1117. Қазақстан өкілі жауабында қызметтер көрсету секторы келешекте мәні өсетін ең серпінді дамып келе жатқан экономика секторларының бірі болып табылады деді. 1990 жылдан бастап, ЖІӨ құрылымындағы қызметтер көрсету өндірісінің үлесі біртіндеп өсіп, 1998 жылы ең жоғарғы мәні– 60 % дейін жетті, орташа алғандағы кейінгі онжылдықта қызметтер көрсету үлесі ЖІӨ-нен 50% құрады. 2010 жылы қызметтер көрсету үлесі 52,8% құрады.
1118. Кейбір мүшелер коммерциялық қызметтер көрсетуді реттейтін заңнамалық база туралы және шетелдік қызметтер көрсету жеткізушілеріне кемсітпеушілік болдырмау үшін Үкімет қолданатын шаралар туралы ақпарат беруді өтінді. Қазақстан өкілі ұлттық экономика құрылымында қызметтер көрсету рөлі ұлғайғанын атап өтіп, қазіргі заңнамалық база қызметтер көрсету секторы бойынша әлі жеткілікті дамымаған және де тұтастай алғанда, шетелдік қызметтер көрсету жеткізушілеріне қатысты кемсітушілік жоқ деп баса айтты.
1119.Телекоммуникация секторындағы «табиғи монополия» туралы сұраққа жауап ретінде, Үкіметтің 2006 жылғы 7 маусымдағы №519 қаулысымен бекітілген 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасымен телекоммуникациялық қызметтер көрсету нарығын кезең-кезеңмен ырықтандыру бойынша іс-шаралар кешені көзделген, деді. Бұл шаралар бәсекелестікті дамытуға, сапаны жақсартуға және көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтердің көлемін ұлғайтуға, нарықтың жаңа қатысушыларына кедергіні алып тастау үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұдан басқа, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қалааралық және халықаралық телефон байланысы бойынша қызметтер көрсетуге «Қазақтелеком» АҚ эксклюзивті құқығы жойылды да, қалааралық және халықаралық байланыс операторларына 25 лицензия берілді. Сондай-ақ, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бір-біріне байланыс операторларының өзара қосылуы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды, телекоммуникация желісі байланыс операторларының абоненттері қалааралық және халықаралық байланыс операторларын таңдауға техникалық мүмкіндікті иеленді. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-І Заңның 4-бабына енгізілген өзеріске сәйкес, табиғи монополиялар саласына жергілікті желіні қолдана отырып телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің орнына мыналар жатады: (і) техникалық мүмкіндіктің жоқтығы не экономикалық тұрғыдан орынды болмау себебінен мұндай қызметтер көрсетулерді ұсынатын бәсекелес байланыс операторының (атап айтқанда, бұл телекоммуникациялық қызмет көрсетулер көпшілік қолданатын телекоммуникация желісіне не телефон трафигін өткізу қызмет көрсетулеріне байланыс операторларының қосылу қызмет көрсетулерін қосады) болмауы жағдайындағы телекоммуникация қызмет көрсетулері; (іі) жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосумен технологиялық байланысты кабельдік кәріз бен технологиялық мүлікті пайдалану не жалға беру бойынша қызмет көрсетулер. Ол 2004 жылдың 5 шілдесіндегі «Байланыс туралы» ҚР №567-ІІ заңымен мемлекеттік реттеуге телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсетулері жататынын қосты: (і) жергілікті телефон байланысының қызмет көрсетулері; (іі) ішкіаймақтық және қалааралық телефон байланысының қызмет көрсетулері; (ііі) қосылу жылдамдығы кем дегенде 256 Кбит/сек Интернетке ұжымдық шығу қызмет көрсетулері.
1120. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-ІV Заңына сәйкес қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация аясында әрекетін жүзеге асыратын, жер үстіндегі (кабілдік, талшықты-оптикалық және радиорелелік) желі байланыстары бар заңды тұлғаның жарғылық капиталына шетелдік қатысу 49 пайызбен шектеледі. Бұл шектеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін қорғау мақсатында енгізілген. Бұл шектеу ұялы, спутниктік және жергілікті байланыс операторларына таралмайды және ол Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін «Қазақтелеком» АҚ басқа (және оның болуы мүмкін құқық мирасқоры) барлық компаниялар үшін екі жарым жылдан соң алынып тасталады.
1121. Қазақстан өкілі сонда-ақ, телекоммуникация секторын ырықтандыру бойынша бірнеше қосымша шаралар қабылданғанынатап өтті. Кросс-субсидиялау және ауылдық жерлерде әмбебап байланыс қызмет көрсетулер беретін операторлардың қаржы шығындарын жабуын болдырмау үшін Үкімет бұл операторларды републикалық бюджеттен субсидиялауды бастады. 1997 – 2010 жылдар аралығында байланыс саласында уәкілетті орган жергілікті телефон байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну үшін 371 лицензиялар және деректерді табыстау қызмет көрсетулерін ұсыну үшін 511 лицензия бөлді. Тұтынушыға дейін қосылу «соңғы миля» мәселесін шешу үшін 51 операторға 5,2 – 5,9 ГГц диапазонында радиожиілік қолдануға рұқсат берілді.
1122.Жұмыс тобының кейбір мүшелері телекоммуникация секторында табиғи монополияның жоқ болуына қарамастан, келіссөздер барысында талқыланған бұл нарыққа кіру бойынша міндеттемелердің шектеулі тізімі Қазақстанда мемлекеттік монополия жалғасуда екені расталғанын айтты. Мүшелердің бірі «Қазақтелекомның» қалааралық және халықаралық байланыс қызмет көрсетулерінің эксклюзивті құқығы тоқтатылғанына қарамастан, «Қазақтелеком» басқа телекоммуникациялық компанияның акцияларын алуға тендерге қатысуы туралы мәлімдеді, бұл шындығында телекоммуникациялық секторда мемлекеттік монополия құратынын еске салды.
1123. Қазақстанның өкілі өз жауабында «Қазақтелекомның» әрекеті табиғи монополия туралы заңнамаға сәйкес екенін ескертті. Өкіл «Қазақтелеком» АҚ үлесі қазақстандық нарықта барлық телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің 30%-дан аспайтынын атап көрсетті.
1124. Мүшелердің бірі Қазақстанда қызметтер көрсетуде15 жергілікті қамту бойынша, атап айтқанда шетелдік капиталы бар компанияларға қатысты талаптарды түсіндіруін өтінді, сондай-ақ шетел инвесторларына қызмет көрсетулерді тек қазақстандық заңды тұлғаларынан, Қазақстанда ондай қызмет көрсетулер жоқ болған жағдайлардан басқа, сатып алуға қажет болған жағдайларды көрсетуді сұрады.
1125. Қазақстан өкілі жер қойнауын пайдалануға қатысты жергілікті қамтудың талабы жер қойнауын пайдаланушылар алатын қызмет көрсетулердің барлық түріне қатысты қолданылады деп жауап берді. Бұл талап Қазақстан Үкіметі жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстар саласында инвестициялық келісім жасайтын шетел және жергілікті инвесторларға қойылатын кемсітпейтін талап болып табылады. Ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы 291-IV Заңына енгізілген. Заң жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан азаматтарын тартуға және жобалық құжаттамалар талаптарына және техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болған жағдайда Қазақстанның заңды тұлғаларынан қызмет көрсетулерді сатып алуға талапты белгіледі. Егер сұратылған қызмет көрсетулер Қазақстанда табылмаса, мұндай қызмет көрсетулер беру үшін жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компанияны тарта алады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы 291-IV Заң жергілікті қамтудың ең аз пайызын белгілемейді, алайда келісімшарт қазақстандық қамту бойынша жер қойнауын пайдалануға және жоба күрделілігі мен өзгешелігіне байланысты әр келісімшартта жеке-жеке анықталатын тауарлар, қызмет көрсетулер мен кадрлар бойынша міндеттемелер құрауға тиіс деп белгілейді. Конкурс жеңімпазы ең төмен баға негізінде анықталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының анықталған ең төмен деңгейін жалға алу бойынша талаптарына сай қызмет көрсетулердің жеткізушілері үшін конкурс өтінімінің бағасын шартты түрде азайтады.
1126. Инвестор тек тендерлік рәсімдерді ғана қолдану керек пе, әлде ол қызмет көрсету жеткізушілерін іздеуде басқа тәсіл қолдана ала ма деген сауалды түсіндуді сұрағанда, Қазақстан өкілі тендерден басқа жер қойнауын пайдаланушы, сонымен қатар, сатып алу үшін басқа да тәсілдерді қолдана алады деп жауап берді, мысалы: бір дереккөзден баға ұсыныстарына сұрау салу және тауарлық биржа. Тендер ең кең тараған тәсіл болып табылады, себебі, бұл әдіс ең ашық және барлық қызмет көрсетулеро жеткізушілеріне тендерге қатысу үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
1127. Қазақстан өкілі Қазақстан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін әрекет ететін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы 291-IV Заңымен белгіленгенге қарағанда көбірек шектеулі жергілікті қамту талаптарына қатысты кез келген шараларды қабылдамайтынын растады. ДСҰ-ға кірген сәттен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын беретін конкурс өткізу шарттарын белгілеу кезінде Қазақстан 50% асатын кадрлар мен қызмет көрсетулер үшін ең төменгі қазақстандық қамтуды белгілемейді, тек мыналар есепке алынады:
а) жер қойнауын пайдалануға құқық берілген инвестор (бұдан әрі – инвестор) тартатын кадрларда Қазақстандық қамту Қазақстанның азаматтары болатын қызмет көрсету нарығына кіру бойынша Қазақстанның Ерекшелік міндеттемелері тізбесіне қабылданған ішкі корпоративті көшулердің кіруі мен уақытша болуын белгілейтін шарттарға сәйкес басқарушылар, менеджерлер, мамандар (бұдан әрі– білікті мамандар) саны негізінде, барабар есептелетін болады; b) инвесторға көрсетілетін барлық қызметтердегі қазақстандық қамту көрсеткен қызметтер үшін Қазақстанның заңды тұлғаларына төленген барлық келісімшарттар16 бойынша төлемдердің (шығындардың) жалпы жылдық сомасының үлесі ретінде анықталады. Алайда, Қазақстанның заңды тұлғасына төленген соманы Қазақстанның заңды тұлғасы болып табылмайтын кез келген деңгейдегі ұйымдарға қосалқы мердігер келісімшарты негізінде көрсетілген қызметтер үшін төленген кез келген сомаға төмендету керек; және с) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс жеңімпазы анықталғанда Қазақстан әлеуетті инвестор кадрлар мен қызмет көрсетулердегі қазақстандық қамту деңгейін 50%-дан аса ұсынуы мүмкін екенін ескермеуі керек. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін 5 жыл ішінде 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан ДСҰ-ға кіруге дейінгі қол қойған кез келген келісімшарттарды жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестендіру керек. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
1128. Кейбір мүшелер банк секторының реттелуі туралы ақпаратқа, әсіресе, шетел банкінің Қазақстанда филиал құруға лицензия ала алатындай шарттары туралы сұрау салды. Жауабында Қазақстан өкілі тікелей филиалдар жаңа банк заңдарымен немесе қазіргі өзгертілген банк заңымен Қазақстанның ДСҰ-ға кірген күнінен бастап, 5 жылдық мерзім аяқталғаннан кейін рұқсат етілетінін айтты. Өкіл банк мекемелерінің қызметтері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңмен реттелетінін баяндады. Бұл Заңға сәйкес заңды тұлғада банкілік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Осы Заңның 15- бабына сәйкес, банктер акционерлік қоғам нысанында құрылуы керек. Шетел банктерінің филиалдарына қатысты лицензиялау критерийлері пруденциялық болады. Ол филиалдарғаға қатысты банктік және басқа да қаржылық қызметтер көрсету секторларындағы (сақтандырудан басқа) Қазақстан міндеттемелері тек шетел банктерінің филиалдарына ғана қатысты, деп нақтылады. Бұдан басқа ҚР уәкілетті органы төлем қабілеттілігі мен қаржы ұйымының тұрақтылығын қамтамасыздандыру бойынша қосымша талаптар белгілей алады. Сонымен қатар, акционерлік қоғам мен шетелдік банк филиалы үшін лицензиялау критерийлері ажыратылады. Қазақстан өкілі Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының қызмет көрсетулер саудасы бойынша ДСҰ Ерекшелік міндеттемелері тізбесінде көрсетілген шектеулеге жататын жаңа лицензияға өтінімді қарау кезінде ДСҰ қызмет көрсетулер саудасы жөніндегі бас келісімнің (ГАТС) XVI и XVII баптарының талаптарына сәйкестендіріледі деп қосты.
1129.Шетел банктарінің филиалдарын реттеу тәртібіне қатысты мүше сұрағына жауап ретінде Қазақстан өкілі оны әлі дамыту керек, бірақ ол көпшілік қабылдаған халықаралық тәжірибемен барабар болады деді. Бұл режим қамтиды, бірақ мысалы, бас банкінің капиталына тәуелді негізгі капиталдың жеткіліктілігін анықтау сияқты талаптармен шектелмейді. Шетел банкінің филиалның капиталына спецификалық талаптар оның Қазақстандағы бизнес- жоспарына қарай ажыратылады, филиалға сомасы филиал қабылдайтын міндеттемелер сомасына тәуелді депозит Қазақстан Ұлттық Банкінде енгізіліге тиіс. Филиалға кем дегенде екі менеджер-резидент алу талабы қосымша қойылады.
1130. Кейбір мүшелер Қазақстаннан лицензиялауға және олардың рәсімдеріне, біліктілік пен оның рәсімдеріне және де басқа рұқсаттар үшін талаптардың транспаренттілігіне кепілдік беру бойынша, атап айтқанда, алуға, ұзартуға, жаңартуға, бас тартуға, лицензия сипаттауға және қазақстандық нарықта қызметтер көрсету үшін қажет және мұндай әрекеттерге қарсы болуға мүмкіндік алу тағы басқа рұқсаттарға қатысты міндеттемелер қабылдауын күткенін айтты. Қазақстан рәсімі мен лицензиялау шарттары нарыққа кіруге бөгет болмауы және сауданы қажеттіліктен тыс шектемеуі керек. Қазақстан өзінің қабылдаған міндеттемелері бойынша қызмет көрсету секторларын бекітіп, реттейтін шешімдерді беруге жауапты уәкілетті органдар тізімін жарялауы, сондай-ақ Қазақстан рәсімдері мен лицензиялау шарттарын жариялау керек. Мүшелер, сондай-ақ, Қазақстаннан қызмет көрсетулер саудасы бойынша ДСҰ Ерекшелік міндеттемелері тізбесіндегі міндеттемелерді қабылдайтын қызмет көрсетулер үшін кепілдік бойынша міндеттемелер күтті, уәкілетті органдар бөлек болады да, олардың реттеуінде болған кез келген қызмет көрсетулерді жеткізушілерге қатысы болмайды. Сонымен қатар, Жұмыс тобының мүшелері Қазақстаннан шетелдік қызмет көрсетулерді жеткізушілерінің серіктесін таңдауға таңдау еркіндігін кепілдендіретін міндеттемелерді қабылдауын күтеді.
1131. Жауабында Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан қызметтер саудасына қатысты және тиісті жалпы сипаттағы барлық нормативті-құқықтық актілердің, сонымен қатар, олардың күшіне енуі және қолдану аясы туралы ақпараттың жариялауын және қоғамдық қолжетімділігін қамтамасыз ететінін растады. Ол, әрі қарай, Қазақстан басқа тәсілмен қызметтер көрсету үшін сертификаттау мен лицензия беруге жауапты құзыретті органдардың атауын жариялауды немесе қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз ететінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
1132.Қазақстанның лицензиялық рәсімдер мен талаптарды әзірлеу не қолдану құқығына залалын тигізбей, Қазақстан өкілі нақты міндеттемелер қабылдайтын қызмет көрсетулер секторларында Қазақстан лицензиялау рәсімі қызмет көрсетулерге өздігінен шектеулік болып табылмайтынын, қызмет көрсетулер саласындағы лицензиялауға байланысты талаптар қызмет көрсетулер ұсынуға өздігінен кедергі болмайтынына кепілдік беретінін растады. Ол, сондай-ақ, қызметтер саудасы бойынша ДСҰ-ның Ерекше міндеттемелер тізбесінде Қазақстан нақты міндеттемелер қабылдайтын қызмет көрсету секторларында Қазақстан мыналарға кепілдік беретінін растады:
(а) нормативті-құқықтық актілерде баяндалған лицензиялау тәртібі мен талаптары және лицензиялау тәртібі мен талаптарын белгілейтін немесе жүзеге асыратын кез келген заң олар күшіне енгенге дейін жарияланады;
(b) тиісті биліктер ресми ережелерде белгіленген мерзім ішінде лицензияны беру/бас тарту туралы қарап және шешім шығарады, егер мерзім белгіленбесе, лицензиялау (бас тарту) туралы шешім негізсіз кідіріссіз қабылдануға тиіс;
(c) лицензия алуға өтінішті беру мен қарастыруға байланысты кез келген алымдар қызметтер көрсету ұсынуға өздігінен шектеу болып табылмайды;
(d) егер нормативтік-құқықтық актілерде лицензияны алу бойынша өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдер өтіп кетсе, сондай-ақ өтініш берушінің талабы бойынша, Қазақстанның тиісті реттеуші органы өтініш берушіге өтінішінің жағдайын, лицензиялау рәсімі аяқталғаны-аяқталмағаны туралы хабарлайды. Егер құзыретті органға өтініш берушіден қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, онда ол өтініш берушіге тез арада хабарлап, лицензиялауды аяқтауға қажетті қосымша ақпаратты сұратады. Өтініш берушінің сұралған қосымша ақпаратты ұсынуға және өтінішке өзгертулер енгізуге мүмкіндігі болды. Тиісті заңдар мен актілерде көрсетілген қажетті барлық ақпарат пен құжаттар алынбай лицензиялау рәсімі аяқталды деп саналмайды.
(e) Қазақстанның тиісті реттеуші органы қаржылық қызмет көрсету мақсатында лицензия не рұқсатты беру үшін толтырылған өтінішке қатысты шешім шығарды және де қажет болған жағдайда, жаңа өнімдерді мақұлдау мен ақылға қонымды мерзім ішінде төлем өзгерістері және өтініш берушіні дереу қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Тиісті нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген қажетті барлық ақпарат пен құжаттар алынбай, рәсім аяқталды деп саналмайды.Мынадай жағдайларда шешім қабылдау мүмкін емес деп саналады, егер:
-
банк қызметтерін көрсету үшін рұқсат алу үшін өтініш алты ай ішінде және лицензияны алу үшін өтініш екі ай ішінде қаралса;
-
басқа қаржы қызметтерін көрсету үшін рұқсат алу үшін өтініш үш ай ішінде және лицензиялау бір ай ішінде қаралса,тиісті реттеуші орган өтініш берушіні дереу хабарлайды.
(f) Лицензиялаудан бас тартқан жағдайда, бас тартқан орган өтініш берушінің жазбаша талабы бойынша бас тарту себебін хабарлайды. Алайда, бұл қаулыны реттеуші органдарға, ашуы заңнаманы орындауға бөгет болатын немесе қоғам мүдделері мен ұлттық қауіпсіздікке қайшы келетін, ақпаратты ашуға талап деп қарамау керек;
(g) Егер өтініш берушіге бас тартылса, ол жаңа өтініш беруге, сондай-ақ алдыңғы өтініштерінде орын алған кемшіліктерін түзетуге құқылы,
(h) Өтініш мақұлдансымен-ақ, өтініш берушіге тиісті нормативті-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде хабарландыру қажет, егер мерзім тиісті нормативті-құқықтық актілерде белгіленбесе, өтініш беруші қандай да бір дәлелсіз кідіріссіз хабардар етілуге тиіс;
(i) Егер мамандарды лицензиялау кезінде емтихан қажет болса, онда мұндай емтихандар ақылға қонымды мерзімділікпен өткізіледі. а кәсіпқойларға бұндай тексеріс үшін аралықпен кесте жасалады. Мұндай емтихандарға қаржы қызмет көрсетулері секторын бақылаушы немесе өзін-өзі реттеуші органдар мен ұйымдар өткізілетін іріктеме емтихандар жатқызылмайды.
Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
1133. Қазақстан өкілі, олар бақылайтын қызметтерді жеткізуші үшін тиісті реттеуші органдар жауапты емес болатын секторларда Қазақстан өзіне нақты міндеттемелерді қабылдағанын растады. Бұдан басқа, Қазақстан өкілі, Қазақстан өзіне нақты міндеттемелер қабылдаған секторларда мемлекет мүмкіндінше мыналарға кепілдік беретінін растады:
-жалпы сипаттағы нормативтік актілер жобаларын алдын ала жариялау;
-ұсынылған нормативтік актілерді мүдделі адамдарға және мүшелерге түсндіру мүмкіндігі, сондай-ақ;
-нормативтік-құқықтық актілердің соңғы нұсқасының жариялануы мен өз күшіне ену күні арасында ақылға қонымды кезең беру.
Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
1134. Шетелдік қызмет көрсетуді жеткізушілердің серіктес таңдауда таңдау еркіндігіне қатысты Қазақстан өкілі Қазақстанның өзіне нақты міндеттемелер қабылдаған секторларда бұл шетелдік қызмет көрсетулерді жеткізушілер Қазақстанның бірлескен кәсіпорнына немесе басқа жеке тұлғамен серіктестікке кіруде серіктес (тер) таңдауда таңдау еркіндігіне ие екенін растады. Бұл қаржы ұйымдарын басқаруға не оларға қатысуға қатысты реттеуге нұқсан келтірмей әрекет етеді. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді назарға алды.
1135. Жұмыс тобы Мүшесінің қазіргі Қазақстан заңнамасы лицензия беруден бас тарту деген сияқты әкімшілік шешімдерді қайта қарауға мүмкіндік береді ме деген сұрағына Қазақстан өкілі «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-ІІІ Заңының 46- бабына сәйкес, егер лицензия Заңмен белгілеген мерзім ішінде берілмесе немесе өтінішкер лицензия бермеуді негізсіз деп тапса, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (1999 жылғы 13 шілдедегі №411-I Азаматтық процесс жүргізу кодексі) сотқа жүгіне алады деп жауап берді. Лицензия беруден бас тарту сияқты шешімдерді қарастыру рәсімдері мен мерзімдері Азаматтық процесс жүргізу кодексінде белгіленген болатын. Атап айтқанда, Азаматтық процесс жүргізу кодексінің 27- бабына сәйкес жеке не заңды тұлға өз құқықтарының, еркіндіктерінің, мүдделерінің бұзылуы туралы білген күннен бастап заңмен кепілденген үш айлық мерзімде сотқа арыз беруге мүмкіндіктері бар. Өтініш сотпен 1 ай ішінде қарастырылады. Егер сот өтініш берушінің құқықтары, еркіндіктері, мүдделері бұзылды деп шешсе, тиісті мемлекеттік орган бұл бұзушылықты жоюға міндеттейді. Тиісті мемлекеттік орган сотты және өтініш берушіні мемлекеттік органның сот шешімін алған күнінен бір ай мерзімі ішінде шешімді орындағаны жөнінде хабарлайды.
1136. Мүше ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы және ЕАЭО және үшінші елдер арасындағы қызмет көрсетулер саудасы мен инвестициялар саласындағы ЕАЭО құзыретінің қамту аясы туралы түсіндіруді сұрады. Қазақстан өкілі қызмет көрсетулер саудасы мен инвестициялар Бірыңғай экономикалық кеңістік (ЕЭК) шеңберінде 2010 жылдың 9 желтоқсанында қол қойылып, 2012 жылдың 1 қаңтарында қабылданған ЕАК мүше мемлекеттердегі қызмет көрсетулер саудасы мен инвестициялар туралы келісіммен реттелді деп жауап берді. 2015 жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО туралы шарт күшіне енгенде, осы ЕЭК туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды. Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімнің ережелері аталған ЕАЭО туралы шарттың (Қызмет көрсетулер саудасы, құру, қызмет және инвестициялар) XV Бөліміне және (Қызмет көрсетулер саудасы, құру, қызмет және инвестициялар туралыт хаттама №16 Қосымшасына енгізілді. XV Бөлімі мен №16 Қосымша ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы ішкі қызмет көрсетулер саудасын, құруды, қызметті және инвестицияны реттейді. Бұл Бөлімнің негізгі мақсаты ЕАЭО шеңберінде қызмет көрсетулер мен инвестициялардың еркін қозғалысына жағдай жасау болып табылады. Мұндай жағдай жасау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұсынысы негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы Кеңесі бекіткен қызмет көрсетулер секторларында Қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құруға ұмтылады. Сонымен қатар, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің әрқайсысы өздерінің ұлттық мүдделері негізінде қалыптасатын олардың жеке тізбелеріне сәйкес ұлттық режимнен алып тастау мен нарыққа қол жеткізу құқығын резервке сақтап қалды. ЕАЭО шартының XV Бөлімі мен №16 Қосымшасы ЕАЭО мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы қызмет көрсетулер саудасы, құру, қызмет және инвестиция үшін қолданылмайды. Қызмет көрсетулер саудасындағы сыртқы саясат әр ЕАЭО мүше мемлекеттің ұлттық құзыретінде болады.
1137. Қазақстан Республикасы Жұмыс тобы мүшелерімен қызмет көрсету нарығына қол жеткізу бойынша келіссөздер жүргізді. Қазақстан Республикасының қызмет көрсетулер секторындағы міндеттемелері Қосылу жөніндегі хаттамасының І Қосымшана қоса берілген ДСҰ Қызметтер саудасы бойынша Еркше міндеттемелер жөніндегі тізбесінде қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |