Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2



бет1/7
Дата25.02.2016
өлшемі3.17 Mb.
#22920
  1   2   3   4   5   6   7
МАЗМҰНЫ


Директорлар Кеңесі Төрағасының және «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі


2

Инновациялық қызмет



26













«KEGOC» АҚ-ның 2010 жылғы негізгі оқиғалары


5

Экономикалық және операциялық қызмет


27

Компания туралы жалпы мәлімет

6







«KEGOC» АҚ-тың міндеті, пайымы, стратегиялық мақсаты

6


Тарифтік саясат

28

«KEGOC» АҚ-тың ұйымдық және өндірістік құрылымы

6


Сатып алу қызметі

29

Диспетчерлік басқару

6

Электр энергиясын сатып алу-сату операциясы

30


Компанияның халықаралық ынтымақтастығы

7


Тәуекелдерді басқару

31

Еншілес және бағынышты ұйымдар

9

Менеджменттің біріктірілген жүйесі

31








Тұтынушылардың қанағаттанушылығы

32

Қызметтің негізгі қорытындылары

10

Басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау


33

Негізгі өндірістік көрсеткіштер

10







Негізгі қаржылық көрсеткіштер

11

Корпоративтік басқару

34

Кредиттік рейтингілер

11

Корпоративтік басқару қағидаттары

34

Нарыққа шолу

11

Акционер туралы ақпарат

34

Электр энергетикасы нарығының субъектілері

11

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі

35

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

13


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері

37


Электр энергиясының теңгерімі

14

«KEGOC» АҚ Басқармасы

38







Ішкі аудит қызметі

40

Қызметтерге шолу

17

Әлеуметтік жауапкершілік

40

Өндірістік қызмет

17






Электр тораптары шаруашылығының сипаттамасы

17


Қызметкерлерді басқару

41

Электр жеткізу желілерін пайдалану

18

Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі

43


Электр тораптары жұмысының сенімділігі

19


Компанияның әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі іс-шаралары

44


Тиімділікті жоғарылату және ысыраптарды азайту

19


Қоршаған ортаны қорғау

46

Метрологиялық қамтамасыз ету

21

Дамыту болашағы

47

Қызметтер көрсету

21

Аудиттелген қаржылық есептілік

49

Инвестициялық қызмет

24
























































ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖӘНЕ «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Жүйелік оператор үшін өткен жыл болашақ даму негіздері қаланған маңызды кезең болды. Компания қызметінің басым бағыттарының айқындалуы мен басқару жүйесін жетілдіру үдерісінің дұрыс жолға қойылуы маңызды қадам болды. 2010 жылғы сәуірде 2015 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясы бекітілген болатын. Негізгі мақсат  — KEGOC-тың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті компаниялар қатарына қосылуы.

Компанияның алға қойып отырған мақсат-мүдделері ел экономикасын дамытудың болашақ жоспарларына сай келетінін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына, 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Электр энергетикасын дамыту бағдарламасына негізделгенін ерекше атап өткен жөн.

Мемлекет пен жалғыз акционер тарапынан қойылып отырған міндеттерге сәйкес KEGOC-тың Ұзақ мерзімді стратегиясы 4 негізгі мақсатты – Қазақстан БЭЖ-і жұмысының сенімділігі мен сапасын арттыруды, үздік салалық компаниялар деңгейіне жетуді, негізгі бизнесті дамыту арқылы компанияның акционерлік құнын орнықты түрде өсіруді, корпоративтік даму деңгейі бойынша саладағы, Қазақстан мен ТМД-дағы көшбасшылықты қамтамасыз етуді көздейді.

Сондықтан да барлық бағыттар бойынша Кешенді жоспар әзірленіп, Стратегияны іске асыру барысын көрсететін іс-шаралар мен басты қызмет көрсеткіштерінің (БҚК) жиынтығы айқындалды.

Бұдан басқа, Қордың жаңа талаптарына сәйкес 2011-2015 жж. арналған Даму жоспары әзірленді, Қор мақұлдаған бұл құжатты «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылғы желтоқсанда бекітті.

Қабылданған бағдарламаларды жүзеге асырудың алғашқы жылғы қорытындылары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Салалық бенчмаркинг енгізіліп, біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша сертификаттаудан өттік, GAMMA корпоративтік басқару рейтингі 5+ деңгейіне дейін көтерілді. Есепті жыл ішінде 2010 жылғы Тәуекелдерді басқару бағдарламасы толық орындалды және 2011 жылға арналған Тәуекелдер Тізбесі мен Картасы бекітілді. «Pricewaterhouse CoopersTax&Advizory» компаниясы кеңесшілерінің қатысуымен 2013 жылға дейінгі Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Тұтастай алғанда, алдыңғы қатарлы бизнес-құралдарын тиімді қолдану тәжірибесі негізінде компания алға қойылған мақсаттарға сенімді де нық қадам басып келеді.

Компанияның ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларының ҚР Үкіметі мен Жалғыз акционер тарапынан қолдау табуы талассыз артықшылық деуге болады. KEGOC-тың Электр энергетикалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүзеге асырып жатқан барлық жобалары МҮИИДБ-ға енгізілді.

Директорлар кеңесінің басқару мен бақылаудағы белсенді рөлі миноритарийлер мүдделерін қорғайтын тәуелсіз директорлар институтын нығайту арқылы жалғасым таппақ. Мемлекет басшысының халықтық IPO өткізу жөнінде ұлттық компанияларға берген тапсырмасы – KEGOC командасы үшін кәсіби шеберліктерін растаудың тағы бір мүмкіндігі болып отыр. Біз қор нарығына шығуға дайынбыз және де компания қызметкерлерін бағалы қағаздарды сатып алушылар арасынан көреміз деген үміттеміз. Бұл сатып алу уәждемені күшейтіп қана қоймай, қызметкерлер үшін тиімді қаржы салымы болмақ, себебі KEGOC бүгінгі таңда келешегі зор және даму әлеуеті жеткілікті компания болып отыр.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Алмасадам Сәтқалиев

Компания Басқармасы барлық күш-жігерін компанияның 2025 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясының мақсаттық көрсеткіштерін орындауға жұмсап отыр. Жабдықтарды пайдалану мен активтерді басқаруда үздік іс-тәжірибелер енгізілуде. Қажетті қаржыландыру көлемін тарту есебінен негізгі бизнесті орнықты дамыту да қамтамасыз етілді. Басқару жүйелерін жетілдіру мен кадр әлеуетін дамыту мүмкіндіктері іске асырылды.

«KEGOC» АҚ 2010 жылы өз қызметінң барлық негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Компанияның нақты пайдасы 14%-ға дейін көтерілді, бұл жоспарланған көлемнен екі есе жоғары. Қаржылық нәтижелерге Қазақстан БЭЖ-ндегі электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемінің жалпы ұлғаю үрдісі оң ықпал етті.

Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер сапасы да айтарлықтай жақсарды. Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы орташа үзілістер ұзақтығы (SAIDI) 10 еседен астамға қысқарды. Қазақстан БЭЖ-нің жұмыс сенімділігі 500 кВ-тық «Солтүстік-Оңтүстік» екінші транзит желісінің іске қосылуы нәтижесінде едәуір артты. 2008 жылы осы бағытта 45 апаттық өшірулер орын алған болса, 2010 жылы осыған ұқсас бір ғана оқиға тіркелді.

Үкіметаралық "Ресей және Қазақстан энергия жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ пен «БЭЖ ФСК» ААҚ,  «БЭЖ ЖО» ААҚ, «ИНТЕР БЭЖ РАҚ» ААҚ арасында құжаттар топтамасына қол қойылды. 2010 жылдың 1 мамырында күшіне енген шарттар Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік құру жағдайында екі мемлекет энергия жүйелерінің қатарлас жұмысын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейді. Осы келісімдер энергетиктерге екі ел тұтынушылары үшін бірлескен жұмыстың артықшылықтарын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Компания өңіраралық торапты дамыту және қолданысқа енгізуі жоспарланған жаңа қуат өндіру көздерін ескере отырып, ұлттық электр торабын жаңғыртуға, экспорттық және транзиттік әлеует құруға бағытталған белсенді инвестициялық саясат жүргізуде.

Өткен жылы компания мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына кірген жобалар бойынша жұмыстар жүргізді. Жаңғыртудың 1-ші кезеңі толық көлемде аяқталды, ҰЭТ-ты жаңғыртудың 2-ші кезеңін іске асыру үшін бас мердігерлер таңдалды, Мойнақ ГЭС қуатын беру желісінің, Қазақстан ҰЭТ-на 500 және 220 кВ-тық кернеу желілерімен қосылатын 500 кВ-тық «Алма» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.

Шетелдік қаржылық институттармен жұмыс істеудің табысты тәжірибесі Бүкіләлемдік банкпен және Европалық қайта құру және даму банкімен жаңа несиелік келісімдер жасау арқылы жалғасын табуда.

Мемлекеттік ауқымдағы іс-шараларды – ЕҚЫҰ саммиті мен Қысқы Азиялық ойындарды өткізу алдында Астананы энергиямен жабдықтау сенімділігін қысқа мерзімде қамтамасыз еткен «KEGOC» АҚ компаниясы жұмыскерлерінің жанкешті еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс айтқан жөн. 2010 жылдың қорытындылар бойынша «KEGOC» жұмыскерлері қандай да болмасын жағдайда өз күштерін жұмылдыруға әзірліктерін, мамандарының жоғары кәсіби шеберлігін, алға қойылған міндеттерді орындауға дайын екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Қызметіміздің жылдық есепте көрсетілген нәтижелері инвесторлар мен қоғам алдында «KEGOC» АҚ-тың лайықты бизнес жүргізе білетін, сенімді де іскер серіктес екендігін айғақтайды.



«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Бақытжан Қажиев

«KEGOC» АҚ-ТЫҢ 2010 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


15 наурыз

«KEGOC» АҚ Standard&Poor’s рейтінгтік агенттігінен GAMMA-5 рейтингін иеленді («Корпоративтік басқару, есеп беру мен менеджментті бағалау және талдау»).

16 сәуір

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі ««KEGOC» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын» бекітті.

23 сәуір

«KEGOC» АҚ және ресейлік энергетика компанияларының («ФСК ЕЭС» ААҚ, «СО ЕЭС» ААҚ, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ) арасында Қазақстан және Ресей арасында бірыңғай энергетикалық жүйенінің жұмыстарын бірге жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында келісім-шартқа қол қойылды.

28 мамыр

Углич қаласында (Ресей, Ярославь облысы) ТМД Электр энергетика Кеңесінің 37-ші отырысы өтті, мұнда техникалық өзара іс-қимыл, ақпараттар алмасу және электр энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

31 мамыр мен 11 маусым

«KEGOC» АҚ БМЖ қызметі өткізген кезекті байқау аудитінің қорытындысы бойынша сапа менеджменті жүйесі саласында (ISO 9001:2008), экологиялық менеджмент жүйесінде (ISO 14001:2004), кәсіби қауіпсіздікті басқару және енбекті қорғау жүйелерінде (OHSAS 18001:2007) халықаралық талаптарға сәйкестігі расталды.

23 маусым

Орталық Азияның Үйлестірілген Электр энергетика Кеңесінің (ҮЭК) 10-шы отырысы өтті. Энергетикалық компаниялардың және диспетчерлік бөлімшелердің басшылары Орталық Азия Біріккен Энергия жүйесінің (БЭЖ) 2009-2010 жылғы күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс қорытындысын және алдағы уақытта күтілетін жұмыс тәртібін талқылады.

1 тамыз

Ұлттық электр тораптары бойынша қызметті тұтынатын барлық санаттар үшін электр энергиясын жеткізу қызметтеріне бірыңғай тариф 0,94 теңге кВт/сағ мөлшерінде енгізілді. Бірыңғай тариф электр энергиясын жеткізудегі бұрын қолданылған 8 аймақтық тарифтің орнына енгізілді.

20 қыркүйек

«KEGOC» АҚ және АҚШ Сауда және даму жөніндегі агенттігінің (АТР США - USTDA) арасында гранттар беру жөніндегі екі келісімге қол қойылды. Бірінші гранттың қаражаты электр жеткізу желісі құрылысының ТЭН жасауға пайдаланылады, екінші гранттың қаражаты электр жеткізу желісінің мониторинг және диагностика жобасы бойынша техникалық жәрдем көрсету қызметіне бағытталады.

2-14 қазан

«KEGOC» АҚ өкілдері АҚШ Сауда және даму жөніндегі агенттігінің шақыруы бойынша «дарынды торап» (Smart Grid) технологиясын ендіру мен дамыту бойынша АҚШ-пен тәжірибе алмасты, АҚШ Энегетика департаментінде, электр энергетиканы реттеу жөніндегі Федералдық комиссиямен, электр жабдықтарын дайындайтын Ұлттық ассоциациямен кездесулер өткізді.

15 қазан

Киев қаласында ТМД Электр энергетика Кеңесінің 38-ші отырысы өтті, мұнда ТМД елдері энергетика жүйесінің өзара байланыстары және ТМД-ның жалпы электр энергетикалық нарығын құру мәселелері талқыланды.

29 қараша

«KEGOC» АҚ ұйымдық құрылымын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар «KEGOC» АҚ еншілес ұйымының бейінді емес активтерін иеліктен шығару үшін «Энергоинформ» мекемесі «Энергоинформ» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде 100% акция «KEGOC» АҚ-на тиесілі.

7 желтоқсан

«KEGOC» АҚ-тың «Ұзақ мерзімді әріптестік арқылы – тұрақты дамуға жету» конференциясында темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Темірбетон» ЖШС-мен жалпы сомасы 250 млн. теңгелік 5 жылға (2011-2015 годы) ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылды.

22 желтоқсан

Fitch Ratings рейтинг агенттігі «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді ҰЭР шетел валютасында «BBB-» деңгейінде белгіленді, болжам «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгерді. Ұзақ мерзімді ҰЭР ұлттық валютада «BBB» деңгейінде белгіленді, болжам «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгерді. Қысқа мерзімді ҰЭР шетел валютасында «F3» деңгейінде белгіленді.

22 желтоқсан

«KEGOC» АҚ-тың қызметкерлері электр энергетика саласын дамытуда сіңірген еңбектері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

25 желтоқсан

Халықаралық қайта құру және даму банкісімен 78 миллион АҚШ доллары сомасына «Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на қосумен 500/220 кВ-тық «Алма» ҚС-н салу» жобасы бойынша несиелік келісім-шартқа қол қойылды.



КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
«KEGOC» АҚ МІНДЕТІ, ПАЙЫМЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
«KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

Компанияның міндеті – қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Пайымы – «KEGOC» АҚ 2025 жылы әлемдік деңгейдегі Компания және аймақтық деңгейде электр энергетика саласындағы құзыретті орталық болады.

Негізгі стратегиялық мақсаты – «Ғаламдық экономикада компанияның бәсекеге қабілетті болуы».

Негізгі стратегиялық мақсат жоғары деңгейлі мақсатты жүзеге асыру арқылы орындалады:


  1. Қазақстанның БЭЖ сенімділігі және сапалы қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің талаптарын орындау;

  2. Жүйелік оператор қызметін орындау саласы бойынша мықты компания деңгейіне жету;

  3. Компанияның негізгі бизнесті дамыту есебінен акционерлік құнының тұрақты өсуі, ҰЭТ өткіндік әлеуетін пайдалану тиімділігін жоғарылату, Қазақстанның БЭЖ экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;

4. Корпоративтік басқару деңгейі бойынша салада, Қазақстан мен ТМД-да жетекшілікті қамтамасыз ету.

Негізгі қызмет түрлері:



  1. электр энергиясын аймақтық деңгейдегі тораптар бойынша жеткізу;

  2. электр энергиясын тораптарға жіберу және өндіруде техникалық диспетчерлеу;

  3. электр энергиясын өндіру және тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету.

«KEGOC» АҚ қызметтерінің Қазақстан Республикасының «Табиғи монополия туралы» заңымен реттелуімен байланысты жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады.

ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУ
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның біртұтас электр энергиясы құрамына:

      • Ұлттық электр торабы, «КЕGОC» АҚ Электр тораптарын басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы қызмет көрсететін ӘЖ мен кернеуі 110-220-500-1150 кВ қосалқы станциялардан тұратын;

      • 66 электр станциясы, Ұлттық торапқа тікелей не таратушы Компаниялардың тораптары немесе басқа заңды тұлғалардың тораптары арқылы қосылған біріктірілген (ұлттық маңыздылығы бар 8 қосалқы станция);

      • 29 таратушы электр тораптары компаниялары (ТЭК), ҰЭТ тікелей қосылған;

      • қосалқы станциялары ҰЭТ тікелей қосылған ірі тұтынушылар енеді.

Қазақстанның БЭЖ-да жедел-диспетчерлік басқару ”KEGOC" АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталығының (ӨДО) ЖО ҰДО тікелей жедел бағынуы схемасы бойынша ұйымдастырылған.

ЖО ҰДО диспетчерлері Қазақстанның БЭЖ электр тораптарының жұмыс түзімдерін және «СО ЕЭС» ААҚ-мен (Ресей) (Сібір, Орал, Орта Еділ, Оңтүстік ЖДБ-) және «Энергия» КДО-мен мемлекеттік өзара іс-қимыл жасаудағы мемлекетаралық байланыстарды реттейді.

ЖО ҰДО-ға мыналар жүктеледі:



      • өңірлік диспетчерлік орталықтар арқылы электр станциялары мен тораптарының келісілген жұмысын тәулік бойы жедел диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру;

      • Қазақстанның БЭЖ-да электр станцияларының жабдықтары мен торап схемаларының нақты күйін есепке ала отырып, электр энергиясын өндіру/тұтыну тәуліктік кестесінің техникалық сараптамасын қалыптастыру және жүргізу;

      • Қазақстанның БЭЖ электр энергиясы және қуаттылығының болжамды айлық, тоқсандық және жылдық теңгерімін есептеу;

      • Электр станциялары, қосалқы станциялар және жоғары қуатты желілердің жабдықтарын жөндеудің жылдық және айлық кестесін жасау, жөндеу өтінімдерін қарау мен рұқсат берудің және олардың орындалуын бақылау;

      • электр станциялары мен олардың тікелей жеткізушілері арасында қуат теңгерімінің сақталуын бақылау. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы субъектілерінің берілген тәуліктік жүктеме кестесінің және мемлекетаралық және өңіраралық қуат ағындары кестесінің орындалуын қамтамасыз ету;

      • шартсыз, сондай-ақ шарттан тыс тұтынуды шектеу мен болдырмау, электр қуаты мен (немесе) энергиясын жеткізу түзімін енгізу жөніндегі техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу және қолдану;

      • энергия көздерінің қуаты төмендеген/ысырап болған, тұтынушылардың шарт жасасқан энергия көздерімен электрлік байланысты жоғалтқан кезде ЭҚР ПУЛ қуатының резервін іске қосу;

      • Қазақстанның неғұрлым сенімді схемаларын сақтау, ЖО ҰДО диспетчері басқаратын немесе жүргізетін желілер мен энергия объектілерінің пайдалану тәсімін бақылау;

      • Ресей БЭЖ-мен, Орталық Азия БЭЖ-мен қатарлас жұмыс істеген кезінде берілген кестелерге сәйкес қуат ағындарын бақылау мен реттеу. Оқшауланған жұмыс істеу кезінде Қазақстанның БЭЖ-да жиілікті реттеу.

3-Қосымша: 01.01.2011жылғы Қазақстанның БЭЖ-і оралымды-диспетчерлік басқарудың құрылымдық тәсімі.


КОМПАНИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Электр энергетикасы саласында шетелдермен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда «КЕGОC» АҚ біріктіруді тереңдету тетіктеріне және электр энергетикасын дамытудың үйлестірілген стратегиясын әзірлеуге, нәтижесінде Еуразиялық кеңістікте басқа да электр энергиясының нарығымен біріктірілуі тиісті Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен жалпы электр энергиясының нарығын құруға басты көңіл аударады. Осы бағыттағы жұмыстар шетелдердің қатысуымен ықпалдас бірлестіктермен және жобалармен жүргізілуде.

Жалпы энергетикалық нарық үшін технологиялық негізі Достастық мемлекет-қатысушыларының энергия жүйесінің қосарлас жұмыстары болып табылады және мемлекеттің энергия жүйесіндегі Ұлттық жүйелік оператордың келісілген өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде ТМД елдері энергия бірлестіктерінде ТМД мемлекет-қатысушылар энергия жүйесінің, сонымен қатар Балтық елдері энергия жүйесінің қосарлас жұмыстар үшін 11 бірлестік біріккен.

«КЕGОC» АҚ ТМД Электр энергетика кеңесінің (ТМД ЭЭК), Дүниежүзілік энергетика кеңесінің (ДЭК), Еураазиялық экономикалық қоғамдастығы (ЕуроАзЭҚ), Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру бойынша жұмыс тобының және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кедендік одағы, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастық және электр энергетиканы дамыту саласына бағытталған басқа да қоғамдастық пен бірлестіктердің қызметтеріне қатысады.

2010 жылдың қыркүйегінде ДЭК Қазақстандық комитетінің төрағасы «КЕGОC» АҚ-тың бірінші басшысы А.М. Сәтқалиев бастаған делегация Дүниежүзілік энергетика кеңесінің Атқарушы Ассамблеясы және Монреаль қаласында (Канада) өткен 21-ші Халықаралық Энергетикалық Конгресс жұмыстарына қатысты. Кездесу, дөңгелек үстел, отырыс кезінде ДЭК Қазақстандық комитетінің ағымдағы қызметтері, Орталық Азия аумағында ДЭК қызметтерін кеңейту мүмкіндіктері, «ДЭК ғаламдық әріптестіктері» және 5-ші KAZENERGY Еураазиялық форум бағдарламасы, басқа да мәселелер талқыланды. ДЭК Қазақстандық комитетінің төрағасы А.М. Сәтқалиев Конгресте өткен «Энергетика салалары жетекшілерінің дүниежүзілік саммитіне», ДЭК ұлттық комитетінің төрағаларымен және энергетика министрлері мен басқа да Конгресске қатысқан өкілдермен өткен дөңгелек үстелге атсалысты. ДЭК ұйымдастырған арнайы отырысында Еуропа үшін БҰҰ және ЕҚДБ экономикалық комиссиясының «Орталық пен Шығыс Еуропа және Орталық Азияның электр энергетикасына тартылған инвестиция бойынша жоғары деңгейдегі сұхбат» баяндамасында Қазақстандағы электр энергетикасын дамытудың ағымдағы жағдайы және «КЕGОC» АҚ тәжірибесіне ұлттық электр тораптарын жаңғырту мен дамыту жобасын жүзеге асыру мәселелері тыңдалды.

2010 жылы «КЕGОC» АҚ ТМД ЭЭК-нің Углич (Ресей) және Киев (Украина) қаласында өткен 37-ші және 38-ші отырысына қатысты. Отырыс кезінде энергетика саласында ТМД мемлекет-қатысушылар ынтымақтастығы жөніндегі құжаттар барысы талқыланды. ТМД ЭЭК Атқарушы комитетінде электр энергетика саласында Үйлестіру кеңесі мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысумен ТМД мемлекет-қатысушыларының өзара байланыстар және ынтымақтастығы Стратегиясын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.

Электр энергетика саласындағы ЕуроАзЭҚ қызметінің басым бағыты жалпы энергетикалық нарықты қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс ЕураАзЭҚ Интеграциялық комитеті шеңберінде жүзеге асырылуда.

2010 жылы «КЕGОC» АҚ өкілдері халықаралық шарт жобаларын келісу жөніндегі ЕуроАзЭҚ мүше елдердің үкіметтік сарапшыларының мәжілісіне қатысты: «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында электр энергиясының орнын ауыстыру жағдайлары туралы хаттама», «Баға белгілеу және тариф саясаты негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласында табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім».

2010 жылы «КЕGОC» АҚ өкілдері Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесі (ОА ҮЭК) Үйлестіру комиссиясының және ОА ҮЭК отырыстарына қатысты. Мұнда негізінен Орталық Азияның Біріккен Энергия жүйесінің (БЭЖ) 2010 жылғы өткен вегетациялық жұмыс қорытындысы және алдағы 2010-2011 жылдың күзгі-қысқы кезеңіндегі күтілетін жұмыс тәртібі, энергия жүйелері арасында жиілікті (қуатты) реттеу жөніндегі қызметтеріне және ОА мен Қазақстанның Оңтүстік аймағының БЭЖ апатқа қарсы автоматты жаңғыртуда техникалық тапсырмаларды қалыптастыру жөніндегі келісім-шарттарды ресімдеу мәселелері талқыланды.

«КЕGОC» АҚ, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар жөніндегі министрліктің (ИЖТМ) және Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің (ТМРА) өкілдері 2010 жылдың шілде айында Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия), 2010 жылдың қыркүйек айында Бішкек қаласында (Қырғыстан) өткен ОААЭҚ энергетика саласы бойынша Үйлестіруші комитетінің (ЭСҮК) жұмыстарына қатысты. ЭСҮК отырысы кезінде ОААЭҚ энергетика бойынша энергетика саласында энергетикалық инфрақұрылым және сауда жөніндегі диагностикалық зерттеулер туралы есебімен Жұмыс жоспары қаралды.

2010 жылдың қыркүйек айында «KEGOC» АҚ және АҚШ Сауда мен даму жөніндегі агенттігінің (АТР США - USTDA) арасында гранттар беру жөніндегі екі келісімге қол қойылды. Гранттық келісімнің талаптарына сәйкес бірінші гранттың қаражаты «Мемлекетаралық Кемин-Алматы 500кВ ЭЖЖ құрылысының», «Шульба ГЭС –Ақтоғай – Талдықорған - Алма 500кВ желісі құрылысының» техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасауға пайдаланылады. Екінші гранттың қаражаты электр жеткізу желісінің мониторинг және диагностика жобасы бойынша техникалық жәрдем көрсету қызметіне бағытталады.

2010 жылдың қазан айында «KEGOC» АҚ қызметкерлері АҚШ Сауда және даму жөніндегі агенттігінің шақыруы бойынша «дарынды торап» (Smart Grid) технологиясын ендіру және дамыту бойынша АҚШ-пен тәжірибе алмасты, АҚШ Энегетика департаментінде, электр энергетиканы реттеу жөніндегі Федералдық комиссиямен, электр жабдықтарын дайындайтын Ұлттық қауымдастығымен кездесулер өткізді, қызмет көрсетуші персоналсыз тұрақты жұмыс жасайтын «Allegheny Energy» компаниясының 500 кВ-тық қосалқы станциясын аралады, синхрофазорам (North American Synchro Phasor Initiatives - NASPI) бойынша Жұмыс тобының отырысына қатысты. АҚШ компаниясы электр энергиясын жеткізу саласындағы, Қазақстанның энергетика жүйесінде болашақта қолданылуы мүмкін электр тораптарын автоматтандыру және басқарудың озық технологияларын ұсынды.

«KEGOC» АҚ 2004 жылдан ««EURELECTRIC» Электр энергетика өнеркәсіп кеңесі» Халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады.


ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ БАҒЫНЫШТЫ ҰЙЫМДАР
«KEGOC-СЕРВИС» мекемесі

«KEGOC» АҚ қызметтерін қамтамасыз ету бойынша басқару және шаруашылық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2001 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде «KEGOC-СЕРВИС» Мекемесі құрылды. «KEGOC» АҚ Басқармасы 2010 жылдың қарашасында «KEGOC-СЕРВИС» мекемесін тарату жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі кезде тарату комиссиясы жұмыс жасауда.



«Энергоинформ» АҚ

2002 жылдың маусымында «Энергоинформ» мекемесі құрылды – коммерциялық емес ұйым, заңды тұлға мәртебесіне ие. «Энергоинформ» мекемесі құрылтайшының («KEGOC» АҚ) қызметтерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қосымша міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құрылды. «Энергоинформ» мекемесі біратаулы акционерлік қоғам ретінде 2010 жылдың 209 қарашасында қайта құрылды. Қазіргі кезде 100% акция «KEGOC» АҚ тиесілі.

Жарғылық капиталы 70 650 000 теңгені құрайды.

Негізгі қызмет түрлері:



    • тараптық ұйымдардың электр тораптары жабдықтарын пайдалануына қызмет көрсету;

    • тауарлық-материалдық босалқы қорларды өткізу;

    • заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

«Батыс транзит» АҚ

«Батыс транзит» АҚ – Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен біріктіруде аймақаралық электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес 2005 жылдың қарашасында құрылды және тіркелді. Құрылыстың қажеттілігі электр энергетика саласын дамыту барысында республиканың батыс аймағында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақтөбе облысында электр энергетика тапшылығы мәселесін шешу мақсатында пайда болды. «KEGOC» АҚ-на 20% акция, қалған 80% акция "Мехэнергострой" ЖШС-не тиесілі.



Негізгі қызмет түрлері:

  • барлық тұрпаттағы және кернеудегі электр қосалқы станциялары мен электр жеткізу желілерін пайдалану, жөндеу, қайта құру, құрылысы;

  • электр энергетикасын жеткізу бойынша қызметтер көрсету;

  • құрастыру, дәнекерлеу және электртехникалық жұмыстар;

  • құрылыстық, жер жөндеу-құрылыстық, әрлеу және құрастыру жұмыстары;

  • электр станцияларының құрылысы;

  • іске қосу-ажырату жұмыстары;

  • заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.



ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕР


Трансформаторлық қуаты (МВА)

Желілердің ұзақтығы (км)

2010

34492,65

2010

24 379,83

2009

33 699,65

2009

24 374,06

2008

33 697,15

2008

23 569,23


ҰЭТ торабы бойынша шектес мемлекеттерде электр энергиясын босату

(млн.кВт∙сағ)

Тораптар бойынша электр энергиясын жеткізуде технологиялық ысыраптар, (млн.кВт∙ч)

2010

1 538,0

2010

2 169,51

2009

2 245,8

2009

2 260,2

2008

2 234,7

2008

2 269,7


Торапта электр энергиясын босату, (млн.кВт∙сағ)

Тораптар бойынша электр энергиясын жеткізуде технологиялық ысыраптар, (торапта босатуларды % шаққанда)

2010

40 662,61

2010

5,31

2009

32 582,1

2009

6,9

2008

36 602,5

2008

6,2


Электр жеткізу желісінің дайындық коэффициенті, мин-макс (%)




2010

75,8-99,5







2009

74,5-99,8







2008

87,5-99,5







НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР


Негізгі қызметтен түскен табыс

млн.теңге

Таза табыс


2010

44 408,05

2010

5 796,02

2009

32 683,05

2009

-4 459,04

2008

30 962,02

2008

7 460,44


EBITDA, млн.тенге

Активтердің жалпы құны, млн.теңге

2010

14 901

2010

180 368,49

2009

9 787

2009

176 467,37

2008

11 350

2008

143 811,21


Қарыз және несие

Үлеспайда төлеу, млн.теңге

2010

53 606,52

2010

-

2009

57 171,30

2009

746 044

2008

43 471,51

2008

136 607


Салық салынғанға дейінгі табыс,

млн.теңге

Жалпы капиталдану, млн.теңге

2010

9 215,23

2010

167 019,53

2009

-4 346,41

2009

164 788,71

2008

5 787,12

2008

133 961,46


«KEGOC» АҚ КРЕДИТТІК РЕЙТИНГІ

 

2008

2009

2010

S&P

ВВ+ /жағымсыз

ВВ+ / тұрақты

ВВ+ / тұрақты

Fitch

BBB- / жағымсыз

BBB- / тұрақты

ВВВ-/оң

Moody's

Baa1 /тұрақты

Ваа3 / жағымсыз

Ваа3 / жағымсыз


НАРЫҚҚА ШОЛУ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ НАРЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Қазақстан Республикасы электр энергетикасының негізгі секторлары:

  • электр энергиясын өндіру;

  • электр энергиясын жеткізу;

  • электр энергиясымен жабдықтау;

  • электр энергиясын тұтыну;

  • электр энергиясы саласындағы басқа да қызметтер.

Электр энергиясын өндіру секторы

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 66 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының 2011 жылы 1 қаңтардағы жалпы белгіленген қуаты 19 440,5 МВт-ты, мүмкіндік қуаты – 15 291,0 МВт-ты құрады.

Электр станциялар ұлттық маңызы бар электр станциясы, өнеркәсіп кешеннің құрамындағы электр станциясы, аймақтық маңызы бар электр станция болып бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр станцияға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы көтерме нарығының тұтынушыларын электр энергиясының дайын өнімі мен сатумен қамтамасыз ететін мынадай ірі жылу электр станциялары жатады:



  • «Екібастұз СЭС-1» ЖШС,

  • «Екібастұз станциясы СЭС-2» АҚ,

  • «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» (Ақсу СЭС) АҚ,

  • «Қазақмыс Корпорациясы» СЭС ЖШС,

  • «Жамбыл СЭС» АҚ,

сондай-ақ ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін және қосымша пайдаланылатын өте қуатты гидравликалық электр станциялары:

  • «Қазмырыш» АҚ Бұқтырма ГЭК,

  • «AES Өскемен СЭС» ЖШС,

  • «AES Шульба СЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік маңызы бар электр станцияларына электрлік және жылу энергияларынан құрамдастырылған өндірістер, яғни электрмен, жылумен жабдықтау үшін және елдімекендерге жақын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары:

  • «Қарағанды-Жылу» ЖШС ЖЭО-3,

  • «Арселор Миттал Темиртау» АҚ ЖЭО ПВС ЖЭО-2

  • Руднен ЖЭО («ССГПО» АҚ),

  • «Қазақмыс» Корпорация ЖШС Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО,

  • «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар ЖЭО-1

  • Шымкент ЖЭО-1,2 («Южполиметал» АҚ) және басқа да.

Аймақтық маңызы бар электр станциялары – бұл аумақтармен біріктірілген, электр энергиясын АЭК тораптары арқылы өткізуді жүзеге асыратын және энергия жеткізу ұйымдары (ЭЖҰ), сондай-ақ жақын қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО.

Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электрлік тораптары қосалқы станциялардан, электр энергиясын жеткізу және (немесе) таратуға арналған және олардың желілерін 0,4–1150 кВ кернеудегі электр жеткізумен қосатын таратушы құрылғылардан тұрады.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-дағы жүйелерді топтастырушы торап қызметін ҰЭТ атқарады, яғни республика аймақтары мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы) энергия жүйесінің арасындағы электрлік байланыстарды қамтамасыз етеді, сонымен бірге электр энергиясын электр станцияларына беру және оларды көтерме тұтынушыларға жеткізу. Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «KEGOC» АҚ балансына енеді.
Аймақтық деңгейдегі электр тораптары аймақтардың ішкі электрлік байланыстарын, сондай-ақ электр энергияларын бөлшек тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді. Аймақтық деңгейдегі электр тораптары аймақтық электр тораптары компаниясының (АЭК) балансында және пайдалануында болады

Электр жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттар негізінде электр энергиясын өз электр желілері және пайдалануы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және басқа да пайдаланулар) арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығындағы электрмен жабдықтау секторы электр өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алып, оны кейіннен жеке тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады. ЭЖҰ бөлігі электр энергияны «кепілдікті жеткізуші» қызметін атқарады.



Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызметтер

Электр энергетика нарығының субъектілері үшін құрылыстар бойынша қызмет көрсетулерді, энергия объектілерін реттеуді, жекелеген энергия жабдықтауды, мамандандырылған жөндеу қызметтерін құрылыс-құрастыру ұйымдары және мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтауға және өндіріс үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші әрі экологиялық таза технологияларды енгізу мәселесін шешумен ҚазҒЗЖЗэнергоөнеркәсіп, «Энергия» институты, Алматысужоба, Қазауылэнергожоба, ҚазэнергетикаҒЗИ секілді жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады. 2010 жылы «Қазақ индустрияны дамыту институты» АҚ құрылды (ҚР Үкіметінің 03.06.2010ж № 508 Қаулысы) және мемлекеттік саясаттың шараларын жасау үшін Қазақстан электр энергетикасын дамытудың жағдайы мен беталысын жүйелі зерттеуді ұйымдастырумен айналысады.

«Қазақ Электр энергетикалық Қауымдастығы» Заңды Тұлғалардың бірлестігі. Қауымдастық мүшелері энергия өндіруші ұйымдар, тұтынушылар – Қазақстан Республикасы электр энергиясы және қуаттылығының көтерме нарығының қатысушылары болып табылады.

Ассоциацияның негізгі міндеттері:


  • электр энергетика саласына қызметтері тікелей немесе басқа да қатысы бар барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

  • электр энергетика саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар, заңдар, нормативтік актілер жасауға қатысу;

  • сала мүдделерін үкімет, сот және басқа да органдар шешіміне байланысты өз мүшелерінің мәселелерін қолдау және қорғау.

Қазақстанның ПУЛ ЭҚҚ мекемесі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы нарығының субъектілеріне құрылған. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында өндірілетін қуат пен электр жеткізу желілерінің кенеттен қатардан шығуы кезінде тұтынушы-құрылтайшыларды шарт негізінде энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуат резервтерін беру.

ПУЛ ЭҚҚ қатысушылары бола алатындар:



  • қуат өндіруші компаниялар,

  • АЭК-лар,

  • «KEGOC» АҚ,

  • көтерме тұтынушылар.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ НАРЫҒЫ
Электр энергиясы нарығы екі деңгейден тұрады: көтерме және бөлшек сауда нарығы.

Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар мен электр тораптарын иеленуші өзге де ұйымдар табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте барлық қатысушылардың нарыққа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Электр энергияны өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындайтын қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының атқарымдық құрылымына:



  • орталықтандырылмаған электр энергиясының сатып алу-сату нарығы (электр энергиясын сатып алу-сатудың екіжақты шарттары);

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, мұнда электр энергиясын сатып алу-сатудың қысқа мерзімді (спот-сауда-саттығы), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негіздегі мәмілелері жасалады;

  • нақты уақыт режиміндегі теңгермелі нарық, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергиясы жүйесінде операциялық тәулікте болатын электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты және шарттық көлемдері арасында операциялық тәулікте туындаған сағаттық теңсіздіктерді физикалық және қаржылық жағынан реттеу мақсатында жұмыс істейді;

  • жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, мұнда мемлекеттік стандарттармен белгіленген ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БЭЖ Жүйелік операторы жүйелі қызмет көрсетуді және нарық субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

2010 жылы «KEGOC» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасында электр қуаттылығы нарығына кіруді қарастыратын заң жобасы дайындалды. 2010 жылдың соңында аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының министрлігі мен ведомстваларында келісілді. Қуаттылық нарығының негізгі мақсаты өндірілетін қуатты дамыту арқылы олардың құрылыстарына салынған инвестициялардың қайтарымына ұзақ мерзімді кепілдік ұсыну жолымен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының БЭЖ жұмысының ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Электр энергетиканың көтерме сауда нарығында энергия өндіруші ұйымдар энергия жабдықтаушы ұйымдар мен көтерме тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. Тұтынушылар көтерме сауда нарығына ұлттық және (немесе) аймақтық электр тораптарына шығуы кезінде қатысуы мүмкін, электр энергиясын сатып алу көлемі орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 МВт кем емес және коомерциялық есепке алудың автоматтандырылған әрі телекоммуникация жүйесінің Жүйелік операторға ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Электр энергетиканың көтерме сауда нарығында энергия өндіруші және энергия жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда тұтынушылары электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетика туралы» Заңына сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан еліктеме тәртібінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасын теңгерімдеу нарығы қызмет етеді.

Электр энергетикасын теңгерімдеу нарығының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін Қаржылық орталық ретінде «Энергоинформ» АҚ белгіленді.

Теңгерімдеу нарығында тепе-теңсіздікті нақты реттеуді Жүйелік оператор, ал тепе-теңсіздікті қаржылық реттеуді Қаржылық орталық жүзеге асыратын болады.

Орталықтандырылған сауда нарығы субъектілердің электр энергетикасы нарығына ашық, кемсітушіліксіз кіруін және электр энергетикасының ағымдағы нарықтық бағасының шынайы көрсеткішін қалыптастыруын қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді. Орталықтандырылған сауда-саттық нарығының қызметін ұйымдастыру жауапкершілігі Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторы – «КОРЭМ» АҚ-ға жүктеледі.


ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМІ
Қазақстанның БЭЖ өндірілгені 82 295,6 млн кВт/сағ,

оның ішінде:

жылу электр станциялары (ЖЭС) 69 463,3 млн кВт/сағ

су электр станциялары (СЭС) 7 989,6 млн кВт/сағ

газ трубиналық электр станциялары (ГТЭС) 4 842,7 млн кВт/сағ.

Қазақстанда электр энергиясын өндіру құрылымы 2009 жылмен салыстырғанда өзгерістері мынадай болды:



2009 жыл 2010 жыл

Барлығы 100,0% 100,0%

оның ішінде:

жылу электр станциялары 85,5% 84,4%

су электр станциялары 8,8% 9,7%

газ-турбиналық электр станциялары 5,7% 5,9%


Электр энергиясын өндіру 2009 жылмен салыстырғанда 3 861,9 млн.кВт/сағ немесе 4,9% артты. 2010 жылы электр энергиясы өнімнің артуы Қазақстанның Солтүстік аймағындағы электр станцияларында 3612,6 млн.кВт/сағ (немесес 5,9%) шамасында, негізінен блокты электр станцияның аса қарқынды жүктемесі есебінен болды. 2010 жылы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС 11 703,3 млн.кВт/сағ өндірді, өткен жылдың көрсеткішінен 1 384,1 млн.кВт/сағ немесе 13,4% артық; «Екібастұз станциясы МАЭС-2» АҚ 964,5 млн.кВт/сағ өндірді немесе 2009 жылмен салыстырғанда 21,6% артық.

Қазақстанның Оңтүстік аймағы бойынша электр энергиясын өндіру негізінен Жамбыл МАЭС-тың аз қарқынды жүктемесі есебінен 890,9 млн.кВт/сағ көлемге азайды және 457,5 млн.кВт/сағ құрады.

Қазақстанның СЭС-ында электр энергиясын өндіру 2009 жылмен салыстырғанда 1 130,2 млн.кВт/сағ немесе 16,5% артты. СЭС-тың жұмыс түзімі 2010 жылы жоғарғы дәлдік жағдайында қалыптасқан су шаруашылығы теңгерімімен анықталды.

Қазақстанның ГЖЭТ-да электр энергиясын өндіру 365,1 млн.кВт/сағ т/сағ немесе 8,2% артты.



Электр энергиясын тұтыну

2010 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 2009 жылмен салыстырғанда 5 807,5 млн.кВт сағатқа немесе 7,4%-ға азайды және 83 767,1 млн.кВт/сағатты құрады.

2009 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну артты:

«Қазақ электролиз зауыты» АО 1 372,9 млн.кВт/сағ немесе 68,6%;

«Казфосфат» ЖШС 541,3 млн.кВт/сағ немесе 63,7%;

Ақсу ферроқорытпа зауыты 991,1 млн.кВт/сағ немесе 21,4%;

С-Сарбай ТӨБ 245,7 млн.кВт/сағ немесе 11,1%;

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 147,3 млн.кВт/сағ немесе 3,5%;

Электр энергияны аймақтар бойынша тұтыну:

Барлығы: 83 767,1 млн.кВт/сағ немесе 100,0%

Солтүстік аймақ 58 327,2 млн.кВт/сағ немесе 69,6%

Оңтүстік аймақ 16 176,4 млн.кВт/сағ немесе 19,3%

Батыс аймақ 9 263,5 млн.кВт/сағ немесе 11,1%

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның барлық облыстарында тұтыну көлемі артқан, әсіресе айрықша өсу Павлодар облысы 2708,0 млн.кВт/сағ (18,5%), Ақтөбе облысы 340,5 млн.кВт/сағ (10,1%), Жамбыл облысы 481,2 млн.кВт/сағ (20,2%), Алматы облысы 321,0 млн.кВт/сағ (3,8%), Оңтүстік Қазақстан облысы 226,8 млн.кВт/сағ (7,3%) байқалды.

Аса жоғары тұтыну Қазақстанның Солтүстік аймағында 4 410,7 млн.кВт/сағ немесе 8,2% орын алды.

Электр энергиясының ағындары

2010 жылы Қазақстанның БЭЖ бойынша электр энергиясын өндіру 1 471,5 млн.кВт/сағ артты.

Ресейге электр энергиясының сальдоланған ағыны 162,4 млн.кВт/сағ. Сондықтан Қазақстанда өндірілген электр энергия өнімін Ресейге экспорттау көлемі 2010 жылы 1538,0 млн.кВт/сағ құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 619,4 млн.кВт/сағ немесе 28,7% кеміген.

Ресейден келетін импорт көлемі 1 375,6 млн.кВт/сағ, бұл 2009 жылдың деңгейінен 791 млн.кВт/сағ немесе 135,3% артық.

Орталық Азиядан келетін электр энергияның импорт көлемі 446,8 млн.кВт/сағ немесе 37,6% артты және 1 633,9 млн.кВт/сағ құрады. Қазақстанға электр энергиясы негізінен Қырғызстаннан жеткізілді.

ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШОЛУ
ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТ
ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Барлығы «KEGOC» АҚ-тың теңгерімінде кернеуі 35-1150 кВ қорамдардағы жалпы ұзақтығы 24379,82995 км, соның ішінде:



  • 1150 кВ ӘЖ 1 421,225 км;

  • 500 кВ ӘЖ 6 419,6765 км;

  • 330 кВ ӘЖ 1 759,482 км;

  • 220 кВ ӘЖ 14 383,53545 км,

  • 110 кВ ӘЖ 351,781 км,

  • 35 кВ ӘЖ 44,13 км

«KEGOC» АҚ филиалдарының теңгерімінде трансформаторларының белгіленген қуаты 34492,65 МВА кернеуі 35-1150 кВ 74 қосалқы электр станциялары бар, соның ішінде:

  • 1150 кВ - 3 дана, қуаты 9384,1 МВА;

  • 500 кВ - 16 дана, қуаты 14737 МВА;

  • 220 кВ -52 дана, қуаты 10 343,35 МВА;

  • 110 кВ - 1 дана, қуаты 5 МВА;

  • 35кВ - 2 дана, қуаты 23,2 МВА.

«KEGOC» АҚ құрамындағы филиалдар:

«Ақмола ЖЭТ» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 220-1150 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 4225,519 км (тізбек бойынша) және 220-1150 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 8402,6 МВА 10 қосалқы станция кіреді.

«Ақтөбе ЖЭТ» филиалы 1997 жылы қазанда құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 220-500 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 1200,02 км (тізбек бойынша) және 220-500 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 1945,5 МВА 6 қосалқы станция кіреді.

«Алматы ЖЭТ» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 35-500 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 2746,852 км (тізбек бойынша) және 35-500 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 3227,35 МВА 9 қосалқы станция кіреді.

«Шығыс ЖЭТ» филиалы 1997 жылы желтоқсанда құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 110-500 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 1044,16 км (тізбек бойынша) және 220-500 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 2776,5 МВА 5 қосалқы станция кіреді.

«Батыс ЖЭТ» филиалы 1998 жылы шілдеде құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 220-330 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 1679,5 км (тізбек бойынша) және 220 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 950 МВА 5 қосалқы станция кіреді.

«Сарыбай ЖЭТ» филиалы 1997 жылы тамызда құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 110-1150 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 2417,935 км (тізбек бойынша) және 220-1150 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 6569,9 МВА 8 қосалқы станция кіреді.

«Солтүстік ЖЭТ» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 35-1150 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 3386,55095 км (тізбек бойынша) және 110-1150 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 3520,6 МВА 8 қосалқы станция кіреді.

«Орталық ЖЭТ» филиалы 1997 жылы құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 35-500 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 3477,99 км (тізбек бойынша) және 220-500 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 3720,1 МВА 10 қосалқы станция кіреді.

«Оңтүстік ЖЭТ» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылған. Филиалдың мүліктік кешеніне электр жеткізудің 220-500 кВ әуе желілері жалпы ұзақтығы 4201,303 км (тізбек бойынша) және 220-500 кВ кернеудегі жиынтық қуаты 3380,1 МВА 13 қосалқы станция кіреді.
ЭЛЕКТР ЖЕТКІЗУ ЖЕЛІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Электр желілерін пайдалану деңгейі мәні осы желілердің жұмысқа дайындығы деңгейіне қарай әр электр энергиясының желісі бойынша өткізілген электр энергиясының санымен анықталатын олардың өткізімділік қабілеттерін пайдалану коэффицентінің көлемімен сипатталады.

Кестеде «KEGOC» АҚ филиалдарының электр жеткізу желілері бойынша 2010 жылғы өткізімділік қабілеттерін пайдалану коэффиценті мен оның дайындығының орташа жылдық және жоғарғы мәнінің мәліметі келтірілген.




Филиалдың атауы

Электр жеткізу желілерінің дайындық коэффициенті (мин-макс), %

Электр жеткізу желілерінің өткізімділік қабілеттерін пайдаланудың орташа өлшенген коэффициенті, %

орташажылдық

ең жоғарғы

Ақмола

86,0 - 99,9

25,88

71,63

Ақтөбе

87,9 - 98,9

56,38

67,30

Алматы

93,3 – 100

51,88

97,67

Шығыс

86,4 - 99,6

24,13

96,21

Батыс

37,4 - 98,4

13,40

66,00

Сарыбай

86,1 - 99,9

25,33

85,40

Солтүстік

86,4 - 99,7

36,80

116,60

Орталық

26,6 - 99,6

41,73

95,19

Оңтүстік

92,2 - 99,8

20,82

75,12

«KEGOC» АҚ

75,8 - 99,5

32,9

85,7

2010 жылы электр жеткізу желілерінің көптеген бөліктері жұмысқа дайындығы 76-100% деңгейінде қамтамасыз етілді. Кернеуі 35-110 кВ қосарлы желілер ерекшелікті құрайды. Тұтастай алғанда 2010 жылы электр жеткізу желілерінің жұмысқа дайындығы 2009 жылғы көрсетікштерден кем емес деңгейінде қамтамасыз етілді.

Электр энергиясының көптеген санды көлемі электр жеткізу желілері бойынша берілді

кернеуі 500 кВ:


  • №5817 (Ек. МАЭС-2 – Екібастұз 1150) ӘЖ – 5 175,6 млн.кВт/сағ,

  • № 5117 (Екібастұз 1150 – Ағадыр) ӘЖ – 4 788,0 млн.кВт/сағ,

  • № 5120 (Ек. МАЭС-1 – Нұра) ӘЖ – 4 068,7 млн.кВт/сағ,

  • № 5138 (Нұра – Ағадыр) ӘЖ – 3 339,1 млн.кВт/сағ,

  • № 5019 (Таш. МАЭС-1 – Шымкент) ӘЖ – 3 070,9 млн.кВт/сағ,

  • № 5320 (Ағадыр – ОҚМАЭС) ӘЖ – 2 997,5 млн.кВт/сағ,

  • № 5300 (Ағадыр – ОҚМАЭС) ӘЖ – 2 920,6 млн.кВт/сағ,

  • № 5050 (Ек. МАЭС-1 – ОБТҚС) ӘЖ – 2 154,5 млн.кВт/сағ,

  • № 5537 (ЕЭК – Ертіс) ӘЖ – 2 018,8 млн.кВт/сағ.

кернеуі 220 кВ:

  • №5032 (БАЭС – Степная) ӘЖ – 1286,1 млн.кВт/сағ,

  • №2163 (Шу 220 – Главная) ӘЖ – 958,9 млн. кВт/сағ,

  • №2103 (ПС 143 Робот – ТЭЦ 3) ӘЖ – 950,6 млн.кВт/сағ,

  • №3050 (ЕЭК – ПС 51) ӘЖ – 786,8 млн.кВт/сағ,

  • №2238 (Қар.МАЭС-2 – Қарамұрын) ӘЖ – 782,5 млн.кВт/сағ,

  • №2173 (ПС 7 АХБК – ПС 140 Батыс) ӘЖ – 730,6 млн.кВт/сағ,

  • №2419 (Таш.МАЭС – Шымкент) – 722,5 млн.кВт/сағ,

  • ВЛ №2429 (Таш.МАЭС – Жылға) – 707,8 млн.кВт/сағ.

«КЕGОС» АҚ-да электр жеткізу желілерін пайдаланудың жылдық орташа коэфиценті 2010 жылы 32,9%-ды құрады, Қазақстанның БЭЖ ең жоғарғы жүктемесінің сағаттарында 85,7 %-ға жетті. Осыған орай пайдаланудың анағұрлым жоғары коэфиценті, ең көп сағаттарында да, жыл бойынша да Алматы ЖЭТ филиалы және осы өңірлерде электрді тұтыну артты. 2009 жылмен салыстырғанда электр желілерін пайдаланудың орташа жылдық коэфиценті электр энергиясын өткізу көлемінің есебінен аз ғана артты.
ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ
2010 жылы «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде жабдықтардың 334 авариялық ажырауы болды, өткен жылмен салыстырғанда 10% азайған. 137 жағдайда желінің қалыпты жұмысы автоматты қайталама қосу құрылғысының (АҚҚ) ұтымды жұмысының арқасында сақталды, 197 жағдайда АҚҚ ұтымсыздығынан ажыратулар болды.

Технологиялық бұзылыстарды талдасақ, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 22% азайған (112 қарсы 144). Электр энергияның тоқтап қалу жиынтығы 2010 жылы 29 % төмендеді және 752,5 мың. кВт/сағ құрады, ал 2009 жылы 1054,4 мың кВт/сағ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет