Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.
Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек, саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұны мен бірге көркемдік ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып табылады.
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;
Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айрықша роль атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.
Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс-жүзінде қолдануға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |