Әдістемелік нұсқау


ЗӘР БӨЛІНУІНІҢ РЕТТЕЛУІН ЗЕРТТЕУ



бет25/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
биохим

ЗӘР БӨЛІНУІНІҢ РЕТТЕЛУІН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты, Питуитриннің зәр бөліну про­цессе тигізетін әсерін бақылау.

Питуитрин — гипофиздің (ми асты безі) артқы бөлігінен алынатын препарат, оны дені сау малға еккенде зәр бөліну процесі тежеледі.



Керекті заттар мен құралдар. Қоян, ит, бака, станок, зәр жинайтын воронка, өлшем цилиндрі мен пробиркалар, физиологиялық ерітінді, дистильденген су, стерильденген 1,010 және 20 мл шприцтер, иньекциялық инелер, питуитрин ерітіндісі.

Жұмыстық барысы. Салмақтары өлшенген екі қоянды (бақаны) үлкен шыны воронкаларға жеке-жеке отырғызады. Воронкаларды штативке көтеріп бекітіп, төменгі жағына өлшем цилиндрін қояды. Қояндардың құрсак қуысына шприцпен 20 мл-ден дистильденген су жібереді (бақаларға - 2 мл-ден) де, коянның біреуіне тірі салмағаның әрбір килограмына шаққанда 0,02 бірлік мөлшерде питуитрин егеді. 50—60 минуттан кейін екі қояннан (бақадан) бөлінген зәрдің мөлшерін анық-тап, салыстырады. Питуитрин егілген қояннан зәр екі есе көп бөлінеді.

Бақылау сұрақтары



  1. Бөлу процестеріне қандай мүшелер қатынасады, олардың физиологиялық маңыздары.

  1. Бүйректің атқаратын қызметі кандай?

  2. Нефронның құрылысы.

  3. Бүйректегі қан айналу ерекшеліктері.

  4. Алғашқы зәрдің пайда болу механизмі, оның құрамы.

  5. Ақырғы зәрдін, түзілуі, оның құрамы және тәуліктік мөлшері.

  6. Бүйрек қызметінің нервтік және гуморальды жолмен реттелуі.

  7. Зәр шығару механизмі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет