Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»


Қоршаған ортаның ластануын төмендету үшін қолданатын шаралары



бет7/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
#131025
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Қоршаған ортаның ластануын төмендету үшін қолданатын шаралары

Мыссыздандырудың шикі затты өңдеу үрдісі әртүрлі зиянды заттардың бөлінуімен қоса жүреді: технологиялық қондырғының және балқыған шикі заттан жылудың бөлінуі; фьюмингтеу пешінде шикі затты өңдеу кезінде, құюда және шикі затты жығаруда пайда болатын газдар; шикі затты тасымалдағанда және төккенде пайда болатын шаңдар;

Қорғасынды өңдеу өндірісінде негізгі қалдықтар шикі заттар және ауыр метарлар мен газдар болып табылады. Шикі заттардың құрамында: қорғасын – 50,5-56,7% және біршама көлемде мырыш, кадмий, мыс, сынап, индий, рений, висмут, және т.б. металды қоспалар кездеседі. Қорғасын өндірісіндегі бұл қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану өзекті мәселе болып табылады.

Шикі зат қоймаларының бар болуының өзі кері әсер ететін фактор болып табылады, олар ландшавты бұзып, ажарсыз көріністі жасайды. Сонымен бірге, ол жерден желмен ұшырып әкетілетін шаңдар қоршаған ортаны ластайды. Бірақ бұл қоймалардың қиындықтары шешіліп жатқан жоқ деп айтуға болмайды. Қорғасын өндірісінде оларды қолданудың көптеген технологиялық қондырғылары бар, соның бірі болып жобаланып жатқан энергиясақтаушы Мыс штейнын өңдеу қондырғысы.

Қоршаған ортаның ластануынан сақтап қалу үшін кәсіпорында табиғатты қорғау және табиғи қорлардың орынды қолдану жоспары жасалған. Бұл жоспар келесі бөлімдер бойынша топтастырылған, ұйымдастырушы-техникалық комплексті өзіне қосады:


  1. Су қорларын қорғау және тиімді пайдалану

  2. Атмосферадағы ауаны қорғау

  3. Жерді қорғау және тиімді қолдану.

Жоспардағы су қорларын қорғау және тиімді пайдалану бөлімінде тазалауды қажет етпейтін және әр түрлі тәсілдермен тазалауға ұшырайтын таза суды тұтыну бағыттары жоспарланады; таза суды тұтынуды азайту шаралары көрсетіледі.

Шикі затты өндеу процесін жүргізу үшін су қолданады. Бұл сулар қолданғаннан кейін шайынды сулар деп аталады (сточные воды). Өндірістік шайынды сулар органикалық және бейорганикалық шикізатты өндіру кезінде пайда болатын сұйық қалдықтарды құрайды. Технологиялық процесте шайынды сулар көзі ретінде келесілер жатады:



  1. химиялық реакциялар нәтижесінде пайда болатын сулар

  2. бос және байланысты дымқыл болатын сулар

  3. жуынды сулар (шикізатты, өнімді және қондырғыларды жуғанна кейін боатын)

  4. түрлі сулы ерітінділер

  5. сулы экстракторлар және абсорбенттер

  6. суыту сулары

Ластанған шайынды сулардан басқа өндірістік кәсіпорындарда шартты таза сулар пайда болады, олар градирняларда суытылып тазартылғаннан кейін қайта қолдану жүйесіне жіберіледі. Бұл жобада шайынды суды қайта қолдану қарастырылған.

Өндірістік шайындылар тазарту қондырғыларынан кейін Бадам өзеніне ағызылады.

Тазартылған су құрамында қоспалар артық болмауы керек: қорғасын – 0,38мг/л, мырыш – 0,31мг/л, мыс – 0,02мг/л, кадмий – 0,47мг/л, өлшенген заттар – 40,0мг/л.

Атмосфералық ауаны қорғау бөлімінде ауаға тасталатын газдарды, түтіндерді, буларды және шаңдардың көлемін азайту шаралары қарастырылған.

Қоршаған ортаны ластауды азайту үшін келесі шаралар қарастырылған:


  1. атмосфераға тасталатын газдардың құрамын азайту үшін аппараттарды және құбырларды герметизациялау қарастырылған

  2. мұнараның шығысында тұманның пайда болуын азайту үшін онда ылғал ұстағыштар орнатылған

Шаңдар бөлшектері көп көлемді аудандары алу мүмкін, оның себебі шаңның химиялық және биологиялық активтілігі бастапқы материалдармен салыстырғанда жоғары болады.

Шаң ұстағыш қондырғының жұмысы аппарат арқылы өтетін бөлшектердің ауырлық күші әсерінен бөлшектердің тұну механизмдерін қолдануға; центрден тепкіш күш әсерімен тұну; диффузионды тұндыру; газдарды ионизация есебімен электрлі тұндыруға негізделген.

Тазалау үшін қондырғылардың әртүрлі конструкциялары қолданылады. Ұстап қалу әдісі бойынша оларды құрғақ, ылғал және газдары электрлі тазалау қондырғыларына бөледі.

Қандайда аппаратты таңдағанда негізгі шарт – шаңның қасиетіне және газды ағынның сипатына байланысты болатын тазлау дәрежесі.

Шаң ұстағыштарды таңдауда және қолданғанда негізгі сипаттама болып көлемді газ шығыны болып табылады. Ұстағыштардың әртүрлі түрлері газдың келесі мәндері кезінде қолданады (м/с):циклондар (жалғыз) – 3-6, мультициклондар – 6-12, электрофильтрлер – 1,5-3, маталы фильтрлер – 0,005-0,3, скрубберы – 1-4.

Жер қыртысын әр түрлі қалдықтармен ластауды төмендету мақсатында жер қорларын қорғау тәжірибесінде келесі шаралар қарастырылған:



Зиянсыз ету және қайта өңдеу әдісін таңдауда қоршаған ортаға әсер ету дәрежесіне және олардың химиялық құрамына байланысты болады.

Кәсіпорынның қалдықтарында ауыр металлдардың тұздары және т.б зиянды қоспалар бар, олар қайта өңдеуге келмейді. Сондықтан қалдықтардың бұл түрлерін арнайы шлам-жинау орындарына жинап, оларды көмеді.

Ластауды төмендету үшін Мыс штейнын өңдеу өндірісінің технологиялық режимін және технологиялық үрдістің нормаларын қатал сақтау қажет.

Зиянды заттар жерге және цех аймағына тұнады, сондықтан аймақты тазалап қалдықтарды жинау қажет.

Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануын алдын алу үшін периодты түрде лабораториялық анализдер және жергілікті жерлерде өлшеулер жүргізу қажет. Зиянды заттардың концентрациясы шекті мүмкін концентрациядан аспауы қажет. Егер зиянды заттардың концентрациясы шектерден асатын болса, олар жұмысшылардың денсаулығына, қоршаған ортаның күйіне кері әсер етеді және материалды шығындарға алып келеді.

Атмосфералық ауаны қорғау шаралары бойынша адамға және табиғи ортаға әсер ететін зиянды заттардың массасын азайту, қазіргі заманғы технолгияны пайдаланып атмосфераға шығарылатын зиянды газдарды ұстау және тазалау үшін қондырғылармен жабдықтау. Зиянды заттардың көлемі есептеулердің көмегімен, сонымен қатар технологиялық процестің материалдық балансынан, бір затқа шаққандағы зиянды қалдықтардың меншікті салмағымен және жандырылатын отынның санымен түрі арқылы анықталады.


Қорытынды
Бұл жобада зиянды шаңдар және газдарды ұстау және шайынды суларды тазарту үшін тазалау қондырғылары қарастырылған.

Мыс штейнын өңдеу қондырғысында қолданған автоматтандыру құралдары және басқары жүйесі қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз қолданылған автоматтандыру шешімдері қондырғыда авариялық жағдайдың пайда болуын минимумге жеткізеді.

Шаңдарды және газдарды тазалау үшін УРФМ-2 қондырғысы қолданады. Атмосфераға тасталатын тазаланған газдардың конценрациясы санитарлы нормаларға сәйкес келеді. Ауаға тасталатын газдардың көлемі 1300 нм3/сағ және зиянды заттардың шоғырлануы Pb 43%, Zn = 18%, S = 4,5%, Cu = 0,5%, Cd = 4,5%, As = 0,005%, Sb = 0,011% мәндерді қамтиды. Бұл дегеніміз жылына зиянды заттардың тасталу көлемі 0,5 кг/жыл мәнінен аспайды.

Технологиялық үрдісті жүргізу үшін қолданылатын су қайта қолдануынан қоршаған ортаға тастау көлемі максималды төмендетілген. Мұнда қолданған су ауналым сумен қамтамасыз ету жүйесіне жіберіледі де тазаланып және суытылып қайта қолданады. Соңында шайынды сулар санитарлы нормалармен бекітілген мөлшерге дейін тазаланып қаланың коллекторына тасталады.




12 Тіршілік қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау – заңды актілер жүйесі және соған сәйкес келетін еңбек үрдісіне адамның жұмыс қабілеттігі мен денсаулығын сақтауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және тазалық шаралары. Еңбекті қорғау техникалық қауіпсіздікті және өндірістік санитария сұрақтарынан қарастырылған.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті болып адамның іс әрекетінінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек қорғау заңы Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды және қауіпсіздікті реттейді, қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принципін орындауды қарастырады.

Қазақстан Республикасының қазіргі еңбекті қорғау туралы» заңы жұмыскердің еңбекті қорғау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған және меншік түріне байланыссыз шаруашылық іс әрекеттің және кәсіпорындардың барлық түріне таралады.

Қауіпсіз еңбек шарттарын жасау мүмкіндігі ғылым мен техника дамуының кең қолдануында жатыр. Бұдан басқа көптеген техника қауіпсіздігі ережелері, санитария нормалары мен ережелері қолданысқа енгізілген.

Қауіпсз еңбек шарттарын қамтамасыз етуде жұмыскердің өзі және кәсіби одақтар тікелей қатысады. Кәсіпорын әкімшілігі барлық жұмыс орындарын техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді және сол жерде еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, санитарлық нармаларға сәйкес жұмыс жағдайларын жасау қажет.

Жеке еңбек келісім шарты Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормативті құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуы қажет. Жеке еңбек келісім шартында жұмыс орнының сипаттамасы көрсетілуі қажет.Зиянды және қауіпті жұмысқа жұмыс беруші жұмыскерді қабылдау кезінде кәсіби аурудың пайда болу мүкіндігі барын ескертуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет