Омоним сөзді ажырату
оқушы саны
|
өте жақсы
|
жақсы
|
Орта
|
Нашар
|
50
|
–
|
16
|
20
|
14
|
Синоним сөзді қолдану
Антоним сөзді қолдану
Көп мағыналы сөзді ажырату
2. №20 ЖББОМ
Омоним сөздерді ажырату
оқушы саны
|
өте жақсы
|
жақсы
|
орта
|
нашар
|
15
|
1
|
8
|
5
|
1
|
Синоним сөзді қолдану
Антоним сөзді қолдану
Көп мағыналы сөзді ажырату
3. №22 ЖББОМ
Омоним сөздерді ажырату
оқушы саны
|
өте жақсы
|
жақсы
|
орта
|
нашар
|
30
|
–
|
11
|
10
|
9
|
Синоним сөзді қолдану
Антоним сөзді қолдану
Көп мағыналы сөзді ажырату
Анықтау экспериментінің нәтижесінде үш мектепте де сөз мағынасын ажыратуда оқушылар өте жақсы нәтиже көрсете алмады. Әсіресе, оқушылар омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді ажырата алмайтыны анықталды. Оқушының сөздік қорында жаңа лингвистикалық терминдердің өте аз екендігі анықтау экспериментінде анықталды. Бұл үш мектеп оқушыларына да қатысты. Үш мектептің оқушылары де сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді аз қолданылатындығы анықтау экспериментінде дәлелденді. Бейнелі сөздерді де оқушылардің сирек қолданатындары белгілі болды. Сондықтан оқыту экспериментінде оқушытің сөздік қорындағы бұл кемшіліктерді жою мақсатында жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ анықтау экспериментінде үш университетте де оқушылардің шешен билер үлгісімен, ғылыми жұмыс түрлерімен таныстығы қанағаттанарлық нәтиже бермеді. Іскерлік ойын, ойбөліс, ойталқыға жаттықпағаны анықталды. Сондықтан ғылыми жұмысымыздың теориялық жайларын негізге алып, шебер де әдеби тілде сөйлеуге үйрету жұмысының, яғни оқушы тілін дамытудың тиімді жолдарын қарастырдық. Оқыту экспериментінде оқушы тілін бірте-бірте дамыту ұстанымы қолданылды. Алдымен сөздік қорды байыту, оны түрлі тіл дамыту жұмыстарымен жалғастыру жүргізілді. Бұл негізгі ұстаным болғанымен, тіл сабағында мәселелерді бірінен бірін мүлдем бөліп тастау мүмкін емес. Мәселен, сөздік қорды байыту мәселесін жүргізуде жеке сөздер жатталмайды. Сөздік қорды байытуға арналған сөз топтарының қайсысы болсын жеке сөз ретінде жаттатылмай, сөйлемде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға оқушы жаттығады. Сөздік қорды байытатын лингвистикалық терминдер болсын, мақал-мәтелдер мен бейнелі сөздер болсын грамматикалық заңдылық бойынша сөйлемде қолданылу арқылы оқушыға меңгертілді. Яғни оқушыке оларды қолдану дағдысы қалыптастырылады. Демек, сөздік қорды байытуға, жаңа сөздерді, терминдерді меңгертуде грамматикада яғни байланысты сөйлеу заңдылықтары да, оқытудың түрлі әдістері де қатысады. Сол арқылы оқушы сөзді де, оны дұрыс қолдана білуге де үйренеді. Омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістері, жаттығулары әдістемеде нақты белгіленгені, әдіс-тәсілдері жүйелі де, дұрыс көрсетілгенін эксперимент нәтижелері дәлелдеді. Оқыту экспериментінде омоним, синоним, антоним аффикстерін оқытуды жүзеге асыратын жұмыс түрлері, оларды жүргізуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің бәрі оң нәтиже берді.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Төменде жоғарыда кестеде келтіріліген статистикалық сандарды өзгерту үшін оқушылармен жұмыс жүргізу барысында пайдалануға болатын тиімді жаттығуларды келтірдім.
Достарыңызбен бөлісу: |