«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесі
2023 жылғы 15 тамыз
№ 4 хаттамасымен бекітілді
Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді (бұдан әрі – ата-аналар) педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында әзірленді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
2-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәртібі
Орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті ұйымдастыру Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
орта білім беру ұйымы басшының балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бұйрығын шығару;
Орталық қызметін ұйымдастыруды басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады, ол:
- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін жоспарлау кезінде осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады.
ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асырады;
ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30 % - на дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өз бетінше айқындауға жол беріледі;
ата-аналарға арналған сабақтар бағдарламасына зорлық-зомбылықты, жыныстық бұрмалануларды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бұзатын өзге де құбылыстарды насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тақырыптарды енгізуге жол берілмейді.
Орталық қызметін іс жүзінде іске асыру үшін білім беру ұйымдарына мыналар ұсынылады:
сауалнама арқылы ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша олардың қажеттіліктерін зерделеу;
ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету, сабаққа қатысушылардың тізімін жасау;
ата-аналарды қолдауды жүзеге асыратын педагогтерді оқытуды ұйымдастыру;
ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қа мониторинг жүргізу;
ата-аналардың педагогикалық қолдауға қанағаттану деңгейін анықтау бойынша жылына бір рет сауалнама жүргізу;
бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өткізілетін іс-шараларды жария ету.
6) қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру.
Интернет-ресурс болған жағдайда орта білім беру ұйымдарына «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бөлімін құру ұсынылады, онда:
ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы ақпарат;
сабақ кестесі;
ата-аналарға көмектесетін әдістемелік материал;
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» цифрлық платформасына сілтеме орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |