Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет73/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Трилогия мазмұны-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз байланысты, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасып, тұтасып жатқан үш шығарма.
Утопия грек тілінен енген сөз – еш жерде жоқ деген мағынаны білдіреді. Қиялдан туған, қол жетпес арманды бейнелейтін әдеби шығарма. Философиялық қоғамдық мағынада утопия адамдар қауымы қайтсе жақсы болады, қайтсе жақсы тұрмыс құрады деген жоба, долбар, мақсат, ниет дұрыс болғанымен, оның жүзеге асуы қиын. Әдебиетке байланысты айтқанда, утопия сол идея, жобаларды шындық өмірде орнатқан қоғам адамдарының тұрмысын суреттеген туындылар ретінде ұғынылады. Адамдардың қиялдағы, ойдағы мақсат-тілегі іске асқанда қоғам, қауым қандай жағдайда болар еді деген арманды меңзейді. Қоғам қайшылықтарын жойып, бәрін ойдағыдай етіп іске асырам деу көркем қиялдан туатын жайт.
Ұйқас – ассонанс, аллитерация секілді жеке дыбыстарды жай қайталануы емес, кейде бір, көбінесе бірнеше буындардың үндес үйлесімі.
Фабула– (латынша - әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Фельетон (французша – парақ) – шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сынаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма.
Фигура – айшықтау – (лат. – келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.
Экзистенциализм – нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлігіне негізделген философиялық ілім. Алғаш рет экзистенциализм ұғымын Хайдеггер 1927 жылы өзінің «Болмыс пен уақыт» деген еңбегінде ұсынған. Бұл ағымның Франциядағы өкілдері ретінде Марсель, әсіресе Сартрды атауға болады.
Хорей – орыс поэзиясында силлабо- тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буынды ырғақтақ өлең.
Шарықтау шегі – (лат. – шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; Шығармадағы дарамалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Мысалы, «Ревизордағы» Хлестаковтың Дуан басының қызына құда түсіп, үйленбек болуы, Шұғаның қатты құса болуы, ауруға шалдығуы, Есімбектің Әбдірахманды тұтқыннан амалсыз босатуы.
Шешім – (развязка) – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына өзі суреттеп отырған үкімі, адамдар арасындағы күрделі күрестердің бітуі, түрлі тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, күллі оқиғалардың соңғы түйіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет