Қаратау технология, білім және бизнес колледжі
|
|
Б Е К І Т Е М І Н
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________Оразбек Г.
2023 жыл «___» __________
|
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдану
(модуль атауы)
Мамандық 01140100-Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі_
(коды және атауы)
Біліктілік 4S0110401-«Бастауыш білім беру мұғалімі»
(коды және атауы)
Оқыту нысаны күндізгі негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны __96__, кредит саны 4
Әзірлеуші (-лер) ___________ Бекжан Гүлжаһан Сейтханқызы
(қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Қаратау, 2023 жыл
Түсіндірме жазба
Пән/модуль сипаттамасы
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдану» пәні кәсіби мектепте және өндірісте оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, педагогикалық қызметтің әдістері мен формалары, білім беру қызметіндегі жеке тұлғаға бағытталған тәсілдемелер баяндалады. Студентті кәсіби қызметке дайындау, білікті жұмыс күшін жаңғырту туралы мәселелері қарастырылады.
|
Қалыптастырылатын құзіреттілік: Кәсіптік оқыту педагогының қызметі болашақ маманды даярлау кезінде ескерілуі қажет мәліметтердің үлкен көлемін қамтитын көпжақты құбылыс болып табылады. Кәсіптік оқыту педагогын педагогикалық даярлау мәселелері көбінесе " Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдану " пәнін оқу кезінде шешіледі.
Оқу сабақтары барысында педагогикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру үдерісінің тиімділігі құралдар мен шарт тардың белгілі бір жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл студенттердің іс-әрекетін кешенді ұйымдастыру, жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылында педагогикалық теория мен тәжірибені зерделеудің жүйелілігі мен ырықсыздығы.
Бұл жағдай болашақ кәсіптік оқыту педагогының қалыпта суындағы білімнің жалпы жүйесіндегі кәсіби педагогиканың рөлі мен орнын жаңаша бағалауға мәжбүрлейді, ол белгілі бір нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысшы немесе маманды тар бейінді даярлаудан ғана жинақталмауы тиіс жеткілікті кең ауқымдағы ғылыми білім жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Кәсіби педагогикада әзір ленген идеялар, әдістер, тәсілдер, технологиялар біртұтас білім беру жүйесінің барлық буындарын енуге тиіс.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |