Дипломдық ЖҰмыс 5В011700 Қaзaқ тiлi жәнe әдебиеті Шымкент, 2021 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Сөздің тақырып қажетіне сәйкестігі



бет8/20
Дата03.01.2022
өлшемі303 Kb.
#451299
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Жамашева Севара

Сөздің тақырып қажетіне сәйкестігі. Оқушылардың актив сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруда әр сабақта алынатан сөздердің тақырап қажетіне сәйкестігіне жете көңіл бөлінгені жөн. Оқушыларға сөздерді жеке-жеке қалпына емес, ситуациалық тақырып ішінде (речевая ситуация) қолдануына мүмкін жасалуы қажет. Ол үшін алдымен қолданыс тақырыбына сәйкес шамада ситуациалар анықталады. Мысалы, ол мәселе жайында А.М. Аббасов алдымен сөйлеу тақырыбына қатысты тілдік жағдай белгілену керек, содан кейін керек сөздік талданады екен. Ситуацианы анықтау «Жақыннан алысқа» принципіне негізделіп жүргізілгені жөн. Өзге тілді оқыту әдістемесінде тақырып қажетіне сәйкестігі принципі бойынша сұрыпталғанда, негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын: 1.оқу құралдарының атаулары: қалам, дәптер, оқулық т.б. және осыған байланысты іс-қимылды білдіретін сөздер- жаз, оқы, тыңдау, айту т.б. 2. азық-түлік атаулары: нан, қант, су, қаймақ т.б. және оған байланысты іс-қимылды білдіретін сөздер – ішу, жеу, алу, әкелу т.б. сөздер алынып жүргені мәлім.Сөздерді аталған тақырыптарға бағыттап сұрыптаудың, оқушыларды адамгершілікке, достықа тәрбиелеуде мәні зор. Атап айтқанда, аталған принциптің өзге ұлтқа арналған қазақ тілінің лексикалық минимумын сұрыптауға маңызы зор.

Екі тілге ортақ сөздерді сөздік минимумға қоспау принципі. Қазақ тілінің лексикасы адам айтқысыз бай екені белгілі. Қазақ тілінің сөздік қорына аталас ұлттар тілінен енген сөздерден басқа,орыс тілінен және орыс тілі арқылы шетел тілінен енген сөздер біршама . Ондай сөздердің мағынасы оқушгыларға ана тілінен таныс болғандықтан, меңгеруге қиындық туғызбайды. Ұлттық мектеп оқушылары қазақ тілі сабағында бұл сөздермен жиі кездеседі, ана тілінен таныс бұл сөздердің көбі қазақ тілінің әсерімен айтылу ерекшелігіне ұшыраған. Дегенімен, олардың мағынасын оқушылар еш қиындықсыз түсінеді. Сондықтан оқу процесінде екі тілге де ортақ сөздерді сөздік минимумға қоспау-өзіндік мәні бар принциптердің бірі болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет