Дипломдық ЖҰмыс «5В050400 Журналистика»


ЕРКІН ҚЫДЫР ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет4/10
Дата05.07.2022
өлшемі117.41 Kb.
#459610
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Еркін Қыдыр - публицист СОҢҒЫ

1.2 ЕРКІН ҚЫДЫР ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әр жазушының немесе публицисттың шығармашылығы белгілі бір дәуірді суреттейді. Еркін Қыдырдың да шығармашылығы сондай. Ол негізінен әлеумет пен саясат, қоғам, билік пен халық арасындағы тақырыптарды жиі жазды. Сондықтан да оның мақалаларының тақырыптарынан мақаланың не жөнінде екендігі бірден көзге түсіп жатады. Мәселен, «Үкімет: ұмытқаны мен ұтқаны» атты мақаласына талдау жасасақ, оның стильдық ерекшеліктері де бірден анықталады. Әрине, Еркін Қыдырдың шығармашылығы публицистикалық, ақпараттық стильді көп пайдаланатындығы анық. Оның «Үкімет ұсақтап кетпесе» [21,36]атты мақаласында «Үкіметтің өз ішінде және әкімдер арасында жік түспеуі тиіс. Демократия – саясаттан шыққан «балалықтың» қолындағы ойыншық емес. О. Жандосовты, Ә. Байменовты, Ғ. Жақияновты, Ж. Ертілесованы қызметінен босату жөнінде Елбасыға өтініш жасаған Премьер, әлгі тізімдегілерді «кәсіби деңгейі жоқ, айдап салушылар, біреулердің сойылын соққан даурықпа саясатшылдар», деп сойып салған еді. Немесе автордың «Ескі үкіметтің алғашқы «бомбасы» атты мақаласында «Кентау қаласының аспанын сұрғылт бұлт торлағалы талай жылдардың жүзі болды. Мұны біздің газетіміз аз жазған жоқ. Кентаудың еңсесін нарық түсірген жоқ, жауапсыздық пен сатқындық езді. Қаратау тәжі атанған Кентаудың тірегі – мыңдаған адам еңбек ететін осы «Ащысайтүстіметалл» комбинаты болатын. Ол кезінде республиканың мақтанышы еді. Кентаудың бюджетін көтеріп тұрған да осы алып кәсіпорын болатын. Оны әуелі өз басшылары талапайға салып, тұралатты, өндірісті нарыққа икемдеу орнына кешегі коммунист директорлар өздері икемделді. Қос-қос көлік мініп, үй жағдайын жақсартып, қалтасын қалыңдатып алып, жан-жаққа тым-тырақай қашты» деген сөйлемдер кездеседі. Рас, Еркін Қыдырдың стилистикасын оқу оңай, тілі де жеңіл. Автор негізінен ақпараттық жанрда жазады. Әсіресе, «Егемен Қазақтан», «Астана ақшамы» газеттерінде жемісті еңбек еткен жылдары халыққа жеңіл тілмен ақпараттық жанрда көптеп мақалалалар жазды. Оның «Сөзге сараң үкімет», «Үндемейтін үкімет», «Белгілілердің берекесіз бейнелері», «Жұрт ертең сен туралы не айтады?», «Билік тізгінін ұстағандардың барлығы бірдей басшы борышына адал ма?», «Кабинетшіл реформаторлар»[24,41] тағы да басқа материалдары стильдық жағынан да, мағыналық жағынан да оқырманның оқылуына жеңіл, тіпті мектеп жасындағы бала да Еркін Қыдырдың мақаласын оқып түсіне алады. Сондықтан автордың мақалалары халыққа түсінікті, ұғынықты болып келеді. Былай қарасақ, автордың өз мақаласына қойған тақырыптары алыстан айқайлып «мен мұндамын» деп тұрғандай көрінеді. Екінші жағынан Еркін Қыдыр тақырып қоюдың шебері. Әсіресе оның үкіметке қарата қойған тақырыптары оқырманды елең еткізбей қоймайды. Мәселен «Кабинетшіл реформаторлар», «Қаратай Тұрысов кешірім сұрады, ал Үкіметтің ұяты неге оянбайды?», «Премьер-Министр демалыста. Оның орынтағына көз салушылар көбейіп барады», «Төртінші билік, төрге шық», «Үкімет отаншылдарға үміт артса», «Әкім бол, халқыңа жақын бол!», «Қызмет екеу болғанмен, басшы - біреу», «Әкім мен төраға – бір қызмет», «Терещенко не демек болды екен?», «Әкімдердің аяғы үзеңгіде», «Әкім болдым – ау, қанша күнге?», «Бас қамын ойлаған басшылар ел қиналып жатса да айылын жияр емес», «Билікке деген сенім әкімдер әрекетімен өлшенеді» т.б. материалдарының тақырыптары өз алдына «айқайлап» тұрғанымен мазмұны адамның санасына үлкен ой салып, санасын оятады [25,56]. Еркін Қыдыр мақалаларының тақырыптық ерекшеліктері де бар. Мәселен, автор негізінен әкімдер мен коррупция және экономика тақырыптарында көптеп мақала жазып қалам тербеген. Әрине, әлеуметтік тақырыптарды да көтеріп, үкіметтің назарын аудартқан материалдар да бар. Мәселен, «Баю болды басты арман», «Тәуелсіздігімізді тәлкек еткізбейік», «Темірланды топан су торып тұр», «Ақ алтынның» құны көк тиын болғаны ма?, «Ыстық көңілдер неге суынады?», «Отанымыз тек оңтүстік қана ма?», «Облыс астанаға орын босатса», «Жас бала жалаңаш әйел», «Өзіміз өңдірмей, өрісіміз кеңеймейді», «Қазақтың тойы: жиналыс, ысырап және тыраштану», «Жүзінде бір мұң жататын», «Қазақ» көшесінен Қазақстан астанасына, «Қазақты оятқан қоңырау», «Қазақты «жарылқаушылар» көп, «Танылмаған тарихшы» т.б. мақалалар оқырманның назарын өзіне аударып, коғамда көп талқыланып оқылған мақалалар [20, 41]. Жоғарыда аты аталған мақалалардың тақырыптық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, олар өз алдына әр алуан. Мәселен, автор Еркін Қыдыр тәуелсіздіктің өте қиын жолмен келгендігіне тоқталып, одан айырылып қалуыдың да жолдарын атап өтеді. Шетел тәжірибесін де көрсетеді. Әрине, ұлт жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың да абыройын атап өтіп, ұмыт қалдырмайды. Біз жоғарыда автор Еркін Қыдырдың үш тақырыпты терең қозғаған журналист деп атап өттік. Олар әлеумет пен коррупция және экономика. Тәуелсіздіктен соң экономика және қаржы тақырыбын тұңғыш қазақ тілінде сөйлеткен де Еркін Қыдыр деп жазады мамандар. Мәселен, «Баю болды басты арман», «Қызылқұм қасіреті», «Ақ алтынның» құны көк тиын болғаны ма?, «Отанымыз тек оңтүстік қана ма?», «Облыс астанаға орын босатса», «Жас бала жалаңаш әйел», «Өзіміз өңдірмей, өрісіміз кеңеймейді», «Қазақтың тойы: жиналыс, ысырап және тыраштану», «Жүзінде бір мұң жататын», «Қазақ» көшесінен Қазақстан астанасына, «Қазақты оятқан қоңырау», «Қазақты жарылқаушылар» көп» тақырыптары оның экономика, қаржы тақырыптарына жүйрік, әрі білімді журналист екендігін көрсетсе керек [24,65]. Сонымен қатар журналист Еркін Қыдыр «Ұлттың ұстыны – рухы», «Ерлік есеппен жасалмайды», «Ордабасы: тойдан кейінгі тосырқау», «Қайсарлық пен қасиет», «Шәкен шыңының шұғыласы», «Шындық – ұқсастық емес, өзгешелік», «Ұмытылған әуен», «Отырар өңірінің алғыр ақыны», «Өзім ата болсам да, әкемді әлі сағынамын», «Кимешекті әжелер», «Ұлы ұстаздың қайта оралуы», «Ұлы баба рухын қастерлейік», «Амангелді тұлғасы санасында», «Вербовкада туыстарша күтеміз», «Күнгей мен көлеңке», «Отырардың орнын сипап қалмайық», «Көктөбедегі кездесу», «Балдыберектің батыры» т.б. мақалалар оның руханият, мәдениет саласы тақырыптарында да осал еместігін көрсетеді[25, 63]. Сондай-ақ оның сыбайлас жемқорлық, коррупция тақырыбында жемісті қалам тербеген мықты журналист екендігінен хабарымыз бар. Мысалы оның «Суға салса – батпайды, отқа салса – күймейді», «Сөзден қадір, биліктен дәрмен кетті ме?, «Сынаған сайын бүлдіріп жатыр», «Бұқараның сүйеніші», «Былыққан жерде білім жоқ», «Тосқауыл», «Талапайға салды да, тасада қалды», «Басшы былықса, бәтуа болмайды», «Қараулық қақпаны», «Арызқой алшаң басады», «Жалсыз жылқының жаласы», «Біреуге көл, біреуге шөл», «Майлы жілікті билігі барлар еншіледі», «Сегіз айда «Союзды» сазға отырғызған», «Мен қазір жылап жүрмін», «Мал ашуы – жан ашуы», «Атаңа жасағаның алдыңа келмей ме?», «Олақ фотограф, кердең кассир», «Жедел жәрдемдер» адасып жүр, «Темір тордың аржағында», «Көлігіңіз қолды болса қайтесіз?», «Мұртын балта шаппайды» т.б. материалдар елдегі жемқорлық тақырыбында жазылған мықты мақалалар топтамасы десек артық айтқандық емес [17, 74]. Жалпы біз публицистиканы қалай түсінеміз? Сол жөнінде де аз кем тоқталып өтсек. Публицистика сөзі латынның publicus- қоғамдық деген сөзінен шыққан. Ана тіліміздегі алғашқы ғылыми баламасын айналымға Ахмет Байтұрсынов енгізді. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде публицистика анықтамасын былай түсіндіреді: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады» дей келе көсем сөз бен шешен сөздің айырмашылығы шешен сөз ауызша айтылса, көсем сөз жазу арқылы айтылады деген. Публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Көсем сөз белгілі бір күннің, дәуірдің тарихын, заманның саясатымн, сол күннің философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді тыс жағынан емес, өмірмен, тәжірибемен ұштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз – өмір шындығы мен тарихы деп айтуымызға болады. Бұл күнделікті өмірдің рухани әрі шынайы көрінісі. Көсем сөздегі айтылатын ой әрі оны жеткізу ыңғайына қарай бірнеше түрге бөлінеді. «Көсем сөз – мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты ұғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпақ ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды» [18,21]. Газетте жарық көрген материалдардың бәрі публицистика, ал олардың авторлары публицистер екен деген пікір туындауы мүмкін. Шындығында бұл қате пайымдау. Себебі көсем сөз қоғамда өзіндік маңыздылығы бар мәселе төңірегіеде сөз қылады, оған терең бойлай отырып мәнін ашуға ұмтылады, оқырмандырға бағыт сілтейді әрі онда өткірлік, бұқараға барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән. Мерзімді баспасөз беттеріне жарияланып жүргендердің барлығы осы талапқа сай жазыла бермегендіктен «газет- журналға басылғанның бәрі публицистика, ал оны жазғандардың бәрі публицист емес екендігіне тағы да көз жеткізгендей боламыз». Көсем сөз анықтамасын нақтылай түсуіміз үшін ғалымдарымыздың публицистика туралы ой-толғамдарына тоқтауымызды жөн көрдік. Ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Әлеумет, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы, сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көреген көсем, білімді адам боларға керек...» десе, бұл пікірді басқа да қазақ зерттеушілеріміздің түйіндеген ой-тұжырымдары публицистика аумағын кеңейте түседі. Профессор Т. Амандосов: «Публицистика – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика – адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап-түсіндіріп береді»-дейді. Ал белгілі ғалым Т. Қожакеев публицистика төңірегінде былай деп ой өрбітеді: «Публицистика белгілі бір болмыс-құбылысты тек әлеуметтік, саяси жағынан ғана алып бағаламайды, оны практикалық, рухани, моралдік, парасаттық жағынан да талдайды. Демек, ол өмірді, адам әрекетін бір-бірімен байланыста, өзара бірлікте алып қарайды. Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры». Зерттеуші Т.Ыдырысов публицистика туралы мынандай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұршылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем проза, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы». Көріп отырғанымыздай публицистика туралы айтылған пікір сан алуан. Баспасөз теориясын зерттеушілер еңбектеріне көз жүгіртер болсақ, бірсыпыра ғалымдар «публицистика – бұл ең алдымен кәсіпқой еместердің, бұқараның творчествосы»,- [24,54]деген ой айтады. Расында, публицистика шығармашылықтың басқа түрлерімен (көркем, ғылыми) салыстырғанда, көпшілік игеретін саланың бір түрі. Орыс ғалымдары Е. Прохоров, В. Ученова осы пікірге ұқсас ой пікір білдірген. «Олар тіпті «қарапайым хабардың» өзі публицистикалық үнмен естіледі, оқиғалы ақпарат та қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметкада публицистика басқаша көрініспен танылады» деген пікірде. Ал енді кейбір зертеушілер керсінше публицистика мен әдеби-көркем жанр арасынан ешбір айырмашылық байқамайды. Негізінен оларда айтарлықтай айырмашылық бар. Себебі «публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет – шығармашылықтың көркем түріне жатады. Көркем әдебиетте шарттылық басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді». Ал орыстың белгілі журналисі Анатолий Аграновскийдің айтуы бойынша қай жерде ой болса, публицистика сол жерде пайда болады. «Публицистік ойға құрылуға тиіс. Әдебиетші жазуға отырып, тақырыптың тамаша бұрылысын, жаңа сюжетті, жаңа сөздерді іздеген кезде, бұл ең алдымен, оқырманды ойдың жетегімен алып кету үшін жасалады... Жақсы жазатын адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын адам жақсы жазады» [11,52]. Сонымен қатар «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» публицистикаға жинақылау түрде анықтама береді: «Көсем сөз «(публицистика, лат. publicus- қоғамдық ) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сөздің мақсаты – нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтік, философиялық мәселелрді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдық ойға ықпал ету. Көсем сөздің осы мақсатқа орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, ұйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сөздің озық үлгілерінен шешендік сөздердің ізі аңдалатыны да содан». Публицистика туралы анықтамалар мен тұжырымдардағы ортақ қасиеттерін түйіндесек, ол қоғамдық-саяси басқару қызметінің құрамдас бөліктері, бұқараны тәрбиелеудің құралы, белгілі бір кезеңнің шежіресі, арқауы әрдайым шындық пен өткірлік, дұрыс бағыт сілтеуші, қай кезде де саясатпен, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, мемлекеттік аппаратпен, қалың көпшілікпен қарым-қатынаста дамиды деген пікір қалыптастыруымызға болады [14, 47].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет