Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет32/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137
annotation81765

Қатынаспалы ыдыстар. Төменгі жағынан жалғасқан түрліше тұрпаттағы ыдыстар қатынаспалы ыдыстар деп аталады. Ыдыстардың біреуіне құйылған сұйық міндетті түрде басқа ыдыстарға да құйылады (ағып өтеді). Сұйық біртекті болатын кезде оның деңгейі ыдыстардың тұрпатына тәуелсіз түрде қатынаспалы ыдыстарда бірдей болады. (Бұл жерде капиллярлық эффект болмау үшін, оны ескермеу үшін ыдыстың диаметрі жеткілікті үлкен болу керек).
Тыныштықтағы сұйықта бірдей деңгейге жататын барлық нүктелерде қысым бірдей болады. Барлық ыдыстардағы сұйықтың ашық бетіне түсірілетін қысым бірдей және атмосфералық:


pатм= ρ g h.

Формасы U тәрізді түтік түріндегі қатынаспалы ыдыстарды алып, оған әуелі тығыздығы ρ1 болатын сұйықты құяйық (1.31-сурет). Түтіктің екі иінінде де сұйықтың ашық бетінің деңгейі бірдей болады. Енді иіндердің біріне бірінші сұйықпен араласпайтын және тығыздығы ρ2 болатын екінші сұйықты құяйық. Сонда әрбір иінде сұйықтардың деңгейлері көтеріледі, бірақ бірдей емес. Екінші сұйықты көбірек құйған сайын екі сұйықтың шектесу беттері төмендей береді.


Енді әрбір ыдыстың, сұйықтардың шектесуінің AB бетінің үстіндегі сұйық бағандарының биіктіктерінің қатынасын анықтайық. Тығыздығы ρ1 болатын сұйық бағананың биіктігін h1 деп, ал тығыздығы ρ2 болатын сұйықтың бағанының биіктігін h2 деп белгілейік. Ыдыстың AB деңгейден төмен жерінде тек тығыздығы ρ1 болатын сұйық қана бар, сондықтан бірдей биіктіктердегі A және B нүктелеріндегі pА және pВ қысымдар бірдей және де олар pА= ρ2gh2 және pВ= ρ1gh1, pА және pВ қысымдарды өзара теңестіріп, мынаған келеміз:

ρ2gh2= ρ1gh1,


осыдан:
.


Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: қатынаспалы ыдыстардағы сұйықтардың бағандарының шектесу деңгейінің үстіндегі биіктіктері сұйықтардың тығыздықтарына кері пропорционал болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет