Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы: 6В01707 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/10
Дата01.10.2024
өлшемі218.56 Kb.
#504214
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ернар Қызырбек диплом түзетілген нұсқа

Зерттеу нысаны. Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде Бауыржан Момышұлының көркем-публицистикалық мұрасындағы, демек, әдеби-көркем, ғылыми-зерттеу творчестволық лабораториясындағы кейіпкерлердің портреттік бейнелеулері мен пейзаждық табиғат суреттерінің поэтикасы кеңінен талданып, қарастырылады.
Зерттеу пәні. Бауыржан Момышұлы туындыларының көркемдік ерекшелігі, идеялық мазмұны, еңбек жолы мен шығармашылық дамуы эволюциясына арналған республикалық мерзімді басылымдар бетінде әр кезде жазылған рецензиялық мақалалар оқырмандар назарын аударып отырды. Дегенмен, осы мәселелер жөніндегі ғалым-зерттеушілердің аракідік пікірінен басқа сындарлы ой қорытындылаған жоқ. Сондықтан да Бауыржан Момышұлы сияқты әдеби мұрасы әлі күнге ғылыми маңызын, көркемдік биік деңгейін жоймаған қаһарман батыр, қаламгер, публицист еңбектерінің кезіндегі тарихи маңызын, бүгінгі ғылыми құндылығын жүйелеу, талдау кезек күттірмейтін мәселе екендігін ескере отырып, жазушының, қаламгерлік шеберлігін, сыншылық келбетін, суреткерлік тұлғасын сомдаумен қатар танылу аясын зерделеу, зерттеу шараларын жүргізіп, дәйекті-дәлелді тұжырымдар айту – ғылыми жұмысымыздың пәні болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлы прозасындағы кейіпкерлердің портреттік бейнелеулері мен пейзаждық табиғат суреттерінің поэтикасын зерттеп, жүйелеу – зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Көркем-тарихи жанр сипатындағы жазушы туындыларын талдаудағы осы мақсатты орындауда мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

  • Бауыржан Момышұлының әңгімелеріндегі портреттік бейнелеулер мен пейзаждық суреттеулердің сюжеттік-композициялық желілердегі көркемдік сипатын байыптау;

  • Бауыржан Момышұлының орта және көлемді эпикалық туындыларындағы портреттік бейнелеулер мен пейзаждық суреттеулердің психологиялық-поэтикалық күрделі ерекшеліктерін жүйелеу;

  • Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы портреттік бейнелеулер мен пейзаждық суреттеулердің тілдік, стильдік өрнектерін саралап талдау;

  • Портреттік бейнелеулердің танымал тарихи тұлғалар келбетін, мінез- құлық психологиясын танытудағы эстетикалық-танымдық тағылымын айқындау;

  • Пейзаждық суреттеулердің деректілік негіздегі кейіпкер өмір сүрген, оқиғалар болған географиялық ортаның адам психологиясымен, кейіпкердің философиялық дүниетанымымен байланысын айқындау;

  • Нысанға алынған туындылардағы портрет пен пейзаждың оқиғаның өту уақыты мен кеңістік ерекшелігіне орай пайда болатын өзгешеліктерін анықтау;

  • Портреттік бейнелеулердің танымал тарихи тұлғалар келбетін, мінез- құлық психологиясын танытудағы эстетикалық-танымдық тағылымын айқындау;

  • Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуы үрдісіндегі Бауыржан Момышұлының тарихи-әдеби туындыларының маңызын көрсету, қаламгердің социалистік реализм әдісі арнасында қалып қоймай, өзіндік стилін сақтағанын дәлелдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет