Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY
______________факультеті
_________________________________ кафедрасы
Студенттің ТАӘ
Тақырыбы
Дипломдық жұмыс
Ғылыми жетекші :
___________________
Студент:
___________________
Қорғауға жіберілді:
«___»______________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________________
Семей, 2022
МAЗМҰНЫ
|
Нормативтік сілтемелер
|
3
| |
Анықтамалар
|
4
| |
Шарттың, белгілердің, символдардың, бірліктердің және терминдердің қысқартулар тізбесі
|
5
| |
Кіріспе
|
6
|
1
|
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
|
10
|
1.1
|
Ойлау процесінің түрлері мен қызметіне сипаттама
|
10
|
1.2
|
Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
|
33
|
1.3
|
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытудың психологиялық маңыздылығы
|
55
|
2
|
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
|
64
|
2.1
|
Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау әдістері
|
64
|
2.2
|
Бастауыш сынып оқушыларында ойлауды дамыту мен қалыптастыру жұмыстары
|
70
|
2.3
|
Зерттеу нәтижелерін жинақтау
|
80
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
84
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі
|
87
|
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Шарттың, белгілердің, символдардың, бірліктердің және терминдердің қысқартулар тізбесі
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойлауды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызметтеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқындап дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту мәселесі қазіргі таңдағы педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде оқушының қоршаған болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі. Қоршаған болмыс құбылыстарының ең бастысын, маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым қорытынды қалыптастыруға жаттығады. Заттармен жұмыс істеудің көптеген тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі басқара бастайды, әрекет жасау ережелерін игереді. Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойының дамуын болжайды.
Ғалымдар қазіргі ақпараттың үздіксіз көтерілуі шарттарында ақыл-ой дамуының ерекше мәнге ие екендігін көрсетеді. Бұл білімнің белгілі бір бөлігін меңгеру ғана емес, солардың ішінен ең маңыздысын таңдау, оларды әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана білу, онда материалды логикалық өңдей білу, онда белгілі бір мәндік байланыстар мен қатынастарды орнатудың маңызды екендігін аңғартады.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тулғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, ақыл ойын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу - мүғалімнің психологиялық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық ойлау дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда ойлау процесі дами түседі.
Осындай кездерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек.
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Жоғарыда аталған мәселелер арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі ойлау іс-әрекетінің қайнар көзі екенін айта келіп, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары» деп таңдап алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |