1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі.
Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.) 3.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
- арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
- тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
Негізгі капитал
Материалды
Достарыңызбен бөлісу: |