Диплом жұмысының қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті мақта өндіру технологиясын жетілдіру бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді


Ордабасы ауданындағы Қозаның өсіп жетілуіндегі жердің климаты мен топырақ мелиорациясы және ауысаплы егіс жүйесінде топырақ



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#133241
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

2.2. Ордабасы ауданындағы Қозаның өсіп жетілуіндегі жердің климаты мен топырақ мелиорациясы және ауысаплы егіс жүйесінде топырақ құнарлығы.

Жердің және аудан климаты.

Кез-келген жерде егіншілік жүйесін дамыту - сол аймақтағы климат пен топырақ жағдайларына байланысты. Топырақтың құнарлылығын қанша жақсартқанымен, климат, ауа-райы өзгерту мүмкін емес.

Климат дегеніміз - бұл жердегі ауа райының көп жылдық режимі немесе осы жерде болуға тиіс ауа райы жағдайларының жиынтығы. Еліміздің көптеген аудандарында егіннің өсу кезеңдерінде ауа райы әр қилы болып келеді, бұл аудандар үшін егіннің бітік болуы және оның төзімділігі көбіне көп осы замандық агрономиалық жетістіктеріне және ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай білуге тығыз байланысты. Бұған сәйкес агротехникалық шаралардың қажетті комплексін таңдай білу егін өнімділігін сөзсіз арттырады. Мұның барлығын қамтып білу Н.Вавиловтың пікірі бойынша егіннен мол өнім алудың басты шарты климат факторларын терең білуде жатыр. Тіпті, ол техникадан да жоғары тұрады.

Қазақстанның негізгі суармалы егіншілік аймағында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатады. Бұл жерлердің суармалы егіс көлемі 1147,8 - 8мың гектар (Рсспублика суармалы егісінің 78 пайызы).

Бұл аймақтың табиғи жағдайлары әртүрлі. Аталған облыстардың ақшыл сұр топырақта, шөлейт жерлері, әсіресе тақырлар көп ұшырасады.

Бетпақ дала шөлі, Шу өзенінің Жамбыл облысын басып өтетін тұстары, Шымкент облысының Арыс, Түркістан, Шардара аудандары кіреді. Бұл аймақтың ауа райы қуаң, өте құбылмалы келеді. Жылына 156-325 мм-ден астам жауын шашын түседі.ОҚО метеорологиялық стансасының №2 кестедегі мәліметіне қарай (2006-2007) орташа көп жылдық температура жаз айларында шығыс, батыс және орталық Мырзашөлде 26,6С,Ордабасыда24,9С кейбір жылдары 41+. 46+С максимумға дейін жетеді. Орташа көп жылдық қысқа айлардың температурасы +0,6С. төменгі температурасы 3,5С төмендеп, мұндай температураның төмендеуі жәй қысқа уақытта жылда болмайды.



2 кесте.

Оңтүстік Қазақстан облысы материологиялық элементтер 2006 – 2007 ауылшаруашылық жылдары.



Жылдар

Айлар

ІХ

Х

ХІ

ХІІ

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII

Орташа


Жаңбырлар, мм

2006 – 2007

3

6

66

58

77

50

72

44

25

8

4

6

419

Көпжылдық

6

30

55

63

51

58

76

64

40

12

5

4

482


Ауаның орташа тәуліктік температурасы, t°c

2006 – 2007

18,1

13,2

6,7

3,4

5,5

-8

12

20

22,1

24

20

22,2

17,3

Көпжылдық

17,1

12,8

4,4

1,4

1

3

9

16

20

26

22

24

12,6


Ауаның тиісті ылғалдылығы, %

2006 – 2007

33

30

55

52

71

50

54

40

38

42

36

25

52,6

Көпжылдық

30

58

70

74

78

70

65

60

55

40

35

34

56

Орташа көп жылдық температураның жиындысы өсімдікте вегетациялық дәуірінде 3927, - 4С-қа, орташа жылдық +12.5:13С-қа тең. Бір жылдық ашық күн -250, сонымен шілдеден қыркүйек аралығында оның саны 90- күнге барады, ауаның бұзылуы болмайды. Аязсыз күндері 198-210 күнге тең. Жылдық жауын шашынның саны 156,3-266.6 мм, кейбір жылдары максимум 325,5 мм-ді құрайды. Жауын шашынның көпшілігі қысқы көктемгі дәуірлерде жауады.

Жауынның көбіне көктем айларында 27,2-58 пайыз. маусымнан қыркүйекке деиін бар болғаны 3,2-27,2 пайыз жауынның көп жылдығын құрайды. Көктемнің (наурыз-мамыр) айларындағы метеорологиялық жағдайлары, көп жылдық жылдарға қарағанда сәйкес келеді. Келтірілген метеорологиялық жағдайлар дала тәжірибе егістерге негізінен жайлы жылдар болады.

Топырақ мелиорациясы.

Топырақтың құрылуына желде қатысты. Ол топырақтың әр түрлі бөлшектеріне ұшырап әкеледі. немесе ұшырып әкеледі. Жел көбінесе өсімдіктер жамылғасымен қорғалмаған үстірттегі борпылдақ жыныстарды ұшырады. Бір жерден жел ұшырған шаң, тозаң, құм заттар басқа сайлау жерге жиналады. Жел қарды да сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшырып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал қайта бөлінетін болса, тұздарды ұшырғанда жел сортаңданады. Температура жоғарғы кезде жел ылғалдың булануын үдетеді. Жел жалпы жылылық ылғалдың реттеуші тетігі болып саналады. Далалық аймақта топырақты кептіріп, егістікті қурататын аңызақ желі жиі соғады. Бұл зиянды жел, ашық қара қоңыр корбанатты топырақ тек Солтүстік Тянь-Шаньда 600-800 метрден 1200 метірге дейінгі биіктіктен төмпешікті жеке бөлшектерге бөлінген тау бөктерінде ғана кездеседі. Жылына 400-500 мм жауып шашын түседі. Ашық қара қоңыр топырақтар Алматы, Жамбыл, Талдықорған және аздаған көлемде Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі, жалпы көлемі 873,4 мың гектар егістік жерлерді қамтиды. Осы топырақтар ішінде сұр топырақтар алып жатқан жерлердің ені кейбір аудандарда 70-90 км шамасында болса, батыстан шығысқа қарай оның ұзындығы 1200-1400 км-ге дейін созылып жатыр. Оңтүстік сұр топырағы карбонаттар мөлшері 7-8 пайыз болса, солтүстік аудандарда 5-6 пайыз болады. Ал органикалық заттар мен азот, фосфор қоры жағынан қара сұр топыраққа бай. Ал ашық сұр топырақта мүлдем аз. Кез — келген топырақ тек қана өлі минералды заттардан құрамайды, оның құрамында әр уақытта азды көпті бөліктерін құрайтын түрлі микроорганизмдерден қарапайым ұсақ жәндіктер болады. Олар топарықтың тірі бөліктеріне жатады.

Микроорганизмдердің негізгі қызметі өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп ыдыратып ағзаға, аммиакқа және басқа да заттарға айналдыру. Демек, топырақты жасушалар - тірі организмдер өсімдіктер жердегі әртүрлі жануарлар мен микроорганизмдер, ал құрылыс материалы аналық тау жыныстары мен айналаны қоршаған ауаның газдары. Ал, бұл процеестің энергетикалық негізгі күн көзінің қуаты болып табылады.

Егер жер бетінде тек өсімдіктермен жануарлар ғана болса, көптеген органикалық заттар ыдырамай, жинала берер еді де, табиғаттағы зат айналымына едәуір кедергі келтірер еді. Осындай үздіксіз әрекеттің нәтижесінде өзара алмасу және материяның бір формасының екінші формаға ауысуы жүріп жатады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан 3 класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады. (И.С.Рабочев.,И.Е.Королева., 1983) (8).

Түрлі жерлердегі климаттың, топырақ түзілген аналық тау жыныстық өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қара шірік мөлшері де әртүрлі болады.

Академик И.В.Тюриннің зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша бір гектар қара топырақтың 0-20 қабатында қара шірік қоры 90-140тн., 0-100 см қабатында 250-550 тн болса, сұр топырақтың жоғарыда аталған қабаттарында қара шірік қоры жағынан қара топыарқтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизм болса, кара топырақтарда тек қана - 57,5 млн., микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалык және химиялық процесстердің белсенділігін арттыруына және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін молайтуға жағдайлар жасайды. Сұр топырақтар ор қарай түрде кездесуіне қарамастан Тянь-Шань таулы аймағының 70 пайызына жуық егістік жерлерді қамтиды.

Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс облыстарындағы ашық қоңыр топырақты өзінің құрылымындағы қара шірік, азот және басқа топырақтардан онша айырмашылығы болмайды тек қана бұл топырақта жалпы фосфор қоры аздап жоғары карбонатты болады.

Бұл облыстардағы сұр топырақтың құрамында органикалық заттар мен азоттар қосылыстардың азаюы өсімдік қалдықтарының біртіндеп ыдырамай, құрғақшылық пен ыстықтың әсерінен өте тез күйіп кету, басқаша айтсақ өсімдік қалдықтарындағы ыдырауға тиісті азотты органикалық заттардың жанып кетуінен болады.

Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс облыстардың табиғи климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы өсімдіктердің қай түрін өсіруге де қолайлы. Суармалы жерлердің болуы, жылы мерзімнің ұзақтығы, әрі пайдалы температураның молдылығы жылылықты сүйетін бір жылдық немесе көп жылдық дақылдар өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да егіншілік мәдениеті дегеніміздің өзі агрономиялық мәселелердің үлкен ауқымын қамтиды. Бұл мәселелердің ішіндегі ең басты топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру және жерді тиімді пайдалану.

Егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіші шығымдылықтың қол жеткен дәрежесі, өнімнің сапасы, оның өндірулі мөлшері мен өзіндік құны. Топырақтың табиғи құнарлығы көп жағдайларда ең жоғарғы өнім алу үшін өсімдікке қажет болатын қоректік заттар мен суды дұрыс ұштастыруды қамтамасыз етуге қабілетсіз келеді. Сондықтан егінші ғалым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топырақтың қасиеттерін мәденилендіру және жақсарту үшін қажетті шаралар комплексін қалауға тиіс.

Дала тәжірибелері өткізілген Марзашөл және Шардара , Ордабасы деңгейінің топырағы ашық түсті бос топырақ механикалық құрамы орташа балшықты, аздаған топырақтың профиль өзгеруші орта балшықты топырақ болып есептеледі.

Топырақтың барлық профильдерінде ірі шаң фракциясы 45,4 — 51,4 пайызын құрайды, майда тозаңның құрамы 10.5 - 10,9 пайызы және басқалары №3 кестеде көрсетілген.

Тәжірибе өткізілген екі жыл аралығындағы өсімдіктің вегетациялық дәуірінде жер асты судың шұңқырдағы деңгейі 3-5 гр/л. Тұзды болып деңгейі 3,5-4 метрде болады.
3 кесте.


Топырақ қабаты см.

Топырақ құрамының фракциялық өлшемі, мм.

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

0,001

0-30

0,6

13,4

54,4

14,9

15,2

10,5

30-60

1,2

10,0

51,4

13,2

13,3

10,9

Зерттелген тәжірибе даласының қойылғаннан алдыңғы уақыттағы топырақтың орташа гумусы (0-30 см) 1.027, азоты 0,046, фосфоры 0,119 жоне калийі 1,217 пайыз құрамында болады, ал топырақтың (30-60 см) қабатында мынадай: 0,503, 0,029-8. 0.088 және 1,137 пайыз. Тәжірибенің 3 жылдан кейін 3 жылдық жоңышқаның жыртып өткізілген зерттеу жұмысы тәжірибе өткізгеннен алдыңғы топырақ мәліметтерін салыстырғанда мынадай өзгерістер болады: 0-30 см-лік топырақ қабатында 0,780 пайыз, 0,16 азот, 0,15 фосфор болып және 30-60 см қабатында мындай жағдай болады: 0,446, 0,037, 0,089 және 1,121 пайыз.

Ордабасы және Шардара даласындағы топырақтың басым

көпшілігі сұр тоғпырақта және сұр топырақты шалғында келеді. Олар сары топырақтан жәнс сазды құмды топырақтан пайда болған. Бұл топырақтың өзіне тән ерекшелігі жоғары карбонттылығында, топырақ ерітіндісіндегі сілтілік реакцияның кемдігінде. Бұл топырақтағы жоғары ұсақ құрылымдық қасиет тән. Мұның өзі топырақтың суға қатысты өзіндік қасиетін айқындайды.

Ол қасиет топырақтың ылғалды көп қажет ететіндігінен, судың сіңімділігі жоғары болатындығынан және топырақтың ылғалдың жылжу шапшандығынан, әсіресе, төменнен жоғары қарай жылжу шапшаңдығынан байқалады.

Ордабасы, Шардара топырағы ол өңір суландырылғанға дейіп тіпті де сортанданбаған болатын. Мырзашөл даласын игеру мен суландыру жер асты суларының табиғи тепе-теңдігін күрт өзгертті. Мұның өзі әсіресе суды көп жұмасудан және оның жерге босқа сіңіп көп мөлшерде рәсуә болуынан орын алғаны белгілі. Байтақ дала суландырылғанға дейінгі жер асты суының деңгейі оның Жетісай-Сардаба, Шор өзек су жайылмаларынан өзге жердегі басым бөлігінде негізінен 10-15 м тереңдікте болатын. Бұл алқапты суландырудың алғашқы жылдарында жер асты суының деңгейі күрт көтеріліп кетті, топырақтың құрғауы мен сортаңдау процессі күшейе түсті. Мұның өзі әсіресе егістікті суару мен топырақтың сорын шаю кезінде сулы шамадан тыс мол мөлшерде пайдаланудың салдарынан еді. Сөйтіп, жер асты суының деңгейі топырақтың үстіңгі қабатында 2-3 м жақындады, тіпті оданда жоғары көтерілді. Мұның өзі егістік жерлердің басым көпшілігінің топырағын сортаңдандырып жібереді.

Міне, бұл қалыптасқан жағдайлар гидротехникалық, мелиорациялық және агротехникалық шараларды жүргізуді талап етті. Атап айтқанда дренаж жасау, қоза-жоңышқа ауыспалы егіс жүйесі, жерді күрделі және жалпы суландыру нормаларын, жер астындағы минералдандырылған судың деңгейін, агротехникалық шаралардың сапасын жақсартып жетілдіре түсіру мұқият ескеру қажет болды.

Шын мәнінде алғанда аса зор ауқымды міндеттің толып жатқан объектілері қатарында топырақтың құнарлылығын сақтау аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Суармалы жерлердің тиімділігі топырақтың мелиорациялық жағдайының нашарлай түсуі салдарынан барған сайын кеміп бара жатқаны жасырын емес. Ал, топырақтың мелиорациялық жағдайы шаруашылықаралық және ішкі шаруашылық коллекторлы дренаж жүйесін тазартып, жолға қойып отыру мерзімнің төзуге болмайтындай дәрежеде ұдайы бұзылып келе жатқан салдарынан барған сайын мүмкін халге дүшар бола түсуде.

Бұл айтылған жағдайлар Ордабасы аймағының топырағыда толық қатысты. Өйткені, онда да тік дренажды скважиналардың істен шығып, жұмыс істсуден қалғаны қашан. Соның салдарынан қозаға су жетіспейді, су тапшылығы тым күшейіп кетті. Каналдар мен тұзды су ағатын қашыртқы құрылыстарды тазартып отыру ұмыт қалды. Мұның өзі Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта шаруашылығының тым терістікте жатқан географиялық жағдайында орын алып отырғаны, соның салдарынан қозадан алынатын өнім шиті мақтанын мөлшері кем болып келе жатқанын да айта кету керек.

Мактаарал тәжірибе стансасы арнайы жүргізген зерттеулердің нәтижесінде белгілі болғандай, Мырзашөлдегі суландыру аймақтардың қарыс батпақты жер қыртысының топырағы жағдайларында ашық көлбеу дренаж жасау, тұз басып сортаң жерлер түбірінен қайта мелиорациялау проблемасын шеше алмайтын еді. Өйткені, көлбеу ашық дренаждардың топырағы тез езіліп, өлі батпаққа айналып кетеді.



Қозаның су режимі және суға болған талабы.

Қоза өзінің салыстырмалы түрде алғанда құрғақшылыққа едәуір төзімді бола тұра, суға деген талабыда жоғары. Өнім беретін органдарын қоса есептегенде өсімідіктің әрбір килограмм құрғақ салмағының пісіп жетілуі үшінс қоза орта есебінен алғанда маусымда 600-700 кг су ішеді. Егер қозаның өсіп жетілуі үшін ең жақсы жағдайлар жасалып, егіс даласындағы агротехникалық шаралар неғұрлым жоғары болған сайын, оның әрбір килограмм құрғақ салмағы үшін қажет болатын судың мөлшері кеми түседі.

Егіс далаларлы тегістеу суармалы диқаншылық зонасында мақта және басқа ауыл шаруашылық егіндерінің өнімін асыруға жәрдем беруші агротехника және гидротехника мелиорацияның аса негізгі әдістерінің бірі болады. Ол судан, тыңайтқыштардан және мехинизация қызметтерінен жоғары өніммен пайдалануға жағдай таратады. Жердің дөң және төсен жағдайларда топырақ - су режимінің түрлі болуы оның бір уақытта жетілместігіне алып кследі.

Халық шаруашылығының, ауыл шаруашылық өндірісінің қызмет атқару тармақтарының қажеттері үшін су алу, бөлу және одан пайдалану бойынша амалға асырылатын ұйымдастыру — техникалық және шаруашылық шаралары комплексі судан пайдалану деп аталады.

Суды шаруааралық және шаруаларды бөлу оптимал суару режйміне негізделген жоспарлау керек. Судың режимі және оған байланысты - суару техникасы судан жоспарлы пайдаланудың негізі болып есептеледі.

Мақта егетін шаруалар тәжірибесі қозаны артығынан көп суаруда қандырмастан суаруда өнімнің кемейтіп жіберуін көрсетеді, соның үшін оптпмал мерзімде, оптимал суару нормаларымен өткізу керек дол сонда қозаның даму фазасында (гүлденгенге дейін, гүлденген өнімде кіру және пісуіне) қарай есепті топырақ қабатын нормал ылғалдығын қамтамасыз етеді.

Судан пайдалануды жоспарлау, содан жоспарлы пайдалану суару системасын нормал пайдалаудың негізгісі. Шаруалардың судан пайдалану жоспарлары төмендегілер көзде тұтылу қажет...

- гидромодуль аудандары бойынша ауыл шаруашылық егіндердің суару режим ведомосі

Суару режимі тиісті мекемелердің ұсыныстарына сәйкес үкімет жағынан бекітілген болуы керек (гидромодуль аудандар саны қанша көп болса, шаруа да осы ведомостан сонша керек).

Жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуы

шаруашылықтарға су беруді оптималдастыруға жәпс жалпы системаның су мен қамтамасыз ету дәрежесі көтеруге жәрдем береді. Содан кейін қозадан жоспарланған өнім алуға боладьг.

2.3. Ауыспалы егіс жүйесінің және топырақ құнарлығы.

Совхозда егіс жұмыстарын механикаландыру деңгейі өте жоғары. Негізгі шаруашылығы жұмыстары аз дәрежеде (50 пайыз жәнс одан төмен) механикаландырылған тек екі-ақ процесс, олар: өскіндерді сирету және суландыру жүйесін тазарту.

Мақта — жоңышқа ауыспалы егісінің жоңашқа өсірген
жағдайында топырақтың мелиорациялық күйі және су-физикалық
қасиеттері жақсарады, қолайлы су, ауа және қоректік режимдері
қамтамасыз етіледі. Суармалы егіншілікке ауыспалы егіс, егіншілік
мәдениетін арттыруға, ауыл шаруашылығы дақылдарын жоғары әрі
тұрақты өнім алуға бағытталған агротехникалық және мелиорациялық жұмыстардың басты буыны болды.

Үлкен транспиранциялық қабілеті бар көп жылдық шөптер суландырылатын топыраққа мелиорациялық ықпал етеді. Бұл ең алдымен ыза суы деңгейінен байқалады.

Әдетте, территория нашар дренаждалған жағдайда жоңышқа егісі астындағы ыза суы мақталықтағыға қарағанда 0,6-1,0м тереңде жатады. Осының барлығы топырақтың сортаңдауымен күрес жүргізуге қолайлы жағдай туғызады.

Тыңайтқыш жүйесі мен басқа да агротехникалық шаралар жүйесі ойдағыдай жолға қойылған мақта-жоңышқа ауыспалы егіс тек ауыл шаруашылығы дақылдарына ғана емес, сонымен қатар топырақ құнарлығының артуына да ықпал етеді.

Су топырақты ұзақ жылдар бойы культивациялаудың арқасында оның құнарлығы біршама жоғыралады. Шөп қоспасы мен жыртылған шөп танабына егілген бірінші жылғы мақтадан кейін топырақта жалпы фосфордың, азоттық және қара шіріндінің өте мол болатыны анықталады.

Сонымен мақта-жоңышқа ауыспалы егісі жоғары өнім негізі және мал шаруашылығы үшін берік жем-шөп қорының кепілі болып табылады. Мелиорациялық шаралар мен ұштастырылған жағдайда ол егіншілік мәденитені жетілдіруге, ауыл шаруашылығы өнімі ендірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыспалы егіс танаптарында қозаның әр гектарына 25-30 ц-де өнім алу үшін екпе шөптен кейін бірінші рет жыртылған жерге алғашқы жылдары әр гектарға шаққанда бсрілетін азот тыңайтқыштарының мөлшерін 80-100 кг 3-4-ші жылдары 140-160 кг-нан, ал жыл сайын қайта жыртылып келген ескі учаскелердс - 200 кг-ға дейін жеткізу керек.

Біздің жүргізілген тәжірибелер Мақтаарал Тәжірибе стансасында және өндірісте өткізілген зерттеулер Оңтүстік Қазақстандағы топырақтың ерекшеліктері-кәдімгі сұрғылт, ашық түсті, сұрғылт топырақ құрамдарында қара шірік пен азоттың мөлшері; қара шірік 1,0 — 2,0 пайыз, азот — 0,06 — 0,12 пайызаға дейін - ақ. Жер асты суының деңгейі күзде - қыста 1,2 — 1,5 м-ге дейін болады. Сондықтан қоза және басқа да өсімдіктерге берілетін тыңайтқыштардық жылдық нормаларын белгілеу кезінде ауыспалы егіс танаптарындағы топырақтың қаншалықты құнарлы екенін, агротехникалық шаралардың қандай деңгейде жүргізілетінің минералдық тыңайтқыштардың көңнен қаншалықты ұштастырылық берілетіні және басқа да жағдайларды мұқият ескеру керек. Жүргізілген зерттеу көп жылдық тәжірибелер қоза-жоңышқа ауыспалы егіс жүйесін 3 жыл жоңышқа, 5 жыл қоза егу (3:5) схемасы бойынша қолданудың бүкіл барысында минералдық тыңайтқышпен қоса пайдаланған көңнің орны өзгеше болды. Жоңышқа егілген жердің қайта жыртылған жылы алыстаған сайын оның гектарына азотты өндіру нормасы қоза егілген алғашқы жылғы 50 кг-нің одан кейінгі жылдарда 70-90 және 100 кг аса көп өсе түскен. Оның есесіне фосфор тыңайтқышы әр гектарға енгізу нормасы осындай мерзім ішінде алғашқы 80 кг-нан 65-50 кг-ға дейін кеміген.

Сортаңдаған топырақты жақсартуға байланысты сан салалы мәселелердің ішінде егістікті тегістеудің зор маңызы бар. Топырақты шаюдың тиімділігі соның сапасына байланысты болады. Мұның өзі суды үнемдеуге және сапасын жақсартуға қол жеткізеді.

Тегістеу жұмыстары жүргізілгенге дейін егістік жер бетінде жекелеген тұйық қыраттар мен сай-сала көп болады, ондағы биік жерлерде топырақ сортаңданып, мақта әлсіз өсіп құрып кетеді.

Күрделі тегістеуге жыл сайын көлемі 750-860 га алқап бөлініп, оның жоспары жасалды және 0,1 м сайын горизонтальдары белгіленді., алдымен 1:2000 масштабымен алқаптың геодезиялық суреті түсірілді. Зерттеулердің мәліметтері бойынша күрделі жөндеудің схемалы жобасы мен схемасы жасалды. Бір горизонтальды алаңшаның беткі белгісі екіншісініңкінен суару бағытанан 10-15 см-ден аспауы керек. Сай-саланы бітеу үшін топырақ мейлінше аз алынуы керек.

Жоспарда тегістеу алаңшаларының шекаралары белгіленеді. Одан кейін суару бағытында ара-кідік ықтияр болуы ықтимал алаңшалар белгіленеді. Екі жағынан алаңша карталық суландырғыштан жаңбырлатқыш өткеліне дейін 150-200 м ара-қашықтыққа тең өткелден соң 120, ұзындығы 100 м етіп алынады. Алаңшаның жобалық (орталық) белгісі жоспарға түсірілсді де, топырақ алынатын және төгілетін жерлер әртүрлі боялып, қозғалыс маршруты мен топырақтың ығыстырылу көлемі көрсетіледі. Бұлайша сатылап тегістеу жер өңдеу, жұмыстарын едәуір азайтып, тегістеуді жеңілдстеді. Күрделі тегістеу мен территорияны егіске дайындау жөніндегі жұмыстар комплексіне топырақты ою және тасымалдау, қайырмасыз терең жырту, егіс бетін тең алқымды тегістегіштермен тегістеу кіреді.

Тегістеу жұмыстарының технологиясы мен оның ұйымдастырудың мәні мынада: ең алдымен ескі құлақ арықтарындағы ағаштар қопарылады (топтық құлақ арықтарды қайта жүргізгенде) және картарлық суландыру торабы бұзылып, артынша грейдермен тегістеледі. Скреперлердің көмегімен төмпешіктер мен қыраттар қырылып, топырақ рельефтің аласа жерлеріне ысырылады. Одан кейін П-4, ПА — 3 кең алқымды (длиновоз ) тегістегіштермен ұзын бойлық тегістеу жүргізіледі. Жиі кездесетін әрі суды нашар өткізетін тығыздалған қабаттарды бұзу үшін 35-40 см тереңдікте қайырмасыз алқымды тегістегішпен егіс бойымен кесе көлденең жүргізіледі. Тегістеу жұмыстарының сапасы бақылау суаруы арқылы анықталады.

Совхозда күрделі тегістеу жұмыстары күн жылыған мерзімде
атқарылады.

Өзі ағып жатқан сумен суары кезінде күрделі тегістеудегі жер өңдеу (негізінен скреперлік) жұмыстарының орта есеппен 500-700 м3/га болып, тегістеу жұмыстарының құны гектарына 90-нан 130 сомға дейін өзгереді. Совхоз жері күрделі тегістеуден 2 рет өткізіледі. Алғаш рет бүкіл суармалы егістік 1949 жылдан 1959 жылға дейінгі кезеңде тегістеледі, ал қайта тегістеу 1960 ж ішінара жүргізіле бастады. Қайта тегістеу жұмысы 2000 гектардан астам жерге жүргізілді. Мелиорациялаушы- тегістеуше отряд 1962 жылға дейін тегістеуді және жылына 350-ден 1200-1300 га егістікті суландыру торабын қайта құруды жүзеге асырды.

Кейінгі жылдарда күрделі тегістеу жұмыстары мынадай көлемде жүргізілді: 1961-593 га, І962ж - 479 га, 1963 ж - 487га, 1968 ж - 100 га және 1969ж — 36 га. Қайырмасыз терең жыртуды қоса қамтитын тегістеу жұмыстары аяқталған соң тегістелген учаскелерге күзгі-қысқы шаймалау көктемде топырақ бетін дискімен немесе тырмалармен және сыдыра жыртқыштармен екі бағытта жеңіл желпі өңдеу жүргізіледі, органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізіліп, көп жылдық шөптер егіледі.

Тегістеуге арналған мелиорацияланушы алқаптың бір бөлігіне көктемде бір ерті пісетін (сулы, арпа, көк балаусаға арналған және сүрлемдік жүгері) немесе күздік дәнді-дақылдар себіледі. Тегістеу жұмыстары дақылдар жиналып алынған соң басталады. Алқаптың екінші бөлігіне күрделі тегістеу ерте көктемде жүргізіледі, ал осы жұмыстар біткен соң бұл алқаптар (июльге дейін) суарылып, егіс алдында тиісті өңдеуден өткізілгеннен кейін судан шөбі немесе көк балаусаңа арналған және сүрлемдік жүгері егіледі. Мелиорацияланатын алқаптың тек шағым бөлігі (100-120 га) ғана бос қалдырылады. Бұл даз ортасында тегістелетін учаскелер , онда тегістеуге дейін және одан соң себу мүмкін емес. Күрделі тегістеуден өткізілген алқаптарға келесі жылы көп жылдық шөп қоспасы себіледі де, ол екі кейді үш жыл бойы өсіріледі. Пішен мейлінше мол өнім береді. Жоңышқаның астық тұқымдастарымен (екпе бидайық) қоспасы түріндс себілген көп жылдық шөптер ең жоғарғы өнім береді. Тегістеу жұмыстарына кеткен шығындар бірінші жылы-ақ ақталады.

Топырақтың сортаңдауымен күрес-суармалы егіншіліктің ең маңызды мәселелерлің бірі. Дренажсыз жағдайда суармалы жерлердің тұз балансының қолайсыз әсері болады, яғни сортандану процессі жүреді, өйткені топырақтан ылғалдың булану мен жақын жатқан ыза суларын өсімдіктсрдің транспирациялау процесі кезінде топырақтағы түз мөлшері кобейеді. Тұздар қоры ауыл шаруашылығы дақылдарын жыл сайын құрамында тығыз қалдық бойынша 0,2-0,5 г/л тұзы бар сапасы жақсы сумен суландырғанның өзінде де артып отырады.

Суландыру нормасы тек 3000 мЗ/на болғанның өзінде ғана топырақтағы тұз мөлшері бір жылда гектарына 0,6-1,5 тоннаға өсіп отырады.

Минералданылған ыза суы деңгейінің жоғары болуына байланысты, сондай-ақ табиғи және жасанды дренаж жоқ жағдайда жерлерді шаймалау мүмкін емес еді. Суды пайдалануды тәртіпке келтіру суару техникасын жақсарту және егіншілік мәдениетін көтеру шаралар техникасын жақсарту және егіншілік мәдениетін көтеру жөнінде шаралар қолдануға қарамастан ызы суы деңгейін біршама төмендету, топырақты тұзсыздандыру іске аспады. Сондықтан дренаж құрылысы мен сортаңданған жерлерді шаймалау туралы мәселе туды. Өте сортаңданған жерлерді іріктеп шаймалау мен жекеленген ашық горизонталь құрғатуға арналған құрылыс салу 1953-1954 жылдардан бастап қолға алынды. Кей жылдарда ол едәуір кеңейтілген коллектор-дренаж торабына қарамастан ыза суларының ғаламаты көтерілуіне, екінші рет сортаңдауына, батпақтануға, сортаңдануына және мақта өнімінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ыза суы деңгейін кем дегенде 2,5 м тереңдікке төмендетстін мейлінше тиімді құрал-тік дренаж болып шықты (Кац 1963).

Қазіргі кезеңде сортанданған жерлерді тік дренажбен ұштастыра отырып шаймалау топырақ құнарлығын және ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін арттыру жөніндегі шаралар комплексінің негізгі тәсілдерінің бірі. Топырақтың сорттануымен күрестің басқа шаралары да міндетті болып қала берді. Тек олармен комплексті түрде қолданылған тік дренаж ғана топырақта бірте-бірте тұрақты түрде тұзсыздандыруды қамтамасыз етеді.

Сортанданған топырақты тіпті тиімді жұмыс істейтін дренаж жүйесі жағдайында да шаймалау арқылы тұзсыздандыру өте баяу жүреді, өйткені, ондай жағдайда белгілі бір қалдықтағы топырақ

қабатынап тұзды кетіріп қана емес, сонымен қатар минералданған ыза суын тұщы сумен алмастыруға (былайша айтқанда "тұщы қабат" жасауға) тура келеді, ол үшін көлемді (гектарына 10-15 мын/м3) шаймалау нормасы қажет болады.

Совхоздағы бүкіл егіс көлемі пайданылады, сондықтан шаймалау әдетте вегетациядан тыс кезеңде жүргізіліп отырады. Жалпы шаймалау нормаларына бөлінеді. "Мақтаарал" совхозының жері сияқты ескі егістікті аудандар үшін ол экономикалық жағынан қолайлы.

Тік дренаж жағдайында сортаңдаған суармалы жерлерді шаюдың тиімділігін көп факторларға ең алдымен тұз мөлшерімен шаю нормасына және шаймалар суару мерзімдеріне байланысты болады.

Топырақ миграция аймағындағы (2м) тұздардың жиынтық қоры негізінен күзгі - қысқы шаймалап суарудың әсерінен өзгерсді.

Мелиорациялық практика сортаңдау дәрежесіне қарай топырақтың мынандай квалификациясын қабылданған. Совхоз топырағындағы тұздар құрамында сульфаттар мен хлоридтер басым. Ауыл шаруашылығы дақылы қалыпты даму үшін топырақтағы тұз мөлшері тығыз қалдық бойынша 0,5 — 0,25% және ион бойынша 0,005 — 0,008% - ға жеткізілуге тиіс.

Қоза өсімідігі орташа сортаңданған топырақта да өсе алады. Хлор тұздың 0,08- 0,1 %-ға жеткенде ол қатты зақымданады немесе мүлде жойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет