Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру»


Қонақүй шаруашылығына қарасты мәліметтерді жинау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы



бет3/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#148366
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

1.7 Қонақүй шаруашылығына қарасты мәліметтерді жинау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы
Сапалы тәсілдерге бақылау, фокус-топтар, сауалнама, хаттама талдауы, проекциялық және физиологиялық өлшеулерді, ал сандық тәсілдерге түрлі сұрауларды жатқызуға болады. Маркетингілік зерттеулердің үш тәсілін қарастырайық - бақылау, эксперимент, сұрау.

Бақылау – зерттеуші белгілі бір адамдар мен жағдайларды тікелей бақылаған кезде алғашқы ақпаратты жинау тәсілдерінің бірі.

Мәліметті жинау тәсілдерінің басқа түрі – эксперимент. Мәлімет жинаудың бұл тәсілін себеп-салдарлы байланыстарды айқындауда пайдалануға болады.

Бақылау әдісі көбіне іздеу зерттеулерінде тиімді де, ал сұрау, алғашқы мәліметті жинау тәсілдерінің ең қиын тәсілі ретінде, сипаттама зерттеулерді жүргізуде тиімді. Сұрау тәсілі әдетте клиенттердің көрсетілетін қызмет сапасы мен ассортиментіне байланысты талғамдарын анықтау үшін пайдаланылады. Бұл фирмаға маркетингілік ықпал жасау таңдауында шешім қабылдауға көмектеседі.

Сұрау, бақылау және эксперимент жұмыстарын өтім жөніндегі агенттер немесе аталған істерді өзінің басты жұмысымен қатар орындай алатын, ия болмаса арнайы бөлінген уақытта айналыса алатын фирманың басқа қызметкерлері өткізе алады.

Мәселен, қонақ үйдің басты мақсаты іскер саяхатшыларды мүмкіндігінше көбірек тарту болып табылады. Мұнда, ең алдымен, іскер саяхатшылардың тұруына тапсырысты кімдердің жасайтыны анықталады. Осы мақсатта сұрау жұмысы өткізіледі.

Төменде түрлі қонақ үйлердің тұрақты клиенттерінің алдын ала тапсырыс жасау дерекнамасы бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері берілген:

- өз бетімен 51%

- хатшы немесе көмекші арқылы 30%

- коммерциялық саяхат агенттігі 15%

- жеке саяхат агенттігі 3%

- басқалар 1%

Сөйтіп, осындай сұрау жұмыстарының қорытындысын пайдалана отырып, қонақ үйдің маркетинг бөлімінің менеджері клиенттерді тарту мақсатында қандай да бір нақты шараларды жоспарлап, өткізе алады.

Сонымен қатар, зерттеулердің басқа да құралдары бар.

Алғашқы мәліметтерді жинау кезінде түрлі сауалнамалар мен механикалық құрылғыларды пайдалануға болады. Сауалнама – алғашқы мәліметтерді жинауда ең таралған тәсіл болып табылады. Кеңірек мағынада алсақ, сауалнама деп сұралынушы жауап беруге тиісті бірнеше сұрақтар қатарын атауға болады. Сауалнама мұқият құрастыру, байқау және қолданбастан бұрын қателіктерді жою шараларын талап етеді. Сауалнаманы құрастыру кезінде дайындалған сұрақтарға, олардың қойылуы мен бірізділігіне аса назар аудару керек. Олардың қатарына жауап талап етпейтін немесе оған жауап бергісі келмейтін сұрақтарды қоспаған жөн. Маркетинг зерттеушілері сұрақтардың екі түрін ажыратады: жабық және ашық. Жабық сұрақ мүмкін жауаптардың барлық нұсқаларын қамтиды, сол себепті, сұралынушы олардың ішінен біреуін таңдай алады. Ашық сұраққа өз сөзімен жауап беру керек. Ашық сұрақтар көбірек ақпарат береді, себебі сұралынушы жауаптың бір түрімен шектелінбейді, мұндай сұрақтар зерттеудің іздеу сатысында өте пайдалы. Ал жабық сұрақтарға берілген жауаптарды өзінше түсіндіруге және кестеға кіргізуге оңай болады.

Сұрақтардың қойылуы жеңіл, екі ұшты емес және жауапқа ықпал етпейтін болуы тиіс. Бірінші қойылған сұрақтар сұралынушыны мүмкіндігінше қызықтыруы қажет. Қиын немесе жеке сұрақтарды соңына қойған дұрыс.

Сауалнамадан басқа түрлі механикалық құрылғылар, мысалы, қандай түстің көзбен жақсырақ қабылданатындығын анықтайтын құрылғы немесе барлық теледидарлардың қосылуы мен сөндірілуін және арналардың нөмірлерін көрсететін құрылғы.

«Риджент Алматы» қонақ үйінің мысалында қонақ үй қызмет сапасының деңгейін талдауда осы сауалнамалық тәсіл мақсатты топтың талғамдарын неғұрлым толық зерттелеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көпшілікпен байланыс жасаудың түрлі тәсілдері бар, атап айтқанда: телефонмен сұхбат, пошта арқылы таратылатын сауалнамалар, жеке сұхбат, топтық сұхбат. Мекемедегі қызмет көрсетудің деңгейі жөнінде мәлімет жинауда түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың құрамына, мысалы, кейінгі салыстыру үшін тексеру сатып алулар, жасырын сатып алулар, шағымдар мен ұсыныстарды талдау, қызмет аудитінің командалары және т.б. Қонақ үй бизнесіне тән тәсілдердің қатарында зерттеліп жатқан мәселелерде білікті болатын адамдар-сарапшылар командасына жүгінуді талап ететін сарапшылар бағалауы тәсілін қарастыруға болады. Мұндай тәсілді жүргізу барысында, таңдап алынған, сенімді сарапшылар сұрау қағазын толтырады. Айта кету керек, қонақ үй қызметі сапасының деңгейін анықтау үшін сарапшыларға жүгіну шетел қонақ үй бизнесіне қалыпты үлгі болып табылады. Мысалы, халықаралық қонақ үй корпорацияларында қолдарына тексеру қағаздарын алып, қонақ үйлерді өзінің кәсіпқой көзқарасымен бағалайтын «сапа бақылаушысы» деп аталатын кәсіпқойлар жұмыс істейді. Дегенмен, бақылаушылардың болуы қонақ үй жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болады. Оған мынадай себептерді жатқызуға болады:


  • «қонақ үй қызметінің сапасы» деген ұғымды тек қонақ үй шаруашылығы маманының көзқарасымен анықтау мүмкін емес. Оған клиент көзімен қарау қажет;

  • тек сапа үлгілерін тұрақты, біртіндеп ұстану ғана іс жүзінде оның деңгейінің жоғарылау немесе төмендеу тенденциясын шектей алады;

  • «сапа бақылаушыларының» жүйесі бойынша мәселенің болу мүмкіндігі мен оны жоюға дейінгі жол ұзақ та, тиімсіз болып келеді.

Талдаудың барлық мүмкін тәсілдерінің жиынтығынан зор келешегі барларының қатарында баллдық тәсілді атауға болады. Оны тек талдау үшін ғана емес, сонымен қатар жоспарлау мен болжау мақсатында да қолдануға болады. Бұл тәсіл субъективті пікірлердің жиынтығын объективтендіруге мүмкіндік береді.

Баллдық тәсілдің жалпы методологиясын тәптіштелген нұсқада былай деп көрсетуге болады:



  • сараптық талдауды өткізудің мақсаттарын қалыптастыру;

  • талдаудың өткізілуін қамтамасыз ететін мамандар тобын анықдау;

  • сараптық талдауды өткізуді қамтамасыз етіп, дайындау;

  • талдауға қатысатын сарапшылар тобын қалыптастыру;

  • сұрақтарды құрастырып, сауалнаманы дайындау;

  • сұрақ-сауал жүргізу.

Аудиториямен байланысу тәсілін таңдау зерттеу мәселелері мен мақсаттарына байланысты болады. Бұл тәсілдердің барлығы да өзінше жақсы.

Маркетингілік зерттеудің келесі сатысы болып жиналған ақпараттан неғұрлым маңызды мәліметтер мен нәтижелерін шығару болып табылады. Бұл жиналған мәліметтер кестеларға салынып, статистикалық әдістемелердің көмегімен өңделеді.

Зерттеуші өзінің дайындаған маркетингілік зерттеу жұмысының нәтижелерінің барынша дәл, белгісіз жайттардың неғұрлым аз болуына тырысуы керек. Бұл нәтижелер маркетинг жөніндегі басқарушыларға неғұрлым салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді

Мысалы, бірнеше тәуелсіз зерттеулердің нәтижелері қонақ үй менеджерлеріне тұрақты іскер саяхатшылар үшін көрсетілетін қызмет түрлерін дайындауда септігін тигізеді. Мынадай нәтижелер алынды:

- мейрамхананың болуы - 32%

- қызмет көрсету сапасының деңгейі - 22%

- бөлме жиһаздануы - 10%

- қонақ контингенті - 11%

- демалуға арналған тренажер мен жабдықтың болуы- 12%

- алдыңғы тәжірибе - 10%

- қауіпсіздік - 3%

Сөйтіп, іскер саяхатшылар – клиенттер санын көбейтіп, оларды сақтап қалуды көздеген компания, нақты жағдайда қонақ үй, осы зерттеу жұмысының мәліметтерін пайдалана отырып, іскер саяхатшылар көбіне көңіл бөлетін, қызмет сапасын жақсартып, қызмет көлемін ұлғайта алады.

Бұл жерде тек маркетингілік зерттеуді жүргізіп қана қоюдың емес, сонымен қатар, оның нәтижелерінің де маңыздылығы айдан анық. Демек, өткізілетін маркетингілік зерттеу мен оның нәтижелерін салыстыру қажет.


    1. ҚР-ғы ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУ.

ҮЛГІ РЕТІНДЕ «РИДЖЕНТ АЛМАТЫ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ

КӘСІПТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері
Қазақстанда қонақ үйдің даму ерекшелігіне тоқталатын болсақ, 2001жылы ірі қонақ үй өкілдерінің шешімдерімен «Қонақ үй және мейрамхананың Қазақстандық Қауымдастығы» (КАГиР) бірлестігі құрылды. Ол өз кезегінде маңызды сауалдар тізімін құрайды: жаңа технологиялармен қонақ үй бизнесінқамтамасыз ету, халықаралық ұйымдарға кіру, қызмет маркетингін жүргізу және тағы басқа. Қазақстанда әр түрлі категориялы 372 қонақ үй жұмысын жасайды, олардың біруақыттық сыйымдылығы – 32876 орын. Мәселен, Алматы қаласында шетел азаматтары «Алатау», «Қазақстан», «Достық», «Astana International Hotel», «Kumbel», «The Regent Almaty», «Hayat Regency Almaty», «Ambassador» сияқты қонақ үйлердің қызметтерін пайдаланады. Өйткені, олар үшін қызмет көрсетудің толық жиналымы ауадай қажет.

Қонақ үй түрін, оның негізгі функционалдық белгіленуі, территориясына деген талаптар, қызметтер көлемі, нақты қонақ үй кешенінің мақсатты шарттарын анықтайтын саяхат мақсаты маңызды фактор болып саналады. Осыған орай мақсатты нарықты, яғни қонақ үйдің әлеуетті қонақтары ретіндегі нақты адамдар категориясына қызмет көрсету бойынша қонақ үйлер бірнеше түрлерге бөлінеді:



  1. Туристтердің кәсіби ісінің негізгі мотиві мен мақсаты (коммерция, бизнес, кездесу, жиналыс, конференция, конгресс, оқу, презентация, тәжірибе алмасу, кәсіби жәрмеңкелер) саяхатына арналған қонақ үй.

Кәсіби белгіленген қонақ үй категорияларына : бизнес-отельдер, конгресс отельдер, конгресс-орталықтар,кәсіби клуб-отельдері кіреді. Қазақстанда конгресс-отельдің мысал ретінде «The Regent Almaty», «Hayat Regency Almaty» атты әлемдік желі бар отельдері кіреді.

  1. Туристтердің негізгі мақсаты мен мотиві – демалыс және емделу (профилактикалық) саяхатына арналған қонақ үйлер:

  • курортты қонақ үйлер;

  • демалыс үйлер мен пансионаттар;

  • туристік-экскурсиялық қонақ үйлер (туркешендер);

  • туристтік-спорттық қонақ үйлер (туркешендер);

  • ойынхана-отельдер (азарт ойындарына қызығұшылар үшін);

  • арнайы;

Сапалы қызмет көрсету мәселесіне зор көңіл бөлетін көптеген шетел қонақ үйлерінде сапа белгісі ретінде жасалған шағымдарды санайды, бұл жалпы сапаның аталып кеткен үш құрамдас бөлігінің қайсысы жөнінде клиенттердің көбірек шағымдары түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандардың пікірінше, бұл қонақ үйлерде аталған жағдайлардың 70% -да клиенттер үрдіс пен мәдениеттің сапасына шағым жасайды. Мұнда потенциал сапасы жоғары деңгейге жетеді де, «баға-қызмет» арақатынасы клиенттерді қанағаттандыратын жағдайда болады.

Қазақстандағы қонақ үй мекемелерінің қызмет көрсету сапасының өз ерекшеліктері бар. Бұл қызмет көрсету аясындағы қызметшілердің кеңес дәуірінен кейінгі қалыптасқан менталитетіне байланысты болып отыр. Аталған қызметшілердің арасында жасы үлкен адамдарға қарағанда жастар көбірек икемділік танытады. Қызмет көрсету аясындағы қызметшілер «жұмсақ өнімнің» ерекше рөлі мен мағынасын жете білуі керек, ал оған, әрине, жылышырайлылық, коммуникабелдік және алдыналушылық жатады.

Басқару тәжірибесінде, сипаттамалары мен талаптары жоғарыда қарастырылып кеткен, «қонақ үй өнімі» термині кеңінен қолданып жүр. Бұдан бүгінде қонақ үй ұсынысының жалпы сипаттамасы, қазіргі туристік өнімді ұсыну шарттарымен – «көлік – орналастыру – тамақтандыру – ойын-сауық»-пен байланысты, ерекше өзектілік пен сұранысқа ие екендігі байқалады.

Қонақжайлық индустриясында туындайтын мәселелер Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерімен байланысты. Маңызды мәселелер қатарында мыналарды атауға болады:



  • ұсынылатын қызмет деңгейінің номенклатурасы мен сапасының дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келмеуі;

  • материалды-техникалық жабдықталу деңгейінің төмендігі;

  • ақпаратты-техникалық жаңалықтарды енгізу деңгейінің төмендігі (орын тағайындау жүйесінің тар қолданысы, компьютерлік картотекалар және т.б.);

  • өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының болмауы;

  • туристік өнімнің маусымдылығымен байланысты мәселелер, түрлі деңгейдегі қонақ үйлердің бөлме қорының шектен тыс пайдаланылуы;

  • қазақстанның көпшілік қонақ үйлері төтенше жағдайларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің дүниедүзілік стандарттарына сәйкес келмеуі, мысалы, жер сілкінісі, өрт және т.б.

  • іскер мақсаттармен ел аралап жүрген туристер үшін қонақ үйлерде тұруы мен қызмет алуының қымбаттылығы;

  • амортизациялық мерзімі 10-15 жыл бұрын өтіп кеткен қонақ үй қорының, жабдықтарының тозушылығы;

  • шағын орналастыру мекемелері күрделі жөндеуді талап етеді, олардың көбісі қалыптасқан санитарлық нормаларға сәйкес келмейді;

  • жастар жатақханаларының шектен тыс орналастырылуы.

Қонақжайлық индустриясының жағдайын зерделей отырып, дәрежелілік қонақ үйдің абыройына, клиенттер құрамына және бағалануына әсер ететінін байқауға болады. Бұл ел кезіп жүрген адамға Қазақстанның туристік ұсыныс нарығында, атап айтқанда Алматы қ. еркін бағыт табуға мүмкіндік береді: қонақ үйлерді сапасы мен қызмет көрсету бағасы бойынша салыстырып, өзіне сәйкес келетін жатақ орнын таңдау. Басқару органдары қонақ үй дәрежесін қаржылық шығындар мен инвестицияларды бөлу белгілері ретінде пайдаланып, сонымен қатар оны қонақ үй бизнесі аясындағы баға саясатын жасауда ескеріп отырады.

Тұрмыс қолайлылығы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша қонақ үйлерді жүйелеу бүкіл өркениетті әлемде қабылданған. Европа елдерінің көпшілігінде мұндай жүйелер мемлекеттік құрылымдардың құзыретінде болады да (Франциядағыдай-орталық, Испаниядағыдай- жергілікті), арнайы заң шығаратын актілермен қарастырылады. Басқа елдерде (атап айтқанда, Қазақстанда) мұндай жүйелер ресми сипатта болмайды да, қонақ үй бизнесі өкілдерінің бастамасымен және қонақ үй иелерінің арасындағы келісім бойынша енгізіледі. Көптеген қонақ үй тізбектерінде, ассоциациялары мен одақтарында өзінің жіктеулері болады. Олардың жалпы саны 30-дан асады, оның ішінде жұлдыздар жүйесі (бірден бастап, беске дейін), әріптер жүйесі (А-В-С-D), «тәж» немесе «кілт», балл жүйелері және т.б. Олар бір-бірінен тек символикалар, категориялар санымен ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету стандарттарымен де ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер мемлекеттің тарихи-мәдени ерекшеліктерінен туындап, ұлттық әдет-ғұрыптарымен түсіндіріледі.


1 кесте – ҚР-ның 2002-2004жж қонақүй қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2002

2003

2004

2002ж

ауытқұлар

(+/-)


Туристтерді орналастыру үшін объектілер саны, сонымен қатар

160

166

196

+30

қала аймағында

150

154

185

+31

ауылды жерлерде

11

13

12

-1

Облыс орталықтарында

63

113

-

-

Олардың ішінде нөмірлер саны, бірлік

9125

8822

9939

1117

Олардың ішінде орын саны, бірлік

16490

16297

19180

2883

Төсек-тәулік ұсынылған, мың

12241450,4

1359273,3

1612132

252858,7

Соның ішінде шетелдік туристерге ұсынылған, мың

281045,4

303858

416697

112839

Туристер қызмет етілді, адам

43299

32284

35975

3692

* - ҚР статистика агенттігінің мәліметтері

Қазақстандық қонақ үй қызметі нарығында, өкінішке орай, Қазақстандық Қонақ үй Ассоциациясымен баға саясатын, қызмет сапасын, қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуін реттеу мақсатында өте маңызды шаралар қабылданбайды. Қонақ үй индустриясының негізгі мәселелерінің бірі болып, қонақ үйде тұру мен қызмет көрсетудің бағасын жоғарылату және мекеме дәрежесіне сәйкес келетін клиенттер тобын тарту мақсатымен, жұлдыздық категориясын әдейі жоғарылату болып табылады. Шешілмеген проблемалардың қатарында Алматы қаласының орта және кіші қонақ үй мекемелерінің негізгі қорларының тозуы мен көнеруі қалып отыр. Осы мәселемен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де ашық қалуда. Мұның көрнекі дәлелі ретінде «Казахстан-Уют» қонақ үйінде болған өртті қарастыруға болады. Аталған төтенше жағдай қонақ үйге айтарлықтай моралдық және материалдық шығын келтіріп, Оңтүстік астана қонақтарының сеніміне кіршік келтірді.

Алматы қаласының қонақ үй бизнесінің келешекте зор мүмкіндіктері бар екендігін айтуға болады. Қолдағы жиналған мәліметтерді саралай отырып, қонақ үй мекемелерінің табыстары оларды ірілендіріп, икемді баға саясатын жүргізу арқылы өсіп келетіндігін айта кету керек. Олар туристердің тұруынан ғана түсетін пайданы ғана емес, жабдықтарды пайдаланудан, бизнес ұйымдарға арналған бөлмелерді жалға беруден, ойын-сауықтарды, түрлі бұқаралық шараларды ұйымдастырудан түсетін пайданы да қамтиды. Орналастыру индустриясы қызметінің басты тұтынушылары ретінде негізінен іскер туристер болып отыр, ал жай тұрғындардың көпшілік бөлігінің шетелдегідей қонақ үйде тұруы өмір сүру дағдысына айналмаған.
2.2 «Риджент Алматы» қонақ үйіне мінездеме
Қазақстанда «Риджент Анкара» өте әйгілі және де әсем бесжұлдызды отельдерінің бірі болып саналады. Әрине отель әсемдікпен ғана емес, сонымен қатар өз қызмет көрсетудің жоғары сапасымен, дизайнмен, орналасқан жерімен және тағы басқа көптеген артықшылықтармен төмендегі бөлімдерде оқып, таныса аласыз.

1993 жылы Туркияның «Ахсель» инвестициялық құрылыс компаниясы Отельдің салына басталуына жол ашты.

1996 жылы 16 желтоқсанда айында ресми түрде ашылып тұрғызылды. Өзінің әйнек қасбентімен, қазіргі көз-қарасты құрылысымен көрікті, және қала ғимараттарының ішінде ең әдемі екені сөзсіз.

«Риджент Алматы» - қаламыздың сән-салтанатты, іскерлік, жалғыз отель. Ол Республика алаңында, Президент үйінің қарама- қарсында, стратегиялық маңызы бар жерде орналасқан. 13-пәтерді биік құрылыс сарғыш түсті мәрмәр тасымен қапталынған және терезелерінің оның жақтауларының көк түсі адам ойына таңқарарлық ізді қалдырады жоғарыдағылармен бірге оның ғажайып құрылысына – Тянь-Шань таулы аймақтарын қаладан шықпай-ақ тамашалауымызға болатыны белгілі.

«Риджент Алматы» отелі өзінің қонақтарын кең вестебюлдерімен, тоғыз этажды витраж жарығына бөлінген сәнді фонтандармен, мүсіндермен қарсы алады. Отельдің үш «көпіршік» тәріздес лифттері қосымша сәнді, эстетикалық түр-әлпетін береді.

«Риджент Алматы» қонақ үйі 1998 жылы қыркүйек айында "Риджент Интернешнл Хоутелз" әлемдік жоғары классты қонақ үйлер тізбегіне кірді. Ол өз алдына дүние жүзі бойынша қамту көлемінің екінші орның иемденген жүйесіне кіреді. «Риджент Итернешнл Хоутелз» өзінің тұтынушыларына толық арналып жұмыс істеуі, люкс қонақ үйлер нарығында лидерлік рөлін анықтайды. Риджент тек қана қонақжай қызметі борышынан, ұқыптылығынан, сапа міндеттілігінен өзінің шайқалмас атағын қалыптастырады. Ал қонақ үйлердің мінездік анықтамасы "Риджент тәжірибесі" деп аталатын айырықша мәдениет маркасын қалыптастырды.

"Риджент тәжірибесі" мәнінде қоғам бірлестіктерінің мәдениеті мен жылуларын қосып, қонақжай тәжірибесін жақсарту болып табылады. Ал Риджент қызмет көрсету сапалығын жоғарлату мақсатында, кешкі шай ұйымдастырып, қызметкерлердің бір-бірімен байланыста болуына жағдай жасайды.

Ридженттің басқа да міндеттеме мысалына: 24-сағаттық консерж, дворецкий, валет сервис, аяқ киім тазалағыш, күн сайын екі мәрте қызмет көрсету жатқызылады. Риджент қонақ үйінің қонақтарға деген персоналды түрде қызмет көрсетуі, қонақжайлылығы мен ұсыну сапасы қонақ үйді әлемдік саяхат шаруашылығында көш басшы орнын береді.

Риджент тізбегі бұрыннан бастап ақ ақпараттық құралдармен белгіленді және оның мүлкі ардайым мадақталып, мойындалды. Белгілі Investor, Conde Nast Traveler, Travel & Leisure деген тәуелсіз қызмет бағалаушылар баспасы өздерінің сый-сияпатын білдірді. Ал Conde Nast Traveler (США) жыл сайынғы "Алтын Тізім" ішіндегі тоғыз мүлкінен сегізін Ридженттікі деп бағалады. Бұл тізімге соңғы 6 жыл ішінде 7-ден кем емес Риджент мүлкі басылған. Сонымен бірге "Gourmet" және "Rooms at the Top" журналдары, Риджент Интернешнл қонақ үйін АҚШ-та және бүкіл әлемде ең жақсы қонақ үй тобына жатқыздырды, ал Риджент Гонконг 1998 - 1999 жылдары "Ең жақсы іскер қонақ үй" атағына ие болды.

"Риджент Интернешнл Хоутелз" компанияы 1971 жылы қаңтар айында Гонконг қаласында Роберт Бернспен бірлесіп ашылған.

1971-1979 жылдары аралығында бұл кәсіп орын өзінің бірнеше филиалдарын ашып, тек 1980 жылы "Риджент Гонконг" қонақ үйі салынғаннан кейін шынымен де танылып, қоғамның алғысын алдды. Қазіргі уақытта Риджент қонақ үйі Гонконг, Алматы, Бангкок, Чанг Май, Джакарта, Куала Лумпур, Сингапур, Тайпей, Сидней, Лос Анджелес, Лос Вегас, Мумбае, Лос Кобос, Мехико сияқты қалаларында орналасып, өркендеуде.

Риджент қонақ үйлері әлемдік "Карлсон Хоспиталити" әлемдік конгломерат (Курт Карлсон 1938-1999ж.ж.) брондтау жүйесі компаниясына қосылды. Ол Ридженттің алдында интернет, ақысыз 41 мемлекетпен байланысқан Куртис-С телефон жүйесі, сонымен бірге АҚШ және Канада қалаларындағы ақысыз телефон жүйелері арқылы дүние жүзі бойынша брондтау мүмкіндігін береді.

"Риджент Алматы" қонақ үйі 1995 жылы желтоқсан айында ашық акционерлік қоғам реінде, қазақ-түрік бірлескен "Айт Отель" негізінде "Анкара Хоутел энд Тауэрс" болып құрылған. Өзінің тікелей жұмыс бағытын тек 1996 жылы желтоқсанында орындай бастады.

Қонақ үй құрылысын қаржыландыру, шаруашылық түрде жүргізіліп, займ мен кредит алынды. 1996 жыл бойына қонақ үй құрылысын салумен айналысып, МСК РК-ға хат жіберілгеннен кейін ҚҚС есептеуінен босатылды.

1996 жылы 14 желтоқсанында құрылыс аяқталып қонақ үй эксплуатацияға берілді. Сонда, қонақ үйдің негізгі қызмет бағытымен айналысып, жұмысының басталуы 1997 жылдың басына келген.

Сонымен "Анкара" қонақ үйінің "Риджент" қонақ үйлер жүйесіне кіруі, Қазақстанның әлемдік қонақ үйлер қызметі нарығында өз атын шығаруына жол ашты.

Басты кіреберіс жерінен вестебюлдің сол жағында, Лобби пәтерінде (L), 200 адамды орналастыра алатын – «Asian cafe» орналасқан. Ол ашық аспанда патионы, ал сол уақытта «Bosphorus» мейрамханасымен «Members Bar» әдемі құрастырылған балконды иемденеді. Түрік салт-дәстүріне және асына негізделген «Bosphorus» мейрамханасы, «Members Bar» сияқты Мезанин пәтерінде (M) орналасқан. Осылармен бірге «Риджент Алматы» қонақ үйі қаланың ең жақсы «Belvedere» мейрамханасын мақтаныш ете алады. Өйткені бұл мейрамханада мемлекетіміздің ең таңдаулы аспазшылары жұмысын атқаруда.

1-деңгейG гараж: техникалық бөлім, қойма, темекі тартатын бөлме, киім шешетін бөлме, қонақ үйдің шаруашылық бөлімі, формалы киім бөлімі, техникалық офис;

2-деңгейC казино: әкімшілдік офисі (қорғау, кадрлар бөлімі, сату бөлімі, тренинг бөлмесі, қызмет істеушілер үшін асхана, химикалық және кір жуатын бөлімі, 3 конференц зал, медициналық бөлімше, денсаулық клубы(бассейн, теннис, массаж, сауна, тринажер залы, аэробика залы) сән салоны);

3-деңгейL лобби: қонақтарды тіркеу бөлімі, «Азиялық Кафе» мейрамханасы, кондитерлік «Бон-бон», «Лобби бар», үлкен банкет залы «Салтанат»(Бал Рум), 3 зергерлік дүкен, 1 сувенир дүкені, «Шопар», «Энви», «Бушеро», бизнес орталығы, туристік агенттігі «Айт трэвл»;

4-деңгей – M мезонин: «Босфор» туркиялық мейрамханасы, «Мемберс бар», 3 конференц зал – «Абылай хан», «Абай», «Алматы», 9 қонақ тұратын қабаттар;

5-деңгейT тауэр: 10 қабат люкс және жартылай люкс нөмірлер, «Риджент» клубы, «Бельведер» франциялық гриль мейрамханасы;

6-деңгейP президент: 11 қабат Президенттік нөмірі «Сұлтан», «Паша», бильярд VIP залы;

Риджент Алматы қонақ үйінде 290-нөмерлер орналасқан. Қонақтарға арналған осы нөмерлер келесідей бөлінген:

- 2 таңдаулы Президент нөмерлері.

- 9 ВИП-люкс нөмерлері.

- 279 стандартты жартылай люкс нөмерлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет