Дипломдық ЖҰмыс білім беру бағдарламасы: 6В01707 Қазақ тілі мен әдебиеті


Дипломдық жұмысты жазудың теориялық негізі және тәжірибелік мәні



бет4/10
Дата01.10.2024
өлшемі218.56 Kb.
#504214
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ернар Қызырбек диплом түзетілген нұсқа

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық негізі және тәжірибелік мәні. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың 60–80-жылдары кезеңін оқытатын орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы негізгі дәрістер кешеніне, семинар сабақтарына қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге, қазақ әдебиетіндегі қаламгерлер шығармашылығы зертханасына арналған әдебиеттанудағы жаңа зерттеулерге де қосымша дереккөз бола алады. ХХ ғасырдың 60–80-жылдарындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған негізгі пәнімен бірге «Бауыржантану» элективті таңдау пәніне арналған көмекші оқу-әдістемелік құралы ретінде қолдануға болады. Зерттеу нәтижелері орта мектеп және орта арнаулы оқу орындарындағы отаншылдық-қаһармандық тәлім-тәрбие және шәкірттер шығармашылық ізденіс жұмыстарына көмекші құрал қызметін атқара алады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері және әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысында деректерді хронологиялық жинақтау, топтастыру, тарихи-генетикалық, жүйелі-құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, мәтіндік саралау, кешенді-жүйелі талдау әдіс-тәсілдер қолданылды. Зерттеу жұмысында талдаудың әдіснамалық негізі ретінде әдебиеттану жалпы филология ғылымдарына ортақ мазмұн мен форма, образ, портрет, пейзаж, тарихи шындық пен көркем шындық, автор және автор бейнесі, эпикалық баяндау, т.б. мәселелеріне арналған іргелі зерттеулер жазған ғалымдар А.Байтұрсыновтың, Е.Ысмайловтың, Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, З.Ахметовтің, А.Нұрқатовтың, М.Дүйсеновтің, Р.Нұрғалидың, М.Мырзахметовтің, З.Серікқалиевтің, С.Қасқабасовтың, Т.Тебегеновтің, Б.Майтановтың, С.Садықовтың, Б.Жақыптың, А.Ісмақованың, К.Матыжановтың және т.б. еңбектері теориялық, әдіснамалық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы. Тарихи-әдеби прозалық шығармаларда сомдаған кейіпкерлері мен олардың қоғамдық-әлеуметтік ортасындағы жанама бейнелердің портреттік бейнелері мен олар қамтылған уақыт пен кеңістіктегі табиғат құбылыстарының пейзаждық суреттеулерінің көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлы прозасы негізінде қарастырылуы – зерттеудің негізгі ғылыми жаңалығы болып табылады. Жазушының туып-өскен ортасындағы, қазақтың ұлттық-этнографиялық әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен біртұтас көрінетін адамдардың кескін-келбеттерімен қатар пейзаждық табиғат суреттері, олардың поэтикалық-психологиялық ерекшеліктері де қаламгердің ұлттық дүниетанымын танытудағы қасиеттерінің ғылыми тұрғыда талдануы да зерттеудің жаңашылдық сипаты ретінде ұсынылады.
Қазақ прозасында соғыс тақырыбындағы деректі көркем шығармалар жазу үрдісін қалыптастырушы Бауыржан Момышұлы туындыларындағы (әңгіме, повесть, роман) портрет пен пейзаж поэтикасын саралаған талдаулар зерттеудің ғылыми жаңашылдық деңгейін танытады. Қазақ прозасында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері образдарының, оларды басқарып жүрген әртүрлі шендегі командирлердің (дивизия, полк, батальон, рота, т.б. бөлімдер командирлерінің) мінез-құлық психологиясын поэтикалық даралау тұрғысында жасаған портреттерінің ерекшеліктері де зерттеудің ғылыми жаңалық деңгейін айқындай түседі. Тақырып нысанындағы Бауыржан Момышұлының прозалық шығармаларындағы және әлем әдебиеті классикалық туындыларындағы портрет пен пейзаж поэтикасына ортақ үндестіктердің талдаулар желісінде қарастырылғаны да зерттеудің ғылыми жаңалық деңгейін толықтыра түседі.

  • Б.Момышұлы шығармаларындағы пейзаж, интерьер мен пейзаж арасындағы байланысқа алғаш рет аталған дипломдық жұмыста жан-жақты, тұтас салыстырмалы зерттеу жасалды;

  • Пейзаж, портрет пен интерьердің шығарманың мазмұнының одан әрі әсерлі, философиялық тұрғыдан күрделендіріп жіберетін қасиетінің бары анықталды;

  • Жұмыста ішкі әдеби синтез портрет-пейзаж, портрет-интерьер, интерьер-пейзаж сияқты түрлердің бірігуінің арқасында пайда болатындығы алғаш рет зерделенді;

  • Зерттеуде Б.Момышұлының «Курляндия майданы» атты романы идеологиялық емес, көркемдік суреттеуге тұтас негізделетіндігі анықталды;

  • Шығармадағы пейзаж, интерьер мен портреттердің стильдік негізі жазушының көркемдік тәсілдерінің арқасында ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет