Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



Дата19.06.2016
өлшемі373.35 Kb.
#147739

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Агротехнология кафедрасы
Топырақтану пәні бойынша

050608 Экология мамандығының студенттеріне арналған


Зертханалық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер

2010ж. «__»________


Қ ұрастырушы: а.ш.ғ.к., доцент Кабжанова Г.Р..


Агротехнология кафедрасы

Топырақтану пәні бойынша

050608 Экология мамандығының студенттеріне арналған



әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Зертханалық жұмыстарға

Агротехнология кафедраның отырысында ұсынылды

2010 ж. «___»______________,№__ хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Альмишев Ұ.Х. 2010 ж. «____» ________
Агротехнология ОӘК мақұлданды 2010 ж. «___» ____, №____ хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Жагипарова М.Е. 2010 ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 2010 ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2010 ж. «___»______________ №____ хаттама
Зертханалық сабақтардың мақсаты дәрiс сабақтарда оқылған сұрақтардын терең оқу.

Жұмыстың басты мақсаты профессиональды шара үшін студенттерді топырақтану негіздермен жан-жақты танытыру.

Пәнді оқытудың міндеті - студенттерді әр түрлі табиғат аймақтарында қалыптасқан топырақ түрлерін анықтау жолдарын игеруге машықтандыру, топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін, құрамын зерттеу әдістерін үйрету.Топырақтың биосфераның тұрақтылығына әсерінің, экологиялық маңызымен таныстыру.Топырақтың экологиялық қызметін сақтап және оны арттыру жолдарымен таныстыру.

Теориялық және зертханалық курсты игеру барысында студенттер білуге тиісті:

- биосферадағы және адам өміріндегі маңызын;

- топырақтың құрылымы мен қасиеттерің, биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы маңызын;

- жер қабатындағы топырақтың аймақтық тарлуының зандылықтарын және табиғи аймақтармен байланысын;

- топырақтану ғылымының даму тарихын;

- топырақ түзілу процесін, топырақтың қасиеттерін және экологиялық факторлардын әсерін;

-топырақтың құнарлылығы категорияларын, элементтерін, сонымен катар топырақты игеру кезіндегізгерістерін.




ӘДЕБИЕТ


Негізгі

  1. Толстой М.П. Геология с основами минерологи. М.: Высш. шк., 1975

  2. Веремейчик Л. А. , Гуз А.Ф. Основы земледелия, агрохимии и защиты растений:Учеб. пособие.-Минск:Ураджай,2000.-223с.

  3. Ганжара Н. Ф. и др. Практикум по почвоведению:Учебное пособие для агроном. спец. вузов/Н.Ф.Ганжара, Б.А.Борисов, Р.Ф.Байбеков; Под ред. Н.Ф.Ганжары.-М.:Агроконсалт,2002.-279с.

  4. Добровольский Г.В., Урусевская И.С. География почв: Учебник для с/х.спец. вузов. -М.:Изд-во МГУ:КолосС,2004.-458с.

  5. Почвоведение с основами геологии:Учебное пособие для агроном. спец.с/х вузов/Под ред.А.И.Горбылевой.-Минск:Новое знание,2002.-479с.

  6. Кауричев И.С ж.б. Почвоведение.М. 1989

  7. Кауричев И.С ж.б Практикум по почвоведению, М. 1986

  8. Ковда В.А ж.б Почвоведение. 1ж 2 бµлім М. 1988

  9. Тайжанов Ш.Т Топырақтану. Павлодар, 2002

Қосымша


  1. Бигалиев А.Б Жамалбеков Е.У Қазақстан топырақ экологиясы, Алматы, 1998

  2. Бараев А.И ж.б Почвозащитное земледелие. М. 1975

  3. Джанпеисов Р ж.б Почва Павлодарской области, Алматы, 1960

  4. Джанпеисов Р. Эрозия и дефляция почв Казахстана. Алматы

  5. Жамалбеков Е. Жер құнары-өмір нәрі, Алматы, 1985

  6. Жамалбеков Е. Халық қазынасы. Алматы, 1978

  7. Тазабеков Т. Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі. «Наука», 1982

  8. Почвоведение. Агрохимия. Защита растений.Растениеводство:Электронный реферативный журнал.-Алматы:КазгосИНТИ, 2000, 2002, 2003

  9. Розанов Б.Г. Морфология почв:Учебник для вузов по спец."Почвоведение"-М.:Академический проспект,2004.-431с.

  10. Муха В.Д. Агропочвоведение:учебник для вузов по агрономич. спец./В.Д.Муха, Н.И.Картамышев, Д.В.Муха; под ред. В.Д.Мухи.-2-е изд., испр. и доп.-М:КолосС,2003.-528с.:ил.

  11. Белобров В.П. География почв с основами почвоведения:учебное пособие [ для вузов по спец. 032500 "География"]/В.П.Белобров, И.В.Замотаев, С.В.Овечкин С. В.-М.:Академия,2004.-352с.:ил.-(Высшее проф. образование)

  12. Повышение продуктивности почв Казахстана.- Алма- Ата:Наука КазССР,1980.-191с.

  13. Практикум по почвоведению: учебное пособие для агр. спец. с.-х.вузов.-Изд. 3-е, перераб. и доп.-М.:Колос,1980.-272с

  14. Растворова О. Г. Физика почв: (Практическое руководство)/О.Г.Растворова.-Л.:Изд-во Ленингр. ун-та,1983.-193с.

  15. Дитц Л.Ю. Методологические аспекты ландшафтно-индикационного изучения почвенного покрова: (на примере Барабинской лесостепи)/Л.Ю.Дитц; отв. ред.В.А.Хмелев.-Новосибирск:Изд-во СО РАН,2003

  16. Дурасов, А.М. Почвы Казахстана/А.М.Дурасов, Т.Т.Тазабеков.-Алма-Ата:Кайнар,1981

  17. Практикум по почвоведению: учебное пособие для агр. спец. с.-х.вузов/ под ред. И.С.Кауричева.-М.:Колос,1973

  18. Мұқашева Ж.Н. Жалпы жер тану:Оқу құралы.-Алматы:Ғаза· ун-тi,2002

  19. Шаушеков Т.К. Почвоведение [Электронный ресурс]:курс лекций.
    Караганда,2003.-1 дискета


Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі


Тақырыбы

Мазмұны

Топырақтану пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Топырақ түзуші жыныстар

Топырақ түзілу нұсқасы

Топырақтың морфологиялық белгілері:

-құрылысы, қалыңдығы, түсі;

-құрылымы, тығыздылығы, жаңа-жарандылармен кіріспелер


Топырақтың минералдық жєне химиялық құрамы

Топырақтың гранулометрлік құрамын анықтау

Топырақтың органикалық бөлігі.

Қарашірінді қышқылдарының қасиеттерін зерттеу


Топырақтың органикалық бөлігі

Топырақтың органикалық бөлігі. Қарашірінді қышқылдарының қасиеттерін зерттеу.

Топырақтың сіңіру қабілеті.

Топырақтың сіңіру қасиеті, түрлерін анықтау.

ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы орманды-дала және дала аймақтары топырақтары

Қара топырақ генезисі, классификациясы.Кәдімгі және оңтүстік қара топырақтардың морфологиялық белгілерін сипаттау.Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау,классификациясы

Қазақстанның қуан дала, шөлейт және шөл аймақтары топырақтары

Кебір топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау.

Өзен жайылмасы топырақтарының морфологиялық белгілерін сипаттау.



Зертханалық жұмыс 1 - ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАР
Сабақтың мақсаты: Негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.
ТАПСЫРМА: топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (1 кесте); жыныстар коллекциясын және анықтағышты қолданып қасиеттерін сипаттау. Солтүстік Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.

КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: топырақ түзуші минералдар коллекциясы.

ҚОЛДАНАТЫН ОҚУЛЫҚТАР – И.Б.Борголов Геология курсы. Москва агроөнеркәсіп баспасы, 1989


Топырақ түзуші жыныстар классификациясы құралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:

  • Біртекті (шығу тегі жғне механикалық құрамы бір);

  • Қостекті (2 қабаттан құралған);

  • Көптекті (шығу тегі жғне механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық қабаттан құралған);

Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі µнбойымен ылғалдың жылжыуына және қабаттрға бөлінуіне көп әсер етеді. Бір текті жыныстарды ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.

Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:



  • Карбонатты (HCI – нан қайнайды);

  • Лезде еритін тұздармен қаныққан;

  • Гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);

  • Глейленген (өте ылғалды, байланысты кµк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);

  • Карбонатсыз (HCI – нан қайнамайды).

Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тасты) шығу тегіне қарай сипатталуын бірінші кестеден қараңыз.
Кесте 1 - Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш


Пайда болу жолы

Жынысқа тән ерекшеліктері

Таралуы және топырақ қасиеттеріне әсері

1

2

3

Аллювий

Өзен шөгінді- лері (жиынды-лары)

Минерал түйіршіктер жақсы ұмырланған, қабаттары айқын байқалады. Механикалық құрамы әр түрлі өзен ағысының жылдамдығына байланысты. Өзен арнасының төменгі жағында жоғарыға қарағанда бөл-шектер ұсақ келеді. Жайылым аллювиі ұсақтау-балшықты, құмбалшықты; арна жағасы аллювиі-қиыршықтасты – құмды және құмды.

Жағалау топырақтары құмды аллювий көректік элеменнтер аз, тұщы, эрозияға ұшыраған. Аллювиал-ды сазды шөгінділер органикалық заттарға, көректік элементтерге бай. Топырағы ащы-ланбаған жағдайда құ-нарлылығы жақсы.

Делювий

Бұзылу зат-тары уақытша пайда болған ағыстармен орын ауысты-рған

Сол ғана бағқалатын қабаттылық беткейге параллель, материалдың жіктелуі байқалады. Механикалық құра-мы әр түрлі көбінесе құмбалшылық делювий құрамы күрделі және әр түрлі. Ол бастапқы жыныстардың сипатымен тығыз байланысты.

Су айыру беткейінің төменгі жағын жауап тұрады. Делювий топырағы тұзды болмаса құнарлылығы біршама жақсы.

Эллювий

Бұзылу затта- ры ешқайда жылжымай сол орнында қалған

Құрамы бастапқы жыныс құрамына байланысты. Негізгі жыныстар эллювиі әрқашан қиыршық тасты жіктелуі нашар. Бос жыныстардың эллювиінің механикалық құрамы біртектес болып келеді.

Су айрықтарында кездеседі. Негізгі жыныстар эллювиі беріктілігі нашар, қиыршық тасты, тұзды емес, эрозияға ұшыраған.

Морендік

Сынық мате-риалдар, мұз көшкінімен орын алмас-тырған

Балшықтан, құмнан, қиыршықтастан, қиғтастан құралған материал механикалық құрамы әр түрлі – әртекті. Жиі қойтасты құмды құмбалшықтармен балшықтар кездеседі. Қойтастар саны, олардың кµлемі және құрамы әрқилы карбонатты және карбонатсыз морендер деп ажыратады.

Бір кезде мұз астында болған жерлерде кең таралған. Ауыр қойтасты балшықты жғне құмбалшықты морен шөгінділері тым қойтасты және батпақты топырақтар түзіледі. Жыныстарда карбонаттардың борлмауы топырақ қасиеттеріне жағымсыз әсер етеді, топырақ күлгінденеді. Жеңіл құмды карбонатсыз морендерде жетілген топырақтың коректік элементтері өте аз. Карбонатты морендерде түзілген топырақ құнарлы болады.

Флювиогляциальдік

Мұздың еріген суларымен орын ауысты-рып қайта шөккен

Жіктелуі жақсы және қабатты. Негізінен карбонатсыз құмды және құмды малтатасты түрлер басым. Мұз шетінде малтатастар және ірі түіршікті құмдар, құмдақтар жиналған одан ары шаң балшық бөлшектер қалған.

Түзілген топырақтар құнары төмен, гумус және кµректік элементтер аз, ылғал сиымды-лығы нашар. Флювио-гляциальдік үйінділердің беткі қалыңында құмбалшықтармен балшықтар болуы жыныс түйсіктерінде судың жылжымай тұрып қалуына әкеп соғады.

Мұзды – көлдер шөгіндісі




Көл-мұздар шөгінділерінде қабаттылық лента тәріздес балшық түрінде орналасқан қысты күні шµккен қара қышқыл жіңішке балшықты тұздар жазда шөккен ақшыл құм қабаттарымен алмасып отырады.

Ылғалы жоғары көбінесе батпақты топырақ түзіледі.

Лесстар

Генезисі ғрқилы

Қуаңсары немесе қоңыр-қуансары, карбонаттық ірі шаң құм балшық, механикалық құрамы біртекті, 50% және жоғары ірі шаң бөлшетерден құралған (0.05 – 0.01мм) бірігуі кеуекті жақсы микроқұрылысты, суткізгіштігі жақсы. Жыныс өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы.

Шығыс Европада және Солтүстік Қазақстанда кең таралған

Лессектес

Жабын құмбалшықтар

Лесстарға ұқсас жыныс қоңыр сары біртекті, айырмашылығы механика-лық құрамы әрқилы: ауыр, орташа және жеңіл құмбал-шықты; карбонаттығы аздау, микроагрегаттар мен кеуектілігі сәл ғана дамыған

Белоруссияда, Россяның орталық қара топырақты зонасында, жазық далалы жерлерде , батыс сибирде кең таралған құнарлы топырақ түзілуге қолайлы

Көлдерде

Көлдер қоймасының шөгіндісі

Материал жақсы жіктелген, глейленуі бар. Механикалық құрамы ғәртекті: балшықтар, құмбалшық, құмдақ, құм, малтатасты. Көл лайы түрінде болуы мүмкін және мергел сапропель түрінде органикалық қабаттар жиі байқалады.

Тұщы көлдер шөгінділерінде көректік элементтерге біршама бай топырақ түзіледі, бірақ жер асты суларының жақын жатуына байланысты тез лайланады ащыланған көл шөгінділеріне сортаң топырақ түзіледі.

Теңіздік

Теңіз шөгіңділері

Шөгінділердің жіктелуі өте жақсы, тым ащы, анық глей-ленген, қабаттылық және теңіз жануарларының қалдықтары байқалады. Жағалауда құмдар басым, малтатас шөгінділерінің кездесуі де сирек емес, жағалаудан ұзаған аймақта балшықты.

Кездесуі: солтүстік теңіз жағалауларында алдыңғы Каспий ой-патының территория-сында үштік дғуір балшығы түрінде таралған, физика механикалық қасиеттері нашар. Теңіз шөгінділерінде сортаңдау топырақ түзіледі

Эолдық

Желмен жиналған

Жақсы жіктелуі, нашар жұмырлануымен сипаттала-ды. Бұларға тµбе, сусыма құм, шағыл түріндегі құм үйінділері немесе шаң жғне балшық жиындылар жатады.

Эолдық құмдар Дон, Днепр қоймасында алдыңғы Каспий ойпатында жғне Орта Азияда кездеседі Эол-ды жиындылардың көректік элементтері өте аз, эрозияға қатты ұшыраған бұларды ағаш отырғызуға, бақ-ша дақылдары, жайы-лымға, шµп шабуға қолданады.

Кесте 2 - Негізгі топырақ түзуші жыныстардың қасиеттері




Жыныс атауы

Пайда болу жолы

Түсі

Сынықтар мµлшері

Жыныстың топырақ қасиеттеріне ғсері

1

2

3

4

5

Сұрақтар:



  1. Қандай жыныстар топырақ түзуші деп аталады? Олардың классификациясына не негіз болады?

  2. Олар топырақ қасиеттеріне қалай ғсер етеді, олардың химиялық құрамы құралуы?

  3. Аллювиалды, эолды, эллювиальды жыныстардың негізгі ерекшеліктері қандай?

  4. Топырақ дамуына қандай жыныстар қолайлы, неліктен?

  5. Солтүстік Қазақстанда кездесетін негізгі топырақ түзуші жыныстарды атап беріңдер.


Зертханалық жұмыс 2 Топырақтың морфологиялық белгілері

ТАПСЫРМА: топырақтың негізгі морфологиялық белгілерімен танысу. Морфологиялықбелгілерді білудің агрономиялық құндылығын анықтау. Монолитті сипаттауға дағдылану.

КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР: топырақ үлгілері, моноллиттер, топырақ құрылымы үлгілері, Захаровтың бояу түсі үшбұрышы кестелер.

Қолданылатын оқулықтар – И.С.Кауричев. топырақтану практикумы. Москва, Агроөнеркәсіп баспасы, 1986 ж. 3-21 беттер.

Топырақты зерттеудің маңызды бөлімі топырақ кескінін морфологиялық (сыртқы) белгілеріне қарай сипаттау.

Морфологиялық белгілері арқылы топырақты жыныстан, бір топырақты басқа топырақтардан айыруға және топырақ түзу процесінің бағытын, оның байқалу дәрежесін ажыратуға болады.

Топырақтың құрылысы – топырақтың генетикалық қабаттарының вертикал бағытта кезектесіп орналасуы. Топырақтың генетикалық қабаттарының геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығында. Топырақ қабаттарында ауа, су, жылу мен еріген тұздар және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп жиі алмасып отырады. Мынандай генетикалық қабаттарға бөледі:

А0 – органогендік қабат, жерге түскен жапырақтардың органикалық қалдықтарынан және өлі өсімдіктердің сабақтану байламынан құралған. Тың жерлерде болады.

А – органикалық заттардың жиналу қабаты кескіннің жоғарғы жағында қалыптасады. Бұл қабатты сипатына қарай былай ажыратады: А – қарашірінділі аккумулятивтік қабат. Бұл қабатта органикалық (қарашірінді) және қоректік заттар ең көп жиналған, минералдық заттардың бұзылуы және сілтісізденуі байқалмайды. Бояу басқа қабаттармен салыстырғанда күңгірт болады. А1 – қарашірінділі-элювиальді қабат. Қарашірінді жиналуымен қатар минералдың бұзылуы және бұзылған заттардың төмеңгі қабаттарға шайылып жылжып тұруымен сипатталады.

А2 – элювиальды қабат.

Бұл қабатта топырақ түзілу процесінде бірқатар заттар төмеңгі қабаттар немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.

В – иллювиальды немесе аралық қабат.

Дұнда жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда қанығуы жоғары рельефтерден жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальді қабат әртүрлі қосындыларымен байытылуй мүмкін: қарашіріндімен (Вһ), лаймен (Ві), карбонаттармен (Вк) темір қосындылармен (ВFe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы болмаса В-қабаты иллювиальді емес аралық, қарашірінділі аккумулятивті қабаттан аналық жынысқа алмасу қабаты деп аталынады.

С – аналық тау жынысы өзгермеген немесе топырақ түзу процестерінің сәл әсері болған жыныс.

Топырақты қабаттаға бөлгенде, қабаттар алмасуына көңіл бөлу керек. Бір қабаттан екінші қабатқа алмасу шекарасының сипатына қарай түзу, түзу емес, біртіңдеп, анық және бірден деп бөлінеді.

Бір қабат бояуы екінші қабат бояуына алмасуы 5-см-ге созылса біртіндеп алмасу, 2-5 см анық, 2 см-ге дейін, бірден алмасу – деп аталынады.

Бояуы көзге ең бірінші байқалатын морфологиялық белгі. Басқа белгілерді ескере отыра топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын негізгі белгі.

С.А.Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуынегізінен төмендегі қосындылардың 3 тобына байланысты: 1) қарашірінді; 2) темір қосындылары; 3) кремний қышқылы, көмір қышқылы известь пен каолин. Қарашірінді заттар қара, күңгірт сұр және сұр бояу береді.

Топырақ құрылымы – топырақ бөлшектене алатын түйіршіктер (агрегаттар). Олар бір-бірімен байланысқан механикалық элементтер және ұсақ агрегаттар.

С.А.Захаровтың анықтауынша, негізгі үш құрылым типі бар: 1) Куб тәріздес – құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойы мен қалыптасқан; 2) призма тәріздес – бөлшектер негізінен вертикаль ось бойымен қалыптасқан; 3) плита тәріздес – бөлшектер негізінен горизонталь екі ось бойымен қалыптасқан.


Кесте 3- ҚҰРЫЛЫМ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



Тегіс

Түрі

Мөлшері

І – тип Куб тәріздес

Тоң кесекті-пішіні дұрыс емес тегіс емес

Ірі тоң кесекті

ұсақ тоң кесекті



  • 10 см

10-1 см

Кесекті дұрыс емес доғал пішінді омыру беті дұрыс емес, бұдырлы қырлары байқалмайды

ірі кесекті

кесекті


ұсақ кесекті

тозаң тәріздес



10-3 мм

3-1 мм


1-0,25 мм

< 0,25 мм

Жаңғақ тәріздес-сәл

дұрыс пішінді,

қырлары жақсы


ірі жаңғақты
жаңғақты

  • 10 мм

10-7 мм


білінеді беті тегіс,

қабырғалары өткір

дәнді түйіртпек-пішіні

сәл дұрыс, кейде

домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті

бірде бұдырлы, бірде

тегіс, жылтыр


Ұсақ жаңғақты
Ірі түйіршікті

(бұршақ тәріздес)

түйіршікті
ұсақ түйіршікті


7-5 мм
5-3 мм
3-1 мм
1-0,5 мм

ІІ – тип Призма тәріздес

Бағана тәріздес бөлшектер

Нашар пішінденген,

қырлары түзу емес

қабырғалары домаланған

Бағаналы дұрыс пішінді,

жақсы жетілген вертикалды

қырлы пішінді және

жоғарғы жағы дөңгелене

біткен төмеңгі жағы тегіс

Призмалы-қырлары

жақсы жетілген, тегіс

жылтыр бетті, өткір

қабырғалы


ірі бағана тәрізді
бағана тәріздес

ұсақ бағана

тәріздес

ірі бағаналы

ұсақ бағаналы

ірі призмалы

призмалы

ұсақ призмалы

қарандаштық

(бөлшектер ұзындығы 5 см)




  • 5 см



3-5 см

< 3 см

5-3 см


< 3 см

5-3 см


3-1 см

1-0,5 см


0,5 см

< 1 см


ІІІ - тип Тақта тәріздес

Тақталанған (қатпарлы)

Жетілген қатпарлы

Көлденең жымдастық
Қабыршақты мөлшері

үлкен емес көлденең

жымдастық жиі өткір

қырлы


Тақталанған

Плиткалы


Пластинкалы

жапырақты

жұмыртқа

қабыршақты

ірі қабыршақты

ұсақ қабыршақты



  • 5 мм

5-3 мм

3-1 мм


< 1 мм

> 3 мм
3-1 мм



< 1 мм

Бірігуі тығыздықпен кеуектіліктің сыртқы байқалуы. Ол механикалық құрамына, құрылымына топырақ фаунасының әрекеті және тамыр жүйесінің жетілуіне байланысты. Тығыздық дәрежесіне қарай топырақтарды былай бөледі: құйма, тығыз, қопсынды, бытыраңқы.

Кеуектілік құрылым бөлшектерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты.

Жаңа жарандылар - әр пішінді және химиялық құрамды заттардың жиналуы.

Физикалық, химиялық, биологиялық процесстердің әсерінен және өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру әрекетінен химиялық және биологиялық текті жаңа жарандылар жиналады.

Химиялық жаңа жарандыларды пішініне қарай былай бөлшектейді:



  1. жарғақтар және қонымдар – топырақ бетіне жұқа пленка түрінде шыққан химиялық заттар.

  2. қабыршақтар, жұғындар, топырақ бетінде не жарықшақтарында жұқа қабат түрінде.

  3. арна, түтікше – құрт жолдары мен тамырлар жолдарына толған химиялық заттар.

  4. қабаттық – қабаттарда көп мөлшерде жиналады.

Топырақтағы жаңа жарандылар арқылы генезис және агрономиялық қасиеттерін бағалауға болады.

Егер жаңа жарандылар – топырақ түзілу процесі кезінде емес жаңа түзілген болса, онда ол агрономиялық қолайсыз қасиеттерге нұқсайды. Бөгде заттар – топырақ қалыптасу процесіне қатыссыз органикалық және минералдық заттар. Бұларға өсімдік қалдықтары, көң, жануарлар сүйектері, жыныстар сынығы, археологиялық қазбалар, кірпіш, көмір тағы сол сияқты заттар жатады.



Бақылау сұрақтары

  1. Топырақты негізгі қандай морфологиялық белгілер сипаттайды?

  2. Топырақ кескіні дегеніміз не?

  3. топырақтың құрылым классификациясы?

  4. Жаңа жарандылар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді?


Зертханалық жұмыс №3. Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау.
Жұмыстың мақсаты - топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамының негізгі анықтамалармен танысу, топырақтың гранқұрамын өз бетімен анықтауды үйрену.

Тапсырма - топырақ үлгілерінің гранулометриялық құрамын далалық әдіспен зерттеу, топырақтың гранқұрамын анықтап топырақтың қораптық үлгісін сипаттау, нәтижелерді табл.2 жазу.

Көрнекті оқу құралдары - қораптық топырақ үлгілері, HCl-дың 10%-ті ерітіндісі, су.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет.
Топырақтың қатты фазасы пайда болуы әртүрлі механикалық элементтерден тұрады. Механикалық элементтер (гранулалар) - минералдар мен тау жыныстардың, органикалық заттардың және органикалық-минералдық қосылыстардың мөлшері әртүрлі сынықтары.

Механикалық элементтердің сандық анықтау - механикалық анализ деп аталады. Көлемі 0,01 мм-ден кіші механикалық элементтерді физикалық балшық, ал 0,01-ден үлкен механикалық элементтерді физикалық құм деп атайды. Сонымен қатар, 1мм-ден кіші бөлшектерді топырақтың майда бөлігі, ал 1 мм-ден үлкен бөлшектерді топырақ қаңқасы деп атайды.

Жыныста немесе топырақтағы механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін топырақтың механикалық құрамы (гранқұрамы) деп атайды, ал оны сандық анықтау - механикалық анализ деп атайды.

Гранқұрамы бойынша топырақтың алғашқы классификациялардың бірін профессор Н.А. Сибирцев берді. Ол физикалық балшықтың физикалық құмға арақатынасына негізделген.

Қазір Н.А. Качинскийдің классификациясы кең тараған. Осы классификацияда 5 фракция ажыратылған:


  • Қиыршық тасты (3-1мм);

  • Құмды (1-0,05 мм);

  • Ірі шаңды (0,05-0,01 мм);

  • Шаңды (0,01-0,001 мм);

  • Тозаңды (0,001 мм-ден кем);

Н.А. Качинский бойынша келесі фракцияларды көрсетеді:

Кесте 4 - Топырақтың гранулометриялық құрамының классификациясы.



Фракция

Фракцияның көлемі, мм

Тастар

3-тен үлкен

Қиыршық тас

3-1

Құм:




Ірі

1-0,5

Орташа

0,5-0,25

Ұсақ

0,25-0,05

Шаң:




Ірі

0,05-0,01

Орташа

0,01-0,005

Ұсақ

0,005-0,001

Тозаң:




Ірі

0,001-0,0005

Майда

0,0005-0,0001

Коллоидтар

0,0001-ден кіші

Физикалық балшық

0,01-ден кіші

Физикалық құм

0,01-ден үлкен

Кесте 5 - Гранулометриялық құрамын далалық әдіспен анықтау.


Топырақтың бауға ширатылудың сипаты

Физикалық балшықтың мөлшері, %

Гранқұрамы бойынша топырақ

Ширатылмайды

0-5

Борпылдақ құм - құмды

Ширатылмайды, бірақ қолда шаң қалады

6-10

біріккен құм - құмды

Баудың диаметрі 5 мм болғанда, әрең ширатылады

11-20

құмдақ


Баудың диаметрі 3 мм үлкен болғанда, ширатылады

21-30

жеңіл саздақ


Баудың диаметрі 1,2-3 мм болғанда, ширатылады

31-40

орташа саздақ

Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм болғанда, ширатылады

41-50

ауыр саздақ

Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм болғанда, ширатылады да тиынның мөлшеріндей сақина береді

50-ден үлкен


саздақ



Бақылау сұрақтары

  1. Механикалық элементтер қалай сипатталады және олардың топырақтары құрам мен қасиеттер бойынша немен ерекшеленеді?

  2. Механикалық құрам деп нені айтамыз және механикалық құрам бойынша топырақ пен жыныстардың классификациялау принциптерінің құрылуы қандай?

  3. Топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық құрамы топырақ түзуге қандай ықпал жасайды?

  4. Топырақтардың механикалық құрамы (жеңіл, орташа, ауыр) олардың агрономиялық қасиеттерге қалай әсер етеді?

  5. Неге механикалық құрамы бірдей топырақтар әртүрлі зоналарда агрономиялық бағасы әртүрлі?


Әдебиеттер

  1. Почвоведение/ И.С. Кауричев, Н.П. Панов, Н.Н. Розов и др.; М.-Агропромиздат, 1989.-С.101-108

  2. Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение: учебник для вузов.- М.- ИКЦ «МарТ», 2004. - С.40-50

  3. Практикум по почвоведению/ Под ред. И.С. Кауричева. - М.: Колос, 1980.-С.73-88.

Зертханалық жұмыс №4. Гумус қышқылдарының қасиеттері
Жұмыстың мақсаты - гумус қышқылдарының қасиеттерімен танысу мен оларды топырақ фракциялардан айыру.

Тапсырма - гумус және фульвоқышқылдарының қасиеттерін, олардың қосылыстарын және топыраққа әсер ету ерекшеліктерін зерттеу.

Құрал-жабдықтары - топырақ үлгілері (қарашірінді, қоңыр, торфты), 250 мл-ге колбалар, құйғыштар,сүзгіштер, пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, спирт шамы, балауыз қарындашы, HCl-дың 10%-ті ерітіндісі, NaOH (ыстық ерітінді), дистиллденген сугуминді қышқыл.

Қауіпсіздік ережелері: ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет.

Гумус - топырақтың ағзаларға тән анатомиялық белгілерді толығымен жоғалтқан органикалық заттың негізгі бөлігі. Заттардың 2 үлкен топқа бөлінеді: ерекше емес органикалық қосылыстар және ерекше гумусты қосылыстар.

Фульвоқышқылдар - гумусты қосылыстардың ең көп еритін тобы. Оның қозғалғыштығы жоғары және барлық гумусты заттардың орташа өлшенген молекулалық массаға қарағанда молекулалық массалары өте аз болады. Гумусты заттардың басқа топтарға қарағанда көміртегінің құрамы өте аз болады. Фульвоқышқылдардың бояуы басқа топтардың заттарына қарағанда ақшылдау болады. Күлгін, сұр, қызыл және кейбір тропиктік топырақтарда мол болады.

Гуминді қышқылдар - минералды мен органикалық қышқылдарда ерімейтін гумусты қосылыстардың тобы. Орташа есеппен молекулалық массалары жоғарылау, көміртегінің құрамы молырақ (62%-ке дейін), қышқылдық қасиеттері аса байқалмайды. Қара, қоңыр топырақтарда мол, кейде сұр орман және дерноподзол

Гумин - гумустың экстрагирдебейтін бөлігі. Қосылыстардың 2 типімен анықталады: балшықты минералдармен (балшықтыгумусты гумин) берік байланысқан гумусты заттар; анатомиялық құрылысын жоғалтқан және ең тұрақты компоненттермен байытылған жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары.

Жұмыс барысы:

Тәжірибе 1. Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі.

Қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу. Дистиллденген судың 5 есе мөлшерін құй. 5 мин. ішінде шайқа да, сүз.

Бояуды анықта. Коагуляцияға қабілеті мен мөлдірлігін анықта. Нәтижелерін табл. 5 жаз.

Кесте 6 - Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі




Топырақ

Горизонт

Сулы вытяжка

Коагуляция

Ерітіндіде қандай гумусты қышқылдар бар

Бояуы

Мөлдірлігі

Қоңыр А

Қарашірінді А

Батпақты Ат


Тәжірибе 2. Гумус қышқылдарының сілтілерде ерігіштігі.

Қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу. Әрбір колбаға сілтінің ыстық ерітіндінің 5 есе мөлшерін құй. 5 мин. ішінде шайқа да, сүз. Көргеннен кейін түсін және коагуляцияға қабілетін анықта.


Коагуляцияға қабілетін анықтау.

Пробиркаға сүзгіштің 1/3 бөлігін құйып, оған HCl-дың 10%-ті ерітіндісін (пробирканың ортасына дейін) құйып шайқа да қоя тұр. Мақта тәрізді тұнбаның бар болуы коагуляцияның өткенін көрсетеді: «++» - күшті, «+» - әлсіз, «-» - жоқ. Егер тұнба болмаса, ерітіндіні спирт шамында қыздыр. Нәтижелерін табл. 6 жаз.

Кесте 7 - Гумус қышқылдарының сілтілерде ерігіштігі

Топырақ

Горизонт

Сілтілі вытяжка

Ерітіндіде қандай гумусты қышқылдар ең көп кездеседі

бояуы

коагуляцияның дәрежесі

коагуляцияға дейінгі

тұнбада

коагуляциядан кейін

Қоңыр А

Қарашірінді А

Батпақты Ат


Бақылау сұрақтары


  1. Гумусты қосылыстардың суда, қышқылда және сілтілерде ерігіштігін салыстыр.

  2. Топырақтарда қандай гумусты қышқылдар және қай формада жиналады?

  3. Топырақтан қандай гумусты қышқылдар және оның қосылыстары шайылады?

  4. Қандай жағдайларда (ортаның реакциясы) гумусты қосылыстар топырақтан шайылады, онда жиналады?

  5. Гуминды қышқылдар және оның қосылыстары топырақтың қасиеттеріне қалай әсер етеді?

  6. Фульвоқышқылдар және оның қосылыстары топырақтың қасиеттеріне қалай әсер етеді?

Әдебиеттер

  1. Почвоведение/ И.С. Кауричев, Н.П. Панов, Н.Н. Розов и др.; М.-Агропромиздат, 1989.-С.109-121

  2. Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение: учебник для вузов.- М.- ИКЦ «МарТ», 2004. - С.64-81

  3. Практикум по почвоведению/ Под ред. И.С. Кауричева. - М.: Колос, 1980.-С.117-141.


Зертханалық жұмыс №5. Топырақтың агрегатты құрамын анықтау
Жұмыстың мақсаты-топырақтың агрегатты құрамының түсініктерімен танысу. Н.И.Саввинов( құрғақ тұқым себу) және топырақтың агрегатты құрамын( құрылымын ) бағалаңдар.

Тапсырма-топырақтың агрегатты құрамын Н.И.Саввинов әдіспен аңықтау және топырақтың агрегатты құрамын( құрылымын) бағалау.

Құрал-жабдықтар: елеуіш колонкалар тесіктер диаметрі 10;5;3;2;1;0,5;0,25 мм,

қалақша,техникалық таразы,фасфор ыдыс-аяқтылар.



ҚТ ережелер-қауіпсіздік техникалық ережелерін химико-аналитикалық лабораторияда қарастырылғанға сай.
Топырақ құрылымы

Механикалық элементтер екі жағдайда болуы мүмкін:жартылай –бөлшекті және агрегатты.

Топырақтың қатты кезенің агрегатты қалпы келесі қорытындыға келеді:топырақ горизонттары әр түрлі мөлшердегі кесектерден құралған,олар бір-бірімен байланысқан немесе илмен жабыстырылғнн құм мен шаң бөлшектерінен тұрады.Түйіршіктер көп немесе аз дәрежеде бір-бірінен ажыратылған.Осындай топырақ түйіршіктердің жиынтығы топырақ құрылымын құрайды.

Құрылымдық топырақта түйіршіктердің мөлшері әр түрлі болады. Агрономиялық бағалы суға төзімді топырақ құрылымы деп саналады,мөлшері әр түрлі түйіршіктерден 10-нан 0,25-мм-ге дейін макроқұрылым тұрады.Түйіршіктер осындай мөлшерде –агрегаттар,ал топырақ құрылымын –агрегатты деп аталады.Ауыл шаруашылықта аса бағалы суға төзімді агрегаттар.Мөлшері 1-ден 4 мм дейін саналады, астықты-агрегатты құрылымның жиынтығын құрайды.Түйіршіктер 0,22 мм кем микроагрегаттар деп аталады.



Жұмыс барысы:

1.Топырақ үлгілерін қалың емес қабатпен қағаз бетіне немесе картонға салады.Жеңіл құрғақ қалпына дейін кептіреді.Ірі түйіршіктерді кептіру кезінде пайда болған жарықтар трещинабойымен ұсақтарға бөледі.Тастар,ірі өсімдік қалдықтарын және басқа бөгет заттарын алып тастайды.

2.Топырақты елеуіш арқылы кіші порциялармен елейді.Елеуішті 10;5;3;2;1;0,5;0,25 мм

алады.Топырақты барлық елеуіштердің жиынтығымен қағуға болмайды.Елеуішті топырақпен қақпайды,үшкір емес бұрышта еңкейтіп ,елеуіштің қабырғасына алақанмен барлық топырақ түйіршіктері түспегенше соғады.

3.Елеуіштің 10 мм тесіктер арқылы өткен топырақты,5 мм тесіктері барлық елеуіш жиынтықтары арқылы елеу керек.

4.Әрбір елеуіште қалған барлық агрегаттар жеке фасфор ыдыстарға салады және техникалық таразыларда өлшейді.

Алған нәтижелерін №10 кесте түрінде жазады.

10 кесте


Фракциялар бойынша

Агрегаттар мөлшері,

мм


Топырақпен

ыдыстың


салмағы,г

Топырақ салмағы

Фракциялар құрамы

10-нан аса










10-5










5-3










3-2










2-1










1-0,5










0,5-0,25










Жалпы 0,25-тен 10-ға










Барлығы











Алынған нәтижелер негізінде құрғақ себу макроқұрылымның салыстырмалы салмағын келесі формула арқылы аңықтаймыз:

Д=М\а+в,

онда Д –макроқұрылымның салыстырмалы салмағы

М –барлық фракциялардың сандық салмағы 0,25-тен 10 мм,г

а- фракция салмағы 0,25-тен кем,г

в- фракция салмағы 10 мм үлкен,г

5.Агрегатты топырақ құрамына баға беру


Бақылау сұрақтары

1. Қандай құрылым агрономиялық бағалы деп есептеледі ?

2.Топырақтың агрегатты құрамын аңықтаудың қажеттілігі қандай ?

3.Топырақтың агрегатты құрамының экологиялық маңызы қандай ?


Литература

1.Практикум по почвоведению\Под ред.И.С.Кауричева.-М.:Колос,1980.-С.88-91

2.Почвоведение\И.С.Кауричев Н.П.Панов, Н.Н.Розов и др ,.М.-Агропромиздат,1989.-С 178-188
Зертханалық жұмыс 7 - ТОПЫРАҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Топырақ ылғалдылығынанықтау әдісін үйрену.

ТАПСЫРМА:



  1. Топырақтың ылғалдылық қасиеттерін зерттеу және оларды бағалаумен танысу.

  2. Формулалар бойынша топырақтың ылғалдылығын процент және мм өлшемімен анықтау.

  3. Алынған нәтижелерге баға беру.

КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР: Топырақтың физикалық қасиетін анықтайтын ППЛ-9 құралы.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚУЛЫҚТАР:

И.С.Кауричев. Практикум по почвоведению. Москва, агроөнеркәсіп, 1986 ж. Ш.Т.Тайжанов Топырақтану. Павлодар, 2002 ж.
Топырақтың құрамында әрқашан да белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфер ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі жауын-шашын ылғалы. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыстардың пәрменділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Сөйтіп, топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына, түзілуіне әсер етеді.

Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар А.А.Измаильский (1851-1914), Г.Н.Высоцкий (1865-1940), А.Г.Дояренко (1874-1958), С.И.Долгов (1905-1977), И.А.Качинский (1894-1976), А.А.Роде (1897-1979).

А.А.Роденің классификациясына сәйкес топырақтағы ылғал бес категорияға бөлінеді. Олар: қатқан су, химиялық байланысқан ылғал, су буы, физикалық байланысқан ылғал, еркін су.

Топырақ құрамындағы ылғалдың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, оның ылғалдылық қасиеттері болып есептелінеді. Негізгі ылғалдылық қасиеттер мыналар: топырақтың су сыйымдылығы, су тұтқыштығы, ылғалды көтергіштігі, су өткізгіштігі.

Табиғи ылғал сыйымдылық топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, тығыздығына байланысты. Ауыр механикалық құрамды, құрылымы жақсы топырақта табиғи су сыйымдылығы 30-35, ал құмды топырақта 10-15% болып келеді.

Топырақтың ылғал өткізгіштігі 1 шаршы ауданы бар алаңнан судың бағанасы 5 см, ал оның температурасы 100С болғанда, 1 сағатта топырақта өтетін су мөлшерімен өлшенеді. Н.А.Качинскийдің ылғал өткізгіштілікті бағалауы келесідей:

Ылғал өткізгіштілік,

мм 1 сағатта Бағалау

1000-нан жоғары.........................................құлама

1000-500.......................................................артық, өте жоғары

500-100.........................................................өте жақсы

100-70...........................................................жақсы

70-30.............................................................қанағаттандырарлық

30-дан төмен................................................нашар

Топырақтың ылғал көтергіштігі – қылтүтік күштері арқылы астыңғы қабаттардан жоғары қарай ылғалдың көтерілуін сипаттайды.

Жер асты (ыза) судың деңгейінен қылтүтік күші арқылы құмды топырақ ылғалды 0,5-0,7 м-ге, ал саздақ – 3-6 м-ге көтеруі мүмкін.

Тәжірибе жүзінде топырақты қолданғанда, оның ылғалдылығын анықтап, оған баға беру қажет болады. Іс жүзінде топырақ ылғалдылығын кептіріп өлшеу әдісі арқылы анықтау кеңінен таралған.

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

Топырақ ылғалдылығын анықтау үшін топырақты бұрғылап алады. Үлгілерді әрбір бөлек қабаттарынан алады. 1-ші қабат 0-10 см аралығынан,2-шісі 10-20 см дейін, әрі қарай да осылай алынады. Аллюминийдің жасалған стаканды таразыда 0,01 г дейін дәлдігімен өлшейді, одан кейін 1/3 бөлігін топырақпен толтырады, қақпағын жауып қайтадан өлшейді. Сосын оны ашық күйінде кептіргіш шкафқа салып қояды. (t=100-1050С) және тұрақты массасына дейін құрғатады. Кептіргеннен кейін жабық стаканды эксикаторда (түбінде СаСІ2-сі бар) суытады да, өлшейді.

Топырақтың табиғи ылғалдылығын төмеңдегі формуламен анықтайды:

W=100a/в

Мұндағы: W - табиғи ылғалдылық, %

а – буланған ылғалдылықтың массасы, г;

в – құрғақ топырақтың массасы

Топырақтың ылғалдылығының есептеу көрсеткішінің өлшем бірлігін процентпен (%) мм-ге айналдыруы келесідей анықталады:
В=w*h*V/10

Мұндағы: В – топырақ қабатының ылғал қоры, мм;

W – топырақтың % өлшенген ылғалдылығы;

h – ылғалдылық анықталатын қабатының қалыңдығы, см;

v – топырақтың тығыздылығы, г/см3
Егер ылғал анықталатын қабаттың қалыңдығы 10 см-ге тең болса, онда формула келесідей болады:

В=W*V


ТАПСЫРМА:

Келесі кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша ылғалдылықты есептеңіздер.


Кесте 8 - Топырақ ылғалдылығын есептеу кестесі


Қайталану нөмірі

және куьтураның жағдайы



Топырақ үлгілері алынған терең д-сі,(см)

Стақандардың нөмірі

Ылғалды топырақтың (стакан)

Құрғақ топырақтың (стакан)

Тары стаканчикқа

Буланған судың

Құрғақ топырақтың (без тары)

% Топырақ ылғалдылығы

Топырақ тығыздылығы, г/см3

Топырақ ылғалдылығы, мм

Тиімсіз ылғал, мм

Тиімді ылғал, мм

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13




0-10

5

58,1

50,3

21,0










1,20




15,1







10-20

6

57,5

50,1

20,5










1,21




15,9







20-30

7

60,6

52,4

20,2










1,22




16,5







30-40

8

58,5

51,3

21,1










1,25




17,5







40-50

9

60,1

53,6

20,6










1,30




15,1







50-60

10

57,6

50,2

21,0










1,33




14,2







60-70

11

59,0

53,3

21,5










1,40




15,5







70-80

12

60,5

54,2

20,5










1,42




15,0







80-90

13

61,0

56,0

20,2










1,50




14,5







90-100

14

60,2

55,0

20,4










1,50




14,4



ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:



  1. Топырақ ылғалдылығының тиімділігі қандай формуламен есептеледі?

  2. Топырақ ылғалдылығыныі маңызы қандай?

  3. Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар?

  4. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері?

  5. Негізгі ылғалдылық қасиеттері?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет