Е. Н. Жуманкулова Әлеуметтік жұмыстің КӘсіби-этикалық негіздері



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі314.5 Kb.
#206327
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Е. Н. Жуманкулова



ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТІҢ КӘСІБИ-ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
050905 «Әлеуметтік жұмыс»

мамандығының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар


Кереку

2010
ӘОЖ 172(075-8)

КБК 87.75я73

Ж 81
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

Бурдина Е.И. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С.Торвйғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі

Л.С. Сырымбетова - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының меңгерушісі.
Жуманкулова Е. Н.

Әлеуметтік жұмыстің кәсіби-этикалық негіздері: 050905 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы/ Е.Н. Жуманкулова – Павлодар: Кереку, 2010. – 55 б.


ISBN
Бұл оқу құралында жоғары мектеп әлеуметтік жұмыс қатысы бар заманауи әлеуметтік жұмыс зерттеулердің жинақталған материалдары келтірілген: әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби этикасы, принциптері мен .

Оқу құралы ғылыми-педагогикалық дайындықтағы әлеуметтік жұмыскер мамандарына арналған.


ӘОЖ 172(075-8)

КБК 87.75я73


ISBN
© Жуманкулова Е.Н., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010



БЕКІТЕМІН

С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дың оқу ісі

жөніндегі проректоры

__________Н. Э. Пфейфер

2010 ж.«____» __________

П.ғ.к., ПМУ доценті Е. Н. Жуманкулова,



Психология және педагогика кафедрасы
Әлеуметтік жұмыстің кәсіби-этикалық негіздері:

050905 «Әлеуметтік жұмыс»

мамандығының студенттеріне арналған

дәріс жиынтығы

Кафедра мәжілісінде бекітілді 20___ ж. «_____» _____№____ хаттама

Кафедра меңгерушісі _________________ Е.И.Бурдина


Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

20__ ж. «_______» _________ №_____ хаттама


ОӘК төрайымы ______________________ Е.Н.Жуманкулова

КЕЛІСІЛДІ


ФЖжӨ факультетінің деканы __________ Ж.Т.Сарбалаев

2010 ж. «____»__________


СМ бөлімінің н/б ____________________ Г. С. Баяхметова

2010 ж. «___»___________

МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы ________________ А. А. Варакута

2010 ж. «____»________

МАЗМҰНЫ






Кіріспе




1

Әлеуметтік жұмыс этикасы ғылым ретінде




2

Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар




3

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасының түсінігі




4

Қоғамның рухани—адамгершілікқұндылықтары және әлеуметтік жұмыстың гуманистік сипаты




5

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы мен құндылықтары




6

Әлеуметтік жұмыстағы этикет







Қорытынды





Кіріспе
Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін, мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этикетті сақтайды. Этикет дегеніміз – тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адмдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика болып табылады. Сондықтан, этикет этика ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты.

Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру - мүмкін емес, себебі егер қоғамда этика сақталмайтын болса, адамдардың арасындағы қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыдан бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы, үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, адамдардың қызығушылықтарын балағатпау және т.б.

Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Күнделікті өмірдің өз этикасы, әр қызметтің өз этикасы, белгілі бір ортаның өз этикасы, әр халықтың жеке этикасы, және әрбір тапта өздері ұстанатын жеке этика және этикет принциптері болады. Этикетті сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге ие болып табылады.

Соның ішінде әлеуметтік қызметкердің этикасы оның этикеті басты назарды аудартады. Әлеуметтік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен, аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Сонымен қатар адамгершілік құндылықтар, адамға деген мейірімділік, оның жанын түсіну, көмек беруге ұмтылу, әр жұмысына адал болу және т.б. адамгершілік қасиеттері – оның басты этикалық құндылықтары болып табылады. Клиенттің алдында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесін мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттері мен ым-ишараларды әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті, жүйелі түрде сөйлей білу – осылардың барлығы әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этикет жүйелеріне жатады.



1 Әлеуметтік жұмыс этикасы ғылым ретінде
Этика (грек тілінде ethika, от ethos – дәстүр) – философиялық ғылым. Бұл философиялық ғылымның обьектісі – мораль, оның дамуы мен оының қоғамдағы ролі мен нормалары болып табылады. Этика философияның бір бөлігі ретінде пайда болып, өте ерте қалыптасқан ежелгі шығармашылық пәндердің бірі. Философияда мораль мен танымды оқып тануда белгілі грек философы Аристотельмен «этика термині» ұсынылған болатын.

Теориялық білім тәжірибелік біліммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, бұл адамның тәжірибелік қызметін қалыптастырады.

Этика білімнің объектісі мораль, оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі болып табылатын философиялық ғылым. Философия ғылымының ажырамас бір бөлшегі ретінде этика адам алдында күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрақтарын шығармашылық деңгейінде шешуге бағытталған. Этика философияның бір бөлігі ретінде қалыптасқан ежелгі теориялық пәндердің бірі болып табылады. Мораль және адамгершілік туралы философиялық білімнің ұғымын түсіндіру үшін Аристотель «этика» терминін енгізген.

Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан қарағанда заң-ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші.

Адамның еңбектік қызметі тәжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып табылады. Оыдан бастап кәсіби этика феномені туралы айтуға болады. Кәсіби этика – қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі болып табылады. Кәсіби этика идеалдар мен құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы, этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары туралы көрініс табады. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика – бұл кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы.

Кәсіби этика, өз қызметінің шегінде жұмысшы бағынып, ұстанатын белгілі бір нормалар мен ережелердің жүйесі ретінде, өте ерте кезде, жеке білім саласы ретінде әлі қалыптаспаған кезде пайда болған еді. Мамандардың іс-әрекетіне байланысты құрылған алғашқы этикалық талаптардың қатарына б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан «Птаххеттеп визирінің және қала басшысының бұйрығы» атты ежелгі египеттік манускрипті атауға болады. Кәсіби талаптардың қатарына жұмысшының өз қызметін адал және сапалы түрде орындау қажеттілігіне назар аударылады, себебі еңбекке мұндай қатынас болашақ қызметтің жоғарылауы мен байлыққа әкелудің бірден бір тиімді жолы.

Бірақ алғашқы жалпы кәсіби этикалық нормалардың пайда болуын мамандар еңбектің шаруашылыққа байланысты бөлінуімен байланыстырады, яғни ХІ-ХІІ ғасырларда шаруашылық цехтардың қалыптасу кезеңі басталған еді. Бұл кезеңде, тарихшылардың айтуы бойынша, цехтық мекемелерде мамандыққа, еңбекке, жұмыстағы қызметкерлермен қарым-қатынасқа бағытталған этикалық талаптар қалыптаса бастаған.

Алайда барлық қоғам мүшелері үшін өмірлік маңызды орын алған бірнеше мамандықтардың өкілдері өзінің қызметінде этикалық нормаларды қалыптастыру қажеттігін басқаларынан ерте түсінген, сондықтан «Гиппократтың анты» және басқа да этикалық нормалар одан да ерте қалыптасқан. Негізінен бұл адамдармен немесе олардың өмірлік қызметімен байланысты мамандытар, еңбек индивидуализациясының жоғары дәрежесіне байланысты мамандықтар болып табылады (мысалы, мұғалімдік, дәрігерлік қызметтер).

Ф.Энгельс айтқандай, әрбір мамандықта өзіне ғана қатысты мораль болады. Мамандық оның жетекшілерінде тек қана кәсіби қабілеттерді қалыптастырып қоймай, сонымен қатар адамның нақты тұлғалық ерекшеліктерін және өзінің атқарып жатқан қызметіне қатынасын қалыптастырады. Кәсіби этика барлық кәсіби қызмет аспектілерінің негізінде жатыр, себебі кәсіби топтың моралы қоғам моралінің құрылымдық бөлімі болып табылады, ал мораль тәртіп пен іс-әрекеттердің, адамдардың қарым-қатынасының, т.б. ең ежелгі бақылаушыларының бірі болып табылады.

Кәсіби этиканың қалыптасуы этика жайлы ғылыми теориялардың пайда болуына ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде туатын кәсіби этика келешекте кәсіби топтардың мүшелері практикасының мән-мағынасын ашу және жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл жалпылау тек қана қызметтің мазмұны мен нәтижесіне ғана бағытталмай, сонымен қатар қызмет ету процесінде қалыптасатын қатынастарға да арналған этикалық талаптарды қамтитын кодекстер ретінде жүйеленеді, сонымен қатар жалпылау негізінде жасалынған шешімдерді де жүйеге келтіреді. Сонымен, кәсіби этика – бұл тек кәсіби мораль туралы ғылым ғана емес, сонымен қатар кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның идеологиясы және психологиясы.

Кәсіби этика жалпы этика сияқты жоспарлап ұйымдастырылмайды, ол адамның қызметімен байланысты күнделікті өмір сүру процесінде біртіндеп қалыптасады. Кәсіби этика белгілі бір қызмет түріне байланысты тарихи тәжірибе үрдісінде жинақталған білімді жүйеге келтіріп, толықтырады және белгілі бір қызметтің дамуына үлес қосады. Сондықтан кәсіби этика түрлермен және қызмет түрімен анықталған спецификалық белгілерді қамтитын жалпы мораль түрлері ретінде қарастырады, яғни кәсіби моральды зерттейтін ғылыми пән болып табылады. Сондай-ақ ол кәсіби ортада күнделікті өмір сүретін қолданбалы адамгершілік теориясы ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Белгілі бір қызметтің күнделікті практикасында кәсіби этика мамандар тәртібінің нормаларынан көрініс табады. Кәсіби этканың нормалары мамандықтың ішкі және сыртқы факторларының әсерінен өзгеру мүмкіндігіне ұшырайды. Олар уақыттың кез келген жағдайында мамандардың тәртібіне, іс-әрекетіне, қылығына әсер етеді. Кәсіби этиканың негізгі міндеттері маманды тұлға ретінде және жоғары білікті маман ретінде қалыптастыру және кәсіби міндеттерді толық және эффективті түрде шешуге ат салысу мақсатында белгілі бір кәсіптің қызметкерлерінің санасына ықпал ету болып табылады. Жалпылай айтқанда кәсіби этика кәсіби қызметтің нақты түрлеріне бағытталған жалпы және теоретикалық этиканың нұсқауы болып табылады.

Этикада кәсіби этиканың қалыптасуы жайлы ғылыми теориялардың пайда болуына ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде туатын кәсіби этика келешекте кәсіби топтардың мүшелері практикасының мән-мағынасын ашу және жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл жалпылау тек қана қызметтің мазмұны мен нәтижесіне ғана бағытталмай, сонымен қатар қызмет ету процесінде қалыптасатын қатынастарға да арналған этикалық талаптарды қамтитын кодекстер ретінде жүйеленеді, сонымен қатар жалпылау негізінде жасалынған шешімдерді де жүйеге келтіреді. Сонымен, кәсіби этика – бұл тек кәсіби мораль туралы ғылым ғана емес, сонымен қатар кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның идеологиясы және психологиясы.

Кәсіби этика жалпы этика сияқты жоспарлап ұйымдастырылмайды, ол адамның қызметімен байланысты күнделікті өмір сүру процесінде біртіндеп қалыптасады. Кәсіби этика белгілі бір қызмет түріне байланысты тарихи тәжірибе үрдісінде жинақталған білімді жүйеге келтіріп, толықтырады және белгілі бір қызметтің дамуына үлес қосады. Сондықтан кәсіби этика түрлермен және қызмет түрімен анықталған спецификалық белгілерді қамтитын жалпы мораль түрлері ретінде қарастырады, яғни кәсіби моральды зерттейтін ғылыми пән болып табылады. Сондай-ақ ол кәсіби ортада күнделікті өмір сүретін қолданбалы адамгершілік теориясы ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Белгілі бір қызметтің күнделікті практикасында кәсіби этика мамандар тәртібінің нормаларынан көрініс табады. Кәсіби этиканың нормалары мамандықтың ішкі және сыртқы факторларының әсерінен өзгеру мүмкіндігіне ұшырайды. Олар уақыттың кез келген жағдайында мамандардың тәртібіне, іс-әрекетіне, қылығына әсер етеді. Кәсіби этиканың негізгі міндеттері маманды тұлға ретінде және жоғары білікті маман ретінде қалыптастыру және кәсіби міндеттерді толық және эффективті түрде шешуге ат салысу мақсатында белгілі бір кәсіптің қызметкерлерінің санасына ықпал ету болып табылады. Жалпылай айтқанда кәсіби этика кәсіби қызметтің нақты түрлеріне бағытталған жалпы және теоретикалық этиканың нұсқауы болып табылады.

Әлеуметтік қызметкердің ұжымдық жауапкершілік мәселесі де маңызды болып келеді. Әрбір кәсіби топ, әсіресе егер ол өзінің кәсіби ассоциацияларын құрса, өзінің жеке кәсіби қызығушылықтарын қолдауға және сақтауға тырысады – мысалы, мамандықтың престижі мен статусын жоғарылату, кәсіби қызметтің дамуына субсидий алу, т.б. Алайда бұл қызығушылықтар әлеуметтік мәселелер мен жалпыкәсіптік мазмұнның шешімінде жүзеге асатын болса ғана іске асырылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасының негізгі міндеттерінің қатарына корпорациялық қызығушылықтар мен мақсаттар , кәсіби қызметтің міндеттерімен, сонымен қатар қоғамның және оның әрбір мүшелерінің қызығушылықтарының қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысу болып табылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселе басты назарды аудартады. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.

Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың мамандардың кәсіби моральы болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары , этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері.

Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.

Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты этикалық қарым-қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында, әлеуметтік қызметкер мен олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер, ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Ф.Энгельс айтқандай, әрбір мамандықта өзіне ғана қатысты мораль болады. Мамандық оның жетекшілерінде тек қана кәсіби қабілеттерді қалыптастырып қоймай, сонымен қатар адамның нақты тұлғалық ерекшеліктерін және өзінің атқарып жатқан қызметіне қатынасын қалыптастырады. Кәсіби этика барлық кәсіби қызмет аспектілерінің негізінде жатыр, себебі кәсіби топтың моралы қоғам моралінің құрылымдық бөлімі болып табылады, ал мораль тәртіп пен іс-әрекеттердің, адамдардың қарым-қатынасының, т.б. ең ежелгі бақылаушыларының бірі болып табылады.

Кәсіби этиканың қалыптасуы этика жайлы ғылыми теориялардың пайда болуына ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде туатын кәсіби этика келешекте кәсіби топтардың мүшелері практикасының мән-мағынасын ашу және жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл жалпылау тек қана қызметтің мазмұны мен нәтижесіне ғана бағытталмай, сонымен қатар қызмет ету процесінде қалыптасатын қатынастарға да арналған этикалық талаптарды қамтитын кодекстер ретінде жүйеленеді, сонымен қатар жалпылау негізінде жасалынған шешімдерді де жүйеге келтіреді. Сонымен, кәсіби этика – бұл тек кәсіби мораль туралы ғылым ғана емес, сонымен қатар кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның идеологиясы және психологиясы.

Кәсіби этика жалпы этика сияқты жоспарлап ұйымдастырылмайды, ол адамның қызметімен байланысты күнделікті өмір сүру процесінде біртіндеп қалыптасады. Кәсіби этика белгілі бір қызмет түріне байланысты тарихи тәжірибе үрдісінде жинақталған білімді жүйеге келтіріп, толықтырады және белгілі бір қызметтің дамуына үлес қосады. Сондықтан кәсіби этика түрлермен және қызмет түрімен анықталған спецификалық белгілерді қамтитын жалпы мораль түрлері ретінде қарастырады, яғни кәсіби моральды зерттейтін ғылыми пән болып табылады. Сондай-ақ ол кәсіби ортада күнделікті өмір сүретін қолданбалы адамгершілік теориясы ретінде де қарастырылуы мүмкін.



Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлуметтік қызметкердің немесе ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне негізделген әлеуметтік мақсат қоюшылық критерийімен басшылық жасайды. Осы қоғам азаматтардың қандай категориялары мен қандай жағдайда әлеуметтік қызмет орындарының клиенттері болатынын, қандай түрдегі оларға қызмет көрметулер ұсынылатынын қоғам анықтайды. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-әркеттері деп тек қана үрдіске қатысушыларды (әріптестер, клиенттер, оның жақындары) белсенді өзара қызметтік қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтады. Бұның өзі өз кезегінде ара қатынас нәтижелеріне жағымды әсер етеді, әлеуметтік қызметкердің, клиенттің және жалпы әлеуметтік жұмыстың атағын көтереді. Сонімен қатар әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіптік қызметі кезінде көп жақтан әсер етеді. Клиенттің проблемасын шешу (немесе шешілуіне ықпал жасауға) кезінде әлеуметтік жұмыскер қандай көмек көрсетіліп жатқанын және қажет етуіне байланысты емес, ол бір уақытта оның материалдық жағдайына және оның психикасына әсер етеді. Бұдан әлеуметтік қызметкердің ұжымына әсер етеді – ол оларға үлгі бола алады. Жағымды әсер әлеуметтік жұмыстың жоғары тиімділігіне қызыққан жалпы қоғамға да тиеді.

Әлеуметтік жұмыстың моральдық критерийлері тек қана әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандар қызметін бағалау үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет етеді.Бұл мамандық өкілі ретінде әлеуметтік қызметкерледің қызығушылығын көрсететін қысқа кәсіптік нормаларды ажыратуға, жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын адамгершілік нормаларды да ажыратады. Әлеуметтік кәсіптік этикалық нормалардың екінші тобы біздің қоғамымызда әлеуметтік қызметкер мамандығының пайда болуына алып келген адамгершілік негіз болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс қиын формалды және формалды емес жағдайларда іске асырылатын қызмет болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерклиенттің алдында, оның әлеуметтік ортасында және шешім қабылдап, соңғы нәтиже алғанға дейін қоғамның алдында этикалық жауапкершілік алып жүретіні есепке алуы қажет. Өз жұмысында ол кәсіптік этика принциптерін басшылыққа алуы керек. Моральдық нормаларды білу іс-әрекеттердің моральдылығын білдірмейді. Сол себептен кәсіптік қызметтің білімдері тәжірибемен өзінің мағынасын сақтап қалады деп қабылдаған жөн – олар кәсіптік қызметте аздап пайдалануы да пайдаланбауы да мүмкін. Бұл жағдайда "екі моральдылығы бар" деп аталатын тұлғамен істес болуға тура келеді. Бұл тұлға теориялық жағынан адамгершілік сұрақтарына, соның ішінде кәсіптік мораль сұрақтарына да тез бейімделе алады, бірақ та бұл талаптарға бағынуды міндетті емес деп есептеледі. Жоғары адамгершілікті дамыту және қалыптастыру, оны шектеулі ету, өзінің тұлғатығының ажырамас бөлігі ету талпыныстары маманнан білімді ғана емес, сонымен қатар бүкіл еңбек жолында және өмір жолында өз-өзімен жұмыс жүргізуді талап етеді.

Адамгершілік ұстанымдар – бұл кәсіптік моралға және тәжірибеге негізделген әлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар маманның тұлғалық дамуында және оның санасындағы жоғары деңгей. Бұл терең және жан-жақты белгілі моральдық нормалардың тұлғалық бағасымен, олардың әлеуметтік тәжірибеде тексерілгендіктен, өмірлік және кәсіптік тәжірибемен де тексерілгендіктен осылай есептеледі. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегін істің қызығушылығы тарапынан қарауды, қоғам мен клиентке жағымды әркеттер жасаудың және қандай әрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның кәсіптік қыщметке теориялық және тәжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі іс-әркеттері мен тәртібіне саналық қатынасының негізі болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға және қоршаған шындылыққа тұрақты моральдық жауап беру формаларын қалыптастыруға қатысады.

Бірақ та адамгершілік ұстанымдар өздік қасиеттерімен де сипатталады. Сол себептен жұмыстың күнделікті тәжірибесінде тұлғаның өзіндік ұстанымдарына қарсы жағдайлар кездесуі мүмкін, жағдайлық себептер өзіндік ұстанымдардан қарағанды маңыздырақ кездеседі. Бұл жағдайда тұлға өз-өзімен және өзінің принциптерімен қарама-қарсы шығады.

Адамгершілік қажеттілік - әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасының жоғары деңгейі. Ол кәсіптік этика талаптарының сақталуына деген моральдық қажеттіліктің болуымен сипатталады. Кәсіптік этика талаптарының сақталуы адамның ішкі қажеттілігіне айналған кезде, ол этикалық принциптерге негізделген өзінің барлық еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, этикалық қиын проблемаларды адамгершілік тұғысынан шешуге кұш салады. Бұл жағдайда кәсіптік этика талаптарын сақтау қажеттілігі тұлғаның тұрақты қасиетіне, оның өзінің іс-әрекеттері мен тәртібін ұйымдастыратын, ар-ұят пен намысының ісі қылдыратын қуаты күшті факторға айналады. Маман өзінің адамгершілік қажеттіліктерін басшылыққа ал отырып, оның жамандық пен жақсылық критерийлерін жауап бермейтін көзқарасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерге, бірақ жағдайлық қажеттілік болғанда, бармайды.

Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілігі белгілі бір жұмыс ұжымында қабылданған моральдық нормалардың әсеріне ұшырайды. Бұдан бұл қызметкер тек қана олардың этикалық идеалдарын үйренбейді, сонымен қатар моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибесінде шындықты қарама-қарсы қоя білу керек. Бұл ережелер ең біріншіден кәсіптік моральдың мазмұнына әсер етіп, оны түзетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет