әдіс
«ОТБАСЫНЫҢ СУРЕТІ» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕМЕСІ
Баланың ішіне тереңірек кіріп және ол қалай тұрады, оны не мазалайды, ол нені армандайды, қоршаған әлемді, отбасын және Сіздің өзіңізді қабылдауы қалай екенін түсінгіңіз келе ме? 4-5-жастан бастап Сіз суретті «Менің отбасым» - атты тест өткізе аласыз. Балалар қоршаған әлемді үлкендер сияқты қабылдамайды. Ерекше бала ұғынулары үлкендер түсінбейтін және қабылдамайтын, эмоциялық реакцияларды шақырады. Баланың ішкі дүниесінде, сыйыспайтын, кездейсоқ сияқты фантастикалық бейнелер, өз «теориясы» құрылады. Тестің мәні балаға қағаздың стандарттық парағын, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығын береді (жай қарындаш, қалам, өшіргішті бермесе дұрыс болады), сосын: «Өз отбасыңды суретте» - дейді. Бірақ отбасы құрамына кім кіретінін есіне салу керек емес, өзі қалай көрсе, солай салсын. Егер бала сұраса кімді салайын деп, оған толық ерік беріңіз, тіпті аңдарды салса да салсын, бәрібір сурет жеткілікті ақпаратты болады. Сурет салып болғаннан кейін, жетекші сұрақтар қойыңыз: кім қайда суреттелді, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл-күйде және т.б.
Сурет салуды бастау алдында баланың әдеттегі көңіл-күйін байқаңыз. Бұл тапсырманы отбасылық жанжалдан, ұрыстан және қайғы-қасіреттен кейін беруге болмайды. Әйтпесе сіз сол мезеттегі баланың көңіл-күйіне сәйкес ситуациялық сурет аласыз.
Тапсырма орындап жатқан уақытта баланың үстінде тұрмаңыз, бірақ кейіпкерлердің және нәрселердің бейнелеу тәртібін білдірмей байқаңыз.
Баланы суреттеу кезінде түземеңіз («сен әкеңді салуға ұмыттың», «құлақ, қолды сал, т.б.»).
Баланың көзінше талқыламаңыз жөн – бұл тест Сіз үшін, Сіздердің ойлануларыңыз үшін.
Аса дәл ақпарат алу үшін, бірнеше күн аралығында 3-4 рет тест өткізіңіз және суретте жиі қайталанатын детальдарды анықтаңыз. Суретті «түсіндіру» кезінде зор маңызда болатыны, ол «түсініктеме берушінің» дұрыс күйі, өз қиялы мен интуицияңды қосу қажет.
Түсініктеме беру
Суретте ештене кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі, бала заттарды натураға қарап салмайды, ол өз эмоциясын және күйзелісін білдіреді. Міне, б алалар шығармасының бірнеше мысалы.
1-сурет. Бұл суретте бала өте астарлы отбасылық рөлдің бөлу ерекшелігін сезген. Анасы – жанұя басы, онда бәрі үлкен – көздер, мұрын, ал әсіресе ауыз. Бірақ, анасының көздері мұнды және жүректе гүлмен жабылған, қолдары жоқ, ол ештене өзгерте алмайды. Әкесі мөлшер бойынша (баланың қабылдауында) анасынан көбірек кіші. Анасының бір жағында 12-жасар ағасы тұрып кеткен шашы бар және екінші жағында, сондай бойдағы, ұқыпты, бірақ барлық түймесіне салынған 6-жасар суретшінің өзі. Ананы тыңдауды тек әкесі жақсы көреді, ол үшін онда құлақ та бар, ал балаларда ата-аналарын естуді қаламайтын белгілері.
2-сурет. Бұл суретте де отбасы. Адам тұрмайтын, көп бос, терезелер саны бар, үлкен үй. Шатырдың астында, тордың артында суретшінің өзі тұрады. «Анам мен әкем жұмыста, мен серуендеп жүрмін...». Сурет авторын төменде, машинаның қасында көруге тырысыңыз.
Балақай өзін таң қаларлық кішкентай, мүсәпір, жалғыз сезінеді, дұрыс емес пе? Түрлі түсті гаммасы да мұнды: сұр түс басымды және машинада кішкене жасыл түс бар (ол әкесі кейде оны қыдыртады). Ал зор «қолдар» – шатырдағы антенналар баланың үстіндегі тұрған, оның сезімдерін басатын, оны жалғыздық пен үрей торына артына қамайтын ата-анасын есіне түсіреді. Осындай суретті көріп, баланың халі нашар екенін, оған көмек қажет екендігін түсінесің.
3-сурет. Ал мында бәрі де жақсы! Отбасы жиналған, жүздерінде күлкі, бәрі бір-біріне қолдарын созып қолдап немесе көмектесіп отыр. Бала бәрін жақсы көреді өзін де қоса, кішкентай ұсақ детальдар, ашық түстер көп. Суреттен куаныш пен еріктің лебі келіп тұр
ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
- Сурет салып бітірген соң баладан сұраңыз, «кім не екенін», кім немен айналысады. «Мен ағамды салуға ұмытып кетіппін» немесе «әпкем симай қалды» - деген сияқты ескертулер маңызды емес. Егер отбасынан біреу суретте жоқ болса, ол мынаны білдіреді:
- Осы адамға жағымсыз, санасыз сезімдердің болуы. Мысалға, кіші інісіне қатты қызғаншақтық; Бала өзінше ойлайды: «Мен інімді жақсы көруім керек, ал ол менің ашуымды келтіреді, бұл жаман. Сондықтан, тіпті ештеңе салмаймын».
Суретте «ұмытылып қалған» адаммен эмоциялық жалғасу толығымен жоқтығы. Бұл адам баланың эмоциялық дүниесінде жоқ.
- Суретте автордың өзі жоқ.
- Жақындармен қатысудағы қиындықтар: «Мені мұнда байқамайды», «Мен өзімді, шеттетілген болып сезінемін», «Маған отбасында өз орнымды табу қиын».
- Бала отбасынан «кетеді»: «Мені мұнда қабылдамайды, жарайды керек емес, м аған оларсыз да жаман емес».
- Суретте – ойдан шығарылған отбасы мүшесі. Бала отбасында аяғына дейін алмаған, сезімдердегі вакуумды толтыруға тырысады. Балалар жиі шынында да үйде тұрмайтын, құстарды, жануарларды салады, ол баланың біреуге керек және қажет екендігін аңсауын маңыздайды, демек, ата-аналар сүйіспеншілікте, мейірімділікте, еркелікте мұқтажын қанағаттандырмайды.
4-сурет. Бейнеленген кейіпкерлердің көлемі бала үшін оның маңыздылығын көрсетеді (4-суретті қара). Баланың ойлауынша, адам тым үлкен болса, солайша ол белсенді екені. Жиі кішкентай балаларда барлық дене бітімді орналастыру үшін қағаздың беті жетпейді.
5-сурет. Қағаз бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзін кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып салса, онда сол мезетте өте төмен өзін-өзі бағалауы немесе ол өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар өздерін ата-аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді (5-суретті қара).
Баланың суреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында немесе өзін бірінші қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек суреттесе немесе өзін ең соңында салса, онда ол қызғаншақтықтың, сәтсіздіктің белгісі.
6-сурет. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық ж ақындықты немесе керісінше қарым-қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар бір-бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық бірікпеушілігі үлкен. Кейбір суреттерде балалар бірікпеушілікті сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі заттарды (жиһаз, вазалар, ...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды, кіргізіп көрсетеді. Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір-біріне тіпті жақын суреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше.
Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Ә детте ең соңғы суреттелген туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы мүмкін).
7-сурет. Қағазда фигураларды орналастыру. Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6-суретті қара).
Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе. Қарындашты қатты басумен бейнеленеді немесе қатты штрихтелінеді, оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен суреттейтіні де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |