Диплом жұмысы Тақырыбы: Миграциялық процестердің ХХ ғасырдағы Қазақстан демографиясына тигізген әсері



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі485 Kb.
#20324
түріДиплом
1   2   3   4

Кестенің соңына “бұл толық есеп емес. Аштардың да, өлгендердің де саны бүдан әлдеқайда көп болған” деген ескерту берілген. Болса болар. Мәселен, жоғарыдағы кестеден Ақмола губерниясы тұрғындарының аштықтың қаһарлы тырнағына аз ілінгенін байқауға болады. Неге? Себебі, Қазақстанның Семей, Ақмола губерниялары 1921 жылдың көктеміне дейін Сібір әкімшілігі органдарына қарап келгені белгілі. Алайда 1920 жылы өз құрамындағы Ақмола мен Семей губернияларымен Қазақ Автономиясының құрамына өтетіндігінен хабардар болғандықтан салғырттың барлық ауыртпалығын осы екі губернияға жүктейді. Мәселен, 1920 жылы 60 миллион пұт нан міндеттемесі болса, оның 26 миллион пұты Семейде өндірілген. Семейге артық өнім өндіру ғана емес, сонымен бірге тамақтану орындарын (питательный пункт) азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті де жүктелген. Қазақ АКСР–і Ресейдің ішкі аудандарынан (Самара, Еділ бойы ) босқындарды қабылдады деген деректер де бар.

Бұл өлкедегі жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Ашыққандар саны өсіп, қазақ жеріне алпауыт аштық жетегіне ілескен сан түрлі жұқпалы ауруларды ала келеді. 1919 – 1920жылдары Қостанай өңірінде сүзек ауруы асқынады. 1921 жылы оба індеті бұрқ етеді. Одан кейінгі жылдары қырқұлақ безгек аурулары бой көрсетеді. Ол кезде емханаға от жағылмайтын, жарық берілмейтін кездері де жиі болатын. Сондай-ақ, Семей губерниясының денсаулық сақтау бөлімінің 1920 жылғы мәліметіне назар аударсақ, бір ғана сүзек эпидемиясы 85 пайыздық көрсеткішке жетіпті.

Жұқпалы эпидемия аштыққа ұшыраған, әлсіз адамдардың арасында кең етек жаяды. Қатты аяз бен ыстыққа ұрынғанадамдардың арасында жұқпалы іш аурулары пайда болады. Аштыққа көмек көрсету және санитарлық жәрдем беру, эпидемиямен күрес мақсатын жүзеге асыру халықтың денсаулық сақтау комитетіне, халықты әлеуметтік қорғау орындарына жүктеледі. Аудандарда дәрігерлік көмек үшін арнайы көшпелі дәрігерлік бөлімшелер ашылады. Жалпы, Семей губерниясы бойынша 35 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Ал халықты әлеуметтік қорғау органдарының жұмысы губернияда мардымсыз еді, әсіресе ол павлодар, Өскемен және Бұқтырма бөлімшелерінен байқалады. Губерниялық орталықта орналасқан Қарқаралы және Зайсан үйездеріндегі ахуал өте қиын болған.

1921 жылы 14-мамырдағы Халық Комиссарлар Кеңесінің декретіне сәйкес болыстық және ауылдық шаруалар комитеті арасындағы дара көмек сол жылы қыркүйек айында ғана басталады.

Жергілікті баспасөз беттерінде комитет жұмысының мәні жөнінде айтыла-ды. Губерниялық масштабта үйездік "собесдің' меңгерушілері жиналыс өткізіп, калыптаскан жағдай туралы губерниялық күрамға хабарлап отырады. Өкінішке орай, бұл іс орыс халықтары қоныстанған жерлерде ғана қолға алынады. Бұл кезде 336 ауылдың жене 87 болыстың өзара кемек комитеті (Семей губерния-сы бойынша) жұмыс істейді.

1921 жылдың соңына кдрай сол кездегі Крзақстандағы аукатгы өлкелердің бірі саналатын Семей Іуберниясының өзінде халықгьш; денсаулығы өте ауыр болған. Семей губерниясы сүзек және тырыскдқ эпидемиясымен күрес жүргізуді талап етеді. Бірақ бұл процесс губернияда "тек жалаңаш қолмен" жүзеге асады1.

Эпидемиологиялық қиын жағдайда Семей губерниясында 2524 орынды 42 емхана және 24 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Осы жылы Семей каласында 535 орынды 3 емхана ашылады. Ал, осы айдың соңында олардың саны курт төмендейді. Оған себеп дәрігер мамандардың аздығы болса, екінші қаржы жағдайыньщ жетіспеушілігі еді.



Тырысқақ ауруының етек жаюына аштық жайлаған губерниялардан кел-ген (Семейге) босқындар себепкер болған. Тек 1922 жылғы тырыскзқ эпңце-миясын Нна кестеден көруге болады.

2-кесте



Елдімекендер

Эпидем. басталуы

Эпидем. аяқталуы

ауырғаны

өлгені

1

Семей

25-Ү

7-ІХ

383

218

2

Жаңа-Шүлбі

21 -VI

28-ҮІІІ

30

14

3

Жаңа-Покровск.

1-ҮІІ

15-ҮІП

32

17

4

Знаменка

2-ҮІІ

19-ҮТІІ

58



5

Озерка

2-ҮІІ

15-ҮІІІ

2

2

6

Бородулиха

20-ҮІІ



2



7

Павлодар

16-Ү

31-ҮЛІ

457

340

8

Өскемен





86

47

9

Бұқтырма

11-ҮІІ

20-ҮІІІ

46

31

10

Жиыны





1942

1311

Семей Губерниясындағы тырыскақ эпидемиясының жалғасы ретінде бөртпе, кайталама жөне іш сүзегі жүкдалы ауруы етек жаяды. Семей кдласы бойынша бір ғана қаңтар айындағы көрсеткіш 39 пайыз болса, ақпан айында губерния бойыыша халықтың 12 пайызы іш сүзегіне, 40 пайызы бөртпеге және 46 пайызы кдйталама сүзекке үшъграган.

Ашаршылық тырнағына алдымен балалар ілінеді. Семей қаласьшда мамыр айына дейін үш балалар үйі (бірінші — 15 орынды балалар мен жас аналарға арналған, екіншісі - 15 орынды жас нәрестелерге арналса, ал ушіншісі — 30 орьшды балалар яслиі) жүмыс істеген. Аталған балалар уйі мамырдан бастап бір үйге топтастырылып, жекелеген белімшелер болып карастырылған. Алайда калыптаскан жағдай жоқшылықган, жетіспеушілікген туъшдап отырғаңы белгілі. Мәселен, Өскемен үйезінде 45 орынды балалар яслиі, Павлодарда 20 орынды жас нәрестелер үйі және Зыряновск мен Зайсанда 30 орынды балалар үйі жүмыс істесе, ал Кдркаралы үйезінде бүндай бөлімшелер болмаган.

Казақ даласын жайлаған ашаршылық туралы әдебиет саласыньщ санлақта-ры да кабырғасы кайыса жазған. С.Сейфуллин "Аштардың рухы", "Аш жетімдерге жордем", А.Сегізбаев "Аш балаға" шығармаларында ел ішінде жайлаган аштықка қол үшын беруге шақырған. Бүл ауыр жағдайды Сәке?[ өзінің "Тар жол, тайғақ кешу" шығармасында былай деп суреттейді: "Әрі-беріден соң кепкен, солгын, сенделген туткындар судың өзіне зар болды. Адам балйсы аштықтан шөлге осал болады екен. Адамт өзге астан су қымбат екен. Кеуіп, шөлдегеи адамның сөйлеуі азайып, делбе болтн. жылқыдай солоды екен " (276-277-беттер)13.

Тарих саласында калыптасқан өз зерттеуін қажет ететін мәселелерді шешу аса маңызды. 1921-1922 жылғы аштық тақырыбын тереқ жіліктеп жаз-ған төл әдебиетімізде нүскд бар ма десек... өкінішке орай кібіртіктей береміз. Соған сойкес тавдап алынған мәселе сол олқылықтың аз да болса орнын толтырады дел ойлаймыз. Ендігі жерде өз зерттеуін қажет ететін басты мәсе-ле, тарихымызды таразылап, ой елегінен өткізу, ел игілігіне жарату басты парыз.

1.2 ±жымдастыру (коллективтендiру) кезiндегi галощекингтiк ¶ызыл ¶ырµын ¶½рбандары.
¬аза¶стандаµы ½жымдастыру (коллективтендiру) кезеºiндегi голощекингтiк зорлы¶ – замбылы¶тыº к¾ш ¶уатына мiнген т½сы сонау 1930 жылдардан бастап, соºµы 60 жыл iшiнде кейбiр аудандардыº этнодемографиялы¶ ахаулы к¾рт ¼згерiстерге ½шырап ерекше ауыр жаµдайда ¶алды. М´селен 1989 жылы ¼ткен халы¶ санаµыныº м´лiметтерi бойынша. Шыµыс ¶аза¶станныº екi ауданында, атап айт¶анда, Шемонайка мен Глубокое аудандарында, Семей облысыныº Барадулика мен жаºа Шульба аудандарында жергiлiктi халы¶тыº еº тµменгi процентi орта есеппен – 10 пайыз д´лiрек айт¶анда – 9,3 екендiгi аны¶талды (1). Ертiс жаµалауыныº автономиясын талап етiп отырµан Водолазов, Петрушенко, Васильева «сынды» депутат – сепаратистер ´кiмшiл з¾лмат ар¶асында пайда болµан осы процентке табынушылы¶ты ¼з ма¶саттарына пайдалануµа тырысуда.

Егер осылайша жалаº, ресми статистика т½рµысынан µана ¶арастыратын болса¶, ¶аза¶станда байырµы т½рµындардыº ¾лесi 10 пайызµа де жетпейдi 5-6 ауылшаруашылы¶ аудан, 7-8 ¶ала ½шырасады. Олардыº к¼бiсi – Рудный, Темiртау Шахтинск, Степногорск, Ленинск, Зыряновск, Лениногорск, Курчатов, Приозерск ¶алалары республика территориясыныº iшкi болмаса ортаºµы бµлiгiнде орналас¶ан мунын ¼зi орталы¶тыº ведомстволы¶ эгоизмi салдарынан ¶аза¶станды алµашында индустрияландыру, кейiн «полигонµа» айналдыру кезiнде жергiлiктi халы¶тыº м¾ддесi ескерiлмегендiктен ж´не бiр жа¶ты, зор деформациямен еске асырылµанды¶тан туындаµан жаµдай.

¬аза¶станды наµыз жырт¶ышты¶ ´дiспен атарлаудыº арсыз жолдарыныº таµы бiр к¾нi б¾гiнге дейiн айтылмай келген мысалына то¶татала кетейiк. Голощекин геноцидi – ¶ызылтабан ¶ырµын мен ¶ызыл ¶½µын жылдарында ¶аза¶станда к¾шпен т´ркiлеп, ¶аза¶тардан тартып алынµан 40 миллион мал басы µлкемiздi социалистiк индустрияландыру ¾шiн келген келiмсектердiº ¶арнын тойдыруµа, олардан артылып ¶алµаны алµаш¶ы бесжылды¶тар ¶½рылысы – Донбасс, Магнитогорск, Кузбасс, Челябинск, Запорожьеге жіберіліп жатты (1). Мал иелері болса да, орталыққа өгей көшпенділер аштықтан ісіп-кеуіп өліп жатқанда, оның «сүйікті тобы» жұмысшылар қорнын сол етке тойдырып, «бесжылдықтық балғасын салқылдата соғып жатты. Бір Өзбен айтқанда, көшпенді бауырларымыз қазармалық социализмнің тоталитаризмнің құрбаны болып шалынып кетті.»

Сол сияқты жайық қазақтарының сепаратизм қоздырып жүрген аудандарында бойырғы қазақ тұрғындарының проценті едәуір жоғары болды, мысалы, Приурал ауданында – 28 пайыз, Зеленов ауданында – 36 пайыз, Бөрлі ауданында – 44 пайыз, Теректі ауданында – 47 пайыз, ал Орал қаласының өзінде –24пайызды құрады(2). Қазақстар әскери ұйымдары мен жасақтарын құрып, бойына қару асынып, өзінің егеменді Қазақстанда тұрып жатқанын мүлдем ұшытқан сияқты. Олар казак атамандарын жергілікті коммунист – сымақтардан сайлап қана қоймай, өз қауымына бұрынғы Одақтық көлемде жоғарғы лауазымы бар Янаев, Рыжков, Язов, Макашов сияқтыларды тарта білген.

Казіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан жазықсыз қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық Комитетінің кінәсін енді жасыра алмаса да қалайда жеңілдетуге тырысып келген болатын. Тіпті партия тарихшылары ғылыми – санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси -әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялыққа дейін де осындай партия жаулық ғылымдар тобын құрады.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілер (Ә. Галиев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев т.б.) арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл – село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиісті еді.




  1. Асылбеков М.Х., Жаркенова А.М Население казахстана в конце ХІХ – начале ХХ вв (1897-1917 гг) А, 2001 С-3

  2. Асылбеков М.Х. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг) А., 1991 С-42

Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады.

Жоғарыда айтылған қылмыстың кесірінен құрбан болғандардың санын «есептік зерттеуші» ғылымдарымыз 1,1-1,2 миллион адам деп анықтаманы төмендетіп берді, өкінішке орай осы деректердің өзі бастапқыда бұркемеленіп келді де кейіннен «темір сандыққа» салынып тасталды. Қазақстанда ашаршылықтан 2,5 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. (1) Өйткені бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателікті және зардаптарын тез арада түзеу керек деген ақ ниет жеңген кезде жиналды. Сұрапыл саяси нәубетке сәулесін түсіре бастаған 1937 жылғы құпия халық санағы байқаусызда жіберілген қателік деп табылды. Кейіннен, 50 жыл дерлік өткен соң ғана ол баспасөз беттерінде ашық жарияланады. Ол туралы ашық айту сол кездері кремльдегі партия көсемдеріне қарсы ұйымдастырылған «шабуыл» болып шығар еді. Оның деректері де біздерге бүгінгі күні жетіп отыр.

1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан қалпына келтіре алмаған Қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 жылдар аралығында қазақтар – 3,627,6 мыңнан 2181,5 мыңға дейін, украиндар – 860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін келіп кетті. Олар осы он жыл аралығында барлық жиыны 1816,2 мың адамын жоғалтқан, 15-17 пайыз өсудің орнына 40 пайызға кеміп отырған. Барлық жиыны 55-57 пайызға азайған. (1)

Тіпті, осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде бұл төрт ұлттың тең жартысы келмеске кетіпті. Ал, қалған украиндар мен өзбектердің және ұйғырлардың бірқатары не сібірге, не орта Азияға, не Қитайға көшіп кеткен.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларусь), олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрыңғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті.

1. Тәтімов М. Қазақ әлемі А., 1993 10 б.

2. Асылбеков М.К. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980) А., 1991. С-46

Ауыл кедейлері өздерінің жиналыстарында ірі жартылай феодал – байларды көшіру туралы үкімдер шығарды. Осындай үкімдердің бірі мынадай:

«…. 1928 жылы 28 сентябрьде төменде қол қойған біздер, қарабұтақ ауданынның № 7 ауылының еңбекшілері, Қарабұтақ ауданнының № 7 ауылының байлары Қисықов, олжайдың, Палуанов Қадырбергеннің және осы байлардың қуйршығы Сейсекенов жанұзақтың іс-әрекеттерін талқылап және жоғарыда айтылған байлардың өз ауылдарының кедейлеріне осы күнге дейін үстемдік (экономикалық саяси) жұргізіп, кедейлердің еңбегін қанағанын және оларды қорлағанын анықтап, - осы үкімді шығардық: еңбекшілердің жаулары байлар Қисықов Олжай мен Палуанов Қадырберген Каз Цик-тің декретіне сәйкес олардың барлықмүлкі конфискеленіп жер аударылсын, сонымен қатар байлардың құйыршығы, олардың оң қолы болып, байларға сатылып кеткен Сейсекенов Жанұзақ та салармен бірге жер аударылсын». (1)

Кулактар мен байлардың шаруашылықтары үш категорияға бөлінді. Біріншісіне Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылуға тиіс кулактар мен байлар, екіншісіне осы округтің шеңберінен тыс жерге жер аударылуға, үшіншісіне сол ауданнан басқа жерге көшірілуге тиіс кулактар мен байлар жатқызылды. 1930 жылы январьдың аяғына дейін республиканың 60ауданында кулактар мен байлардың 3123 шаруашылығын жою аяқталып, олардың мол-мүлкі негізінен қолхоздарға көшті. (2) Осы кезеңде қазақ халқының мол мүлкі тартылып алынып, оларға неше түрлі айыптар тағылған болатын. Бұл кезеңде коллективтендіру саясатының дұрыс жүргізілуінен, бұқара халық жақын-алыс шетелдерге қоныс аудара бастады.

Әдейі зұлымдықпен ұйымдастырылған ашаршылық – голощекиндік геноцидтің кесірінен қанша қазақтың қырылғанын соңғы жасырын архив деректерінен тағы да дәлірек есертей түсуге мүмкіншілік алдық. Сол дерек мәліметтерін талдай келе 1931-33 жылдардағы ашаршылықта Қазақстанда 2,5 миллион адамның, соның ішінде 2,3 миллион қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды.



  1. Народное хозяйство Казахстана, 1928, № 9 С. 28

  2. Қазақ ССР тарихы. А., 1981 453-б.

Егер отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10 пайызға дейін же жетпесе, ал көшпенді қазақтар арасында 52-53 проценттен асып кеткен. 17-18 пайыз жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржаса ауа көшіп кеткенін тағы есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70 пайызға дейін кемігені көрінеді.

Осы атап отырған кезеңде республикамызды қоныстанған екі басты ұлттың сандық арасалмағының диаметриалдық қарама – қарсы өзгерістерінің келбеті ап-айқын көрінеді және ол ешқандай талас тудырмайды. 1930-1935 жылдары қазақтар екі жарым кемісе, ал орыстар керісінше екі еседен астам өскен…

1930-1934 жылдардағы жаппай ұжымдастыру мен жаппай отырықшылықтандыру кезіндегі асыра сілтеушілікті алыс жаққа ауа қоныс аударып, кейін қайтіп оралмағандар-қызылтабан құғыннан босқандар (615 мың адам)

Егер 1926 жылғы өткен алғашқы Бүкілодақтық халық санағының мәліметтеріне сүйенсек, қазақтардың процентік кемістігіне түзетулер енгізіп (сол кездің өзінде де кең сахарада көшпенділер санын есептеу қиын болған) қарағанның түскен емес. Ал 13 жылдан кейін, әкімшілік зорлықтың салдарынан аштық жайлаған зұлматтардан соң, 1939 жылғы екінші Бүкілодақтық халық санағының қарсаңында қазақтардың саны 38 пайызға кеміген. Дәл осы апатты 1932 мешін жылы қазақ халқы өзінің ата – журтында отырып өз ана тілінен ұлттық ерекшелігінен, өзінің мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара сызықты алғаш рет атаған еді.

Қазақстан күні бүгінге дейін, ұзақ уақыт бойы орыстардың саны жергілікті ұлттың санынан басым бірден – бір республика болып қалуда.

Осындай тым әділетсіз жағдай отызыншы жылдардың ортасында коммунисттік режимнің зорлығымен қалыптасқаны белгілі. Бұл қасіретті жағдай Қазақстан териториясына славян эмигрантарын қаптата жіберуден және бәрінен бұрын Кеңестік отаршыл режимнің 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында көшпенді қазақтарды күшпен отырықшыландырмақшы болған әпербақан әрекетінен туындаған аштықтың салдарынан қазақтардың көртеп қырылуынан қалыптасты. КСРО бойынша қазақтардың саны 1926 жыл 1937 жылдардағы екі санақ ортасында 3,968,289 адамнан 2800,102 адамға дейін, ал Қазақстанның өзінде 3,628 мыңнан 2,181 мыңға күрт төмендеген (1). Егер мамандардың демографиялық есептеулері бойынша осы жылдары байқалған табиғи өсімді ескерсек (сонымен қатар қазақ демографы көшпенділер санының толық есепке алынбағанын ескерген)

Бұл алқылық жалпы алғанда 2,0 миллионнан астам адамға кемушілікті білдіреді, ал ол кемістік жаппай қырылудан, не көрені Шыңжаңға ауа көшіп кетуден болған. Келесі 1939 жылғы санақ бойынша республикада қазақ тұрғындарының үлесі 38,0 процентке дейін күрт төмендесе, ал орыстар болса қайта 40,7 процентке тез көтерілген. Қазақтардың үлес салмағы содан кейін де 40-шы, 50-ші, тіптен 60 жылдардың басына дейін кеміп отырған.

Он жылға (1921-31) созылған қысқа мерзім ішіндегі демографиялық күйзеліске ұшыраған халықтың санын толтыру кезеңінен кейін қазақ елінің басына тағы да жолсыз және кенеттен оның тарихындағы ең ауыр апат жолықты, орталықтың әміршіл әпербақандығының жасанды ашаршылық туындады, халқымыз бурын-соңды тарихында болып көрмеген демографиялық зүлматқа – геноцидке ұшыраған.

Әміршілдіктің асыра сілтеуінен болған Қазақстандағы «Қызылтабан қырғын» тек соңғы жылдары ғана «Голощекингдік геноцид» деген өзінің саяси атына ие болды. Үш жылға созылған ашаршылықтан автономиялық республикада сол кездегі қазақ жұртының тең жартысына жуығы қырылып 15 пайызға Қазақстаннан тысқары аймақтарға бір жалата қайтып оралмастан көшіп кетті. «Отыз жыл ойран» өзінің дегені не жетті. Халқымыздың түпкілікті өз ата-мекенінде үштен бірі ғана аман сақталып қалды. Қазақтың өз жеріне ие болып қолу – қолмауы тарихтың қатал сынына түсті – ұлт ретінде біздер үшін ең сұрапыл демографиялық детерминизм кезеңі басталды. Бұл қиын жағдай халқымыздың санының өсу барысына кемінде 70 жыл бойы және жемдегі бүкіл қазақ қайта жиналып болғанша 100 жылға дейін өз жерін тигізе түсіре сөзсіз. Дегенмен де зұлматтың осы ауыр зардабын біртіндеп, қиыншылықпен болса да жеңіп келе жатырмыз. Бүл апат халқымыздың демографиялық даму тарихындағы адам шығыны жағынан қазақ ұлтының екісін дерлік жэойып жіберді.



  1. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1991 гг).

Адам шығыны «Голощекиндік геноцид» жылдарында Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған боздақтардан үш есеге, 1916 жылғы көтеріліс ақпан, қазан таукерісі жалынына шарпылған құрбандардан төрт есеге басым болды. «Ақ табан шубырынды, Алакөл сулама» жылдарындағы апаттанда, кешегі өткен «қызыл қырғынның» адам шығыны көлемі жағынан екі есе асып түскен. Бұл саяси зұлмат кезінде нағыз халықтың трагедия болып, кейін өзінің ауыр зардабын дамуымызға тигізді.

Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектерден көріп отырғанымыздай, республикамызды мекендейтін тұрғындардың ішінен қазір кінәлілерді іздеудің ешқандай мағынасы жоқ. Кейбір зулматтардың ауыр зордаптарын жөнге біртіндеп келтіру мүмкін болғанымен, тарихты, өткенді толық өзгертіп, өз қалпына келтіру, әрине мүмкін емес. Қазіргі кезеңде ұйымдастырушылық, экономикалық және мәдени шараларды жүзеге асыра отырып, қоғамдық апаттар мен саяси аласалырандардың кесірінен қаза тапқан миллиондаған адамдарды ешқашан да ұмытпауымыз керек. Себебі халықтарды бір-бірінен бөліп – жарып, жаңа қақтағыстарға бастайтын кез-келген экстремистік іс-әрекеттер мен арандатушылық мәлімдемелер ұлттың құрамы ерекше күрделі республикамыз үшін күні бұрын болжап айтуға болмайтын аса қиын зардаптарға соқтыруы мүмкін. Оның үстіне қазіргі уақытта Қазақстан халқынын этнодемографиялық жағдайы өте күрделі, сапа жағынан болмаса да, қарапайым сандық жағынан белгілі бір тепе-теңдік қатынаста түр. Сондықтан да біз дәстүрлі және алда терезесі тең боларлық орыс-қазақ қатынастарын жоғары бағалай білуіміз керек. Біздің ұлан-бойтақ тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздегі бейбіт, өзара тығыз ынтымақтастық жағдай мен ұлттар арасындағы қатынастардың қандай болары негізімен осы екі басты ұлттық қарым-қатынасына тікелей байланысты болмақ.


    1. Тың игерудің халық құрамына тигізген әсері.

Тың игеру жолындағы күреске Қазақстан бекшілері белсене кірісті. Құлазыған кең даланың тыңын игеру жөніндегі партия шешімін, тұтас алғанда Қазақстандықтар зор шабытпен мақұлдап қарсы алды. Миллиондаған гектар жерді игеріп, ен далаға жүздеген жаңа поселкеле, совхоз орталықтарын салу, тың өңіріне келген жүздеген мың жаңа қоныстаушыларды лайықты түрде қарсы алып, оларды орналастыру мәселесі республика партия, совет және комсомол органдарының алдына күрделі де ауыр міндеттер жүктеді. Қазақстан еңбекшілері тың игеру жөніндегі партия мен үкімет белгілеген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, ерлік көрсетті. Тың игеруде қазақ халқы өзінің революциялық, интернационалдық қасиеттерін барынша таныта білді (1)

Сол кездегі бүкіл жастар бағалы инициатива көтерді. Олар жастардың ішінен еріктілерді іріктеп алуды ұйымдастырып оларды совхоздар мен МТС – терге жіберді. Москва қаласы мен Москва облысының жастары 1954 жылы 22 февральда тың игерілетін аудандарға жүріп бара жатып: «… біз, жаңа жерлерге баратын Москва қаласының өнеркәсіп орындарының жас жұмысшылары, Москва облысының мамандары мен механизаторлары, ауыл шаруашылығының жас механизаторлары мен мамандарына, өнеркәсіп орындары мен совхоз жұмысшыларына, барлық комсомолецтерге, жігіттер мен қыздарға: біздің еңбек сабымыздың қатарына турыңдар.Тың жерлерге келіндер! – деп жалынды үндеуарнаймыз.» - деді (2)

Еліміздің жастары бұл үндеуге қызу үн қосты. 1954 жылы 28 февральда Қостанайға Украинаның жас патриоттарының алғашқы отряды келіп жетті. Бұл Киев облысы Макаров МТС-нің трактор бригадасының бригадирі Л. Дектяренко мен механик И.И. Рудской бас болып келген, толық құрамы болатын. Бригада Жаркөл МТС-не жіберілді. 1954 жылдың мартының өзінде – ақ Қазақстан тыңына Россиядан, Украинадан және басқа да одақтас республикалардан 14240 жастар келді.

Тың жерлерді игеру жолындағы патриоттық қозғалыс Қазақстан жастарын да қамтыды.

Республика комсомолы марттың бірінші жартысында-ақ тыңдағы совхоздар мен МТС – терге 9656 жас патриотты жіберді, булардың 2,4 мыңы алматылықтар еді. Ақмола облысы «Мариновский» совхозының комсомол қыздарының шақыруы бойынша 1954 жылдың күзінде тыңға 60 мыңдай жас әйелдер мен қыздар келді.



  1. Қазақ ССР тарихы 5 том А. 1981 282 б.

  2. Асылбеков М.Х. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1919) А. 1994 – 72 с.

1954 жылы Қазақстан совхоздарына 48,9 мың адам келді, бүларға арнап МТС-тердің жанынан механизаторлар даярлайтын курстар құрылды. Мұнымен қоса ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелері республиканың совхоздары мен МТС-теріне 50,8 мың жас механизаторлар жіберді (1)

Қазақстанның тың жерлеріне Совет Армиясынан демобилизацияланып қайтқан жауынгерлер келді. Олар Көкшетау облысында «контемировец», Солтүстік Қазақстан облысында «Таманец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа совхоздары құрды.

Сонымен қатар Қазақстан тыңына Украина мен Беларуссияның және басқа да одақтас республикалардың комхозшыларының, өнеркәсіп орындары мен мекемелері қызметкерлерінің семьялары қоныстанып жатты.

1954 – 1955 жылдарда мұнда 20 мың семья келді. Совет үкіметі оларға жаңа жерлерге көшіп келіп орналасуына материалдық көмек көрсетті.

Көптеген совхоздарды онеркәсіп орындарының жұмысшылары ұйымдастырды. Мысалы, Степняк қаласының еңбекшілері еркіншілік ауданында «Изобильный» совхозын құрып, оны басшы қызметкерлермен механизаторлармен және құрылысшы кадрлармен толықтырды, жұмысшылар мен қызметкерлердің арасынан өз ықтиярымен барғысы келген 500 адамды жіберді (1)

Сілеті өзіне бойындағы жаңадан қоныстанушылардың алғашқы тоғыз шатыры орнына еңселі совхоз поселкесі бой түзеді. Степнякқаласы кекшілерінің инициативасы кең қолдау тапты. Жұмысшы тобы тыңдағы совхоздарды қамқорлыққа алып, олардың партия қойған міндеттерді орындауына белсене көмектесті көптеген астық совхоздарының жаңа тұрғын жұмысшылардың денінің келген жерінің атымен-Московский, «Астраханский», «Бауманский», «Горьковский т.с.с» аталуы кездейсоқ емес еді. Тың алғашқы күндерден бастап адамдарға интернационалдық тәрбие беріп, еңбекке шыңдаудың мектебіне айналды.

Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 қызметкерді директор, бас агроном, инженер, бухгалтер, инженер-техник құрылысшы кадрлары ретінде жіберді.




  1. Волков А.Г. «Демографические процессы в ССР М. 1990 216 с»

Аудандық және селолық партия, совет ұйымдарын нығайту үшін Қазақстанның тың игерілген аудандарына 1954 жылы октябрьде 5,5 мың коммунист келді.

Тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954-1956 жылдар) республикаға барлығы 640 мың адам келді, бұлардың ішінде: 391,5 мың ауыл

Шаруашылығы механизаторы, 50 мың құрылысшы,3 мың медицина қызметкері, 1,5 мыңдай мүғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкері және басқалар болды. Бұлардан басқа туысқан республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мын адам және Қазақстанның училищелерінің келген 19,8 мың адам совхоздарда жұмыс істеді. (1)

Бірақ бұл тың аудандарындағы совхоздардағы, колхоздар мен МТС- тердегі кадрлар проблемасын шешудің бірден – бір жолы болған жоқ.

Жаңа құрылып жатқан шаруашылықтарды кадрлармен толықтырудың маңызды бір арнасы еліміздің халық жиі қоныстанған аудандарынан мыңдаған патриоттардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы да болды.

Соғыстан кейін 50 ж.ж ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республикаға аса ірі көші-қоныс тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен тұспа – түс келді. 1954 –1962 ж.ж. тың және тынайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді (2) Өнеркәсіп, құрылыс және транспорт үшін жұмысшы күшін үйымдасқан түрде тарту арқылы 1954-1965 ж.ж. 0,5 млн. адам келді, бұл республикаға ұйымдасқан түрде жұмысшы күшін тартудың 80 пайыз еді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Беларусиядан, Молдавия мен Литовадан іріктеп алынды. Мүның өзі бір жағынан түпкілікті халық саны мен екінші жағынан келушілер санынның арасындағы алшақтықты бұрынғыдан да күшейе түсті.

1. Народное – движение за освоение цеменных земель в Казахстане: Сб документов и материалов, с 95

2. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980) А. 1991 201 с.

3. Қазақстан тарихы Очерктер А. 1994 421 б.

1959 ж. орыстардың үлес саны 42,7 пайыз жетті де, қазақтардың үлес саны 1939 ж. салыстырғанда 8 дәреже төмендеп, 30 пайызға ғана болып қалды.

Басқа этностық топтардың үлес саны шұғыл өзгерген жоқ. Қазақстанға көші – қоныс тасқыны мұнан кейінгі кезде де аздап баяулаған қорқында жүріп жатты, бірақ ол 70 ж.ж кемушілерден кетушілері артық болып қалыптасты.

Республика халқының саны 1959 ж. 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі санынан 1,5 есе артық болды.

Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20пайыз) орыстар 1523 мың (62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз), белорустар 76 мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз) басқа халықтар 311 мың (2,6 есе) өскен. 1939 ж. немістердің саны 92379 адам болғаны мәлім, ал олар 1959 ж. 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде корейлердің саны 0,8 пайыз келіп, жалпы саны 22 мың адам азайған. (1)




  1. Абланова Э. Қазақстандағы қазақтардың миграциялық даму көрсеткіші (1959-1970) қазақ тарихы 1998 № 4 18-22 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет