Дипломдық ЖҰмыс 5В020800 «Археология және этнология» Шымкент, 2022 ж



бет6/12
Дата14.07.2022
өлшемі1.52 Mb.
#459693
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
4 Абдраев Нұрлан ТП 18-6к (2) (2)

Ғылыми жаңалығы. Археологиялық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде ұлттық маңызға ие отан тарихының аса күрделі мәселелері талданды және тарихымыздың маңызды кезеңдерін дәріптеудің негізінде қоғамның рухани санасын жаңғыртуға ықпал жасайды.
Тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері мектеп оқушыларына және студенттерге «Қазақстан тарихы» пәнін оқуға қосымша оқу-әдістемелік материалдар ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Дипломдық жұмыс «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының мәжілісінде талқыланды. Зерттеу негізгі нәтижелері студенттік ғылыми конференцияларда сыннан өтті және ғылыми мақала түрінде жарық көрді [2].
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрлымы. Зерттеу материалдары 35 парақта баяндалған және кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін өз ішіне алады.

I ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ


1.1 Кеңес дәуіріне дейінгі және кеңес дәуіріндегі зерттеулер

Қазақстанның палеолит дәуірі ұзақ уақыт бойы Еуразияның басқа аймақтарымен салыстырғанда ең аз зерттелген дәуір болып қалды. Қазіргі таңда Қазақстанның ежелгі тас ғасырын зерттеу тарихы туралы ақпараттар жинақталған әдебиеттер өте аз. Қолда бар мәліметтер бытыраңқы, әдетте, монографиялық сипаттағы жеке ғылыми зерттеулерде кездеседі. Кейбір материалдарды табу үшін көптеген дерек көздерді іздеу, зерттеу қажет. Осылайша, Қазақстанның тас ғасырын зерттеу тарихы бойынша, оның алғашқы кезеңдерінен бастап қолда бар ақпаратты жүйелеу қажеттілігі туындады. Төменде аймақтың палеолитін зерттеудің қазіргі мәселелері контекстінде Қазақстанның тас ғасыры археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихын талдауға тырысамыз.


Тас ғасырының бірінші ескерткіштері бір жарым ғасырдай бұрын ашылды. Олардың зерттелу тарихын үш негізгі кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі – Кеңес дәуіріне дейінгі кезең. Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы ғылыми мәліметтердің жинала бастауы XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. Әсіресе бұл жұмыстар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кең өріс ала бастады. 1850 ж. Оңтүстіктегі кездейсоқ садақ ұштарының тауып алынуы, 1869 ж. А. Гебельдің Александровск фортынан тас пластиналар тапқаны, 1882 ж. Раң құмынан тас құралдарының табылғаны туралы мәліметтер бар. 1883 ж. Семей статистикалық комитеті хатшысы Е.П. Михаэлистің бастамасымен ашылған өлкетану мұражайында 80 шақты тас құралдар болған. Ғалымдар олардың көпшілігін тас ғасырының соңғы сатыларына тиісті деп санайды. Бұл кезендегі тас дәуірін зерттеуге әсер еткен қоғамдық үрдістерге келсек, біріншіден, бұл патшалық Ресейдің Қазақстанды шикізат базасына айналдыруы, екіншіден, әр аймақтарда ғылыми мекемелердің құрылуы еді. Яғни, Патшалық Ресей тұсында аталмыш дәуір мұраларын Орыс географиялық қоғамы, Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясы, Түркістан ар­хеология әуесқойлары үйірмесі сынды мекемелер зерттеді. Бұл қоғамдық бірлестіктер мүшелері А. Белослюдов, Ф.Н. Педащенко, И.А. Кастанье, С. Рынков, А. Симонов, И.Т. Пославский, П.С. Наза­ров, Г.Н. Кириллин, В. Андрусов, М.А. Кирхгоф басқа жұмыстармен айналыса жүріп тас дәуірі материалдарын да жинастырды [2]. Дегенмен, олардың ізденістері бірлі-екілі артефактылар төңірегінен аспады. Жасаған хабарламалары қысқаша түрде жарияланды. Бұл жағдай одан кейінгі кезеңдерде де біршама уақыт сақталып қалды.
Екінші кезең – Кеңес дәуіріндегі зерттеулер. Ол ҚазКСР-ның КСРО мемлекеті құрамындағы кезеңнің зерттеулерін қамтиды. Кеңес үкіметі республиканың табиғи байлықтарын игеруді бастағанда, елімізге түрлі сала мамандарың ағылып келуі тас дәуірін зерттеуге едәуір ықпал еткен болатын.
XX ғасырдың 30-шы жылдары кеңестік археология ғылымы едәуір жетістіктерге жеткен болатын. Кавказ бен Орта Азияда жүргізілген зерттеулер негізінде С.Н. Замятнин, М.З. Паничкина, П.П. Ефименко, А.П. Окладников, П.И. Борисковский алғашқылардың бірі болып ежелгі адамның материалдық өндірісі, шаруашылығы мен идеологиясын қалпына келтірді.
П.П. Ефименконың «Первобытное общество» («Ежелгі қоғам») атты жұмысы кеңестік тарих ғылымының ірі жетістігі болды [3]. Онда рулық қоғамдық қатынастың шығуы жэне басты кезеңдері сөз болды. Айта кететін бір жайт, бұл проблема Л. Морган еңбегі жарық көргелі бері Ф. Энгельс, одан кейін В.И. Ленин қолдауымен шиеленіскен теориялық күрес нысаны ретінде саяси мәнге ие болып марксшілдер мен олардың қарсыластары арасында қызу тартысқа айналды.
Археологиялық материалдарды тарихи және әлеуметтанулық тұрғыда қарастырған П.П. Ефименко экзогамия жэне рулық тобырды матриархат ұйымымен сипаттай келе, жоғарғы палеолиттік қоғамдық құрылысты «ру немесе ру-тайпалық» деп анықтады. Ғалым ашель және мустье тұрақтарындағы тас құралдардың күрделілігі және әркелкі екендігі, леваллуа техникасының пайда болуы мен тас құралдардың бірқатар прогрессивтік түрлерінің дайындалғандығын, қоныстар мен тұрақтарда шаруашылық қор сақталғандығы, рулық құрылыстың идеоло­гиясын көрсететін қолдан жасалған жерлеу орындарының маңызы көрсетті. Мұның барлығы алғашқы қауымдық адамзат тобыры жайлы қалыптасқан марксистік-лениндік ілімнің дәрменсіздігін, оның шеңберіне сыймайтындығын көрсеткен еді. Әсіресе, тас құралдардың өндірістегі қызметі, шаруашылықтағы жэне қоғамдық өмірдегі маңызы, олардың даму заңдылықтары ешқандай саясат аясына кірмейтіндігі сол кезде-ақ баршаға аян болған еді.
Дәл осы жылдары М.П. Грязнов, М.Н. Комарова, П.С. Рыков, В.А. Селевип, С.И. Руденко, И.В. Синицын, А.А. Марущенко, А.Ф. Соседко, П. Драверт, Б.Н. Граков секілді ғалымдар көптеген голоцендік ескерткіштер тапты. Олардың кейбіреулерінен шыққан заттар түрлері біршама көбейгенімен тас ғасырына арнайы зерттеулер ұйымдастырыла қойған жоқ. Әйтсе де бұл кезендегі тас дәуіріп зерттеумен айналысқан түрлі сала мамандарының ізденістері еліміздің әр түкпірінен жинақтала отырып, кейінгі зерттеулерге бағыт-бағдар бергендігімен құнды [4].
1946 жылы елімізде Ғылым академиясы құрылғаннан кейін тас ғасырын зерттеуде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының ашылуы, онда археоло­гия бөлімінің ашылуы отандық археологияның негізін қалап, бұдан кейінгі зерттеу жұмыстарына тың серпін әкелді.
Әлі де болса біраз уақыт геолог, ботаник, т.б. ғылым салаларының мамандары (А.Л.Яншин, Г.Е.Чернявский, И.С.Загороднов, А.Н.Формозов, А.А.Рыжкова, Г.А.Ярмак) да бірлесе қимыл көрсетті. Археологиялық экспедициялар (Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қаратау палеолит отряды) ұйымдастырылып, тас ғасырын зерттеу негізі толығымен қаланды. Елеулі жұмыстар жүргізген ғалымдар – Ә.Х. Марғұлан, Н.В.Валакунский, С.С.Черников, А.А.Формозов, Е.И.Агеева, К.А.Ақышев. Олармен біpre Г.А.Ярмак, Х.А.Алпысбаев, А.Г.Медоев, М.Н.Клапчук есімдерін де атауға болады. Жер-жерден көне дүние мұралары туралы мағлұматтар көбейіп, Қазақстан жерін алғашқы қоныстану, тас құралдар типологиясын жасау, ескерткіш жасын анықтауға жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану, индустриялар эволюциясын ашуға мүмкіншіліктер қалыптасты.
1957 жылы ҚазКСР ҒА Тарих, археологиялық және этнография институты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Кіші және Үлкен Қаратау жоталары ауданындағы тас ғасырының жалбыздарын зерттеу жөніндегі Қаратау отрядын ұйымдастырды. Отрядқа жетекшілікті Х. А. Алпысбаев жүзеге асырды. Ол туралы мәліметтер А.1-суретте көрсетілген.
Сол жылы Х.А. Алпысбаев артефактілері беткі қабатына орналасқан үш мекенжайды ашты – I, II, III Токалы. Алынған материалдар төменгі палеолиттің ашель-мустье кезеңіне жатады [5; 6]. Содан кейін бірқатар палеолиттік орындар– Бөріқазған, Тәңірқазған, Үшбұлақ I–VI, Шабақты I, II, Ұзынбұлак I, II, Бүркітті I–III, Сүлейменсай, Дегерез, Дәуренбек, Дарбаза, Ақкөл, Кемер I, III және Қызылрысбек тұрақтары зерттелді. Нәтижесінде палеолиттің ерте сатыдан кеш сатыға дейінгі барлық кезеңдерін көрсететін ескерткіштер табылды [7].
Қаратау отряды Арыстанды өзенінен солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде стратификацияланған Қарасу тұрағы тапты (кейінірек тұрақ Уәлиханов атындағы деп аталып кетті). 1959 жылдан 1962 жылға дейін осы объектіде стационарлық зерттеулер бастапқыда оны үш қабатты деп, содан кейін үш қабатты мустье ретінде, ал 1979 ж. жарияланған «Оңтүстік Қазақстанның төменгі палеолиті ескерткіштері» атты монографиясында Х. А. Алпысбаев оның бес мәдени қабаттарының төртеуі мустье кезеңімен және біреуін кейінгі палеолитік деп мерзімдейді [8; 9; 10].
1960 ж. М. Н. Клапчук және А. Г. Медоевтың Сарыарқа палеолитін зерттеулерімен белгілі. Олар Нұра, Сарысу, Есіл, Ертіс өзендерінің аңғарларында орналасқан Кенжебайсай-7, Сары-Су ( Космола), Жаман-Тау, Қызыл-Жар 3, Жаман-Айбат 3,4, 5, Ағайдар, Батпақ 7, 8,12 тұрақтары зерттелді [11; 12]. Бұл ескерткіштердің көпшілігі мәдени қабатсыз болып, негізінен көтерме материалдар берді.
Кеңес дәуіріндегі палеолит археологиясының дамуына ерекше үлес қосқан екінші бір ғалым – бұл А.Г. Медоев. Ол туралы мәліметтер А.1-суретте көрсетілген. Ғалымның «Қазақстан палеолитінің геохронологиясы» деп аталатын монографиялық еңбегі және көптеген мақалалары өзіндік ой-тұжырымдармен ерекшеленеді [13]. Солтүстік Балқаш геологиялық-геоморфологиялық экспедиция-сының құрамындағы А.Г. Медоев басқарған палеолит отряды 1963 ж. Балқаш-Ертіс басты су айрығынан тас ғасырының ашық түрдегі 73 тұрағын ашты.
А.Г. Медоев 1965 ж. Шу-Іле геологиялық-геоморфологиялық экспедициясы палеолит отрядының, 1966-1968 жылдары Маңғыстау кешенді экспедициясы палеолит отрядының, 1969 ж. Түпқараған палеолит экспедициясының жұмыстарында қатысты. Ғалым Маңғыстау өңірінде ашқан көптеген нысандардан алынған мәліметтерге негізделіп Маңғыстауда адам баласы кейінгі плиоценде өмір сүрді деген тұжырымға келеді.
Осы кезеңдегі келесі буын өкілдері ретінде 1970-1980 жылдардан бергі тас дәуірі проблемаларын шешуге үлкен үлес қосып келе жатқан Ж.Қ.Таймағамбетов, Б.Ж.Аубекеров, В.Ф.Зайберт, О.А.Артюхова, В.С.Волошин, В.Н.Логвин есімдерін атауга бола­ды [14; 15; 16]. Бұл зерттеушілер ашқан ескерткіштер де жоғарыда аталған мәселелерді жан-жақты әрі тереңдете қарастыруға орасан зор ықпал тигізді. Аталган ғалымдар еңбектерінде тарих ұстанымы мен тарихи шынайылыққа және субъективтік ой-пікірлер мен объективтік факторлардың тепе-тендігіне ұдайы сүйеніп отыруға тырысты. Нәтижеде әрбір дәуір ерекшеліктері, ескерткіштер шоғырланған аудандардағы олардың арақатыстыгы (корреляция), т.б. жайттарға байланысты ғылыми-объективтік тұжырымдар айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет