Диплом жұмысы Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»


Бор дәуірі тау жыныстарын үгілу формалары



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#132064
түріДиплом
1   2   3   4   5

Бор дәуірі тау жыныстарын үгілу формалары

(«Қырық Шілтен» әуліесі)

5-сурет


Өгем тауның оңтүстік- шығыс беткейі

6-сурет
Қазығұрт тауның беткейі



7-сурет



Жануарлар дүниесі. Облыстың кең-байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240-тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден астам түрлері мекендейді.

Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.

Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар «Қызыл кітапқа» енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз, сүр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан - улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшілігінің кәсіптік мәні бар, 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі

/ 3 /.


Облыстың жануарлары: лашын, шымшық, архар


8-сурет 8 -сурет


8-сурет


2- ТАРАУ. ОҚОң экономикалық ерекшеліктері

проблемалары және болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысының Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.

Барлық салалар 3 топқа бөлінеді.

Көбінесе ірі салалар көрсетілген. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір жөне газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің кұрамына токыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б. салалар кіреді.

Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т. б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр енеркәсіп деп атайды («А» тобы). Өсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы.

Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халык тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.

Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80%-ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркөсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркөсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (таукен өнеркөсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері соларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.

Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшелігі - тау-кен өндірісі саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді (2004 ж. - 52,5%). Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізатты шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын көрдіңіздер / 14 /.

2 - кесте

Оңтүстік Қазақстан Облысының өнеркәсіптерінің құрамы



2.1 ОҚО – ң экономикалық географиялық орны,

әкімшілік территориялық бөлінуі
Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932 жылы 10 наурызда құрылған әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы. Облыста 11 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 жұмысшы поселкесі, 933 селолық және ауылдық елді мекен бар. / 17 /

3-кесте


Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары




Аудан атауы

Құрылған уақыты, ж.

Жер көлемі

Халық саны

Аудан орталығы

1

Бәйдібек

1928

7,2

51,6

Шаян

2

Қазығқұрт

1928

4,1

92,2

Қазығұрт

3

Мақтаарал

1928

1,8

248,5

Жетісай

4

Ордабасы

1964

1,7

81,8

Темірлан

5

Отырар

1935

18,1

54,7

Шәуілдір

6

Сайрам

1928

1,7

244,2

Ақсукет

7

Сарыағаш

1928

7,7

220,9

Сарыағаш

8

Созақ

1928

4,0

48,6

Шолаққорған

9

Төлеби

1938

3,1

160,6

Ленгір

10

Түркістан

1928

2,3

88,2

Т.Рұсқұлов

11

Шардара

1968

1,3

68,3

Шардара

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік – аумақтық картасы



9-сурет


2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы
Облыста 2 миллион 200 мыңдай адам тұрады. Бұл республика халқының 14,5%-ға жуығы (2004). Халықтың басым бөлігі қазақтар құрайды (69,0%). Одан басқа өзбектер (17,1%), орыстар (7,2%), әзербайжандар (1,3%), тәжіктер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,5 адамнан келеді. Бұл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық. Халық әсіресе Арыс пен Келес өзендерінің алаптарында және Шымкент атырабында тығыз қоныстанған. Қала халқы 38,4% (835,5 мың адам), ауыл халқы 61,6% (1337,5 мың адам).

2008 жылдың 1 қаңтарына, алдын ала деректер бойынша, облыс халқының саны 2331,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны - 858,4 мың адам (36,8%), ауылдық елді мекендерде - 1472,8 мың адамды (63,2%) құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда облыс бойынша жалпы халық саны 48,7 мың адамға немесе 2,1% артты.



Халық санының өзгеруі

2007 жылы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 51,7 мың адам болып (2006 жылға 110,6%), осы кезеңде 68,1 мың - туу (109,0%), 16,4 мың - өлім оқиғасы (104,3%) тіркелді.

2007 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 30,2 туылғанды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,0 туылғанға артты. Әр 1000 қала тұрғынына 28,8 туылғаннан келсе, ал ауыл тұрғынына - 31,1 туылғаннан келеді.

Туудың жоғары деңгейі (1000 адамға шаққанда) - Түркістан қ.ә. (33,0), Сарыағаш (33,9), Сайрам (35,0), аудандарында тіркелді, төмен деңгейі - Кентау қ.ә. (24,2), Төлеби (24,6), Отырар (24,7), Бәйдібек (25,4) аудандарында орын алды.

Өлім коэффициенті 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,2 өлгенге артып, 7,3 өлгенді құрады. Әр 1000 қала тұрғынына орта есеппен 8,5 өлгеннен келсе, ауыл тұрғынына - 6,4 өлгеннен келеді.

2007 жылы 1260 нәресте шетінеді, немесе туылған 1000 баланың 19,1 шетінеген (2006 жылы - 1024 нәресте немесе туылған 1000 баланың 17,3-і шетінеген). Туылған 1000 балаға нәресте өлімі деңгейінің өсуі облыстың барлық аудандарында байқалса, Бәйдібек, Отырар және Мақтаарал аудандарында бұл көрсеткіш кеміп отыр.

2007 жылы 21,8 мың некелесу (2006 жылға - 106,8%), 2,4 мың - ажырасу (97,5%) тіркелді. Облысты тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 9,7 некені құрады, ал 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,5 некеге артты.

Некелесудің ең жоғары коэффициенті (мың адамға) - Сайрам (11,8 неке), Созақ (11,0 неке), Арыс қ.ә. және Сарыағаш (10,7 некеден), Төлеби (10,2 неке), төмөн деңгейі - Кентау қ.ә. (8,6 неке), Бәйдібек, Мақтаарал (8,4 некеден), Шардара (8,5 неке), Түлкібас (8,7 неке) аудандарыда орын алды.

2007 жылы органдарында тіркелген некелесудің басым бөлігі (жалпы санының -62,4%) ауылдық жерге тиесілі. Аумақтар кесіндісінде жалпы некелесу санының 22,1% - Шымкент қ.ә., 13,3% - Сайрам ауданына тиесілі. Некелесу санының едәуір артуы 2006 жылмен салыс – тырғанда Арыс қ.ә. (14,4%-ға), Сарыағаш (13,6%-ға), Отырар (11,8%-ға), Төлеби (11,5%-ға) тіркелді.

Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 2007 жылы 1,1 ажырасу құрады, 2006 жылмен салыстырғанда сол деңгейде қалды. Ажырасудың ең жоғары деңгейі (1000 адамға) - Шымкент қ.ә. (2,0 ажырасу), Кентау-қ.ә. (1,4 ажырасу), ең төмен деңгейі – Созақ (0,4 ажырасу), Ордабасы, Шардара (0,5 ажырасудан), Бәйдібек, Мақтаарал, Отырар (0,6 ажырасудан) аудандарында орын алды.

Ажырасушылық деңгейі Шымкент (2,0 ажырасу) және Кентау қалалық әкімшіліктерінде (ЮООадамға шаққанда 1,4ажырасу) облыстық деңгейден жоғары болды.

Тіркелген ажырасулар санының өсуі Түркістан қ.ә. (2006 жылға - 26,8%-ға) мен Түлкібас ауданында (27,5%-ға) байқалды.

Көші-қонмен 2007 жылы облысқа келген халықтың саны (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) 15015 адамды (2006 жылы 17178 адам) құрап, ал облыстан шетке кеткен халықтың саны 17939 адам (15415 адам) болды, көші-қон өсімі 2924 адамды (теріс) құрады.

Келгендердің ішінде - 7405 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 7564 - ынтымақтастық елдерінен келгендер. 2006 жылмен салыстырғанда Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны - 0,9%-ға өсті, ТМД елдерінен келгендөрдің саны - тиісінше 22,2% кеміді,

Кеткендердің ішінде 1160 - ынтымақтастық елдеріне, 40 - алыс шет елдерге кеткен. 2006 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне кеткендердің саны - 22,8% артты / 2 /.

4-кесте



2006-2007 жж. халықтың көші-қоны




2007ж.




2006ж.




Көші-қон барлығы













Келгені




29001




28635

Кеткені




31925




26872

Көші-қон айырымы (+,-)




-2924




1763

ТМД елдерінен тыс көші-қон













Келгені




46




119

Кеткені




40




56

Көші-қон айырымы (+,-)




6




63

ТМД елдерімен көші-қон













Келгені




7564




9718

Кеткені




1160




945

Көші-қон айырымы (+,-)




6404




8773

Облысаралық көші-қон













Келгені




7405




7341

Кеткені




16739




14414

Көші-қон айырымы (+,-)




-9334




-7073

Облыстық көші-қон













Келгені




13986




11457

Кеткені




13986




11457

Көші-қон айырымы (+,-)




-




-

5-кесте

Облыс және аудандары бойынша халық саны













Алдыңғы жылдың

2008 жылдың

2007 жылдың

Жалпы

тиісті кезеңіне,

%-бен


1 қаңтарына

1 қаңтарына

өсімі/кемуі

Облыс бойынша

2331,2

2282,5

48,7

102,1

Шымкент қ.ә.

545,4

535,1

10,3

101,9

Арыс қ.ә.

65,0

64,3

0,7

101,1

Кентау қ.ә.

85,8

84,6

1,2

101,4

Түркістан қ.ә.

197,7

193,5

4,2

102,2

Бәйдібек ауданы

55,1

54,7

0,4

100,7

Қазығұрт

102,4

100,8

1,6

101,6

Мақтаарал

272,4

268,7

3,7

101,4

Ордабасы

96,6

92,9

3,7

104,0

Отырар

56,8

56,4

0,4

100,7

Сайрам

258,3

249,9

8,4

103,4

Сарыағаш

253,8

246,7

7,1

102,9

Созақ

53,2

52,1

1,1

102,1

Төлеби

114,9

112,8

2,1

101,9

Түлкібас

97,6

95,4

2,2

102,3

Шардара

76,2

74,6

1,6

102,1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет