Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру


Адвокаттық қызметті реттейтің зандар



бет2/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#134362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.2. Адвокаттық қызметті реттейтің зандар

1995-жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы барлық қолданыстағы заңдарды реформалау қажеттігін туғызды, бүған, атап айтқанда, 1997-жылға 5- желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының қабылдануын дәлел ретінде тілге тиек етуге болады.

Адвокатура жағдайы мен адвокаттың қүқықтык мәртебесінің әртүрлі мемлекеттерде бірдей еместігі белгілі. Бүл тек қоғамда, елде және заңнамада қаңдай қүкықтық режим және түлғалардың жағдайы, олардың күкықтары мен бостандықтарының кандай. күйде екендігіне ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің күқықтық жүйесі мен үлттық дәстүрлерге және оның экономикасына да байланысты.

Адвокатура туралы заңнамада болған өзгерістер адвокатура қызметін жетілдіру мәселелеріне байланысты казіргі жағдайдаға адвокатура кызметіне өзге көзкарасға талап етті; нактырақ айтқанда: адвокаттың сот ісіне катысуы кезінде туындаған мәселелерді толық және жан-жақты зерттеу; ҚР заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер еңгізу бойынша даярлық; заң көмегінің төлемі мен республикалык бюджет қаражаты есебінен қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу және т.б.

Қазіргі уақытта адвокатура қызметін тәртіптейтін негізгі заң жоғарыда аталған арнайы заң болып табылады, онда адвокаттақ қызметтің тәртібі мен мазмүнын және осылардан туындайтын қүқык катынастарды реттейтін қүқықтық нормалар біріктіріліп жүйеленген.

Бүл заң ҚР Конституциясы мен қүқықтық реформалардың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қабылданды. Онда Конституция негізінде қабылданған нормативтік қүкықтык актілердің ережелері; бүның алдында жинақтылған практиқалык тәжірибе; жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері ескерілді. Адвокатура қызметінің негігі бағыттары:

♦ жеке адамның өз қүқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасы конституциясымен баянды етілген қүқығын жүзуге асыруға жәрдемдесу;

♦ қылмыстық істер бойынша қорғауды, азаматық, әкімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру;

♦ заңдарда тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету. Осыған сәйкес адвокатура қызметі:

1) адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;

2) адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және қүралдармен жүзеге асыру;

3) заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге үйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

4) кәсіби мінез-қүлық нормаларын және адвокаттық қүпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Алғаш рет нақты "адвокат" түсінігі беріледі, бүрын қолданылған адвокатура туралы Ереже мен ҚазақССР ҚЖК-да "қорғаушы" терминіне қоғамдық, сондай-ақ кәсіби қорғаушылар катар телінді.

Енгізілді және карастырылды:

♦ адвокаттың кәсіби мінез-қүлқының нормалары (16 бап);

♦ адвокаттық қызметтің кепілдіктері (бүрын қолданылған Ережеде тек адвокаттың қүкықтары мен міндеттері ғана карастырылды, ал адвокатқа берілген қүқықтарды қамтамасыз ету механизмі (тегерішгі) болған жоқ, енді 17-бапқа сәйкес бірқатар кепілдіктер карастырылды: мысалы, 2-тармақта адвокатта ол заң көмегін көрсетіп отырған адаммен тендестіруге тыйым салынады, бүрынғы қылмыстық сот ісінде тергеушілер адвокатқа көп жағдайда ол корғайтын адаммен бір қарады, ал 8-тармақ анықтау және алдын ала органдарын қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда адвокатпен келісілген мерзімде тергеу және өзге іс жүргізу әрекеттеріне оның қатысуы қажеттігі туралы хабарлауға міндеттейді, бүл болжанған тергеу әрекеттерін жүргізу туралы адвокаттқа кейде тіғаі оның бастардан бір сағат бүрын ғана хабарлайтын жағымсыз практиканы тоқтатты, оның нәтижесінде нақты іс бойынша қорғау және т.б. формалды түрде болатын) адвокаттың тек кана өзі үшін ғана емес, сондай-ақ адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін алған клиент үшін де;

♦ адвокаттық қүпия (18 бап);

♦ адвокаттаң өз қызметін заңды түлғаны тіркемей-ақ жеке дара жүзеге асыруы (19 бап) және т.б.

Заң мазмүнын күрайтын бүкіл нормативтік материал 4- тарау мен 34-бапқа (баптар, өз кезегінде, тараудан, тармақ пен тармақшадан түрады, бүл нормативтік қүкықтық актінің қүрылымына сәйкес келеді) мына ретпен жүйеленген:

♦ жалпы ережелер;

♦ адвокаттаң мәртебесі;

♦ адвокаттық кызметті үйымдастыру;

♦ қорытынды және өтпелі ережелер.

Алайда қолданыстағы Заң өзінің бүкіл маңыздылығына қарамастан әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Ол тек ұйымдық мәселелерге ғана емес, сондай-ақ жалпы заңдық базаның жетілмеуімен де байланысты, атап айтқанда, адвокаттың анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарымен өзара қатынас тәртібін дәлме-дәл және анық құқықтық реттелуі жоқ. Халықаралық ынымақтастық саласында ҚР Адвокаттары одағының құқықтық мәртебесі мен жағдайы анықталмаған және т.б.

Осылайша, заңда заң көмегінің түрлері саналмаса да "адвокатура" және "заң көмегі" терминдерінің анықтамасы жоқ. "Адвокаттар алқасының" да дәл үғыны берілмеген.

9-бапқа сәйкес адвокаттық қызметпен пгүғылданғысы келгендер аттестациялық комиссияға біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін және оның үсынысымен Қазақстан республикасының Әділет министрлігі лицензия береді, онда аталған түлғаға адвокаттық қызметпен шүғылдану қүқығы үшін рүқсат етеді Алайда адвокаттақ бірлестік қызметінің негізгі принципін Заң "тәуелсіздік" деп атады. Бүдан осы қүкык, институты дербес немесе мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге (оның үстіне осындай практықа болған) 1991-жылғы 28-маусындағы Заңмен адвокатураға үміткерлерді қабылдауды, адвокаттық қызметпен шүғалдану қүқығына үмтікер түлғаларды аттестациялауды қамтамасыз ету мақсатында халық депутатары Кеңестерінің облыстық атқару комитеттері (оның ішінде Алматы қаласы) әділет басқармалары жанынан біліктілік комиссиялары қүрылды, олардың күрамына адвокаттардың кемінде елу пайызы, заң ғылымының өкілдері және тәжірибелі заңгер-практиктер кірді) адвокаттық қызметпен шүғылдану қүқығына үміткерлерді аттестациялауға тиіс болды.

Мемлекетгің адвокатура мен адвокатура қызметінің қалыпты жүмыс істеуіне және дамуына толық көлемде қажетті жағдай жасамағандығын атап көрсеткен жөн. Азап айтқанда, соңғы уакытта адвокаттык қызметпен шүғылданғысы келген түлғалар санының кысқару бағыш байқалуда. Егер 1996-жылы алқа мүшелері 3000-нан асса, кәзіргі кезде барлығы 2475 адвокаттан түрады. Орта есеппен Қазакстанның ересек халқының 4000 адамына 1 адвокат қана тиесілі, адвокаттардың 40%-тен астамы 50 жастан асқандар. 64 селолық ауданның әр қайсысына бір адвокаттан болса, 49 ауданда адвокат мүлдем жок. Кәсіби қорғаушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ мемлекеттік лицензияны беру тәртібінің жетілмеуіне байланысты, соңғы төрт жылда 600-ден астам адам біліктілік емтиханын сәтті тапсырып лицензия алды, алайда олар бүдан әрі адвокаттық қызметпен айналысқысы келмеді Соның нәтижесінде 2000-жылы 9-адам ғана адвокаттар алкасының мүшесі болды.

Сөйтіп, іс жүзінде азаматтардың білікті заң көмегін алудағы күкығының конституциялық принципі камтамасыз етілмейді.

Адвокаттар санының төмендеуі сонымен қатар азаматтар мен заңды түлғаларға қызмет көрсетуге байланысты нарыкта адвокаттық қызметке қатысы жоқ заң қызметі түрлерінің пайда болуымен түсіндірледі. Ақылы заңи көмек көрсету қүкығының лицензиясы, әдеттегідей, формалды - білктілік емтихандарын тапсырусыз беріледі.



18

Жеке тұлғалар адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң көмегін көрсету үшін лицензия алуға төмендетілер болған жағдайда өтініш жасауға құқылы:

- жоғары заң білімі туралы Қазақстан Республикасы білім мекемесінің дипломы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында не қатысушысы Қазақстан болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіп пен жағдайларда Қазақстан Республикасында мойындалатын жоғары заң білімі туралы шетел мемлекеті білім мекемесінің дипломы. Бұл жағдайда жоғары заң білімі туралы шетел мемлекеті білім мекемесінің дипломы бар адам диплом берген мемлекеттің заңнамасы бойынша консультация түрінде ақылы заң көмегін көрсетуге құқылы;

- Қазақстан Республикасының аумағында кемінде екі жыл заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі;

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат.

Осындай кызмет көрсететін түлғалардың (100-ден астам жеке түлға және 300-ден астам фирма) адвокаттардан жаяғыз айырмашылығы тек олардың қылмыстық сот ісіне қатису қүқығы жоқ. Алайда практикада судьялар мен сот отырысының хатшылары лицензияларды мазмүны мен сыртқы түрін ажырата алмай, оларды қылмыстық процестегі қорғаушы қүкығымен жібере салады, ал бүған мүлдем жол беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін кәсіби қорғау қүқығымен қамтамасыз ету прініңипін баянды етті. "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 4-бабы қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүргізетіндігін ерекше атап көрсетеді.

Процестерді жүргізуші органдардың тағайындау бойынша адвокаттар көрсететін заң көмегі төлемінің көлемі "Адвокаттық қызмет туралы" Заңмен белгіленгендігі баршамызға аян. Сондықтан да осы мәселені басқаша тәртіптейтін Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға 26-тамыздағы N1247 қаулысы осы Заңға сәйкес келмейді.

"Адвокаттық қызмет туралы" Заңдың 5-бабы 3-тармағындағы және ҚР ҚЖК 71, 72-баптарындағы тәртіппен қылмыстык сот ісіне адвокаттардың қатысу төлемі бойынша мемлекет карызы да үлкен мәселе болып отыр. Осылайдға, республикалық бюджет қаражаты тапшылығынан адвокаттар көрсететін заң көмегін төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу толық көлемде жүргізілмейді Осы мәселеге ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезі айрықша назар аударды. Адвокаттар одағының тексеру комиссиясының төрағасы Рашид Махмутовтың есебінде тек 1998-жылдың өзінде ғана республикалық бюджет адвокаттарға 83837214 тенге, ал 1999-жылдың тоғыз айында тағы да 48 млн. тенгенің қосылғандығы атап өтілді. Ал казіргі уақшта бүл қарыздар, кейбір облыстарды қоспағанда, негізінен төленгендігін атап айту қажет.

Сондықтан да, 1998-жылдан бастап адвокатты тергеу немесе аныктау я болмаса сот тағайындайтын барлық қылмыстық істер бойынша заң көмегі іс жүзінде тегін көрсетіледі Қаражаттың болмауы адвокаттардың кейбір

аймақтарында тергеу мен сотқа қатысудан бас тартуына желеу болды, атап айтқанда Алматы қаласы, Онтүстік Қазақстан, Ақтобе және баска облыстар адвокаттар алқасы адвокаттардың тек тұлғалардың жекелеген саннаттарының істері бойынша ғана қатысуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақьпта, кейбір өңірлерді қоспағанда, бұл карыздардың негізшен төленгендігін атап өту қажет (адвокаттар алқасының мәліметі бойынша 2003-жылға 1-қақтардаға қарыз көлемі 40 миллион теңге шамасында).

Сондай-ақ, адвокаттың сотқа және алдын ала тергеу сатысына міндетті түрде қатысқандығы үшін еңбегінің тәртібі мен көлемі де жетілдіруді қажет етеді. Бүл үшін "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 5-бабына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу керек, өйткені қазір төлем сағат саны мен соңғы екі айдағы орташа жалақы есептемесі бойынша жүргізіледі.

Осы міндетті шешу жолдарының бірі мемлекет есебінен түрмысы нашарларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокат қызметіл қаржыландыратын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

1999-ж 26-тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері" N1247 Қаулысымен түрақты және жеткілікті жалақысы жоқ түрмысы нашар азаматтар білікті заң көмегіне мүқтаж болған кезде ҚР ҚІЖК 71 және АЖІК 114-баптарындағы тәртіппен анықталған адамдар санаты мүддесін қорғау жөніндегі адвокаттар кызметін республикалық бюджеттен қаржыландыру карастарылды. Олар, әдеттегідей, кәмелетке толмағандар, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы және жүкті әйелдер, жүмыссыздар мен өзге де түрмысы нашар азаматтар. [14, 95 б]

Көрсетілген норманы қолдану практикасына министрлік жүргізген талдау халықтаң көпшілігінің төлем қабілетінің жоктығына байланысты бір сағат тіліндегі адвокаттың орташа жалакысы 28-50 теңгені күрайтындығын көрсетті. Көрсетілген себеп бойынша бір қылмыстық іс бойынша толем орташа алғанда 200 теңгеге де л<еткен жоқ, ал кейбір жағдайда бүдан анағүрлым томен болып шыкты. Қаулыда кезек күттірмейтін жағдайларда түнгі уакытта, қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзім аякталатын мереке және жексенбі күндері тергеуші немесе анықтаушы жүргізген сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға адвокаттардың катысу төлемі де тәртіптелмеген.

Қалыптасқан жағдай соттар мен алдын ала тергеу лоне анықтау органдарының айыпталушылардың қорғану туралы консттуциялық қүқығын, сондай-ақ азаматтардың тетін заң көмегін алу қүқығын қамтамасыз етуге теріс эсер етті.

Аталған мәселені шешу және түрмысы нашарларға заң көмегін корсету жөніндегі адвокаттар қызметін ынталандыру мақсатында ҚР укіметінің 2001-жылға 24-желтоқсанда республикалық қаражат есебінен адвокаттар жалакысының колданыстағы жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қарастыратын N1683 қаулысы қабылданды.

Қаулыда ҚР ҚІЖК 72 және ҚР АІЖК 114-баптарында анықталғандармен катар, ҚР АІЖК 304 және "Әкімшілік қүқык бүзушылыктар туралы" ҚР

Кодексі 590-баптарында анықталған адамдардың мүдделерін қорғау жөніндегі адвокаттар қызметін республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылды. Көрсетілген жаңа Қаулыда айлық жалақының ең төмеңгі көлемінің 1/21 есептемесімен анықталатын адвокат жұмысының әрбір сағаты үшін төлемнің кепілді ең төмеңгі көлемі белгіленді (2003 жылы ЕТЖ 5000 теңге). Бұл жағдайда төлем көлемі соңғы екі айдағы адвокаттың орташа жалақысынан кем болмауға тиіс.

Қолданыстағы заңнамада белгіленген айлық жалақының еселік мөлшерін ескере отырып ең төмеңгі көлемді енгізу адвокаттың өз еңбегі үшін ең төмеңгі төлем алуына кепіл болып табылады.

Қаулымен, сондай-ақ Тәртіпке мынадай өзгеріс еңгізілді: сезіктіге (айыпталушыға) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында белгіленген мерзім аяқталатын кезек күттірмейтін жағдайлардағы түнгі уақыттағы тергеуші нехмесе анықтаушы жүргізген жауап алуға адвокат қатысқан әрбір сағат үшін кемінде бір жарым есе, ал жексенбі және мереке күндері екі есе төленеді.

Жоғары аталған Қаулыны жүзеге асыру барысында азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына адвокаттар көрсететін заң көмегімен қатар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде түлғаларды қорғауды қамтамасыз ету деңгейі де айтарлықтай көтерілді.

Жалпы, Заң мен заңнама адвокаттар өз қызметінде тап болатын мәселелерді толық шешкен жоқ. Атап айтқанда, ҚР ҚЖК 74-бабы 2-тармакніасында және 14 бабы 3-тармағы 5- тармақшасында көзделген (іске жіберліген сәттен бастап өзі корғайтын түлғамен олардың санын, уақытын шектеусіз және қүпиялылықтың, сақталу жағдайында оңаша кездесуі) адвокат қүқықтары қылмыстық процесті жүргізуші жекелеген түлғалар тарабынан үдайы бүзылуда, осы қызметкерлер заңнама талаптарын елемей, кейде қасакана және қисынсыз себептер бойынша адвокаттың өзі қорғайтын адаммен кездесуіне кедергі жасайды. 1999-жылғы 30-наурыздағы Қазакстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Заңының 17-бабы осы ережені орнықтырып, оны айтарлықтай кеңейті. Онда "қорғаушы ретінде іске катысушы адвокатқа оның адвокатураға қатыстылығын айғақтайтын күжатты және осы іске адвокаттың қатысу қүқығы үшін заң консультациясы берген ордерді немесе маңызы бойынша оған теңестірілген қүжатты көрсетуі бойынша жолығуға жіберетіндігі» анық айтылған, алайда, өкінішке орай, арнайы мекеме қызметкерлері үшін бірден бір күжат тергеуші немесе судьяның рүксаты ғана болып табылады. Кедергінің басқа бір түрі "бір жолға" рүқсат дейтін бойынша адвокатқа өзі қорғайтын адамға жолықтыру практикасы болып отыр. Әрбір кездесу мен өзінің кәсіби міндетін орындау үшін адвокаттар осындай "бір жолғы" рүқсатты тергеуші немесе судьядан жалынып алуға мәжбүр. Оны тергеу оқшалауғышының қызметкері адвокат шыққан бойда алып калады, ал оны екінші рет жолығу үшін алу өте киын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта адвокаттар қызметіндегі осы кедергілердің негізінен жойылғандығын атап еткен жөн, алайда кейбір жекелеген жағдайлар әлі де орын алып отыр.



21

Қылмыстық сот ісіндегі адвокаттың рөлі мен маңызын түсінбеушіліктің кұқық қорғау органдары басшылығы тарабынан да кездесетіндігін айта кеткен абзал. Бұл ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезінің жүмысы барысында баса айтылды (1999 жыл 30 қазаң). Съезд Үндеуінде жазбаша шақыруды өз уақытында алғанына қарамастан Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, ІІМ, Салық полициясы және ҮКҚ жоғары лауазымды тұлғаларының ешқайсысының осы съезд жұмысына және тек адвокаттарды емес, сондай-ақ бүкіл коғахмды аландатып отырған мәселелерді талқылауға катыспағандығы атап өтілді.

Адвокаттардың, олар қорғайтын түлғалар қүқығының үдайы бүзылуы, жоғарыда аталған органдардың пайдалы пікірсайысына қатысу ниетінің жоқтығы, бірқатар өзге шешілмеген мәселелер Қазақстанның жоғары қүндылықтары адам, оның өмірі, күқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық және қүқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді Бүл қүқықтық немқүрайлылық пен азаматтардың мемлекеттің өзі жариялаған принциптерін жүзеге асыру қабілетіне сенбеуін туғызады, азаматтардың қорғану және білікті заң көмегін алудағы конституциялык қүкыктарын кемсітушілікке алып келеді.

Нарықтық экономиканың дахмуы, қүқық жүйесін реформалау, жаңа нормативтік актілерді қабылдау және басқа да көптеген жайттар заңдарды терең білу мен оның дүрыс қолдануды талап етті. Осының бәрі адвокатураның алдына жаңа міндеттер мен мәселелерді қойды. Әңгіме бүл жерде әр турлі қызмет салалары бойынша адвокаттарды бүдан әрі- мамандандыру туралы болып отыр. Оның үстіне, қазір адвокаттар алқасында тиісті мамандар баршылық. "Мысалы, Батыста "жәй ғана адвокат" дегенді түсінбейді. Оларда ал<ырасу, ауыр дене жарақатын салу туралы істерге маманданған адвокаттар бар, кеңестік қызметтерді көрсететін адвокат, салық және кеден мәселелері, корпоративктік қүкық, бизнесті заңмен қамсыздандыру жөніндегі адвокаттар бар".

Адвокаттар қызметін мамандандырудан туралы мәселе, өкінішке орай, қолданыстағы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда орын таппаған, ал бүл мәселе оны күнделікті практикаға еңгізу мақсатында адвокаттар аяқасында талай рет койылып талкыланған. Ақиқатында адвокаттарды мамандандыру пропесінің қазір жүріп жатқандығын айта кеткен жөн, алайда заң көмегінің дербес түрі ретінде тамырын тереңге жайған жоқ.

Сонымен, адвокатуранның даму деңгейі - бүл адам мен азаматтың қүкықтарын және бостандықтарын заңмен камсыздандырудың накты өлшемі Заңнама қүр сөз болып қалмай, адвокатураның тәуелсіздігі мен үлкен абыройына кепілдік беруге, оның кызметіне, заң актілерінде тікелей көзделген л<ағдайларды коспағанда, прокуратура, сот, аныктау және алдын ала тергеу органдары, баска мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, өзге үйымдар мен лауазымды түлғалар тарапынан араласушылыққа жол бермеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының "Адвокаттық кызмет туралы" Заңы азаматтар мен заңды түлғалардың қүкықтарын, бостандықтарын және заңды

мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру мақсатында заң көмегін көрсету кепілдігі болып табылады.



23

2 ТАРАУ. АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЪЩ МҮШЕЛЕРШЩ ҚҰҚЫҚТЫҚ

МӘРТЕБЕСІ

2.1. Қазақстан Республикасындағы адвокат

Адам мен азаматтың қүқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға қүқығының бар екендігі -тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.

Қазірге уақытта Қазакстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған қүқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдык-күкықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандык заңнамада адвокатура ешбір жерде қүқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде қүқық корғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, күқық қорғау қызметі ретінде біз азаматтар мен үйымдардың қүқыған қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес заңдық эсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.

Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу қүқыған қамтамасыз етуге тиісті қүкык қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі Адвокатураның негізгі үйымдық-қүқықтық нысаны - адвокаттар алқасы -білікті заңгерлердің кәсіби үйымы. Оның міндеті жеке және заңды түлғаларға заң көмегін көрсету, қүқықтар мен заңды мүлделерді, закаылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ зандарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың қүқықтық және әлеуметтік корғалуын камтамасыз етуге көмектеседі.

Жеке адамның қүқығын қандай да бір қол сүғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты тимді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның күқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.

Әрбір азамат заңға кайшы емес барлық әдістермен, соның ішінде адвокатқа - заңгерлік білімі және азаматтар мен үйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну күқығын пайдалана отыра, сотта өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға қүқылы.

it

Адам мен азаматтың қүқығы мен еркіндігін түбегейлі жүзеге асыру олар істі қисынды және жете біле отырып қорғалған жағдайда ғана ықтамал. Мүндай қорғауды екінің бірі жүргізе алмайды. Бүл жағдайда заңдарды жақсы білумен қатар нормативтік қүқықтық актілердің қолданылу практиқасын білу, қүқық қорғау органдарында іс жүргізу тәжрибесі талап етіледі Басқаша айтқанда, тиімді көмекті көрсету үшін білікті маман қажет. Азаматтар әдетте заңнаманың негізгі қағидаларын біледі, ал субъектілік қүқықтарды қорғау үшін терең білім мен зандарды қолдану тәртібін білу талап етіледі. Бүл үшін адвокаттардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Адвокат - ол өзінің заңи білімі мен практиқалық тәжірибесін заң көмегін көрсету кезінде пайдаланатын біліктілігі жоғары кәсіпқой.

Білікті заң көмегін алу қүқығын коноституциялық цринцип деңгейіне көтеру аса маңызды мән-жайдан туындайды. Өйткені, түлғаны заң көмегін алу қүқығынан айыру кемсітушілікке, айтарлықтай шектеуге, ал кейде азамат пен қоғамды орны толмас залалға алып келеді. Конституцияның Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күнгі мен тікелей пәрмені болғандықтан заң көмегін алу қүқығын қосымша баянды ету міндетті емес (қолданыстағы кодифицияланған актілерде бүл қүкык көрсетілген): кез келген мемлекеттік орган, лауазымды түлғалар, адвокаттардың өздері және азаматтар осы конституциялық нормадан туындайтын міндеттер мен өкілеттіктер туралы біледі

Қазіргі қоғамда адвокатура институтының тиімді жүмыс істеуі заңдылықты сақтау мен жеке адамның күқығын қорғауға ықпал етеді. Сондықтан адвокат қызметі нақты азаматттың немесе үйымның мүлдесіне де, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның жария-қүқықтық мүлдесіне сай келеді. Бүны соңға уақытта көпшілік сезінді және адвокатураға қоғамдағы көзқарас баяу болса да өзгеріп келеді. Адвокат мамандығының беделі өсіп келеді.

Адвокаттар алқасы заң көмегін көрсететін негізгі орган, алайда бірден бір орган емес. Қүқықтық жүйеде азаматтарға заң көмегін көптеген үйымдар мен түлғалар (заң фирмалары, заң кеңесшілері, қүқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілер, ақылы заң көмегін көрсету үшін лицензиясы бар жеке түлғалар және т.б.) маңызды рөл атқарады. Мысалы, заң фирмаларының қызметі азаматтар мен үйымдарға адвокаттық кызметпен байланысты емес ақылы кызметтер көрсету жолымен тиісті лицензия негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері кәсіподақ кеңестерінің заң консультациясы көрсететін көмекті тегін пайдалана алады. Азаматтар белгілі бір заң көмегін өздері жүмыс істейтін үйымдардың, оның ішінде меншік нысаны әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердін заң кенесішлерінен алады. Кәсіподақ кеңесшілері заң көмегін көбінесе кеңес беру және еңбек заңнамасы бойынша күжаттарды толтыру жолымен көрсетеді. Бүл жағдайда заң кеңесшісінің жүмысы, ең алдымен, өз үйымы мен оның мүшелеріне көмек көрсету түрінде жүргізіледі, ал кез келтен азамат немесс үйым олардан толық көмек ала алмайды [2, 25 б]. Сондыктан адвокаттардың заң көмегінің маңызы мен пәрменінің орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет