Дуйсенбекова Асем Алматовна
1.Антонимдердің зерттелу жайы, түрлері. Антонимдердің көркем мәтіндегі қолданысына тоқталу, антонимдердің қазақ паремиологиясындағы стильдік қызметі. ( 2 мысалдан келтіру).
2. Фразеологизмдер: ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, бейтарап фразеологизмдер, кітаби фразеологизмдер, қарапайым фразеологизмдер.(2 мысалдан келтіру).
Қазақ тілінің лексикалық құрамы омонимдік, синонимдік қызметімен қатар антонимдік қатынасқа да бай. Антонимдік қатынастар – тілдегі семантикалық парадигманың бір көрінісі. Қарама – қарсылық тек тілдік қана категория емес, ол ғылымның философия, логика, психология сияқты салаларымен де ұштасып жатады.
Ғылыми тұжырымдар негізінде «полярлық», «контраст», «оппозиция» терминдері қарама – қарсылық ұғымымен жарыса қолданылады. Аталған терминдерді ғалымдар қандай мақсаттта қолданды, тілдегі қарама – қарсылықтың (антонимдердің) туындауына қандай себептер ықпал етті, қарама – қарсы қоюдың ғылымның өзге салаларында алатын орны қандай деген сауалдарға жауап іздейді.
Философиялық ғылыми зерттеу еңбектерін қарастырғанда қарама – қарсылықтың аталған ғылым саласында сонау антикалық дәуірден бастау алатыны сөз етіледі. Дүниеде қарама – қарсылықсыз еш нәрсе жоқ, оны адам баласы ерте кезден мойындаған. Осы тұрғыда алғашқы философиялық ойдың бастамасын Аристотельдің мынадай ой – пікірінен көруге болады: «Тіршіліктегі заттар мен мәндер қарама – қарсылықтан екенін бәрі де хабарлайды, айталық біреулер (бұл жерде) тақ пен жұпқа, енді басқалары жылы мен суыққа, үшіншілер шектілік пен шексіздікке, төртіншілер қастандық пен махаббатқа нұсқайды».
Қарама – қарсылық туралы философиялық тұжырымды Гегель «қарама – қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы» арқылы дәйектеуге тырысады. Гегельдің аталған заңдылықты ашуына И.Канттың да философиялық көзқарасы ықпал етті. И.Кант санадағы қарсылық тұжырымын: «Санада қалыптасатын әрбір ойдың кері түрі бар. Мысалы, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой – олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе дүниенің пайда болған мерзімі бар, бұған қарама – қарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі жоқ»,- деу арқылы дәйектейді.
Философиялық тұрғыдан: «қарама – қарсылық дегеніміз – қайшылықтың даму сатыларының бірін білдіретін категория. Ол табиғат, қоғам, адам санасындағы бірін – бірі жоққа шығаратын, бірінсіз – бірі өмір сүре алмайтын заттар мен құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастарды білдіреді.
Ұғым – логикалық категория болса, антоним – тілдік категория. Философиядағы диалектикалық қайшылықтың екі жағы болатыны сияқты тіл білімінде де зат туралы ұғымның екі жағы болады. Бұл мәселе диалектикалық логикада сиыспайтын ұғымдар (несовместимые понятие) категориясы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |