36
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде
жазылатын арыз, шағым
түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация
түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы әртүрлі мағынада жазылады.
Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады.
Арыздың реквизиттері:
- құжат мекенжайы (арыз кімге арналған);
- құжат аты;
- негізгі мәтін;
- қосымша
болса оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы;
- арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
Мекенжайына
лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми
қызметінің толық аты,
қажет жағдайда тегі, аты-жөні кіреді. Мекенжайы
парақтың оң жағына жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден
жазылып отырған болса, олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда
тегі, аты-жөні) мекенжайында көрсетілуі керек.
Мысалы,
Қарағанды металлургия зауытының бастығы А. Кемелхановқа
Тақырыбы
парақ ортасына мекенжайынан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ
АРЫЗ
ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, «Менің
Сізге арыз беру
себебім,». Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып
отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті
қызмет
этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім
күтетіндігі жазылады. Мысалы, «Айтылғандарды
ескере отырып, шара
қолдануыңызды сұраймын», «Нұсқау беруіңізді сұраймын» т.б. Мәтін парақтың
бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: