Әдістемесі айтбаева Ж. М



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.07.2024
өлшемі0.66 Mb.
#502992
1   2   3   4   5
2 Айтбаева Ж.М

Qazaq 
Journal of Young Scientist

15 
2. Мақсатты жеткіліктілік. Үй жағдайында бақылауларды немесе 
экспериментті ұйымдастыруға арналған тапсырмалардың оңтайлы санын 
жүйелі түрде пайдалану физиканы оқыту процесінде әрбір білім алушының 
жоспарланған оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін жеткілікті болып табылады, 
атап айтқанда:
1) жоғары деңгейдегі физикалық білімнің барлық негізгі элементтерін және 
іс-әрекеттілік тәсілдерін меңгеру;
2) ментальдік тәжірибенің барлық үш түрін қалыптастыру. 
3. Күрделіліктің жоғарылауы. Физиканы оқыту кезінде білім алушылардың 
үй жағдайында бақылау немесе эксперимент процесінде орындайтын әр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды оқу процесінде жүзеге асыру, яғни оқушылардың 
таныс және бейтаныс жағдайларда білімдерді білу, түсіну, қолдану - білім 
алушыларға жақын даму аймағын дараландыру, эксперименттік оқу-танымдық 
іс-әрекеттілігінің қарқындылығын реттеу, білім алушыларда әмбебап оқу іс-
әрекеттердің қалыптасуының сәттілігін қамтамасыз етеді.
4. Байланыстылық. Үй жағдайында бақылау немесе эксперимент 
барысында 
білім 
алушылар 
орындайтын 
тапсырмалар 
кешеніндегі 
элементтерінің өзара байланысы физиканы оқыту кезінде оған бүтіндік сапасын 
береді және жоғары ретті әмбебап оқу іс-әрекеттерінің қалыптасу эффектісіне 
әкеледі. Физиканы оқыту барысында білім алушылар физикалық ұғымдарды 
интериоризациялау кезеңдері оқу үрдісінде өздік білім беру оқу-танымдық іс-
әрекеттілігін 
ұйымдастыру 
үшін 
тапсырмалар 
кешенін 
қолданудың 
байланыстырушы факторы болып табылады [4].
5. Ынталандырушы бағыт. Тапсырмалар кешенін қолдану мақсаты 
оқушының үйде бақылау немесе эксперимент бойынша іс-әрекеттілікке деген 
оң уәждемесінің қалыптасуы, мұғалім ұсынған әр түрлі эксперименттік 
тапсырмаларды орындау кезінде талап етілетін оқытудың жоспарланған 
нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін тапсырмаларды орындау болып 
табылады. Бұл талап физиканы оқыту кезінде үй жағдайында бақылау немесе 
эксперимент барысында білім алушылардың орындайтын тапсырмалар 
кешеніне ашықтық сапасын береді, себебі мұғалімнің білім алушылардың 
танымдық мүдделерін зерттеуге және оқушылардың эмоционалды-құндылық 
саласының мониторингіне барабар эксперименттік тапсырмалар банкін 
толықтыруға итермелейді. 
Аталған талаптарды ескере отырып, негізгі білім беру бағдарламасын 
меңгерудің жоспарланған нәтижелерін сенімді меңгеру кезінде білім 
алушылардың жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған 
физиканы оқыту процесінде үй жағдайында бақылау немесе эксперимент 
бойынша білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттілігін ұйымдастыруға 
арналған тапсырмалар кешенін құрастыру әдістемесінің ерекшеліктері 
келесідей:


Vol. 1, No. 1 - Januar 2023
 
 
16 
1) ұғымдық психикалық құрылымдардың жүйесінің құрушы рөлі;
2) үй жағдайында бақылау немесе эксперимент процесінде білім алушылар 
орындайтын 
эксперименттік 
тапсырмаларды 
орындаудың 
жалпылама 
тәсілдерін қалыптастыруға екпін;
3) тапсырмалар кешенінен үй жағдайында бақылау немесе эксперимент 
процесінде білім алушылар орындайтын эксперименттік тапсырмаларды жүйелі 
пайдалану.
Әдістеме келесі іс-әрекеттердің реттілігін қамтиды: 

Физикалық білімнің негізгі элементтерін бөліп көрсету (ұғымдар, заңдар, 
қағидаттар); 

Білім алушылардың үй жағдайында бақылау немесе экспериментті 
орындау кезінде қалыптасатын базалық іскерліктер жиынтығын негізінде 
тапсырмаларды құрастыру; 

Физика курсының бір тақырыптық бөлімін пайдалана отырып, 
оқушылардың үй жағдайында бақылау немесе эксперимент барысында 
орындайтын тапсырмаларды таңдау (құрастыру). 
Орта мектепте физиканы оқыту процесінде үй жағдайында бақылау немесе 
эксперимент бойынша білім алушылардың іс-әрекеттілігін ұйымдастыруға 
арналған эксперименттік тапсырмалар мысалдарын келтіреміз. 
Физиканы оқыту кезінде үй жағдайында бақылау немесе эксперимент 
ұйымдастыру 
үшін 
білім 
алушыларға 
ұсынылатын 
эксперименттік
тапсырмалар 
кешенін 
пайдаланудың 
әдістемелік 
жүйесінің 
негізгі 
құраушыларын кешенінің тапсырмаларын қолдану кезеңдеріне сәйкес келесі 
блоктар түрінде бөліп көрсетеміз (1-кесте). 
Бұл әдістемелік жүйені енгізу барысында оқыту процесін дұрыс 
ұйымдастыру үшін бірқатар жалпы педагогикалық шарттарды сақтау қажет. 
Бірінші және басты шарт - оқушылардың оқуға деген ынтасын тәрбиелеу. 
Алғашқы сабақтардан бастап танымдық қызығушылықты және оқытудың 
уәждемесін дамытуға бағытталған жағдайлар жасау, оқушыларға ғылыми 
таным әдістерін не үшін меңгеру керектігін түсіндіру, оларды өз бетінше іздеу 
мен зерттеуге бағыттау қажет.
Екінші шарт, оқушыларды жаңа нәрсеге үйреткен кезде, онда ол әрдайым 
тиісті дайындықта болуы тиіс, яғни баланың өзекті дамуының жаңа деңгейі 
«оның жақын даму аймағында» жатуы тиіс. 
Үшінші шарт - оқушыны оқумен асыра жүктеуге болмайды, жаңа білімді 
меңгеру қабілеттілігі өз шектеріне ие болады, тапсырмалардың күрделілік және 
мөлшері дәрежесіне жеке көзқарас қажет.
Төртінші шарт - оқыту жүргізілетін нақты бағдарламаны әзірлеу қажет. 
Бесінші шарт келесідей. Сәтті оқыту үшін мұғалім мен оқушы арасындағы 
жақсы, достық қарым-қатынас болуы тиіс, сонымен қатар мұғалім 
оқушылардың бағдарламаны табысты меңгеруіне өзі мүдделі болуы тиіс.


Qazaq 
Journal of Young Scientist

17 
1-кесте. Эксперименттік тапсырмалар кешенін пайдаланудың әдістемелік 
жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет