізуіне жағдай жасап отырған жөн. Ана тілінен әрбір өтіліп жатқан шығармаға деген оқушы қызығушылығын оятуда мұғалім өзі үлгі көрсетіп, яғни мәнерлеп әдемі дауыспен оқи білуі, шебер тілмен, түсінікті де жатық сөздермен, тиімді көрнекіліктерді пайдалана отырып, жан-жақты дайындықпен жеткізе білу ауадай қажет. Ол үшін тек өтілетін тақырыппен шектеліп қалмай, соны жазған автор туралы шығармадағы басты кейіпкер, оның балалық, жастық кезеңдерінен үзінділер айтылып, оны байланыстыра отырып, соларға лайық суреттерін көрсетіп, оқушының ойын оятып, жанын баурап, қиялына қанат бітіретін әсерде сабақ өту қажет. Сонда ғана оқушының ана тілі пәніне, сол арқылы көркем шығармаға деген қызығушылығы пайда бола бастайды. Бастауыш сынып бағдарламасында қазақтың көптеген ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер берілді дедік; осылардың ішінде Абай Құнанбаевтың туындыларын өткен кезде ұлы адамның балалық-жастық шақтарынан қандай үзінділер айтуға болады, соның бірсыпырасына тоқталайық. Бастауыш сыныпта Абайдың «Күз», «Адам болам десеңіз», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым» деген өлеңдерін өтуге 5 сағат бөлінген. Осы кезде бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті - оқушылардың бойында поәзияға, лирикаға деген түсінігін ояту. Себебі бұл жастағы балалар әсершіл, еліктегіш, тез қабылдағыш келеді. Сондықтан осы әсерлерді Абай шығармаларын өткен кезде шебер, орынды пайдалана білуге болады. Олай дейтініміз, Абай - қазақ мәдениетінің тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да ақынның әрбір шығармаларын өткенде өмір жолынан бірте-бірте күрделендіріп мәлімет беріп отырамыз. Ондағы мақсат оқушылар Абай шығармаларын шын ықыласымен оқып, үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатындай етіп тәрбиелеу.

«Асыл сөзді іздедесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең, жаттап оқы көңілге», - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан - теңіз. Абайдың ақын болып қалыптасуына жастайынан ықпал еткен жағдайларды жекелей анықтап, дәлелдей оқытамыз.

Себебі, жалпы тәрбие, білім, оқуға құштарлық, мәдениет жайлы алғашқы түсініктер отбасынан басталып, өсе келе қоршаған ортадан, жора-жолдастарынан, ұстаздарынан үйренеді, үлгі алады.

Абайдың балалық кезеңінде де осы жағдайлардың әсері болғанын біртіндеп түсіндіреміз. Абай жайлы алғашқы түсінікті былай бастаймыз.

«Абай осы күнгі Семей облысында Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руында Құнанбай жанұясында 1845 жылы дүниеге келген. Сырт көзге момын, сылбыр, аңғал көрінетін Абайды «ата-балаға сыншы» - дегендей, әкесі Құнанбайдың ерте танығанын, оны Семейдегі діни медресеге оқуға бергенін айта келіп, сол кездегі суреттерін көрсете отырып, жас Абай діни оқумен шектелмей өз-бетінше бастауыш орыс мектебінде оқығанын, арабша да хат танығанын, көркем әдебиеттерді өзінше оқып, білімін жетілдіріп отырғанын айтамыз». Осыған орай, қазіргі заман талабын да естеріне сала кетіп, шәкірт Абайдың білімге деген ынта-ықыласын оқушыларға үлгі ете әңгімелейміз.

Мейірімді Зере әжесінен көп ертегілер, халықтың өткен тарихы жайлы әңгімелер тыңдағанын, сол арқылы халықтың бай мұралары, ауыз әдебиетінен сусындағанын қызықты, түсінікті тілмен жеткіземіз.

Одан кейін 3-сыныптағы шығармаларын өткенде 2-сыныптағы Абай жөнінде алған білімдерін сұрақ-жауап әдісімен жинақтап, қорытып алып, Абай жөнінде түсінігін тереңдете түсеміз. Ол үшін Абайдың кітапты өз бетінше көп оқығанын ертегі, жырларды, дастандарды, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді Зере мен ¥лжан сияқты дана аналардан ғана естіп қоймай, Барлас, Байкөкше сияқты ақын-жыршылардың қасында айлап болып, солар айтқан халық дастандарын, батырлар жырларын сүйіп, тыңдап, жаттап, қүлағына құя, қанына сіңіре білгенін, әкесі Құнанбай Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп, үлкен өнегелі отырыстарды көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің асыл сөз, абзал қасиеттерін әділ биліктерін тыңдатып, сабақ еткенін айтамыз. Абай құнарлы бай тілді, адамгершілікті, парасаттылық пен имандылықты халықтан алды. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан-балаға жалғасты. Абай да өз балаларын оқытып, халық адамы етіп тәрбиеледі. Имандылық тәрбиені үлгі ете отырып, адам болу жолын ғылыми тұрғыдан шығармаларында көрсете білді. Мысалы; «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Баламды медресеге біл деп бердім», -дей келіп, өз өмірін кейінгі жастарға сабақ етеді. Өзінің айналасындағы соңына ерген жастарды жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиеледі. Міне, ұлы Абай бойындағы осындай игі қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының санасына әрбір Абай шығармасын өткенде бірте-бірте сіңіре отырып, алған білімдерін дағдыға айналдырған дұрыс. Абай атасы сияқты кітап оқуға, халқының асыл мұраларын қадірлеп, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар міндеті деп білеміз.


«Сұр бұлт», «Күз»

Бұл өлең 2 сыныпта өтіледі. Абайдың бұрынғы сыныпта өткен өлеңдері жайлы, Абайдың туып - өскен ортасы жайлы сұрақ-жауап әдісімен сұрап ойға түсіріп аламыз.

Бүгін Абайдың күз суретіне арналған «Сұр бұлт» өлеңін өтеміз, деп өзім жақсылап мәнерлеп оқып беремін. Мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін.

Мұнда ақын күздің түсуін суреттейді.

Табиғат құбылысы жағынан алғанда күздің түсуін нендей белгілерімен дәлелдеуге болады?

Аспанды сұр бұлт қаптайды, тұман көбейген, жасыл шөп жоқ, қайыршы кемпір-шалдай ағаштар жапырағынан айырылған, қаз, тырна кете тастаған.

Біз күздің түсуін табиғат құбылыстары жағынан дәлелдедік. Ал, енді күздің түсуін көшпелі ел тірлігінің көріністері жағынан дәлелдеуге бола ма?

Бұрынғыдай жүгіріп ойнаған бала жоқ, әйелдер қыстың қамын ойлап, малма сапсып, тері илейді, жас әйелдер жыртық үйін жамайды, қай ауылды көрсең де, күлкі, сейіл-серуен жоқ, жабырқаңқы, суық келе бастаған.

Осы өлеңде қоныстың жайы, мал шаруашылығы жағынан күзге тән қандай белгілер бар?

Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан, күзеу тозған, жел соқса, шаң-тозаң көтеріледі, ыстан қорқып, жұрт әлі үйіне от жақпаған.

Иттер неге ауылға тұрмай, тышқан аулайды?

Жұрт соғым соймаған, оларға сүйек-саяқ, сорпа-су жетіспейді.

Өлеңде қай кездегі өмір көрінісі берілген, күздің келуінен әсіресе кімдер қорқады?


Күздің келуінен әсіресе жыртық үйлі, қыс киімі жетімсіз кедейлер қорқады. Көңілсіз күзге жабырқайтын да солар. Өлеңнен еңбек көрінісі сипатталған шумағын бір оқушыға оқытамын. (Еңбек көрінісі кедейлер төңірегінде).

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Бұл еңбек көріністерінің кедейге тән екенін қайдан білеміз?

Олардың киімі жыртық, үйлерінің киіздері тозған, малма сапсу-тонның қамы, шудан жіп иіру - шекпен тігудің қамы.

«Қыс» өлеңінде Абай:



«Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

бет қарауға шыдамай сырт айналды» - дейді. Ол кездегі малшының бар киімі шидем (шекпен) мен тон ғана болған.

Түйіндеудің бір тәсілі ретінде өлеңге ат қойғызамын және тақырып жайлы ұғым беремін. Өлеңнің тақырыбы - күздің түсуі.

Соңынан өлеңді 1-2 оқушыға тұтас оқытып, өлеңде кездесетін «Сұр бұлт», «көңілсіз қара суық» деген сияқты әпитеттер мен «Қайыршы кемпір-шалдай ағаш» деген теңеулерге оқушылардың назарын аудартамын.

Мен ІҮ курста Ы. Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық -әстетикалық мектебінде іс-тәжірибе барысында оқушыларға Абайдың «Күз» өлеңін қазіргі таңдағы күзбен салыстыра өттім. Абайдың «Күз» өлеңі:



Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан, - деп суреттелсе, қазіргі таңдағы күз тіптен бөлек.

Біз күздің белгісін еңбек науқаны, егін, жиым-терім, малшылық, тоқшылық, береке, мереке белгісімен елестетеміз.

Сонымен қатар, оқушылардан «Күзгі еңбек» суреті мен тірек сызба арқылы күз ерекшеліктерін сұраймын.

Күз - қауырт жұмыс кезі. Неліктен?

Күз береке, күз -мереке. Неге олай ойлайсыңқар?

Алтын күз. Күзді алтынға теңеу себебіміз неліктен? (оқушылар осы сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салады).

Үйге мәтін соңындағы сұрақтарға жауап тапқызып, ауызша мазмұндап келуді сонымен бірге «Күздің түсуі» деген тақырыпқа еркін шығарма жазып келуді тапсырамын. Жазып келген шығармаларды тексеріп, класта талдау жүргіземіз.



«Қыс»

Абайдың табиғат лирикасына берілген «Қыс» өлеңін өтуге 3-сыныпта бір сағат берілген. Өлеңнің тақырыбын тақтаға жазып, бүгінгі өтетін өлеңнің авторы Абай Құнанбаев жайлы түсінікке (кіріспе кезеңде) 2-3 минуттық мағлұмат береміз. Партаның ортаңғы қатарында тұрып жатқа өзім айтып беремін. Содан соң, кітапты ашып, оқушыларды қаратып тағы оқимын. Бұл кезде оқушылар оқу мәнеріне назар аударып отырған жөн.

Осыдан соң мынадай үш түрлі жұмыс жүргіземін.

1). Өлеңді оқушыларға оқытып, мазмұндату, мағынасын ұғындыру;

2). Өзім теориялық мазмұнын түсіндіремін;


3). Оқушыларға іштен оқуға және жеке оқушыларға мәнерлеп оқытамын.

Өлеңді мазмұндауды былай бастаймын.

Абай өлеңде бұрынғы дала жағдайындағы қыс суретін, сол табиғаттың өз көрінісін көрсеткенін, қысты жанды адам (аяз ата) бейнесінде бергенін оқушыға түсіндіру үшін өлеңнің алғашқы 3 шумағын оқып талдау жүргіземін.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Мұнда қар басқан дала суреті берілген.

-Өзі соқыр, өзі мылқау, яғни ешкімді танымайтын, ақ киімді, денелі, ақ сақалды, үсті-басы ақ қырау, басқан жері сықырлап келіп қалған бұл кім?

-Ол -қыс, аяз шал.

-Ол не үшін соқыр, мылқау?

-Қыс адам, мал ғана емес, жан-жануар, жәндік, өсімдік үшін де жайсыз, рақымсыз.

-Адамның тынысы - ауа, қыстың тынысы не?

-Оның «дем алуы үскірік, аяз, қар».

-Қыс суреті аяз шалдан басқа тағы кімге ұқсатылған?

-Ол жылда маза бермейтін қазақтың кәрі құдасына ұқсатылған.

-Бұл дұрыс пікір. Қазақта қыз беріп, қыз алысқандарды «Құда» деген. Бұрынғы кезде құданың малы қыстан жұтап қалса, ол қыстан малы аман шыққан құдасына маза бермеген, мал алуға келе берген. Ақын қысты да сондай мал алуға келген кәрі құдаға меңзейді. Қыстың мал алуға ғана келетіні - қар қалың, қыс қатты немесе мұздақ болса, арқада мал қарды теуіп, шөп тауып жей алмай, жұтаған. Қатты қыс келсе, шаруаға жұт бірге келген. Жұт малды тақырлап кетететіндіктен, ол алдымен кедей шаруаларға қиын болған. Абайдың «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» дегені сол.

Сондай түсі суық, шаруаға жайсыз қыстың қаьарын ақын тағы қалай суреттеген? (оқушыға оқытамын)

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаі-щы алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды. -Осы бөлімге не деп ат қойсақ болады? -«Қыстың келуі» деп ат қоямыз. Бұдан соң екінші бөлімін өзім оқып беремін.

«Ой шақыру» стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға мынадай сұрақтар қою арқылы жұмыс жүргіземін.

-Қысты кім, қалай қарсы алған?

Бет-аузы домбығып, үсік шалған балалар қысты әуес көріп жүгіріп ойнайды. Ал бай малының соңында жүрген тон сыртынан шиделі, шекпен киген жалшы желге қарай алмай теріс айналады.

-Малдың жағдайы қандай?

Қар теуіп үйренген жылқының титығы құрыған, ашыққан. Қыспен бірге малға қасқыр ауыз салған.

Ақын жылқышыларға не деп ақыл береді?

-Жылқыны соныға бағып, жақсы күзетіңдер, ұйықтамаңдар, қыс қамалын бұзыңдар, жылқыны қасқыр жегенше, Қандыбай, Қанай жесін, ит-құсқа малды алдырма,- дейді Абай.

-Қандыбай, Қанай дегендер кімдер?

-Байларға қыс айларында шөбін, жерін беріп соғымға мал алатын кедейлер.

-Абай қыстан нені қорғау керек дейді?


Малды қорғау керек дейді.

-Сонда «Қыс» өлеңінің II бөлімінде көбіне ненің жайы айтылған?

-Малдың, шаруаның жайы әңгімеленген.

Бұл тұста біздегі мал қыстаудың жалпы халықтың мәніне баланың көңілін аудартамын.

Өлеңді 1-2 оқушыға оқытып, тұтас мазмұндатамын.

Өлеңді қорыта келе, бұрынғы қыс пен қазіргі қысты салыстырып түсінік беремін. Қысқа әрбір адам үйін, қыстық киімдерін, егістік жерлерін, мал қораларын, жем-шөптерін дайындау керектігін айтып түсіндіремін.

Осыдан кейін әдебиет теориясы жайлы түсінік беремін.

Оқушыларға:

-Өлеңнің ішіндегі теңеуді тауып оқимыз.

-Бұлттай қасын жауып екі көзін.

-Теңеу - дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы жасалынатынын білу керек.

Пәнаралық байланыс жасау мақсатымен қандай? деген сұраққа жауап беріп тұрған сөзді табамыз.

-Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. -Жанды деп кімді айтып тұр? -Ол адамды, жаны бар нәрсені айтады.

Үйге тапсырмаға «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу. «Мен қысқа қалай дайындаламын» деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуді тапсырамын.

Екінші топқа өлеңнен өзіне ұнаған жерінің суретін бейнелеп салып кел деп тапсырма беремін.



«Жазғытұры»

Бұл 3 сыныпта өтіледі. «Жазғытұры» өлеңі - Абайдың табиғат суретіне құрылған ең көркем лирикасының бірі. Өлең негізгі екі бөлімнен тұрады:

1). Көктемнің шығуы;

2) Қыс пен жаздың, ай мен күннің таласы.

Осы екі бөлімді өзім жақсылап жатқа айтып, сосын мәнерлеп оқып көрсетемін.

Оқушылардың өзіне оқытып, әр шумағын бөлек-бөлек талдаймыз.

Талдау әдісі - сұрақ - жауап;

Мақсаты - табиғат суреті мен өмір көріністерінің жазға тән белгілерін, өлеңнің мазмұны мен тілін анықтап, оқушыға меңгерту.

Өлеңнің тақырыбын «Сұр бұлт» өлеңімен қарсы қойып салыстырып өтеміз.

Өлеңнің бірінші бөлімін (11 шумақ) оқып берген соң, онда не жайлы әңгімелегенін анықтап аламын да, ондағы басты-басты суреттерге оқушылардың назарын аудартамын. Мәтіннен сұрау, жауап жолымен анықталатын нәрселер:

1). Жаздың шығуының күн көзімен байланыстылығы (ата-анадай елжірер күннің көзі);


  1. жаз боларда жылы жақта тұратын құстардың келетіні (жаздың
    көркі енді жыл құсымен);

  2. қыстың көрге, жаздың қуанышты өмірге теңелгені (көрден жаңа
    тұрғандай кемпір мен шал, жалбаңдасар өзініңтұрғысымен);

  3. жаз қуанышының барлық елге ортақтығы (қырдағы ел ойдағы
    елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасуы; жастар сайраны);

  4. шулаған мал қызығы, дуылдаған құрт-көбелек;

  5. гүл мен ағаштардыңтолысып, судың бұралып ағуы;

7) көк дауылпазға қаз, үйрек ілдіру;

8) боз торғай мен бұлбұлдардың әнге басып, оларға байыз,


көкектің үн қосқаны;

9) дихандардың егін салуы, шаруа малының төлдеуі;



  1. жердің анадай малды-жанды емізіп тойындыруы;

  2. мал семіріп, ақ пен астың молаюы;

  3. жаздың келуіне қара тас пен сараңнан (байдан) басқаның
    пейілі кеңіп, адамның бойы балқып, іші еритіні, осы қуаныштың бәрін
    жинақтайтын жер:

Кемпір - шал шуақ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлден қаз бен қулар, -дейтін сөз.

Абай жаздың шығуын аса шебер, дәл суреттеген. Жаз жерді гүлге бөлеп, идіріп қана қоймай, адамзат пен жан-жануар, құс -көбелектерге дейін қызықты бір өмір кезеңін тудырады.

Талдау үстінде «жыл құсы», «көк дауылпаз» сөздеріне түсінік беремін.

Жыл мезгілдерінің ауысуын Абай заңды деп біледі де, шендестірілген сурет жасайды.



Күн жақта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарылқамай.

Таң атқан соң шығарын күннің біліп,

Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай.

Ақынның суреттерінде түн мен күн бәсекелес бейне болып көрінеді. Сол түннің (қыстың) азалы көрпесін сілкіп тастайтын нәрсе - күн (жаз).

Ең соңғы шумақ жазғы күннің батуына арналған.

26


Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізің. Қызыл арай, сары алтын шапағына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

Өлеңнің бұл бөлімін де оқытып, сұрау арқылы балаларды осылай образдаудың (жандандыру, шендестіру) сырына жеткізу керек. Сұрақтар:

-Ай мен жұлдыз қай кезде кісімсінеді?

-Түн жарығы мен күн жарығының таласы неде?

-Ақын күн мен жерді қалай жандандырған?

Мұндағы теңеулер: ата-анадай, көрден жаңа тұрғандай, бейне әкөңдей;

Метафоралар: күн көзі - ата-ана, күн-күйеу, жер-қалыңдық. Аяғында өлеңді оқушының өз сөзімен тұтас мазмұндатамын.

«Жазғытұры» өлеңі үстінде қорытынды ретінде оқушыларға табиғат суреті (пейзаж), жайлы түсінік беремін. Бұл үшін балаларға:

-Біз «Сұр бұлт», «Жазғытұры» деген өлеңдерді оқыдық. Осы өлеңдердің суреттейтін басты оқиғасы не? -деп сауал қоямын.

Оқушылар «жыл мерзімі», «табиғат суреті» деген түсінікке келеді. Осы түсінікке сүйене отырып, оқушыларға ереже беремін. Жыл мезгіліне құрылған өлеңдерде табиғат суреті басым әңгімеленеді. Табиғат суретін пейзаж деп атаймыз. Абайдың «Қыс», «Сұр бұлт», «Жазғытұры» деген өлеңдері, бір жағынан, пейзаждық өлеңдер болып саналады, - деп түсіндіреміз.

Ақынның оқу-білім тақырыбына арналған шығармасы баршылық.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - өлеңінде ақын өткенді тебірене оймен шолып, келешекке көз жібереді. Оқу-білімді шексіз ардақтаған ақын, бір жағынан жасымнан біржолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бол тұра, білгенін азырқанады. Басқа жағынан қараса сонша таусылып өкінетіндей де ғұмыр кешпеген сияқты.

Абай, өз сөзімен айтқанда, «бұзылған заманды түзетудің» жолын іздеді. Сондағы сенгені жаңаша білім алып, адамшылықты бойына дарытатын өсер ұрпақ болды, содан үміт күтті.

Ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» - атты түрі мен мазмұны жаңа, тамаша өлеңіне сол үміті арқау болған.

Данышпан ақын Абай аталарың сендерге ертеңгі дүниенің кем-кетігін бүтіндетуші, өмір сарайының құрылысшысы деп қарады. Өмірді үлкен дүкен етіп көрсетеді де, адам оның бір-бір кірпіші болып қалануы керекдейді.

Сондықтан да ақын.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан! - деп аталық әмір беріп, адамдық үлы міндет жүктеген. Ол үшін қайрымдылық, адалдық, қайрат пен ақыл керек екенін бала бойына ұғындырамыз.

«Ғылым таппай мақтанба» - жас үрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай «адам болам» деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады, тілі де жеңіл түсінікті.

Ең ардақты мақсатың - ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.

Дана үстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланып, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен «Не бұлбұл шешен», «не дүлдүл көсемдерді» еске алады. Сөйтіп, «тілеуі өмірі алдағы» үрпағына өлмейтін, ескірмейтін ақылын айтады.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.


Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Немесе


Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...

деген сияқты шексіз - кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады. Бұл бір заманның емес, барлық заманның балаларына арналған.

Абайдың ағартушылық идеясы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылған ой «Адам болу» қағидасымен ұштасып жатыр. Адамның ғылымға деген махаббатының оянып ғылым білімге берілуін, ғылым табуын адам болудың негізгі шарты деп біліп, ғылым табумен адам болуды бір-бірімен байланысты дамитын бір деңгейдегі проқесс деп білген Абай: «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»,- дейді 38-сөзінде. Баланың ғылымға махаббатын оятатын-жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбыңның - ықпалымен болатынын атап айтқан. Абай айтқан бала тәрбиесіндегі бұл үшеуінің рөлін ешқандай педагогика жоққа шығармайды. Абайда «ғылым табу» мен «адам болу» бір-бірімен ұштасып:

Ғылым таппай мақтанба... Адам болам десеңіз,-

деп келеді де, ғылым тауып, адам болу үшін не істеу керек дегенде, Абай «Адам болу» қағидасын ұсынады.

Адам болам десеңіз.

Бес нәрсеге асық бол: Бес нәрседен қашық бол:

Бес асыл іс Бес дүшпан.

Талап, Өсек,

Еңбек, Өтірік,


Терең ой, Мақтаншақ,

Қанағат, Еріншек,

Рахым. Бекер мал шашпақ.

«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын, «Дос жылатып айтады» дегендей, жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін» өсиет етеді.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Адам болам десеңіз» қағидасы бір ғана сәттегі ақындық шабыттан туа салмаған, Абайдың көптеген толғанған терең танымынан шыққан ой қорытындысы екенін байқаймыз. Бұдан кейінгі жылдарда жазған өлеі-щері мен қара сөздерінде «Бес асыл істі» одан әрі дамытып, тереңқетіп, әрбіреуінің атқаратын қызметін сипаттап берген.

«Бес асыл істің» бірінші бастаушысы - талап, «Талап әрбір салада бар, оған талас қылуға болмайды»,- дейді 43-сөзінде. Білуге, көруге, үйренуге деген талап жан құмарынан туатын іс. Жан құмары жас балада мол болады. Алайда жақсы ұстаз алдын көрмегендіктен, ата - ана мен өскен ортасының надандығынан баланың білуге, көруге деген талабы өспей, тасқа ұрылып, жан құмары өшіп, бірте-бірте адам жанынан хайуан жанына айналып кететіндігін адамның өзі де сезбей қалады екен. Сондықтан Абай: «Адам баласының ең жаманы -талапсыз»-дейді 44-сөзінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет