Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Дата04.03.2016
өлшемі90.46 Kb.
#40361


Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы


пгу_блэк1



ФПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Операциялық жүйелер пәні бойынша


5В060200 Информатика мамандығының студенттеріне арналған
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы


пгу_блэк1


ФПМУ ҰС Н 7.18.3/41


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н. Э.

200 __ ж. «___»__________
Құрастырушы: оқытушы Султанбекова Гулден Омиржановна
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Операциялық жүйелер пәні бойынша


5В060200 Информатика мамандығының студенттеріне арналған
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Кафедраның отырысында ұсынылды


200__ж. «___»_____ Хаттама №_____.

Кафедра меңгерушісі _______ Оспанова Н.Н. 200__ж. «___»_____


ФМиИТ ОӘК мақұлданды


200__ж. «___»_____ Хаттама №_____.
ОӘК төрағасы ________ А.Б. Искакова 200__ж. «___»_____
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОӘБ бастығы __________ Жұманқұлова Е.Н. 200__ж. «___»_____
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
200__ж. «___»_____ Хаттама №_____.

1 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: NC панельдердін басқару, дискіні таңдау, каталог, мәтіндік файл құру

Жазып алыңыздар:

Norton Commander (авторы Питер Нортон) - қолданушының операцияшық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған операциялық қабықша программасы.

Norton Commander – орындалушы NC.EXE файлынымен іске қосылады. Экраңда екі оң және сол панельдері (тақталар) пайда болады.

Панельдер тақырыбында ағымдық каталог пен диск аты көрсетіледі. Панельдердің теменгі жағында командалық жолда MS-DOS шақыруының белгісі бар, онда командалар енгізуге болады. Төменгі жолда функционалдық пернелердің қызметі көрсетілген.



Ағымдық деп - қазір жұмыс істеп жатқан каталог немесе диск аталады.

Жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогқа өту үшін –курсор рамкасын панельдердің жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” қойып <ENTER> - басылады.

Функционалдық пернелердің қызметі:

F1 - көмек - экранға NC анықтамасын шығарады;

F2шақыру - экранға қолданушы менюін шығарады;

F3 оқу - экранға файл мазмұнын шығарады;

F4түзету -экранға файлды NC редакторында мазмұнын түзетуге шығарады;

F5 - көшіру - файл немесе каталогты көшіреді;

F6 - aт өзгерту - файл және каталогтың атын өзгертеді немесе баска жерге орнын ауыстырады;

F7каталог - жаңа каталог кұруға қолданылады;

F8 - өшіру - файл немесе каталогты дискіден өшіреді;

F9 - меню шығару - NC бес бөліктен тұратын бас меню жолы шығады: Left (солжақ), Files (файлдар), Commands (командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ);

F10 - шығу - NC жұмысын аяқтайды.

Панельдерді басқару

TAB –курсорды оң немесе сол панельге ауыстыру;

Ctri+O – екі панельді қатар экраннан жою;

Ctri+F1 – сол жақ панельді экраннан жою;

Ctri+F2 – оң жақ панельді экраннан жою;

Ctri+Q – ағымды (курсор тұрған) каталогтың мазмұнын, көлемін көрші панельде көрсетеді;

Ctri+L C дискісіндегі, жедел жадыдағы информацияның, қалған бос орынның көлемін көрші панельде көрсетеді;

Home – курсорды панельдің ең бірінші жолына жедел ауыстырады;

End - курсорды панельдің ең соңғы жолына жедел ауыстырады;

Басқа дискіге көшу: Керек дискі мазмұнын кез - келген панельде көруге болады:

Alt + F1 - сол жақ панельде диск атауларының тізімін шығарады;

Alt + F2 - оң жақ панельде диск атауларының тізімін шығарады.

Файлдарды іріктеу:

Ctrl + F3 – Файлдарды аты бойынша іріктеу;

Ctrl + F4 - Файлдарды кеңейтілуі бойынша іріктеу;

Ctrl + F5 – Файлдардың құрылған датасы және уақыты бойынша іріктеу;

Ctrl + F6 - Файлдарды көлемі бойынша іріктеу;

Ctrl + F7 – Файлдарды іріктемеу (дискіге жазылған тәртібімен шығару).

Жаттығулар

Диск таңдау тәртібі:


  1. Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;

  2. Alt + F1 – пернелерін қатар басу (Alt пернесін басып тұрып F1 басыңыз!);

  3. Курсормен А: дискісін таңдап –ді бассаңыз, А: дискісінің мазмұны сол жақ панельде шығады;

  4. Оң жақ панельде А: дискісін таңдау тәртібін дәптерге жазыңыз.

Каталог құру тәртібі:


Ескерту: Міндетті тұрде, құрылатын каталогтың орыны: диск оның ішіндегі каталог ағымды болуын ұмытпаңыз!

Мысалы: Түпкі А:\ дискісінде CLASS деген атпен каталог құрайық.


  1. Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;

  2. Кез келген панельде А: дискісін таңдаңыз (А: дискісі ағымды болғанына көз жеткізіңіз);

  3. F7 - функционалды пернені басыңыз;

  4. Экранға шыққан «Создание папки» диалогтық терезеде CLASS сөзін теріп -ді басыңыз;

  5. CLASS каталогына кіру (ағымды ету) үшін: курсорды CLASS сөзіне қойып -ді басыңыз;

  6. Панельдің тақырыбында ағымды CLASS каталогының жолы: A:\CLASS тұрғанына көз жеткізіңіз!;

  7. CLASS каталогының ішінде өз есіміңізбен атап ішкі каталог құрыңыз (Ескерту: каталог аты 8 символдан аспайтынын ұмытпаңыз!);

Мәтіндік файл құру тәртібі:

  1. Өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз;

  2. Shift +F4 - пернелерін қатар бассаңыз «Редактор» (“Edit”) деген диалогтық терезе пайда болады;

  3. Диалогтық терезеде, құрылатын файлдың атын: Adres.txt деп теріп -ді басыңыз. NC программасының редакторының терезесі ашылады. Терезенің тақырыбында құрылатын файлдың атын және директориясын көресіз: A:\CLASS\Adres.txt. Редактор терезесінің төменгі жағында фунционалдық пернелер қызметтері көрсетілген;

  4. Орыс әрпіне ауысып, өзіңіздің тұрған мекен жайыңыздың адресін теріңіз;

  5. F2 – функционалды пернесін басып жазылған мәтінді сақтаңыз;

  6. Esc - пернесін басып NC программасының редакторынан, панельге шығасыз;

  7. Құрылған Adres.txt файлының мазмұнын көру үшін, курсорды файл атына қойып F3 пернесін басыңыз. Панельге Esc – пернесімен шығасыз;

  8. Құрылған Adres.txt файлының мазмұнын түзету үшін, курсорды файл атына қойып F4 пернесін басыңыз. Панельге Esc – пернесімен шығасыз;

  9. Adres.txt файлының мазмұнын толықтырып қайта сақтаңыз. Мазмұнын мұғалімге көрсетіңіз.

Файлды,каталогты жою тәртібі:

(А:\ дискісін тазарту) Ескерту: NC – де файлмен каталогты жоюдың айырмасы жоқ.

  1. Міндетті тұрде панельдің біреуінде А:\ дискісі ағымды екеніне көз жеткізіңіз!

  2. CLASS каталогына кіріңіз;

  3. Өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз. Курсорды Adres.txt файл атына қойыңыз;

  4. F8 - өшіру функционалды пернесін басыңыз. Файлды жою туралы диалогтық терезе шығады;

  5. Шыққан диалогты мұқият оқып, курсорды «Удалить» сөзіне қойып –ді бассаңыз Adres.txt файлы жойылады;

  6. Осы тәртіппен ішкі және сыртқы CLASS каталогтарды жойыңыз;

  7. C:\ дискісіне көшіңіз. Дискетаны тапсырыңыз. Ауызша жауап беруге дайын болыңыз. Іске сәт!



2 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Файлдардың көшірмесін жасау, атын өзгерту және орнын ауыстыру
Жазып алыңыздар:

Көшірме жасау тәртібі

  1. Панельдің біреуінде, қажет файлдың көшірмесін орналастыратын каталогқа өтіңіз;

  2. Қарсы панельде көшірмесін алатын файлдың атының үстіне NC-ң курсорын қойыңыз;

  3. F5 функционалды клавишаны басыңыз;

  4. Шыққан диалогты «Копирование» терезеден қандай файл қайда көшіріледі, хабарламасын мұқият оқыңыз;

  5. Егер бәрі дұрыс болса Enter клавишасын, әйтпесе Esc-ді басыңыз.

Файлдың (каталогтың) атын өзгерту тәртібі

  1. NC-ң курсорын атын өзгертетін файлдың (каталогтың) атының үстіне қойыңыз;

  2. F6 функционалды клавишаны басыңыз;

  3. Шыққан “Rename” диалогты терезедегі хабарламаны өшіріңіз;

  4. Файлдың жаңа атын теріп Enter клавишасын басыңыз. Нәтижесін байқаңыз.

Файлдың орнын ауыстыру тәртібі

  1. Панельдің біреуінде орнын ауыстыратын файлдың үстіне курсорды қойыңыз;

  2. Қарсы панельде файл орналасытын каталогты ашыңыз;

  3. F6 функционалды клавишаны басыңыз;

  4. Диалогты терезе “Rename” шықан соң Enter клавишасын басыңыз;

  5. Нәтижесін байқаңыз.

Жаттығулар

(Ескерту: Бірінші үш тапсырма 2 зертханадағы материалды қайталауға арналған).

  1. Панельдердің екеуінде де А:\ дискісін таңдаңыз;

  2. Түпкі А:\ дискісінде мына жеті каталогтарды құрыңыз (Ескерту: Пробел терілмейді!):

Уровень1

Уровень2

Уровень3

Уровень4

Уровень5

Уровень6

Уровень7


  1. Түпкі А:\ дискісінде мына жеті мәтіндік файлдарды құрыңыз:

Monday.txt

Tuesday.txt

Wednesday.txt

Thurday.txt

Friday.txt

Saturday.txt

Sunday.txt

Әр бір мәтіндік файлдың ішіне апталық сабақ кестесін теріп, файлды F2 клавишасымен сақтап, клавишасымен NC программасының редакторынан шығыңыз;



  1. Құрылған әр каталогтың ішіне нөміріне сәкес келетін мәтіндік файлдың көшірмесін жасаңыз, мысалы: Уровень1 каталогына Monday.txt файлдың көшірмесін;

Уровень2 каталогына Tuesday.txt файлдың көшірмесін, т.с.с.

  1. Түпкі А:\ дискісіне шығыңыз. Енді әр папканың ішіне қалған алты мәтіндік файлдардың көшірмесін жасау керек. Мысалы:

Уровень1 папкасына, қалған Tuesday.txt, Wednesday.txt, Thurday.txt, Friday.txt, Saturday.txt, Sunday.txt файлдарының көшірмесін;

Уровень2 папкасына, қалған Monday.txt, Wednesday.txt, Thurday.txt, Friday.txt, Saturday.txt, Sunday.txt файлдарының көшірмесін, т. с. с.

Көшірмені шаблон қолданып жасаңыз. Ол үшін: «+» клавишасын басыңыз. Шыққан «Пометить» деген терезеде: *.txt теріп басыңыз. Барлық жеті мәтіндік файлдар сары түспен белгіленеді. Көшірілмейтін файлдың белгісін алып тастау үшін (мысалы Monday.txt) атына курсорды қойып клавишасын басыңыз.


  1. Нәтижесінде түпкі А:\ дискісінде және жеті каталогтардың ішінде не тұр, қорытындылап жазып қойыңыз;

  2. Түпкі А:\ дискісіне шығыңыз. Каталогтардың аттарын, апта күндерінің аттарына өзгертіңіз, мысалы: Уровень1 каталогын Monday

Уровень2 каталогын Tuesday, т. с. с.

    1. Түпкі А:\ дискісіне шығыңыз. Шаблон қолданып мәтіндік файлдардың .txt кеңейтілуін .doc кеңейтілуіне өзгертіңіз. Ол үшін:

      • «+» клавишасын басып, терезеде: *.txt теріп, сарымен белгілейсіз;

      • F6 функционалды клавишаны басып, шыққан терезеде *.doc шаблонын теріп, басыңыз; (Осы әректтер тәртібін жазып алыңыз!);

    2. Барлық жеті каталогтардың ішіндегі файлдарды түгел тобымен жойыңыз. Әректтер тәртібін нөмірлеп жазып қойыңыз. (Файлдарды бірақ белгілеуді *.* шаблонын қолданып жасаңыз);

    3. Түпкі А:\ дискісіне шығыңыз. Әр файлдардың орнын, сәйкес каталогқа ауыстырыңыз. Мысалы: Monday.doc файлын Monday каталогына, т. с. с.

    4. Нәтижесінде түпкі А:\ дискісінде және жеті каталогтардың ішінде не тұр, қорытындылап жазып қойыңыз. Мұғалімге көрсетіңіз!

    5. Түпкі А:\ дискісіне шығыңыз. Каталогтарды ішіндегі файлдарымен жойып А дискісін тазартыңыз.

  1. C:\ дискісіне көшіңіз. Іске сәт!


3 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: MS-DOS жүйесінің командалары

Жазып алыңыздар:

DOS деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS - операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.

Файл туралы түсінік

Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтуға арналган компьютерлік жабдықтағы информация сақталатын атауы бар орынды файл деп атауға болады.



Файл деп – атауы бар, өңдеуге логикалық байланыспен магниттік дискіде жазылған біртектес информация жиынын айтады.

Файл атауы файл атынан және файл кеңейтілуінен тұрады. MS-DOS жүйесінде файл аты (filename) 8 таңбадан, кеңейтілуі (filename extension) 3 таңбадан аспауы керек.

MS-DOS жүйесінде файл және каталогтың аттары тек латын әріптерімен жазылады.

Файлдың аты және кеңейтілуі арасына нүкте белгісі қойылады. Мысалы: sys.com, io.sys.



Каталог немесе директорий – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар, папкалар тізіміне қойылған атау.

Түпкі каталог деп – A:\, C:\, D:\ дискілерінде орналасқан, немесе басқа каталогтардың ішіне жатпайтын, ең жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогты айтады.

Түсініктеме: Пішім (формат) – команданың жазылу ережесін көрсетеді. Command.com файылының құрамына кіретін командаларды ішкі команда деп, калған командаларды сыртқы деп атайды.

Командалар:

VER - MS-DOS жүйесінің версиясын экранға шығару командасы (ішкі);

DATE – экранға ағымдық датаны шығару командасы (ішкі);

TIME - экранға ағымдық уақытты шығару командасы (ішкі);

CLS – экран тазалау командасы (сыртқы);

Екпінді дискіні ауыстыру үшін:

1) C:\> жүйелік шақыру жолында диск енгізгіштің атын білдіретін әріпті қос нүктемен теру;

2) ENTER пернесін басу. Мысалы: C:\>A: <ENTER>

FORMAT – дискілерді форматтау командасы (сыртқы);

DISKCOPY – дискетті көшіру командасы (сыртқы);

DIR [диск:] [жол\] [файл аты] - каталог мазмұнын көру командасы (ішкі);

Мысалы: DIR D: student\*.txt экранға мәтіндік файлдардың аттарының тізімін шығарады;

DIR/W - информацияны қысқа түрде бағаналап шығарады;

DIR/O - экранға информацияны реттеп шығарады;

MD [диск:] [жол\] [каталог аты] – каталог құру командасы (ішкі);

Мысалы: C:\> MD D: GRUPPA\ - D дискіде GRUPPA деген каталог құрылды;

CD [диск:] [жол\] [каталог аты] – басқа каталогқа көшу командасы;

Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\

C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына көштік;



COPY [диск:] [жол\] көшірілетін файл аты [диск:] [жол\] көшірме файл аты - мәтіндік файлды көшіру командасы;

TYPE [диск:] [жол\] [файл аты] – экранға файл мазмұнын шығару командасы;

REN [диск:] [жол\] 1 аты 2 аты – файлдың 1-ші атын 2-ші атқа өзгерту командасы;

RD каталог аты каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS-DOS – та тек бос каталогты өшіруге болады);

DEL файл аты - файлдарды өшіру командасы.

Жаттығулар

Ескерту: компьютерде “Сеанс MS-DOS ” режимі болмаса, жұмысты Far (NC) қабыршақ программасын пайдаланып орындауға болады.

  1. Far программасын қосыңыз. Түпкі С каталогына (дискіге) шығыңыз. Ол үшін панельдің мазмұнының жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” курсор рамкасын қойып <ENTER> - ді жоғарғыда C:\ шыққанша басу қажет;

  2. Ctrl + O клавишаларын қатар басып Far – дың панельдерін экраннан жою. (Ctrl + O қайталап басса, панельдер орнына келеді).

  3. Төменде C:\> - жүйелік шақыру жолы көрінеді. Яғни, бұл жолда пайдаланушы MS-DOS командалардын тере алады;

  4. Экранға түпкі каталог С дискісінің мазмұнын шығару: C:\>DIR

  5. Экранды тазалау: C:\> CLS

  6. W кілтін пайдаланып экранға информацияны қысқа түрде бағаналап шығару: C:\> DIR/W

  7. P кілтін пайдаланып экранға информацияны үзіліс жасап экрандап шығару: C:\> DIR/P

  8. Экранға ағымдық датаны шығару: C:\>DATE <ENTER> , (тағы <ENTER> -ді басса C:\> шығады)

  9. Экранға ағымдық уақытты шығару: C:\> TIME <ENTER>

  10. С дискісінен D дискіге ауысу: C:\> D:

  11. А диск қойғышына дискатаны салыңыз;

  12. D дискісінен A дискіге ауысу: D:\> A:

  13. А дискісінде PAPKA1 каталогын құру: A:\> MD PAPKA1\ < ENTER >

  14. А дискісінде PAPKA2 каталогын құру: “команданы өзіңіз жазыңыз

  15. Экранға түпкі каталог A дискісінің мазмұнын шығару: A:\> DIR

  16. А дискісінде PAPKA1 каталогының ішінде CTL1 каталогын құру: A:\> MD PAPKA1\ CTL1 < ENTER >

  17. А дискісінде CTL1 каталогына өту: A:\> CD PAPKA1\ CTL1 < ENTER >

  18. А дискісінде CTL1 каталогының мазмұнын көру: A:\> PAPKA1\ CTL1> DIR < ENTER >

  19. Түпкі А каталогына (дискісіне) қайта өту: ..\> CD\ < ENTER >

  20. Экранға түпкі каталог A дискісінің мазмұнын шығару: A:\> DIR

  21. Қайта A дискісінен C дискіге ауысу: A:\> C:

  22. Ctrl + O клавишаларын басып Far – дың панельдерін қайта орнына келтіру.

Өздік жұмыс:

    1. Жоғарыдағы теориядағы командаларды пысықтап, қайталап орындаңыз;

    2. Жаттығуларды қайта пысықтап, командалардың тәртібін және командалық жолда сол команданың орындалған нәтижесін дәптерге жазыңыз;

    3. А дискісінде PAPKA2 каталогының ішінде өзіңіз бір каталог құрып командасын жазыңыз және орындаңыз; Ескерту! Каталогтың аты латын әріптерімен жазылатынын ұмытпаңыз!

    4. Сол PAPKA2 каталогының ішінде өзіңіз құрған каталогқа өту командасын жазыңыз және орындаңыз;

    5. Сол құрылған ішкі каталогтан PAPKA2 каталогынына өту командасын жазыңыз және орындаңыз;

    6. Жазылған командаларды мұғалімнің алдында қорғауға дайын болыңыз! Іске сәт!

А дискісін тазарту (каталогты өшіру) тәртібі:

Ескерту: А дискісіне өтуді және MS-DOS – та тек бос каталогты ғана өшіруге болатынын ұмытпаңыз!

  1. A:\> RD PAPKA1\ CTL1 < ENTER > “ішкі CTL1 каталогы жойылды

  2. A:\> RD PAPKA1 < ENTER > “сыртқы PAPKA1 каталогы жойылды ”

Осы тәртіппен PAPKA2 және оның ішіндегі каталогтарды жойыңы

4 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Мәтіндік файлдардармен жұмыс жасау командалары
Жазып алыңыздар:

COPY CON – көшіру командасы кеңейтілуі *.txt мәтіндік файлды клавиатурадан енгізіп құруға мүмкіндік береді. Команданы қолдану тәртібі:

D:\> COPY CON prim.txt < ENTER > “файлдың аты 8 таңбадан аспауын ұмытпаңыз”


Изучаю информатику < ENTER> “орыс әрпімен қысқа сөйлемдер теріледі”

CTRL + Z < ENTER> “мәтіндік файлдан шығу үшін CTRL+Z қатар басылады”

Файлдарды біріктіру үшін COPY командасын қолдануға болады.

Мысалы: PRIM.txt және NEWPRIM.txt файлдарын біріктіріп, нәтижесін SPRIM.txt файлына командасының жазу тәртібі:

D:\> COPY PRIM.txt + NEWPRIM.txt SPRIM.txt



Файлдың мазмүнын көру:

Мысалы: D:\> TYPE PRIM.txt “ экранға D дискіде тұрған PRIM.txt файлының мазмұны шығады

Файлдың атын өзгерту:

Мысалы:

D:\> REN PRIM.txt AKT.txt “D дискіде тұрған PRIM.txt файлының аты AKT.txt деп өзгереді”



Жаттығулар және тапсырмалар

Ескерту: Әр тапсырманың командалардын, олардың орындалу нәтижесінде экранға шыққан каталогтардың мазмұнын, файл санын, байт көлемін дәптерге жазып отырыңыз.

Жұмыстың соңында мұғалімге көрсетіңіз.

  1. А дискісінде INF-11 каталогын құру командасын дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз; (Ескерту: каталог құру тәртібін 1-ші зертханада орынадағаныңызды ұмытпаңыз!);

  2. Құрылған INF-11 каталогына өту (яғни ағымды ету) командасын дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;

  3. Ішкі INF-11 каталогынан түпкі А:\ дискісіне шығу командасын дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;

  4. Аты D1.txt мәтіндік файлды клавиатурадан енгізіп, түпкі А:\ дискісіне көшіру үшін COPY CON командасын қолданып мына әрекеттерді жазылған осы тәртібімен орындаңыз:

A:\> COPY CON D1.txt < ENTER > “Ескерту: әр жол ENTER-мен аяқталады ”

Если б был бы я девченкой < ENTER > “орыс әрпімен осы сөйлемдерді теріңіз”

Я бы время не терял, < ENTER >

Я б на улице не прыгал, < ENTER >

Я б рубашки постирал. < ENTER >

CTRL + Z <ENTER > “осы құрылған мәтіндік D1.txt файлдан шығу”



  1. Енді DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз, егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз INF-11 каталогының, D1.txt файылының аттары және байт көлемі шығады;

  2. Экранға D1.txt мәтіндік файлының мазмұнын шығару үшін TYPE командасының қолдану тәртібін дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;

  3. Аты D2.txt мәтіндік жаңа файл құрыңыз (4-ші тапсырманың тәртібімен), мазмұнында мына мәтінді теріңіз:

Я бы вымыл в кухне пол,

Я бы в комнате подмел,

Перемыл бы чашки, ложки,

Сам начистил бы картошки.



  1. Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз, егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз, INF-11 каталогының және D1.txt, D2.txt файылдарның аттарын, байт көлемдерін көресіз;

  2. Экранға D2.txt мәтіндік файлының мазмұнын шығару үшін TYPE командасының қолдану тәртібін дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз; (6-ші тапсырманың тәртібімен)

  3. Аты DOCUM.txt бір файлға, құрылған екі D1.txt және D2.txt файлдардын біріктіру керек. Ол үшін жоғарыда жазалған COPY командасының қолдану тәртібіне қарап, команданы дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;

  4. Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз, егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз INF-11 каталогының, D1.txt, D2.txt және DOCUM.txt файылдарның аттары, саны, байт көлемдері шығады;

  5. Тағы TYPE командасын қолданып экранға DOCUM.txt файлының мазмұнын шығарсаңыз, D1.txt және D2.txt файлдарының мазмұндарының бір мәтін болып біріккенін көресіз;

  6. REN командасын қолданып DOCUM.txt файлдың атын CONSPECT.txt атына өзгерту командасын дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;

  7. Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз. Егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз, DOCUM.txt жойылып, жаңа CONSPECT.txt файлының пайда болғанын көресіз;

  8. Ішкі INF-11 каталогына, түпкі А:\ дискісінде тұрған D1.txt және D2.txt файлдарының көшірмесін жасау командасын дәптерге жазып алыңыз және компьютерде орындаңыз:

A:\> COPY A:\ D*.txt A:\ INF-11

Ескерту: мұндағы * таңбасы (шаблон) D әрпімен басталатын файл топторын бірден көшіруге қолданылды. Шаблонға ? таңбасын да қолдануға болады.

  1. Ішкі INF-11 каталогына көшу командасын және осы каталогтың мазмұнын шығару командаларын дәптерге жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесінде INF-11 каталогының мазмұны шығады.

  2. Қайта түпкі A:\> дискісіне көшіңіз, ондағы D1.txt және D2.txt файлдарын өшіру командасын жазып, компьютерде орындаңыз. (Ескерту: * шаблонын қолдануды ұмытпаңыз!);

  3. Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз, егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз, INF-11 каталогының және қалған CONSPECT.txt файлының аттары, байт көлемі шығады;

  4. INF-11 каталогына өту және оның ішіндегі D1.txt және D2.txt файлдарын өшіру командасын жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесінде INF-11 каталогы тазаланады, DIR командасымен тексеріңіз;

  5. Қайта түпкі A:\> дискісіне көшу және қалған CONSPECT.txt файлын жою командаларын жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесін және DIR командасымен тексеріңіз.

  6. A:\> дискісіне бос INF-11 каталогы қалуға тиіс.

Өздік жұмыс:

  1. A:\> дискісіне атын өзіңіз қойып бір мәтіндік файл құрыңыз;

  2. INF-11 каталогының ішіне сол файлдың көшірмесін жасаңыз;

  3. A:\> дискісінегі файлдың атын өзгертіңіз;

  4. INF-11 каталогының ішіне файлды жойыңыз;

  5. INF-11 каталогын жойыңыз;

  6. A:\> дискісін тазартыңыз;

  7. C:\> дискісіне өтіп FAR программасын жабыңыз.

Ескерту: Өздік жұмысты өз тапсырмаларыңызбен толықтыруға болады! Әр тапсырманың командасын және оның орындалу нәтижесінде шыққан каталогтардың мазмұнын дәптерге жазыңыз.

Жазылған командалардың пішімін, орындалу тәртібін мұғалімнің алдында қорғауға дайын болыңыз! Іске сәт!


5 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Операциялық жүйені іске қосу және инициализациялау.

(Дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс)


Тапсырма. Windows және Linux операциялық жүйелерінің іске қосу және иинциализациялау. Операциялық жүйені пішінүйлесімдіру.
Зертханалық сабақты орындау үшін әдістемелік нұсқау

Жүйелiк процесстердiң диспетчерi, желілік сервистер диспетчері, DLLның iшкi


жүйесiнiң диспетчер

1-шi сурет. Windows XP ықшамдалған құрылымы

Жүйелік үрдістер

процессы
Желілік деректердi өңдеу сервистерi

Қолданбалы қосымшалар

API орындайтын жүйелер

Терезелер диспетчері

Файлдық жүйелер

Жады диспетчері

Операциялық жүйе ядросы

Құрылымдардың драйверлерi

Орындайтын

подсистема

(HAL ) жабдықтан абстрактциялау деңгейі

ДК аппаратты қамтамасыз ету

Windows XP программалық қабығы тiкелей енусiз компьютердiң жабдығына қолданбалы режимді басқару жүйесiнiң кодына және драйверлер қолданбалы қосымшалар (ядроның режимі) процессордың барлық аппаратты компьютердiң бiр бөлiгiне толық рұқсатын қамтамасыз ететiн ерекше құқықты режимдерiнде орындалатын процессордың артықшылығы тәртiптерiнде орындалатын (4.1-шi сурет) модулдiк құрылымы болады. Ядролар режимінде келесi компоненттер жұмыс iстейдi.


1. Жабдықтан абстрактциялау деңгейі (Hardware Abstraction
Layer, HAL) Демек, оның есебi аналық платадағы айырмашылықтарынан нақты iске асырулардың ерекшелiктерiнiң компьютердiң аппаратты қамтамасыз етуiнде процессорлардың түрлендiрулерi, микросхемалардың жиындарындағы басқару жүйесiнiң бөлiмшесi болып табылады және т.б. Операциялық жүйе ядросы үшiн бұл деңгей үзулердiң iшкi жүйелерiмен басқару, жадқа тiкелей енуi, жүйелiк шиналар, таймерлермен бiрдей болып табылады. HAL деңгей Hal.dllдың жүйелiк файлында iске асырылған.

2.Операциялық жүйе ядросы. Ядро операциялық жүйесiнiң жиi шақырылатын төмен деңгейлi функцияларында жиі болады: процесстер арасындағы ресурстарды бөлу және жоспарлау, олардың ауыстырып қосылуы және синхронизациялануы. Ядроның мiндеттерiне қате ахуалдардың үзумен басқару және өңдеуi сонымен бiрге басқару жүйесiнiң жұмыс жасауы да кiредi. Windows XPнiң ядросының коды, ағындарға бөлiнбегенiнде емес, тек қана жедел жадта болғанында және дискке жүк түсiрiле алмағанында. Windows XP ядросының коды Ntoskrnl.exe жүйелiк файлда орналасқан.

3.Құрылымдардың драйверлерi. Драйверлер нақты құрылымдар үшiн қолданбалы бағдарламалардың деректердi өңдеудiң сұрау салу түскен шақыру хабарлайтын iшкi программаларда болады. Драйверлердiң түбегейлi саны Windows XP құрамына кiредi (олар Isystem32l drivers жүйелiк тiзбенiң төменгi тiзбектерiнде орналасады және *ның файлының түрлерiн алады.мысалы, sys диск сияқты iшкi жүйенiң драйверi disk.sysтiң файлында болады ), қалыпсыз шеттегi құрылымдардың драйверлерi үшiн жабдықтау комплекттерiнде болады.

4. Атқарушы iшкi жүйе (NT Executive ). NT Executive-шi модул микроядродан және виртуалды жадқа рұқсаты бар бағдарламаларын басқарудың диспетчеризацияның iшкi жүйелерi, терезелерге және график түрiнде iшкi жүйеге кіреді. Виртуалды жад адрестiк кеңiстiк процесстер және компьютердiң жедел жадының тиiстi физикалық беттерi виртуалды мекенжайлар қолданбалы бағдарламаларға iлiгедi. График түрiндегі iшкi жүйе терезелiк интерфейстiң жасауы үшін, терезе орналасқан басқарулардың элементтерiнiң сурет салуы үшiн арналған. Атқарушы iшкi жүйеге Ntkrnlpa.exe, Kernel32.dll, Advapi32.dll, User32.dll, Gdi32.dllдiң жүйелiк файлдары жатады.

Windows XP басқару жүйесi Intel x86-шы жанұясымен үйлесiмдi процессорлары мүмкiндiктерін пайдаланады. Олардың аппаратты архитектурасында 0-шi - ең жоғары ерекше құқықты, процессордың командаларының шектелген жиыны бар 4-шi - қолданбалы тәртiбiне дейiнгі бағдарламаладың кодының орындауының артықшылықтарының төрт деңгейi ескерiледi. Windows XP операциялық жүйе ядросының тәртiбiнiң бағдарламалары өңге қолданбалы бағдарламалар және ерекше құқықты режим қорғал қалған нөлдiк жұмыс iстейдi ерекше құқықты режимдер кем ядроның тәртiбiнiң бағдарламалары бақылап бола жұмыс iстейдi.

Операциялар және қосымшаның қол жетпес қолданбалы режимдерінде Win32 API деп аталатын операциялық жүйе ядросының жүйелiк шақыруларына айналады. API құрамына операциялық жүйе ядросы iшкi программасына негiзделген жүйелiк шақырулар көмегiмен 250 функциядан астам кiредi. NT Executive-шi модулымен де, жүйелiк қызметтермен NT те Win32 API барлық шақырулар қызмет көрсетедi - Windows XPнiң орындайтын жүйесi. NT Executive-шi модул ядроның тәртiптерiнде орындалатын бiрнеше программалық ағындар болады. Бұл модулдың түгелдей дерлiк iшкi жүйелерiнiң коды hal.dllдың файлында болатын HALның жабдығынан (коды win32k.sysтiң файлында орналастырған Win32дiң iшкi жүйесiнен басқа) ntoskrnl.exe файлы және абстрактциялау деңгейінде болады. NT Executive модулі операциялық жүйесiнiң барлық маңызды бөлiктерiнде шоғырланған.

Демек, микроядро қосымшалар және көпесептiктiң iске асыруына процессорлық уақыттың үлестiрiлуi үшiн жадтың ерекшелеуiне жауап бередi. Микроядро құрамына 35 приоритет деңгейлерiнiң бiр ағынының әрқайсыларын тағайындайтын (threads scheduler ) ағын жоспарлауышысы кiредi. 0-шi деңгей жүйе үшiн кейiнге сақталған. 1мен 15 аралығындағы деңгейлер орындалатын программаларға белгiленедi, 16 мен 31 арығындағы деңгейлер тек қана админстратормен белгiлене алады. Жоспарлаушы бекiтiлген өлшемнiң кванттарына барлық процессорлық уақытты бөледi. Әрбiр программалық ағыны сонымен бiрге уақыттың тек қана берілген ағымында орындалады және ол кванттың аяқталуына байланысты егер берілген уақыттағы процессор жоспарлаушыны босатпаса бұл ағынды бөгейдi және процесстiң программалық ортасын оның басымдылықпен сол ие болатын басқа ағынның орындалу күйiне келтiре өзгертедi. Сонымен бiрге микроядро программалық және аппаратты үзу өңдеуге қатысты барлық жұмысты жүзеге асырады.

5.Бағдарламаларды басқару диспетчеризациясы. Модул жүйелiк бағдарламалардың келесi жиынынан тұрады:

- енгiзу-шығару диспетчері – жүйеге драйверлердің толықтырылуын Windows XP операциялық жүйесiнде интегралдайды.

- объекттердiң диспетчерi - компьютердiң барлық бөлетiн қорларының басқаруы үшiн қызмет көрсетедi. Мысалы, объекттердiң диспетчерiн қор қандай болмасын қосымша үндеулерi кезінде объекттi бұл қорға салыстырады және бұл объекттiң дескрипторын қосымшаға бередi. Дескрипторды пайдалана отырып, қосымшаны объектпен әр түрлi операциялар оның қатынасында жасай әрекеттеседi. Қауiпсiздiк жүйесiнiң мониторы ар жағында сонымен бiрге объектпен тек қана шешiлген әсерлер орындалатындай етiп қадағалайды.

- процесстер диспетчерi - Windows NT Executiveнiң басқа компоненттерi көмегiмен интерфейс, сонымен бiрге қолданбалы режимнің қосымша процесстермен және ағындармен манипуляция жасай алуын ұсынады. Процесстер диспетчерi жұмыс уақытында (PID - Process Identifier) процесстiң идентификаторы және (TID - Thret Identifier) ағынның идентификаторын әрбiр процеске және ағынға сәйкесiнше салыстырады.

- виртуалды жад диспетчерi - жадтың iшкi жүйесі ұйымының басқаруы үшiн қызмет көрсетедi, процесстер үшiн кесте мекенжайларын құруға мүмкiндiк бередi және адрестi кеңiстiк қосымшаларын қолданудың түзулілігін қадағалайды. Бұдан басқа, атқарылатын файлдар және динамикалық кiтапханалардың файлдарының жедел жадқа жүктеу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Виртуалды жадтың диспетчерi қолданбалы қосымшалар үшiн нақты жадты ұсынады - әрбiр процесске 4 гбайт кiшi 2 гбайттан процесстермен қолданылатын виртуалды адрестi кеңiстiк (бәрiмiзге ортақ процесстер) жоғары 2 гбайт жүйенiң мұқтаждықтарында берiледi алады. Әрбiр процесс өз шеттетiлген адрес кеңiстiкте жұмыс iстейдi және басқа процесстер туралы бiлмейдi. Процесстер мәлiметтермен виртуалды адрес кеңiстiк бiрнеше процесстерге проекциялайланған бөлетiн жад арқылы ауысып кетедi.



- виртуалды жадтың диспетчерiнiң басты мiндетi – өлшем, өлшемi көбiрек физикалық логикалық жадтың ұйымы компьютерге орнатылған. Бұл және қатты дискте pagefile.sysтiң файлында диспетчерлермен сақталынуға және жедел жадтардан қосымшалары үшiн босатуға орындалмайтын атрибуттарын алмайтын үндеулер ұзақ болмайтын жад бетiне жетедi. Виртуалды жадтың диспетчерi винчестер ауыстырылған бет болатын мәлiметке қарап сөйлеулерге болады жедел жадқа беттi керi көшiрiп алғандасы кезде содан соң оған рұқсатты қамтамасыз етедi. Бұл тетiк оған зарығатын бағдарламаларға қосымша жадының ерекшелеуi және сонымен бiрге ар жағында бағдарламаның жүйесiнде нақты жадтың жеткiлiктi көлемiмен жұмыс жасауды жалғастыру үшiн сол үшiн ие болуға жұмыс iстейтiн барлық болғандай етiп қадағалайды қамтамасыз етедi.

- кэштiң диспетчерi - кэш жасалған оқу және жазу үшiн қолданылады және тағы басқа құрылымдардың қатты дисктерiнiң жұмысын үдетуге айтарлықтай мүмкiндiк бередi. Өте қажеттi файлдар сонымен бiрге компьютердiң жедел жадындағы кэшiнiң диспетчерi және т.б. Windows XPге кэш барлық логикалық дисктер үшiн бiртұтас болып табылады, қолданылатын файл жүйесiнен тәуелдiлiк тыс. Бұдан басқа, ол динамикалық болып табылады, бұл демек, диспетчер оның өлшемдерiмен әрбiр нақты моментке көлемiне байланысты басқарылады.

- графика және терезелер диспетчерi - жүйелiк қатынастар және мәлiметтiң бейнесiмен пердеде жiберуге қатысты барлық функцияны орындайды.

Windows XPнiң жұмыс жасау процессі үш фазада шартты бөлшектенедi: бастапқы жүктеменiң процессi, штаттық жұмыс тәртiбi және жұмыс аяғы. Windows XP жүктеулер үшiн файлдардың келесi ең төменгi жиынын қолданылады:

- жүктеушi дисктiң түбiрлiк тiзбегі орналасқан файлдар: Ntldr, Boot.ini, (жүктеулер тек қана қолдануда қажеттi) Bootsect.dos, Ntdetect.com

- /system32дiң жүйелiк төменгi тiзбегі орналасқан файлдар: Ntoskrnl.exe, Hal.dll, SYSTEMның тiзiлiмiнiң бөлiмдерi

- /system32/driversтiң жүйелiк төменгi тiзбегі орналасқан файлдар: қажеттi құрылымдардың драйверлерi.

Компьютер жүктеу процессі (POST - Power-On Self Test) жабдықтың бастапқы тестеуiн процедурадан бастайды. Код POST орындайтын әрбiр компьютердiң (BIOS ) енгiзу-шығарудың негiзгi жүйесiнде орналасқан, басқару оған қоректену көзiн қосқанда берiледi. Егер тестеулер процессте қандай болмасын қате мәлiм болса, онда BIOS әртүрлi өндiрушiлердiң BIOSi үшiн айырмашылығы болатын (POSTcodes ) қателiктiң кодтары және дыбыстық кодтар шығарады. Егер POSTтың процедурасын ойдағыдай бiтсе, онда BIOS (MBR - Master Boot Record) бас жүктеушi жазуды басқару және процесс тек қана компьютердiң аппаратурасынан тәуелдi болғанында компьютердiң жүктеуiн бiрiншi аппаратты кезең бiтуін алып бередi.

Бұдан әрi жүктеушi жазу Ntldr-шы атқарылатын жүктеушi сектор орналасқан тиеушiге басқаруын логикалыққа қатты дисктiң бөлiктерi туралы мәлiметтермен нәтиже жасай алады. Тиеушi қорғалған режимге өтедi және жады бар манипуляцияның табысты жұмыс жасауы үшiн қажеттi өндiрiп алады, бұдан басқа, Ntldr файл жүйесi және жүйенiң кейбiр басқа негiзгi қорларымен жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн модулдарды алады. Барлық басқа әсерлер BIOSтер үзуi шақыруы арқылы орындалады.

Егер boot.iniнiң файлында бірнеще операциялық жүйе тiркелсе, онда операциялық жүйесiнiң таңдауы туралы Ntldr шақыруды қорытынды таңдаудың мүмкiндiгiн қолданушыға жолымен тиеушiнiң алғашқы инициализациясынан кейiн iлiгедi. Егер Windows XP операциялық жүйесiнi таңдалған болса, тиеушi Ntdetect-шы файлды iске қосады. Бұл компонент CMOSтан оқиды - жүйелiк датаны және уақытты жадты кейiн осы уақытта компьютер қосылған аппаратты құралдардың iздестiру және айырып тануы не өндiрiп алады. Ntdetect мәлiметтi оларға керi Ntldr жиюлы басқаруды жұмысты бiтiрiп қайтарады. Бұдан әрi Hal.dllдың жабдығынан Ntoskrnl.exe-шы операциялық жүйе ядросы және абстрактциялау деңгейi жүктелiп аты-жөнiн көрсетедi. Ядро инициализациялардың жанында келесi тiзбектегi әсерлерiнiң қатары көрсетіледі:



  1. жад диспетчерiнiң инициализациясы;

  2. объекттердiң диспетчерiнiң инициализациясы;

  3. қауiпсiздiктiң жүйесiнiң қоюы;

  4. файл жүйесiнiң драйверiнiң күйге келтiруi;

  5. жүктеу және енгiзу-шығаруды диспетчердiң инициализациясы;

  6. қолданушымен өзара әрекеттесулердi жүзеге асыратын жүйелiк сервистердiң жүктелуi.

Жүйелiк сервистердiң құрамына келесi модулдар кiредi:

- (сеанстар диспетчері) Smss.exe - модул басқа сервистер және Windowsтiң қызметтерiмен басқаруды iске қосады: (Csrss ) Win32 және жүктеу кезеңде атқарылатын кейбiр жүйелiк утилиталар; Csrss.exe және WinLogon.exeнiң процесстерiнiң график түрiнде қолданбалы интерфейс және iске қосуын жүзеге асырады

- Csrss.exe - модул компьютермен және қолданушының аралығында өзара әрекеттесу ұйымы үшiн арналған;

- Lsass.exe - WinLogon.exe жүйенiң қауiпсiздiгіне сәйкес келетiн iске қосылатын қызмет; қолданушыға жүйеде тiркелiп қоюға мүмкiндiк бередi.

Аутентификацияның процедурасын қолданушының операциялық жүйесiнiң жүктеулерiнен кейiн өте алуы керек - (Логин ) меншiктi тiркеу аты және пароль енгiзу. Жүйеге қосуды процедураға кiру құқығы және жүйесi бар жұмыстың қолданушысына анықтауға мүмкiндiк берiп, ие болады. Бұл процедураны WinLogonнiң қызметiн орындайды. Жүйеде сонымен бiрге келесi оқиғалар да болады:

- WinLogon процесс Логин және парольнiң қолданушысы енгiзуге жұмыс столының фоны және шақыруды пердеде бейнелейдi; енгiзiлген мәлiметтер қауiпсiздiгінің iшкi жүйелерiне берiледi;

- қауiпсiздiктiң iшкi жүйесi (Security Accounts Manager ) осы SAMлар базасына қарайды және жүйесi бар жұмыстың өкiлеттiктерiмен қолданушыға тексерiп, ие болады.

Егер қолданушы жүйенiң авторластырылған қолданушысы болып табылса, онда қауiпсiздiктiң iшкi жүйесiн басқарумен бiрге WinLogonнiң процессiне керi алып берген рұқсаты оны идентификатор үшiн қалыптастырады. Win32дiң iшкi жүйеге қарап сөйлеуi WinLogon арқылы процесс қолданушы үшiн жаңа процесстi құрады және рұқсаттың идентификаторын оған бекiтедi. Ендiгәрi құрылған қолданушымен әрбiр процессi рұқсаттың идентификаторы тәуелділігін атап өтедi, сондықтан жүйенiң қорларына қолданушының рұқсаты да тексеріледi. Жүйеге қосулардың арқасында сөзсiз процедураға тетiктердiң iске асыруы оңайланады: қолдану қорларға жүйе және квотаның тексерілуi. Рұқсаттың қолданбалы идентификаторы қолданушының идентификаторы болады.


Бақылау сұрақтары

  1. Пайдаланушы режимінде үрдістің жұмысы?

  2. Ядро режимінде үрдістің жұмысы?

  3. ОЖ іске қосылуы қалай орындалады?

  4. Конфигурациялау файлдары?

  5. Windows XP құрылғы деңгейлерін көрсетіңіз және олардың мағынасын сипаттаңыз.

  6. Windows XP операциялық жүйесінің ядро инициализациясы кезінде орындалатын іс-әрекеттерді атап кетіңіз.

  7. Windows XP жүйелік сервис құрамына кіретін модульдерді атап кетіңіз.

  8. “Интернационализация” функциясының тағайындалуын түсіндіріңіз.

  9. Қандай түр дұрыс құрылған парольді болуы керек.

  10. Таңдалған өнім версиясының жүктелуі қалай өтеді?

  11. Лицензияның бұзылу факт фиксациясы үшін қандай механизм қолданылады?

  12. HALL және қызметке енгізілген деңгейлерінің тағайындалуын анықтаңыз.

  13. Орындаушы модуль және оның модулінің тағайындалуын анықтаңыз.

  14. “Желілік қызмет деңгейі” модуль тағайындалуын анықтаңыз.

  15. “Орындалушы обьект” терминін анықтаңыз.

  16. 26. Орындаушы жүйенің жалпы обьект типін атап кетіңіз және олардың тағайындалуын сипаттаңыз.

  17. 31. “Обьект атауының кеңістігі” терминін анықтаңыз және тағайындалу типін сипаттаңыз.

  18. 32. Обьект атауының кеңістігінің кәдімгі каталогтарын атап кетіңіз.

  19. “Сокеттер” терминін анықтаңыз.


Жаттығу. Машиналық тілдің команда форматы.

Орталық процессор командасы бір немесе бірнеше операндты операция кодынан тұрады (операция орындалатын обьектілер). Операнд санына тәуелді, командалар келесілерге бөлінеді:

-адрессіз командалар – операндтары жоқ немесе нақты емес көрсетілген операндалары бар командалар;

-бірадресті командалар – бір обьектпен немесе нақты біреуімен және біреуімен немесе бірнеше нақтыланбаған көрсеткіштермен операция жүргізетін командалар;

-екі және үш адресті командалар (үлкен санды операндтары бар, командалары бар сәулеттерде кездеседі).

1. Операнды жоқ адрессіз командалар мысалы:

NOP – No Operation, операцияның болмауы;

HALT – процессор аялдамасы;

Return – ішкі программадан қайту (стектен қайту адресін алып, команда счетчигіне орналастырады);
2. Нақты көрсетілмеген операндты адрессіз команда мысалы:

WDR – Watch Dog Reset, микроконтроллер бақылау таймерін тастау;

ADD – стектан екі мәнді алу, оларды орналастырып нәтижесін стекқа орнату;

SCS – келесі команданы өткізу, егер ауысу биті жағдай сөзінде орналасса;


3. Бір операндты бірадресті команда мысалы:

INC x – INCrement операндқа 1-ді қосамыз және осы адрес бойынша нәтижесін сақтаймыз;

TST x TeST – жағдай сөзінде белгі жалаушаларын орнатып және операнд мәнімен сәйкестенген нөлдік теңесуі.
4.Анықталмаған операндты бір адресті команда мысалы:

ADD x[, Acc] –операндты аккумулятормен бірге салып, нәтижесін аккумуляторда сақтаймыз;

Push x –операнд мәнін стекке жіберу;

Call x –ішкі программа шақыруы, келесі команда адресін стекте сақтайды және басқаруды көрсетілген адреске жібереді;

BNEQ x – егер жағдай сөзіне нөлдік теңсіздік жалауы орнатылса, онда көрсетілген адрес бойынша басқару жіберіледі.
5. Екі және үш адресті команда мысалы:

Move x,y – x обьектісінің мәнін y обьектісіне тағайындау;

ADD x,y – x және y-ті бөліп, нәтижесін y-ке орналастыру;

ADD x,y,z – x және y-ті бөліп және нәтижесін z-ке орналастыру;


6. Төрт адресті команда мысалы:

DIV xyzw – x-ті y-ке бөлуді орындайды, бүтінін z-ке, ал қалғанын w-ға орналастырады;


7. Алты адресті команда мысалы:

INDEX b,l,h,s,i,a – b адресі бойынша орналасқан, l индексінің төменгі және жоғарғы шекарасымен және сәйкес b-ң және s элементінің өлшемімен массивтің элемент адресін есептейді.

қайда: операнд i – элемент индексі; операнд a – орын, мұнда шығарылған адресті орнатуымызға болады;

Адрестер санын кейде команда жүйесінің жалпы мінездемесі үшін де қолданылады. Екі адресті команда жүйесі деп максимум екі операнды бар команданы, үш адресті – максимум үш операнды бар команданы айтамыз. Кейде максималды операнд саны орнына, қосу және шығару жиі қолданылатын команданың операнд саны бойынша команда жүйесінің адрестелуін анықтайды. Сол себепті, VAX, төрт және алты адресті команда мысалынан алынған жүйе командасын, көбіне үш адресті сәулетке жатқызады.

Бірадресті команда жүйесі нақты берілмеген операнд ретінде ерекшеленген регистр (аккумулятор) немесе стекты қолданады. Мұндай сәулетті аккумуляторлы және стекты деп атаймыз. Microchip фирмасының PIC семействасының микроконтроллерінің бір адресті аккумуляторлы сәулеті бар. Қазіргі заманғы көптеген процессорларда екі немесе үш адресті жүйе командасы бар.

ADD стекты командасының мысалында, байқағанымыздай, стекты сәулеттің көптеген командасы көрсетілген операндсыз да бола алады, бірақ айнымалылардың мәндерін стекке итеру командалары және оларды итеріп шығу командалары керек, сондықтан барлық стектің сәулеті бір адресті, адрессіз емес.


Зертханалық жұмысқа ұсынылған әдебиеттер тізімі

  1. Microsoft Windows 2000 server professional: русские версии/ Под общ. ред. А.Г.Андреева. - СПб.: БХВ-Петербург, 2003 . - 1056 с.

  2. Гуда А.Н., Бутакова М.А., Нечитайло Н.М. и др. Информатика. Общий курс: Учеб. для вузов /. - М.: Дашков и К, 2006. - 400 с.

  3. Информатика. Базовый курс : Учеб. пособие для вузов /Под ред. С.В. Симонович - 2-е изд. - СПб.: Питер, 2006. - 658 с.

  4. Колосков П. В. Microsoft Windows XP. Популярный самоучитель / - 2-е изд., перераб. и доп.. - М.: Наука и техника, 2005. - 368 с.

  5. Назаров С.В., Гудыно Л.П., Кириченко А.А. Операционные системы: Практикум. Учебное пособие. - М.: КУДИЦ-ПРЕСС, 2008. - 464 с.

  6. Омельченко Л.Н., Федоров А.Ф. Самоучитель Windows 2000 Professional / - СПб.: БХВ-Санкт-Петербург, 2000. - 528 с.

  7. Пол МакФедриз. Windows. Энциклопедия пользователя. - Киев: НИПФ “ДиаСофт Лтд.”, 2004. - 680 с.

  8. Потапкин А.В. Операционная система Windows: руководство к действию. - М.: ЭКОМ, 2003. - 432 с.

  9. Р Кобарт, Б. Уотерс. Windows NT Server: учебный курс.- СПб.: Питер, 2003. - 448 с.

  10. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс: Учеб. пособие для вузов / 2-е изд.. - СПб., 2006. - 640 с.

  11. Таненбаум Э. Современные операционные системы. 2-е изд. - СПб.: Питер, 2006. - 1040 с.

6 зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Енгізу-шығаруды ұйымдастыру тәсілдері. Файлға еркін қатынас құру. Енгізу-шығарудың стандартты кітапханасы.
(Дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс)
Тапсырма.

Енгізу-шығаруды құрылғыларының алгоритмдерінің жұмысын, функцияларын және құрылымдарын оқып үйрену. Драйверлердің конфигурациялау файлдарын, енгізу-шығару стандартты кітапханаларын және енгізу-шығаруды қайта бағыттау командаларын оқу. Командалық интерпретатормен жұмыс жасау.


Зертханалық сабақты орындау үшін әдістемелік нұсқау
Жаттығу. Компьютерлік желіні Setup бағдарламалық құралы арқылы баптау.

Setup бағдарламасы есептеу жүесінің базалық енгізу – шығару құрамына кіреді және алғашқы аппараттық конфигурациясын баптау үшін арналған. Баптаулардың басты мақсаты – жүйенің құрамын BIOS құралдарының көмегімен автоматты түрде анықталуын қамтамасыз ету. Қосымша тапсырма – бүкіл жүйенің баптауын оптимальдау және әсерін (эффективнось) жоғарлату.

Көп жағдайда Setup бағдарламасы блок питанияны қосқан кезде лезде Delete батырмасын басу арқылы шақырылады. Басқа жағдайда басқа батырмалар комбинациясы қолданылуы мүмкін – қажетті ақпарат компьютерді іске қосқан кезде монитор экранына шығады. CMOS микросхемеларын баптауларды біліксіз өзгерту компьютерлік жүйенің істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.

Жаттығуды орындау реті:



  1. Компьютерлік жүйені іске қосыңыз.

  2. Экранда ақпарат пайда болған кезде Delete батырмасын басыңыз - Setup бағдарламасы іске қосылып, меню ашылады.

  3. Курсорды баскару батырмалары арқылы менюден STANDAHRD CMOS SETUP (CMOS микросхемаларын стандартты баптау) пунктін таңдаңыз.

  4. Ашылған терезеден жүелік сағатты және жүйелік күнтізбенің орнатылуын тексерініз. Бапталу параметрін таңдау курсовды басқару батырмалары арқылы, ал параметрлерді өзгерту PAGE UP/PAGE DOWN батырмалары арқылы орындалады.

  5. Алдыңғы менюге ESС батырмасы арқылы қайта оралыңыз.

  6. BIOS FEATURES SETUP (BIOS параметрлерін баптау) пунктін таңдаңыз. ENTER батырмасын басыңыз.

  7. Ашылған терезеден компьютердің қосылуы қай дисктен басталатынын тексеріңіз. Іске қосу реті BOOT SEQUENCE пунктінда беріледі. PAGE UP және PAGE DOWN батырмалары арқылы компьютерге іске қосудың мүмкін варинттарын қарастырыңыз. С: (ол штатты жұмыс кезінде қолданылады) қатты дисктен іске қосу вариантыа ерекше көңіл бөліңіз, және А: (ол, егер қандай да бір себептер бойынша жүктеу қатты дисктен орындалмаса компьютердің жұмыс қабілеттілігін қайта қалпына келтіру кезінде қолданады) иілгіш дисктен іске қосу вариантына да көңіл аударыңыз.

  8. Typemating Rate Setting пунктіна көңіл бөліңіз – егер ол қосылған (Enabled) болса, онда BIOS – ты бапту арқылы пернетақта үшін символдарды автоматты қайталау функцияларын баптауды басқаруға болады. Мұндай жағдайда қайталауға дейінгі милисекундта өлшенетін уақыт интервалын Typemeting Delay (қайталау алдында ұстап қалу) параметрін орнату арқылы анықталады, ал секундта өлшенетін қайталау жиілігі Typemeting Rate (қайтаау жиілігі) параметрін орнату арқылы анықталады.

  9. ESC батырмасын басу арқылы алдыңғы менбге қайтп ораламыз.

SETUP программасымен жұмысты өзгертілген нәтижелерді сақтамай аяқтаймыз. Ол үшін ESC батырмасын басыңыз да сұраныс алған кезде өзгертулерді сақтамай шығуды Y (Yes/Ия) батырмасын басып растаймыз.

Зертханалық жұмысқа ұсынылған әдебиеттер тізімі

  1. Дейл Харви. Операционные системы. Распределенные системы, сети, безопасность. М.: БИНОМ-ПРЕСС, 2007. - 704 с.

  2. Иванов М.И., Спиридонов Э.С., Волков Б.А., Клыков М.С. Автоматизированные системы управления строительством. - М.: ИПК «Желдориздат», 2000. - 640 с.

  3. Меняев М. Ф. Информатика и основы программирования: Учеб. пособие для вузов / - М.: Омега-Л, 2007. - 458 с.

  4. Могилев А. В., Хеннер Е. К., Пак Н. И.. Информатика: Учеб. пособие для вузов / - М.: Академия, 2006. - 336 с.

  5. Новиков Ю.Н., Черепанов А.С. Персональные компьютеры: аппаратура, системы, Интернет: учебник / - СПб.: Питер, 2001. - 464 с.


Бақылау сұрақтары

  1. Құрылғы драйверінің түсінігі?

  2. Tset командасының функциясы?

  3. Құрылғы айлдары қай каталогта сақталады?

  4. Драйверлердің конфигурациялау файлдары?

Құрылғы файлдары қай команда арқылы құрылады?

7 зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Файлдық жүйенің базалық функциялары. Файлдарға қатынас құру. Файлдар мен каталогтармен жұмыс. Файлдар мен каталогтар қорғау.

(Дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс)


Тапсырма
Файлдық жүйенің базалық функцияларын және Linux ОЖ-де файлдармен және каталогтармен жұмыс жасайтын командаларды оқып үйрену. Файл атрибуттары, chmod командасымен жұмыс жасау – файлдарға қатынау құқығын өзгерту. Файлдармен каталогтарды қорғау.
Негізгі әдебиет: 3[29-48], 10[80-96]

Қосымша әдебиет: 15[262-293]


Бақылау сұрақтары.

  1. Файл түсінігі?

  2. Файлмен жұмыс жасайтын негізгі командалар?

  3. Файл атрибуттары?

  4. Анықтама қалай ұйымдастырылады?

5. Chmod командасының синтаксисі?

8 зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Үрдістер мен ағындар
(Дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс)

Тапсырма

Үрдістер мен ағындарды зерттеу. Linux ОЖ үрдістермен ағындарды құратын командаларды оқу. Үрдісті басқаратын командаларды үйрену.


Негізгі әдебиет: 10[64-77], 2[221-242]

Қосымша әдебиет: 15[262-293]


Бақылау сұрақтары.

1.Үрдіс түсінігі?

2. Үрдіс жоспарлаушысының түсінігі?

3. Құрған үрдістен ағын қалай ажырытылады?

4. Үрдістермен ағындармен жұмыс жасайтын командалар?


  1. Үрдіс идентификаторы қалай беріледі (PID)?



9 зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Ядро жұмысы. Жүйедегі сұраныстарды орындау үшін базалық функцияларды қарастыру.
(Дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс)
Тапсырма
Unix ОЖ ядросының ішкі құрылымын зерттеу, және жүйедегі сұраныстарға қызмет көрсететін базалық функцияларды оқу.
Негізгі әдебиет: 9[205-237], 2[191-201]

Қосымша әдебиет: 5[262-293]


Бақылау сұрақтары.

        1. Қандай бағыныңұы жүйеден Unix жүйесінің ішкі құрылымы турады?

        2. Ядроның негізгі тапсырмалары?

        3. Linux ядросының конфигурациялау?

        4. Ядроның жүктелетін модульдері?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет