МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ........................................................................................................................3
1 XVIII ғ. Қазақстан экономикалық қатынастары
1.1 XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуы........................................
1.2 Қазақстан – Ресей арасындағы сауда қатынастары..............................................
2 XIX ғ. Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы
2.1 XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі.............................................................
2.2 Жәрмеңкелік сауда................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................
КIРIСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақстанны қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығын артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынын бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда ел экономиксына кең ауқымды қолдау көрсету , оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты экономикамызды дамытуды жалғастыру» [1, 4 б.]. Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнін дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық экономикамыздың даму тарихына да аса назар аударудың мәні зор. Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталисттік қатынастардын ерекшеліктерің анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен дамуы тарихын терең зерттеу - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылып отыр.
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелерінің бірі, отандық экономикасына тигізген әсері негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады.
Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды
Патша үкіметінің қазақ даласынын нарығындағы жүргігін саясатының бірі ұлт ретінде бөлініс болып табылып отыр. Мысалы З.С. Абдирасилованың еңбегіне сүйенетің болсақ, «XIX ғасырдың екінші жартысында кейбір қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы нәтижесінде, экономикалық ортының әлеуметтік және ұлттық құрамы әр түрлі блды. Әлеуметтік және ұлттық әр түрлілігіне қарамастан, олардың кәсіпкерлікпен айналысуларына үкімет тарапынан кедергілер туындаған жоқ. Дегенмен, орыс сауда-кәсіпкерлері ерекше қолдауға ие болды» [2, 23 б.]. Қазіргі танда Ел басымыздың салихалы саясаты, мемлекет ішінде көп ұлттардын басын қосып, мәдени, әлеуметтік, сонын ішінде экономикалық бағыттары бойынша ешқендай ұлтық бөлініске жол бермеуі, ел ішіндегі бейбітшілік пен экономикалық климаттың қолайлы жағдайларының болуының белгісі.
Қазіргі танда жапы қазақтар туралы, олардың мемлекеттің ішкі, сыртқы экономикасының жүйесі туралы көптеген сынпікірлер, сонымен қоса қазақ экономикасының құлдырау себебі, қазақ халқының менталитетіңде «жалқаулық» қасиетінің болуы туралы айтылып жатыр. Менің ойымша, мұндай көзқарасты қалыптастыруға бағатындар Қазақстанның мемлекеттігін де, оның тарихын да мойындағысы келмейтің кердең кеудемсоқтар дер едім. Тұғыры биік еліміздің тәуелсіздік алғанымызбен, тарихи деректерді, соның ішінде экономикалық деректерді дұрыс талқылау тақырыптың өзектілігін тнытады.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті зандылық. Осы саясаттың негізгі қөрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек [3, 7 б.].
Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін-өзі басқару, серіктік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар рыногы, валюталық қаражат және басқа элементтер.
Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті.
Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ [4, 52б.].
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды [5, 88 б.].
Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.
XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.
Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді[4, 58 б.].
Соңғы кездері Қазақстанның саяси-экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан-алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамдыжанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі — ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады.
Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді.
Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған байланысты олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді.
Бірақ өкінішке орай, сол кезде олардың дамып кетуін тежеген — заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және дипломдық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді [5, 89 б.].
Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды.
ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты.
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады.
Сондықтан, ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |