Докторантура



Дата25.02.2016
өлшемі61.56 Kb.
#24721
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

ДОКТОРАНТУРА
6D021400-Әдебиеттану(қазақ бөлімі), 6М020500-Филология: Қазақ филологиясы әдебиеттану траекториясы, қазақ бөлімі) мамандықтары бойынша қабылдауға арналған

Бағдарлама қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Хаттама №11, 3 шілде, 2012 жыл.




Кафедра меңгерушісі

ҚР ҰҒА академигі ___________________ С.А.Қасқабасов

2012 жылғы қабылдау

БАҒДАРЛАМА


Әдебиет пәні әдебиеттанудың ғылыми салаларын қамтып, зерттеу нысаналарын айқындайды. Әдебиет пәнінің негізі – ұлттық мұраларды таныту, мәдени-эстетикалық функция болып табылады.

Фольклор – сөз өнерінің бір түрі. Фольклор мен әдебиет байланысы. «Фольклор» және «ауыз әдебиеті», «жазба әдебиет» ұғымдары. Фольклордың танымдық-эстетикалық қызметі, жанрлар жүйесі. Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасып, дамуы. Фольклордың синкреттілігі. Фольклорлық проза. Эпос және оның түрлері. Фольклордағы қаһармандар жүйесі мен типтендіру. Фольклоға тән суреттеу тәсілдері.

Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі және Орта ғасыр әдеби мұраларына тән ортақ сипаттар. Орхон жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті. Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің тақырыбы, сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемді-эстетикалық мәні.

XY-XVIII ғасырлардағы әдебиет тарихы. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармашылығы. Төл әдебиет бастауы. Жыраулар поэзиясы. Толғау, арнау жанрларының сипаты. Жыраулар поэзиясының көкремдігі. Мемлекеттік идеологияға қызмет.

XIX ғасыр әдебиетіне тән ерекшелік. ХІХ ғасырдың бірінші жарытысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ықпалы. Ресейге қараған кезеңдегі әдебиеттің сипаты. «Зар заман» әдебиетінің мәні мен маңызы. Ақындар шығармашылығындағы пессимистік сарын. Өткен күнді, хандық дәуірді аңсау сарыны. Поэзия жанрының сипаты. Тақырып, идея, проблематика. Ақындық дәстүр, зар заман әдебиетінің сипаты. ХІХ ғасырдың екінші жарытысындағы сыншылдық сипат. Әдебиеттегі жаңа бағыттар. Абай шығармашылығы. Абай мұрасының зерттелу кезеңдері. Абайтануға байланысты зерттеулер.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кезең әдебиетінде көрініс берген жетекші әдіс-ағымдар. Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Әдебиеттегі ағартушылық, азаттық идеясы (М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин). «Алаш» партиясы (1917 жыл, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917 жыл, желтоқсан) құрылуы. Баспасөздің («Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Ақжол», «Шолпан») дамуы. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына партиялық қадағалаудың күшеюі. Поэзияны дамуы. Көркем прозаның өрістеуі.

Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі. Көркем әдебиетке қатысты партиялық қаулы-қарарлар. Эпикалық жанрдың өркендеуі. Театр мен драматургияның дамуы. Әдеби сын. ҚазАПП-тың қателері. Әдеби зерттеулер мен алғашқы оқулықтар. С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқанов «XX ғасырдың қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектердегі әдебиеттің тарихын, ғылыми сипатын жүйелеудегі маңызы.

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Әдебиетте Отан қорғау идеясының өрістеуі. Ел қорғау, жауынгер бейнесі, майдан мен тыл келбетін танытқан лирикалық шығармалар, үгіт, қаһармандық жырлары.

Соғыстан кейінгі дәуір әдебиеті (1946-1956). Жалпы сипаты. Әдебиет пен өнер, ғылым саласындағы ілгерілеулер. Ірі эпикалық шығармалардың («Абай», «Ботакөз», «Сырдария», «Қазақ солдаты», «Қарағанды», «Оянған өлке», «Өмір мектебі») тууы. Қазақ поэмасындағы идеялық-көркемдік ізденістер.

Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті (1956-1967). Қоғамдық-саяси саладағы өзгерістердің әдебиетке ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық белсенділігінің артуы. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар. Тарихи романдардың жарық көруі. Әдеби процесс пен сын. Қаламгерлер шығармашылығының дербес зерттеле бастауы. Әдебиет тәжірибесін теориялық тұрғыда қорыту.

1968-1990 жылдардағы әдебиеттің дамуы. Социализм қайшылықтары мен қайта құру. Тарихи романның («Қаһар», «Алтын орда», «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң») өрістеуі. Әдеби-көркем сын мен әдебиеттану. Әдеби сыншылдық ой-пікірлердің өрістеуі.



Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы. Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет. Жанрлардың дамуы. Прозадағы көркемдік ізденістер. Роман және эссе жанрының дамуы «Соңғы парыз», «Өмірзая», «Дарабоз», «Менің Әуезовім», «Мен», «Таңғажайып дүние»). Қазақ поэзиясында ұлттық сипаттың тереңдеуі. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте жаңа бағыт, үрдістердің орнығуы. Әдебиеттану ғылымының дамуы.

Әдебиеттің теориялық мәселелері. Әдеи әдіс-тәсілдер. Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер. Классицизм әдебиеті. Романтизм әдебиеті. Реалистік әдебиет. Модернистік әдебиет. Көкем әдебиеттегі мазмұн мен пішін. Тақырып пен идея. Әдеби шығарма және автор. Автор мен нарратор. Шығармадағы характер мен конфликт. Характер және тип. Мінездеу және оның түрлері. Көркемдегіш-бейнелеуіш құралдар. Теоретик ғалымдар және олардың пікір-тұжырымдары. Аристотель: «Поэтика». Гегель: «Эстетика». Н.Буало. Баумгартен, Белинский, Чернышевский еңбектері. Қазақ әдебиеттанушылары, олардың еңбектері. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері.

Салыстырмалы әдебиеттану (компаративистика). Салыстырмалы әдебиеттанудың даму бағыттары, басты филологиялық мектептер. Салыстырмалы-типологиялық байланыстың тарихи негізі. Әдіс, жанр, стиль. Образ теориясы, архетип, персонаж, типтік бейне. Көркем мәтін. Көркемдік әдіс синкретизмі. Көркем мәтін құрылымы, хронотоп, ұлттық таным және әлемдік қабылдау. Әдебиеттанудағы мифологиялық бағыт, неомифологизм, мифопоэтика.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008

3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 1997.

4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.

5. Винокур Г. Филологические исследования. М., 2005

6. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1998

7. Эпштейн М. Постмодерн в русской литературе. М., 2005

8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987

9. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009

10. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

11. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы, 1986.

12.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.

13. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2005.

14. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

15. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

16. Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2003

17.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1986

18.Қасқабасов С. Казахское несказочнаяпроза. А., 1990

19. Сатпаева Ш. Қазахская литература и Восток. А., 2009.

20. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2005.

21. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Алматы, 2002.

22. ХХІ ғасыр әдебиеті. Алматы, 2010.

23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996

24. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001

25.Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995

26. Тюпа В. Введение в литературоведческий анализ. М., 2001

27. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

28. Серікқалдиев З. Сын кітабы. Алматы, 1997.

29. Талжанов С. Аударма және қазақ тілінің мәселелері. Алматы, 1974

30.Жетписбаева Б. Образные мифы Магжана Жумабаева. А., 2008

31. Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм. А., 2011

32. Аймұхамбет Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі. А., 2010

33. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. Қ., 2009

34. Уақыт және қаламгер. 1-14 кітаптар. Алматы, 1973-1988

35. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. Алматы, 1997.

36. Белый А. На рубеже двух столетие. Москва, 1989.

37. Елеукенов Ш.Мағжан. Алматы, 1995.

38. Затонский Д.В. Постмодернизм: гипотезы возникновения// Вопросы литературы. №2, Москва, 1996.

39. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.

40. Постмодернизм. Энциклопедия. Москва, 2007.

41. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва, 1975.

42. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. Москва, 1979

43. Жирмунский В.М. Избранные труды. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград, 1977.

44. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989.

45. Юнг К. Архетип и символ. Москва, 1991.

46. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжет а и жанра. Москва, 1997.

47. Теория литературы. В двух томах. Москва, 2004.

48. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Қарағанды, 2005.

49. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008

50. Қасқабасов С. Ой-өріс. Алматы, 2009

51. Қасқабасов С. Абай. Алматы, 2010.

52. Қасқабасов С. Алтын жылға. Алматы, 2010



53. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2004.

54. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Алматы, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет