«Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдаунда осы жылы [2].
Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:
-
өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
-
тұтынушылардың талаптарын талдау;
-
сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
-
сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
-
өнім сапасын басқару мәселелері.
Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:
-
жеке ;
-
комплексті (топтық, жалпы, интегралды).
Өлшем бірліктері:
-
натуралды (килограмм, метр, литр)
-
құндық бірлікте.
Сапа деңгейін бағалау бойынша:
-
базалық;
-
қатысты көрсеткіштер.
Анықтау сатысы бойынша:
-
болжанатын;
-
жобаланатын
-
өндірістиік;
-
эксплуатациялық көрсеткіштер.
Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:
-
тағайындау;
-
сенімділік;
-
технологиялық;
-
стандарттау және сәйкестендіру;
-
экономикалық
-
эргономикалық;
-
эстетикалық;
-
тасымалдау;
-
патенттік-құқықтық;
-
экологиялық; қауіпсіздік.
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне жатады:
-
өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;
-
өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;
-
материалды қолданудың коэффициенті;
-
өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:
-
тауар бағасы;
-
қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;
-
орнату, монтаждау құны;
-
қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;
-
электроэнергия, отын шығындары;
-
қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;
-
салықтар;
-
алдын-ала көзделмеген шығындар.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:
-
тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;
-
тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылығы;
-
тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;
-
тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:
-
табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;
-
биологиялық расурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;
-
өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
-
халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;
-
тұрақты болуы керек;
-
өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;
-
халыұ шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;
-
оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау [24].
Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:
-
өнім топтарының түрі;
-
өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;
-
сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;
-
әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;
-
сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.
Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.
«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік, т.б.
«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек. Ол кезде адамның өнімнің белгілі бір қасиеттерін қабылдауына негізделген органолептикалық әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін бағалау кезінде экспер топтары өткізетін квалиметрикалық әдістер де пайдаланылады. Ол кезде эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы жұмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалық әдістер өнімнің әртүрлі қасиеттерінің өлшеміне мен эксперттік бағалар талдауына негізделеді [12].
Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай және кәсіпорын қызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.
-
«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 «ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.
Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:
“ФудМастер – Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер - Қордай ” – Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.
“ФудМастер - Асептик ” – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.
“ФудМастер - Агро” – Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы сүт – тауарлық ферма.
“ФудМастер – АйсКрим ” – Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.
«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.
Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.
“ФудМастер" Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында “ФудМастер – Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.
Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді сүт, бифидумбактерин, “БИО” бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және т.б. қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру тек арнайы құрал – жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.
Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына 50000 литр суға тең болып келетін құрал – саймандар мен түтіктерді жуғыш екі тізбекті автоматты CIP станциясы орнатылған.
Жоғарғы технологиялық құрал – жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.
“ФудМастер – НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық сүт зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық – түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.
Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, “Пеппи” йогурттық сусыны.
Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО – С, “БИО” – айран, А+Д сүті.
1998 жылы “ФудМастер ” Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май – ірімшік жасауға маманданған зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, “ФудМастер” Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.
Кәсіпорын өнімі:
- Жұмсақ тұзды ірімшіктер: “Ленгерский”, “Моцарелла”.
- Балқыған ірімшік: “Ленгерский”, сыраға арналған кептірілген ірімшік “Чечил”.
- Cүзбе: “Чудо - завтрак”, “Чудо - сырок”.
Қырғызстанмен Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты тамаша жерде “ФудМастер” Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан. Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік ( “Қордай” ірімшігі ) бірінші орынға ие болып, ал қазақстандық ірімшік шеберлеріне “Жоғарғы сынып Шеберлері” және “Алтын қол Шебері” атақтары берілді. “ФудМастер” Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы атақты шеберлерді жұмыс орындарында қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO – 98 көрмесінде білікті мамандар жоғары бағалады және “ФудМастер” – дің “Гауда” ірімшігіне халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, “Астана Фуд - 2000” көрмесінде “Қордай”, “Росийский” ірімшігіне Алтын медаль берілді және май мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.
1998 жылы “ФудМастер – Қордай” дәстүрлі рецептуралы қатты ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және “Элит” сыныпының гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.
Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа техниалық жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға мүмкіндік береді.
Өнімдері: “Қордай”, “Аухатты”, “Голландық”, “Гауда”.
1998 жылы “ФудМастер” Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын мен сүт өндіретін зауыт ашады. Бұл зауыт жаңадан салынды. Өндірістік тізбек қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал – жабдығынан тұрады. Шикізат пен дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7 дәрежелік тексеруден өтеді. “ФудМастер – Асептик” ұжымы қайратты да, жас мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы Қазақстандағы шырын ендірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнімі:
ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: “Заилийское ”,
“Деревенское”сүттері, “МУ - У” хош иісті сүт, “БИО - сүт”.
2000 жылдың қаңтар айында “ФудМастер” Компаниясы Алматы облысы, Іле районы, Междуреченское аулында сүт – товарлық ферманы жеке меншігіне сатып алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:
-
Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
-
Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары бөлінді;
-
Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;
Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ – тың Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс (USAID бағдарламасы), ПСО – центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі жем беру мен малды ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. “ФудМастер – Агро” сүт – товарлық фермасы орташа сауымында бір сиырдан 4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар голштино – фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций сияқты микроэлементтер мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке дейін ұстанылады.
Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың көмегімен әр сиыр басының тарихы, шығу тегі, дамуы және т.б. маңызды ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса ферма мамандары жануарларға жем берудің жеке есебін жүргізе алады.
Іске деген заман талабына сай көзқарастың арқасында “ФудМастер – Агро” сауымды көбейтудің бірден – бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.
Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі бойынша ААҚ «ФудМастер» Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және өндіру саласына сапаны(ң) басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп, қолдануда.Бұл сертификат сала лидері - «ФудМастер» Компаниясына бүкіл Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі берілген бірінші болып келеді.
Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды. ISO 9001 стандартының негізгі принціпіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT «Мерседес» автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. «ФудМастер» мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Компания «ФудМастер-Айс Крим» 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС «ФудМастер-Айс Крим» дербесзаңды тұлға болып табылады өз атына келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі 482.
Меншік түрі – жеке.
ЖШС «Компания «ФудМастер-АйсКрим» құрушысы болып АҚ Компания «ФудМастер» табылады, РН 4776-1907-АҚ.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.
ЖШС «ФудМастер-Айс Кримнің» негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру және сату.
Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:
-
Серіктестік Қатысушысы – жоғарғы басқару органы;
-
Серіктестіктің Бас директоры – орындаушы орган.
Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.
Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.
«ФудМастер – Айс Крим» ЖШС-нің өнімінің сипаттамасы келесідей болып келеді. Балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы.
Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ – калориясы төмен және құрамында майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып бөлінеді.
Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы – сүт өнімдері: қоспасыз, құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант және стабилизаторлар.
Балмұздақ өндірісінде екі компоненттен артық қолданылатынын ескерген жөн.
Балмұздақта майлар келесі себептерге байланысты қосылады:
-
кремді консистенция;
-
керемет құрылым;
-
тоңазытқыштан алғанда құрғақ күйде болуы;
-
еруге ең жақсы қарсы тұру;
-
ауаны біртекті тарату.
Майдың физикалық қасиеттері балмұздақтық қату кезіндегі және оның құрылымының қалыптасу кезіндегі мінез-құлқына маңызды әсер етеді. Сондықтан балмұздақ өндіруге арналған өсімдік майлары нақты анық қасиеттерге ие болуы керек, әсіресе келесі шарттар маңызды:
-
балауыз татымының болмауы;
-
майлы фазасының белгілі бір бөлігі суыту кезінде, ұсталым кезінде және мұдатқыш камераға енгізу кезінде сұйық болып қалуы керек;
-
қоспа балмұздақтың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін кристализациялық қасиеттерге ие болуы қажет.
Шоколад балмұздақта әшекей немесе ішкі кірістіру ретінде пайдаланылады. Ең дәстүрлі тіркесім – қара шоколадты әшекей қосылған ванильді балмұздақ. Жабынның мақсаты – функционалды қасиеттерін, сырт келбетін және дәмін жақсарту.
Әшекейге қатысты маңызды шарттары мыналар:
-
нағыз шоколад дәмі;
-
ауызда тез еруі;
-
балауыз татымының болмауы;
-
бату кезінде тез қатуы;
-
жүргізуден кейін минималды ағу;
-
балмұздаққа жақсы жабысу;
-
жұқа және бірқалыпты қабат;
-
жарылуға қарсы тұру.
Әшекейдің қарапайым құрамы: лайықты өсімдік майы (60%), какао (13%), қант (25%), лецитин (0,7%) және ароматизаторлар.
Эмульгаторлар – балмұздақ компоненттерінің майлы және сулы фракцияларын тұрақтандыратын зат. Олар мұз кристалдарының болмауын қамтамасыз етеді. Балмұздақ өндірісінде пайдаланлатын эмульгаторлар табиғи өнім болып табылады. Оларды «гауһар мүк» атты теңіз балдырларынан алады.
Тұрақтандырғыштар балмұздақтың тез еруіне кедергі жасайды. Желатин, агароид, картоп және жүгері крахмалдарының орнына қазір мүлтіксіз импортты тұрақтандырғыштар қолданылады.
Тұрақтандырғыштарды қолдану мыналарға кепілдік береді:
-
қоспаны салқындатқаннан кейінгі сәтте балұздақтық максималды жабысқақтығына;
-
балмұздақтың оңай пайдаланылатын көпіршіктігіне;
-
дайын өнімді органолептикалық бағалау кезінде суды толық араластыру, мұз кристалдарының түйіршіктілік түйсігін
қақпайлау;
-
пайдаланылған ароматизаторлардың закладкасын төмендетуге мүмкіндік беретін иіс бөлімін үлкейтіп, кілегей дәмін толықтыратын дайын өнімнің ауа ұяшығының құрылымына;
-
жылуға жоғары қарсыласушылық.
«ФудМастер-Айс Крим» балмұздақтың келесі ассортиментін (сәйкес шикізаттар көрсетілген) ұсынады (1-кесте):
1-кесте. Компоненттер тізімі (1 тоннаға есептелген)
Шикізат
|
Өлшем бірлік
|
Саны
|
«Фруктовый лед» балмұздағы
|
Ас суы
|
кг
|
810
|
Қант
|
кг
|
150
|
Тұрақтандырғыш
|
кг
|
2
|
Дикстрозды сироп
|
кг
|
32,5
|
Дәмдік сироп
|
кг
|
1,5
|
Лимон қышқылы
|
кг
|
4
|
Таяқшалар
|
шт
|
13500
|
Орама
|
кг
|
18
|
Гофрокартон
|
шт
|
665
|
Барлығы
|
кг
|
1000
|
«Вафельный стаканчик» балмұздағы
|
Сүт (майлылығы 3,5%)
|
кг
|
662
|
Кілегей майы 82,5%
|
кг
|
93
|
Қант
|
кг
|
140
|
Ванилин
|
кг
|
0,1
|
СОМ
|
кг
|
100
|
Тұрақтандырғыш
|
кг
|
5
|
Вафельді стакан
|
шт
|
10500
|
Орама
|
кг
|
17
|
Гофрокартон
|
шт
|
208
|
Барлығы
|
кг
|
1000,1
|
«Страдивари» балмұздағы
|
Сүт (майлылығы 3,5%)
|
кг
|
662
|
Кілегей майы 82,5%
|
кг
|
93
|
Қант
|
кг
|
140
|
Ванилин
|
кг
|
0,1
|
СОМ
|
кг
|
100
|
Тұрақтандырғыш
|
кг
|
5
|
Ароматизатор
|
кг
|
0,8
|
Орама
|
шт
|
1860
|
Гофрокартон
|
шт
|
154
|
Барлығы
|
кг
|
1000,9
|
1-кестенің жалғасы
«Батончик» типті балмұздақ
|
Сүт майлылығы 3,5%
|
кг
|
427
|
Кілегей майы 82,5%
|
кг
|
49
|
Қант
|
кг
|
88,2
|
Ванилин
|
кг
|
0,1
|
СОМ
|
кг
|
63
|
Тұрақтандырғыш
|
кг
|
3,2
|
Шоколад
|
кг
|
200
|
Жаңғақ
|
кг
|
20
|
Джем
|
кг
|
150
|
Орама
|
кг
|
20
|
Гофрокартон
|
шт
|
665
|
Барлығы
|
кг
|
1000,5
|
Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген
|
«ФудМастер» ЖШС-тің өніміне бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ететін технологиялық үрдісі былай іске асады. Бүкіл конвейер аралығнда біздің өнімге адам қолы тимейді: барлық үрдістер автоматтандырылған. Операторлар тек программа береді. Барлық параметрлер, температуралық режим автоматты түрде сақталады, мейлі ол компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы болсын. Заводта, сондай-ақ өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық және батериологиялық қасиеттері зерттеледі. Кәсіпорын барлық мағынада көз алдында, себебі тамыз айының ортасынан бастап оныңең талғампаз бақылаушылары – оқушылар келеді. Балалар өздерінің сүйікті балмұздақтары қалай дайындалатынын көріп қана қоймай, дәм татады.
Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар кіреді:
-
қоспаны дайындау;
-
қоспаның толуы (пісуі);
-
үздіксіз фрезерлеу;
-
өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
-
ширату;
-
орау және орама;
-
ұзақ сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |