342
мен спорт жӛніндегі мемлекеттік органдар
мен қоғамдық ұйымдардың
құзыретін белгілеу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру жолымен жүзеге
асырылады.
Нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жӛніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру әділеттілік қағидаттарына сүйеніп әрі Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес іске
асырылады.
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру нарықтық
жағдайда сала тек қана бюджет кӛздерінен
ғана емес, әсіресе жоғары
жетістіктер спортын қолдау үшін, бюджеттен тыс кӛздерден қаржыландыруға
ықпал етуі қажет.
Осымен байланысты:
дене шынықтыру мен спортты, әсіресе балалар мен жасӛспірімдер
арасында дамытуға бағытталған бағдарламаларды және салауатты ӛмір салтын
қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды іске
асыратын ұйымдар;
елдің спорт резерві мен құрама командаларын жауапты халықаралық
жарыстарға қатысуға даярлауға, саланың материалдық-техникалық базасын
дамытып-жетілдіруге, сапалы мүкәммалдар
мен жабдықтар сатып алуға,
спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық қолдауға ӛз қаражатын
жұмсайтын демеушілер мен инвесторлар;
дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын
дамытуды қамтамасыз ететін инвестициялық саясатты қалыптастыру және
жетілдіру;
қызметі спорт түрлерін дамытуға және ел
спортшыларының спорттағы
шеберлігін арттыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің рӛлін арттыру;
жетекші спортшылардың спорттағы шеберлігін арттырудың негізгі буыны
ретінде спорт түрлері бойынша спорт клубтарының жұмысын ұйымдастыру мен
құру үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қарау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: