Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2011 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына
1 қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
-
Талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі - ТКТ) ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:
-
аудиториялық қорды қалыптастыру;
-
«Талапкер» деректер базасын қалыптастыру;
-
тестілеуді өткізуге дайындық;
-
тестілеуді өткізу;
-
апелляцияны өткізу;
-
сертификаттарды басу және беру;
-
жұмыс бойынша есеп дайындау.
-
Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық:
-
Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);
-
базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы);
-
базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);
-
базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының программисінің (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның программисі);
-
базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);
-
қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының (бұдан әрі – техникалық хатшы);
-
Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
-
Білім және ғылым министрлігі программисінің (бұдан әрі – Министрлік программисінің);
-
апелляциялық комиссия төрағасының;
-
аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі - кезекші);
-
талапкерлердің негізгі іс-әрекеттері мен қызметтерін анықтайды.
-
ТКТ-ны ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген тұлғалар «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген, Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. ТКТ-ны ұйымдастыру
4. Тестілеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), ҰТО, базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы мен программисінің, Министрлік өкілдері мен программисінің, аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік комиссияның бірлескен қызметтерін қарастырады.
5. Министрлік ҰТО-мен бірге Министрлік өкілдеріне ТКТ технологиясын оқыту жұмыстарын жүргізеді.
6. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес мынадай автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жібереді:
«Аудиториялық қор» АЖО-сы аудиториялық қорлар және олардың жабдықталуы жөніндегі мәліметтерді қамтиды;
«Базалық ЖОО» мен «Желілік ЖОО» АЖО-лары ТКТ-ға қатысуға тілек білдірген талапкерлер туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі, жеке басын куәландыратын құжаты) жинақтау үшін қызмет етеді;
«Сертификат» АЖО-сы ТКТ нәтижесі туралы сертификаттарды, талапкердің аты-жөні, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттың сериясы мен нөмірін көрсете отырып, ресімдеу үшін қызмет етеді;
«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеуін тексеру мақсатында жауап парағының сынама түрін сканерлеу;
«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу; апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу; емтихан ведомостерін (апелляция қорытындысын есепке алмаған және алынған кездегі) шығару үшін қызмет етеді.
-
Базалық ЖОО-да «Аудиториялық қор» АЖО-сы орнатылады және толтырылады.
-
Қалыптастырылған «Аудиториялық қор» мәліметтері телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
-
Базалық ЖОО-да «Базалық ЖОО» және желілік ЖОО-да «Желілік ЖОО» АЖО-лары орнатылады және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
-
Талапкер ТКТ-ға қатысу үшін «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4991 нөмірімен), үлгі бойынша бланкте өтініш толтырады.
-
Техникалық хатшы талапкерлерден өтініштер қабылдайды және толтырылған бланктерді сканерден өткізуге базалық ЖОО-ға жеткізу үшін жауапты хатшыға береді.
-
Базалық ЖОО-да «Талапкер» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге өтініш» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкісі) сканерлеу жүргізіледі.
-
Сканерлеу жүргізілгеннен кейін емтиханға рұқсаттамалар және рұқсаттамаларды беру тізілімі осы нұсқаулықтың 1, 2 - қосымшаларына сәйкес басылып шығарылады да, желілік ЖОО-да ресімделіп, талапкерлерге беріледі.
-
Күнделікті сағат 17.00-ге дейін базалық ЖОО-ның программисі желілік ЖОО-лар бойынша өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады. ҰТО-да республика бойынша тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтер қалыптастырылады.
-
Ережеде бекітілген мерзімде жауапты хатшы, программист және техникалық хатшылардың қатысуымен бірлесіп осы нұсқаулықтың 3 -қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналы мен «Талапкер» ДБ жабылады.
-
ДБ жабылғаннан кейін қорытынды статистикалық мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.
-
Ережеде бекітілген мерзімде базалық ЖОО-да барлық тестілеуге қатысушылармен бірігіп ТКТ өткізіледі. ТКТ-ны өткізу кезінде базалық ЖОО-да Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия төрағасынан басқа қатысушыларға ұялы байланыс телефондарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
-
Тестілеу өткізілгеннен кейін нәтижелерді өңделіп, осы нұсқаулықтың 4, 5 - қосымшасына сәйкес дұрыс жауаптар коды мен ТКТ-ның апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілу жұмыстары жүргізіледі.
-
Апелляцияға өтініштер нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады және бір күн бойы қаралады.
-
Апелляция аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 6 - қосымшасына сәйкес апелляция нәтижелері есепке алынған ТКТ-ның емтихан ведомосы беріледі.
-
Күнделікті ТКТ өткізілген кезеңде ҰТО-ға мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіліп отырады.
-
ТКТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттар дайындау және беру осы нұсқаулықтың 43 тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Министрлік өкілдері ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес атқарылған жұмыстары туралы есептерін қағаз және электрондық нұсқада тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |