1. Мәтінге лайықты тақырып



бет1/4
Дата24.03.2024
өлшемі20.85 Kb.
#496381
  1   2   3   4
оқу сауаттылығы 1-нұсқа


I-нұсқа
1-мәтін


Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы күнде ит жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп, аңға салатын құстарды, мінетін атты – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының қасиетіне тереңірек тоқталсақ… Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп атайды. Халқымыз тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, қанатты құмай екен» деген секілді мадақ сөздер айтқан, оның ерекше қабілеттеріне сүйсінген. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, түлкі-қоянды құйын­дай соғатын, тіпті арқарға, қасқыр­ға шабатын қасиеттердің бәрі құмайға тән. Құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз аталастарының ішіндегі сырттаны, төресі деп есептелген.
Асылы, құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ байқалса керек. Мысалы, М.Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасындағы құмай тазы – Лашынның күшік кезіндегі сипаты: «Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті, маймақ біткен – жүйріктіктің белгісі», ал өсе келе «Шодыр төбелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Сойдақ тістері…». Осы шығармада­ғы аты аңызға айналған Бесқара құмайдың бейнесі: «Кеудесі шынтақтан сынық сүйем десем өтірік, тура үш елі төмен, құшақ жетпес зор; бір қырындап жантаймаса, түзу жата алмайтын. Басы үлкен, шықшытты. Дене бітімі мөлшерден тыс ірі болатын. Өз тұрғыластарынан озып туған ерекше тазы», – деп суреттелген.
1. Мәтінге лайықты тақырып
A) Саятшылық өнер
B) Құмайлар өмірі
C) Құмайлардың ерекшелігі
D) Көшпелі қазақ
E) Құмай тазы
2. Құмайға тән қасиеттер
A) Салғырттық
B) Қомағайлық
C) Әдісқойлық
D) Ірілік
E) Тексіздік
3. Лашынның күшік кезіндегі сипаты
A) Артқы аяғы келісті
B) Құйындай соғатын
C) Қанатты құмай
D) Мүлдем қайратсыз
E) Шықшыты ұзын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет