Достық, татулық туралы



Дата07.11.2023
өлшемі16.43 Kb.
#482625
ұрланған алма, мақал мәтел достық


Достық, татулық туралы.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

Достық пен жолдастық тату үйдің бақыты тасыр, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

Татулық табылмас бақыт.

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.


Достық, татулық туралы.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

Достық пен жолдастық тату үйдің бақыты тасыр, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

Татулық табылмас бақыт.

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.



Ұрланған алма
Бір ауылдың шетінде бағбан қария өмір сүрді. Бағбанның бағында адамның көзін қызықтырар тәтті қызыл алмалар өсетін. Бір күні бағбан арықтың жағасында алма теріп отырып, көшеде иығына сөмкесін асынған баланы көреді. Әлгі бала көрші Тоқтарбайдың ұлы Мәулен еді.
- Әй, балам бері кел, - дейді қария маңдайындағы терін сүртіп. Ақылбай қарт жасы үлкен болса да тыным таппайтын. Өте еңбекқор, өзі жомарт, адал жан еді. Алып-ұшып жеткен Мәулен:
- Ата, мені шақырдыңыз ба? – деді.
- Ассалаумағалейкум, балам! Қалың жақсы ма? 
- Қалым жақсы ата. Ата, мені не үшін шақырдыңыз? – деген Мәулен қарияның қолындағы үлкен қып-қызыл алмаларға қызықтай қарап қалды.
- Балам, сен Жандоспен бірге оқымаушы ма едің?
- Иә, ата. Бірге оқимыз.
- Мә, мына алманы сен ала ғой. Өзің же. Ал мына екі алманы мектепке кеткен немереме апарып берші.
- Жарайды, ата! – деген Мәулен қуанғаннан үлкен алмаларды бір-бірлеп сөмкесіне сүңгітіп жіберді.
- Көмегіңе рахмет, айналайын! – деген қарт мұны көзімен ұзатып шығарып салды.
Мәулен жолда қария берген алманы жеп келе жатып, түрлі ойға берілді. «Мына алманың тәттісін қарашы! Атасы Жандосқа маған берген алмадан да қып-қызыл, дәмі тіл үйіретін алмаларды беріп жіберді. Жандосқа алмалардың біреуін беріп, біреуін тығып қойып, өзіме қалдырсам түк те етпейді» деп ойлады.
Жандос пен Мәулен төртінші сыныпта бірге оқитын. Көрші болған соң жұптары да жазылмайтын. Атасы күз келгелі Жандосқа «мектепте қарындарың ашқанда жейсіңдер» деп алма салып беретін.
- Атаң саған алма беріп жіберді, - деді Мәулен жымиып.
- Ой, жақсы болды ғой. Мен мектепке асығып, үйден алма алуды ұмытып кетіппін. Рахмет, саған! – деді Жандос қуанып.
Мәулен сөмкесін ашып, ішінен бір ғана алманы шығарып, досына берді.
- Атам бір-ақ алма беріп жіберген бе? – деді Жандос аң-таң болып.
- Иә, бір-ақ алма берді, - деп Мәулен желкесін қасыды.
Жандос досынан бірдеңе сұрайын деп еді, қоңырау соғылып, сыныпқа ұстаз кіріп келді.
Сабақ біткен соң Мәулен, Жандос пен оның інісі Айдос үйге қарай аяңдап келе жатты. Жандостың есіне бағанағы алма оқиғасы түсіп кетті.
- Қызық екен, - деді Жандос. – Атам күнде бізге ең аз дегенде екі алма беретін. Бүгін бір ғана алма беріп жіберіпті. Үйге барған соң атамнан неге бір ғана алма бергенін сұрайыншы.
Мұны естіген Мәуленнің екі беті дуылдап, қызарып шыға келді. Ұялғаннан басы төмен салбырап, еріксіз өзінің кінәсін мойындады.
- Кешір мені, атаң саған екі алма беріп жіберген, - деді Мәулен жерден екі көзін алмай. – Мен қызыл алмаларға қызығып, біреуін өзіме алып қалып едім.
- Жарайды, кешірейін. Бірақ енді сенімен дос болмаймын. Мен сен берген жалғыз алманы ініме бердім, - деді Жандос досының ісіне көңілі толмай.
- Сенің қарның ашқан шығар, - деді Мәулен қамқорси қалып.
- Жоқ, біздің қарнымыз ашқан жоқ. Мен ағама алманың жартысын бөліп бердім, - деді екінші сыныпта оқитын кішкентай Айдос.
Мәулен өз ісіне қатты өкініп, шыдай алмай сөмкесінен қып-қызыл үлкен алманы алып, Жандосқа ұсынды.
- Сен ұрлықшысың! Мен андағы алманы алмаймын.
- Неге? – деді Мәулен түк түсінбей. – Бұл сенің алмаң ғой. Атаң берген.
- Жоқ, енді бұл алма менікі емес. Сен бізден алманы ұрлап алдың. Аманатқа қиянат жасадың. Мен ұрланған алманы жемеймін, - деді Жандос.
- Мен де жемеймін, - деді Айдос тақ-тақ етіп. – Атам бізге адал асты ғана жеңдер деген. Бізге ұрланған алманың енді керегі жоқ. 
Көпір үстіне келгенде ағайынды Жандос пен Айдос ұрлықшы Мәуленді жалғыз қалдырып, өздері алға ұзап кетті. Бұл кезде өз ісіне өкініп, ойланып кеткен Мәуленнің қолынан ұрланған қызыл алма сырғып, өзенге күмп етіп түсіп, ағып бара жатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет