ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет52/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78

- Өнеркәсіптік үлгілер


  1. Қазақстан өкілі өнеркәсіптік үлгілерге құқық Патент Заңымен реттеледі және мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабілеттілігі шарттарына - жаңалық пен бірегейлікке сәйкес болған кезде патенттермен куәландырылады деп мәлімдеді. Ол «өнеркәсіпте қолданушылық» өлшемшарты, яғни өнеркәсіптік үлгіні өнеркәсіпте жаңғырту мүмкіндігі өнеркәсіптік үлгі үшін басты өлшемшарт болып табылатынын мойындады. Сәулет объектілері (шағын сәулет нысандарынан басқа), өнеркәсіптік, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттар «өнеркәсіпте қолданушылық» өлшемшартына сәйкес болмағандықтан, өнеркәсіптік үлгілер ретінде танылмайды. Алайда, олар авторлық құқық объектілеріне жатады. Патент Заңының 8-бабына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге бұйымның сыртқы түрін айқындайтын көркем-конструкторлық шешім, тоқыма бұйымы, сондай-ақ шағын сәулет нысандары жатады. Сериялық жасап шығарылатын түрлі дүңгіршектердің, шатырлардың, аялдамалық павильондардың және т.б. сыртқы безендірілуіне қатысты шешімдер өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын шағын сәулет нысандары деп түсіндіріледі.




  1. Одан соң ол өнеркәсіптік үлгіге патент өтінім берген күннен бастап 15 жыл бойы жарамды болатынын атап өтті. Патенттер, олардың иесінің өтінішхаты бойынша олардың қолданысын ұзарту мүмкіндігімен, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Өнеркәсіптік үлгіге патент иеленушісі оны пайдаланудың ерекше құқығына ие. Патент иеленушісі болып табылмайтын кез келген тұлға қорғалатын өнеркәсіптік үлгіні патент иеленушісінің рұқсатымен және Әділет министрлігінде міндетті тіркеуге жататын лицензиялық шарт шеңберінде ғана пайдалануға құқылы.



- Патенттер


  1. Қазақстанның өкілі «Кейбір заңнамалық актілерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 2 наурыздағы №237-III Заңымен енгізілген өзгерістері бар Патент Заңы ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 25 – 34 баптарының барлық талаптарын көрсетеді деп мәлімдеді. Патент Заңы өнертабысты, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдерді қоса алғанда, өнеркәсіп меншігінің объектілеріне қолданылады және патент иелері құқықтарын қорғау тетіктерінің ауқымды тізбесін қамтиды. Егер ол жаңа болып табылса, өнертабыс деңгейіне ие болса және өнеркәсіпте қолданылса өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі. Патент Заңының 6-бабының 2-тармағында өнертабыс объектілерінің түпркілікті тізбесі берілген, құрылғы, тәсіл, зат, микрорганизмнің штаммы немесе өсімдіктер мен жануарлар жасушалары, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғыны, тәсілді, затты немесе штаммды жаңа мақсат бойынша қолдану осыған жатады. Диагностикалық, терапевтік және хирургиялық әдістер 6-баптың өлшемшарттарына сәйкес өнертабыс объектілері ретінде қорғалуы мүмкін. Патенттік Заң өнертабыс ретінде мыналар мойындалады: (і) жаңалық, (іі) ғылыми теориялар, (ііі) математикалық әдістер, (iv) экономикалық ұйымдастыру мен басқару әдістері, (v) нышандар, бағдарламалар мен қағидалар, (vі) ақыл-ой әрекеті қағидалары мен әдістері, (vіі) алгоритмдер мен компьютерлік бағдарламалардың өзі, (іх) өндірілетін тауарлардың сыртқы түрі бойынша ұсыныстар және (х) коммерциялық пайдалануы қоғамдық мүддеге, ізгілік және мораль қағидаттарына қайшы келуі мүмкін ұсыныстар. Патент Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес патент иеленушісі өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға міндетті, мұнымен бірге өнеркәсіптік меншік объектісін «пайдалану» ретінде кейіннен пайдалану мақсатында өнімді сақтауды қоса алғанда, оны дайындау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу танылады. Патент Заңының ережелері Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес немесе өзаралық қағидаты негізінде шетелдік және қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға тең түрде қолданылады.




  1. Кейбір мүшелер патенттеуден компьютерлік бағдарламалардың алынып тасталғандығы бойынша алаңдаушылық білдірді. Олар компьютерлік бағдарламалар, мысалы өнімді дайындауға немесе пайдалануға арналған процестің бөлігі болуы мүмкін деп түсіндірді. Бұл мүшелер осындай компьютерлік бағдарламаларды Қазақстанның Патент Заңына сәйкес патенттеуге болу-болмауын түсіндіруді өтінді.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстанда патенттік қорғау толық патентке де, инновациялық патентке де сәйкес берілуі мүмкін деп түсіндірді. Инновациялық патентке сәйкес берілетін қорғау дәрежесі, сапасы бойынша толық патентке сәйкес берілетін қорғау дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл екі түрлі патенттің негізгі айырмашылығы оларды беру рәсімдері мен қолдану мерзімінде. Инновациялық патент өнеркәсіптік қолданушылық пен жергілікті жаңалық шарттарына сәйкес болуы тексерілгеннен кейін беріледі және үш жыл бойы қолданылады. Толық патент инновациялық патент беруге өтінім берілген күннен бастап үш жыл ішінде Әділет министрлігіне өтінім берілген жағдайда, өтінімнің мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Өтінімнің мәні бойынша сараптама мәлімделген шешімнің патентке қабілеттілік шарттарына (жаңалығы, бірегейлік және өнеркәсіптік қолданушылық) сәйкестігін тексеруді қамтиды. Толық патент бастапқы өтінім берілген күннен бастап 20 жыл мерзімге беріледі. Егер, инновациялық патенттің иесі қорғау мерзімін ұзарту, немесе толық сараптама жүргізуге уақтылы өтінім бермесе инновациялық патенттің қолданысы оның мерзімі өткен кезден бастап (яғни инновациялық патентке өтінім берілген кезден бастап үш жыл өткен соң) тоқтатылады. Өнеркәсіптік үлгіге патентің қолданылуын патент иеленушісінің өтінішхатын алған кезден бастап екі жыл мерзімге дейін ұзарту мүмкін болады.




  1. Қазақстан өкілі, егер жаңалық пен өнеркәсіптік қолданушылыққа қатысты патент қабілеттілігінің өлшемшарттарына сәйкес болса, пайдалы модельдерге патенттік қорғау берілетінін қоса айтты. Пайдалы модельдерге патенттер патент иеленушісінің өтінішхаты бойынша бұл мерзімді ұзарту, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, бес жыл бойы қолданылады. Қорғалатын өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілеріне арналған жағдайлар қорғалатын пайдалы модельдерді пайдалануға айрықша құқық пен бұзудың мән-жайлары бірдей болып табылады.




  1. Мүше Қазақстанның «қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы ұсыныстар» өнертабыс болып танымайтынын атап өтті. Мүше ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 27.2-бабында пайдаланылатынына қарағанда Қазақстан пайдаланатын тұжырымдама анағұрлым кең екеніне алаңдаушылығын білдірді. Бұл мүше сонымен қатар Қазақстанның патенттеуден «шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері» мен «компьютерлік бағдарламаларды» алып тастағандығына қатысты алаңдаушылығын айтты.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан патенттеуден «қоғамдық мүддеге, ізгілік пен моралға қайшы ұсыныстадыр» алып тастау арқылы ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 27.2-бабының түсінігіндегі тек «қоғамдық тәртіп» пен «моралға» қайшы ұсыныстарды ғана алып тастауды көздегенін растайды деп жауап берді. Қазақстанның патенттеуден «шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістерін» алып тастағанына қатысты Патент заңының
    6-бабының 2-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде техникалық шешімдер ғана қорғауға жататынын атап өтті. Шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері патенттеуден олардың техникалық емес сипаттамасына қарай алынып тасталған.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Патент заңының 6-бабына сәйкес ықтимал алып тастаулар саласына қатысты алаңдаушылығын жалғастырды және Қазақстанның ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 27.2-бабына сәйкестендіру мақсатында Заңға өзгерістер енгізуді өтінді.




  1. Қазақстан өкілі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-І Заңының мәтініндегі «қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы ұсыныстарды» «қоғамдық тәртіп» пен «моралға» ауыстыру арқылы зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ДСҰ келісімінің 27.2-бабына сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-І Заңының 6-бабы өзгертілгенін растады. Қазақстанның өкілі, сондай-ақ, компьютерлік бағдарламаны қамтитын процесс сияқты өнертабыстар «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңына сәйкес патенттеу объектісі болып табылмайтынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.




  1. Мүше Патенттік заңда белгіленген міндетті лицензиялау туралы талап ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 31(а)-(1) бабының талаптарына қандай түрде сай болатынын түсіндіруді өтінді. Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасының Патенттік Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес патент иеленуші қорғалаьын өнертабысты өз қалауынша пайдалануға айрықша құқық беріледі деді. Қорғалатын өнертабысты заңсыз пайдалану патент иеленушісінің айрықша құқығын бұзушылық болып саналады. Қорғалатын өнертабыстар Әділет министрлігінде міндетті тіркеудің нысанасы болып табылатын лицензия арқылы немесе Патент Заңының 11-бабына сәйкес берілген мәжбүрлі лицензияға сәйкес патент иеленушісінің рұқсатымен ғана пайдалана алады. Патент Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес және қолайлы коммерциялық шарттарда лицензиялық шарт жасауға ақылға қонымды кезең ішінде сәтсіз күш салу жағдайында, кез келген тұлға оған мәжбүрлі айрықша емес лицензия беру туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады. Мүдделі тарап патент иеленушісі өнертабысты пайдаланбаған кезде, егер өнертабысқа қорғау құжатын беру туралы мәліметтер алғаш рет жарияланғаннан кейін кейін өнертабыс төрт жыл ішінде үздіксіз пайдаланылмаса, егер өтініш беруші оның пайдаланылмағаны туралы дәлелдеме берса, сотқа жүгіне алады. Егер патент иеленуші пайдаланбауы дәлелді себептерге байланысты болғанын дәлелдемаса, сот көрсетілген лицензияны пайдалану шектерін, мерзімдерін, төлемдердің мөлшері мен тәртібін белгілей отырып, ұсынады. Мәжбүрлі лицензия айрықша емес болмауы тиіс және төлем мөлшері белгіленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауы керек. ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің
    31(1) бабының талаптарына қатысты Қазақстанның өкілі Патент Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басқа қорғау құжатын иеленушiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленушінің Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мәжбүрлі ерекше емес лицензияны өзіне беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы бар екенін атап өтті. Сот пайдалану шектерін, мерзімдерін, төлемдердің мөлшері мен тәртібін белгілей отырып, көрсетілген лицензияны береді. Төлем мөлшері лицензияның нарықтық бағасынан төмен белгіленбеуі тиіс. Мүше Қазақстанның Патенттік Заңның 11-бабының 5-тармағына қатысты алаңдаушылығын ортаға салды. Осыған байланысты бұл мүше Қазақстанның Патент заңының 11-бабының 5-тармағында ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің осындай талаптары жоқ екенін атап өтті, оған сәйкес екінші патент маңызды техникалық жетістікті қамтуға тиіс. Бұдан басқа, бұл мүше Қазақстанның Патент заңы ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 31(с) бабында көзделгендей жартылай өткізгіш технологияларға лицензия берілуі мүмкін болатын мақсаттарды шектемейтінін де атап көрсетті. Аталған мүше Қазақстанның патентке мәжбүрлі лицензиялау бөлігінде өз заңнамасын ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 31-бабына сәйкес келтіруді өтінді.




  1. Импортталатын өнімге қатысты «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заң импортталатын патенттелген өнімдерге қатысты «пайдалану» мен «пайдаланбауды» қалай түсіндіреді деген нақты сұраққа жауапта Қазақстан өкілі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес импортталатын патенттелген өнімді импорттау жағдайында «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңға сәйкес пайдаланбау белгіленбейтінін растады. Бұған қоса, ДСҰ-ға кірген күнге дейін «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңның 11-бабы, егер басқа патентті бұзбай («бірінші патент») пайдаланылатын патентті («екінші патент») пайдалану үшін патент нысанасын пайдалануға рұқсат етілген жағдайда, екінші патентте мәлімделген өнертабыс бірінші патентте мәлімделген өнертабыспен салыстырғанда ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімінің 31(1) бабында көзделген сияқты үлкен экономикалық мәні бар маңызды техникалық жетістікті қамтуы тиістігін қамтамасыз ету мақсатында өзгертілетін болады. Осыған ұқсас 11-бап, оны ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімінің 31(с) бабына сәйкестендіру мақсатында жартылай өткізгіш технологияларға мәжбүрлі лицензия берілуі мүмкін мақсаттарды шектеу үшін өзгертіледі. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Патент заңының 12-бабына сәйкес мыналар: 1) құралдар уақытша (немесе кездейсоқ) Қазақстан Республикасының аумағында болса және көлік құралдарының мұқтаждарына пайдаланылған жағдайда конструкциясында немесе басқа елдердің көлік құралдарын пайдаланған кезде өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектілері бар құралдарды қолдану; 2) өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісін қамтитын құралға ғылыми зерттеулер немесе эксперимент жүргізу; 3) мұндай құралдарды патент иеленушіге дереу хабарлап және патент иеленушіге кейіннен мөлшерлес өтемақы төлей отырып, төтенше жағдайлар (табиғи апаттар, дүлей зілзала, ірі авариялар) кезінде қолдану; 4) мұндай құралдарды жеке табыс алу мақсатынсыз қолдану; 5) дәріханада дәрігердің рецептімен дәрілерді бір жолғы дайындау патент иеленушісінің айрықша құқығының бұзылуы болып танылмайды Осылайша, оның пікірі бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтық нормалар ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 30-бабының талаптарына сәйкес келеді.




  1. Қазақстандық заңнама жеке мақсатта қолайлы қолдану мен «құқық иелерінің құқықтарын негізсіз бұзудың» алдын алу қажеттігі бар жеке мақсаттар арасындағы теңгерім қалай сақталатыны туралы сұраққа Қазақстанның өкілі өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектілерін қамтитын құралдарды қолдану жеке мақсатта жүзеге асырылатын шектеулі жағдайларда ғана құқық иеленушілері құқықтарының бұзылуы деп танылмайды деп жауап берді. Бұдан басқа, осындай пайдалану табыс алусыз жүзеге асырылуы тиіс. Патент құқық иеленушінің коммерциялық емес қызметті жүзеге асыруға емес, табыс алуға монополиясын қамтамасыз ететінін ескере отырып, мұндай патенттелген өнертабысты қамтитын құралды қолдану, өз пікірінше, оның заңды мүдделерін кемсітпейді.




  1. Мүше Қазақстанды мұндай ерекшеліктер патентті қалыпты пайдалануға қайшы болмауын және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін ескере отырып, патент иеленушісінің заңды мүдделерін негізсіз кемсітпеуді қамтамасыз ету мақсатында, бұл ережелер патент берген ерекше құқықтарға қатысты шектелген ерекшеліктерді білдіруі болып саналу үшін Патент Заңының 12-бабының 2 және 4-тармақтарын ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 30-бабының талаптарына сәйкестендіруді өтінді.




  1. Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күнге дейін «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңның 12-бабының 2 және 4-тармақтары ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімінің 30-бабының талаптарына сәйкес келтіру үшін өзгертілетінін растады. Атап айтқанда, 12-баптың 2-тармағы «зерттеудің коммерциялық мақсаты болмаған жағдайларда өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі бар құралға ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргізу» патент иеленушісінің құқықтарын бұзу болып табылмайтынын белгілеу үшін өзгертілетін болады. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» атты 1999 жылғы 16 шілдедегі №427-І Заңның 12-бабының 4-тармағы, егер пайдалану мақсаты табыс алу болып табылмаса, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке, отбасылық, үйдегі немесе басқа да мұқтаждарды қанағаттандыру үшін патент иеленушісінің рұқсатынсыз патентті пайдалануды белгілеу үшін өзгертіледі. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Сот талқылауында дәлелдеу ауыртпалығына қатысты зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қатысты Патент Заңында ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 34-бабына сәйкес норма көзделмегенін атап өтті. Алайда, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында өз талаптары мен қарсылықтарының негіздері ретінде сілтеме жасап отырған мән-жайларды әрбір тарап дәлелдеуі тиіс болатын ережелер бар. Дәлелдемелерді іске қатысушы басқа тараптар да береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет